Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (жоба)

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Жоба

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ

 

Мазмұны

 

1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАСЫ

 

1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасы

2-бап. Азаматтық сот ісін жүргізуде басым күші бар құқықтық нормаларды қолдану

3-бап. Азаматтық процестік заңның уақыт тұрғысында қолданылуы

 

2-тарау. АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ

 

4-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері

5-бап. Заңдылық

6-бап. Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы

7-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау

8-бап. Іске қатысушы адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін құрметтеу

9-бап. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясы

10-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық

11-бап.  Судьялардың тәуелсіздігі

12-бап. Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі

13-бап. Сот ісін жүргізу тілі

14-бап. Тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы

15-бап. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау

16-бап. Айғақтар беру міндетінен босату

17-бап. Білікті заң көмегін алуға құқықтарды қамтамасыз ету

18-бап. Сотта істі талқылаудың жариялылығы

19-бап. Сот отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

20-бап. Сот актілерінің міндеттілігі

21-бап. Сот актілеріне шағым жасау бостандығы

22-бап. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарының маңызы

 

3-тарау. ВЕДОМСТВОЛЫҚ ҚАРАУ ЖӘНЕ СОТТЫЛЫҚ

 

23-бап. Азаматтық істердің соттарда ведомстволық қаралуы

24-бап. Дауларды төреліктің немесе аралық соттың шешуіне беру, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен шешу немесе партисипативтік рәсім тәртібімен шешу

25-бап. Сотта ведомстволық қараудың басымдығы

26-бап. Аудандық (қалалық) соттың және оған теңестірілген соттардың  қарауына жататын азаматтық істер

27-бап. Азаматтық істердің мамандандырылған соттардың және соттың мамандандырылған құрамдарының соттылығына жатқызылуы

28-бап. Азаматтық істердің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарауына жатқызылуы

29-бап. Жауапкердің тұрған жері бойынша талап қою

30-бап. Талапкердің таңдауы бойынша соттылық

31-бап. Айрықша соттылық

32-бап. Шарттық соттылық

33-бап. Өзара байланысты бірнеше істердің соттылығы

34-бап. Істі бір соттың іс жүргізуінен алып басқа сотқа беру

 

4-тарау. СОТТЫҢ ҚҰРАМЫ, ҚАРСЫЛЫҚ  БІЛДІРУ

 

35-бап. Соттың құрамы

36-бап. Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі

37-бап. Судьяның істі қарауға және шешуге қайта қатысуына жол берілмейтіндігі

38-бап. Судьяға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер

39-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға,  сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер  

40-бап. Қарсылықтар білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыздар

41-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау тәртібі

42-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы  арызды қанағаттандырудың салдары

 

5-тарау. ІСКЕ ҚАТЫСУШЫ ТҰЛҒАЛАР

 

43-бап. Іске қатысушы тұлғалардың құрамы

44-бап. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі

45-бап. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі

46-бап. Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

47-бап. Тараптар

48-бап. Талап қоюдың негіздемесін немесе нысанасын өзгерту, талап қоюдан бас тарту, талап қоюды тану, татуласу келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім

49-бап. Бірнеше талапкердің немесе жауапкердің іске қатысуы

50-бап. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру

51-бап.  Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар

52-бап. Даудың нысанасына дербес талаптарын  мәлімдемейтін  үшінші тұлғалар

53-бап. Іс жүргізудің құқық мирасқорлығы

54-бап. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы

55-бап. Басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және  мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгіну 

56-бап. Мемлекеттік органдар  мен  жергілікті  өзін-өзі  басқару органдарының іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы

 

6-тарау. СОТТА ӨКІЛДІК ЕТУ

 

57-бап. Сотта істі өкілдер арқылы жүргізу

58-бап. Тапсырма бойынша өкілдік ету

59-бап. Сотта өкілдер бола алмайтын адамдар

60-бап. Өкілдің өкілеттіктері

61-бап. Өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу

62-бап. Заңды өкілдер

 

7-тарау. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ

 

63-бап. Дәлелдемелер

64-бап. Дәлелдемелердің қатыстылығы

65-бап. Дәлелдемелердің жарамдылығы

66-бап. Дәлелдемелер ретінде жарамсыз мәліметтер

67-бап. Дәлелдемелердің дұрыстығы

68-бап. Дәлелдемелерді бағалау

69-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету

70-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арыз

71-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібі

72-бап. Дәлелдеу міндеті

73-бап. Дәлелдемелерді ұсыну

74-бап. Сот тапсырмалары

75-бап. Сот тапсырмасын орындау тәртібі

76-бап. Дәлелдеуден босатудың негіздері

77-бап. Маманды процестік әрекеттерге қатысуға тарту

78-бап. Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар

79-бап. Іске қатысушы тараптардың және басқа да адамдардың түсініктемелері

80-бап. Куәнің айғақтары

81-бап. Куәнің міндеттері мен құқықтары

82-бап. Сараптама тағайындау

83-бап. Үлгiлердi алу

84-бап. Дәрігердің немесе басқа да адамның, сондай-ақ сарапшының адамнан үлгiлерді алуы

85-бап. Құжаттағы жазу мен қойылған қолдарды салыстырып зерттеу үшін жазу үлгілерін алу

86-бап. Үлгiлердi алу кезiнде адамның құқықтарын қорғау

87-бап. Сараптама жүргізу тәртібі

88-бап. Жеке және комиссиялық сараптамалар

89-бап. Кешенді сараптама

90-бап. Қосымша және қайталама сараптама

91-бап. Сарапшының құқықтары мен міндеттері

92-бап. Сараптама қорытындысы

93-бап. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабар 

94-бап. Сарапшыдан жауап алу

95-бап. Заттай дәлелдемелер

96-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау және қарап-тексеру

97-бап. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап-тексру

98-бап. Заттай дәлелдемелерге билік ету

99-бап. Арнайы жеткізгіштердегі дәлелдемелер

100-бап. Жазбаша дәлелдемелер

101-бап. Жазбаша дәлелдемелерді қайтару

 

8-тарау. СОТ ШЫҒЫСТАРЫ

 

102-бап. Сот шығыстарының ұғымы мен құрамы

103-бап. Мемлекеттік баж

104-бап. Талап қою бағасы

105-бап. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу

106-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру

107-бап. Мемлекеттік бажды қайтару

108-бап. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар

109-бап. Сот шығыстарын тараптардың арасында бөлу

110-бап. Сарапшыларға, мамандарға, куәларға, аудармашыларға төленуге тиіс сомалар

111-бап. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және  аудармашыларға сомаларды төлеу

112-бап. Тегін заң көмегін көрсету

113-бап. Өкілдің заң көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу

114-бап. Уақыт ысырабынан келтірілген залалдарды өндіріп алу

115-бап. Талап қоюдан бас тарту, татуласу келісімі немесе дауды  (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы келісім,  арызды  қараусыз қалдыру кезінде сот шығыстарын бөлу

116-бап. Тараптарға сот шығыстарын өтеу

117-бап. Мемлекетке сот шығыстарын өтеу

118-бап. Сот шығыстарына байланысты мәселелер бойынша сот актілеріне шағым жасау және наразылық білдіру

 

9-тарау. СОТҚА ҚҰРМЕТТЕМЕУШІЛІК БІЛДІРГЕНІ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ

 

119-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары

120-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылыққа тарту тәртібі

 

10-тарау. ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР

 

121-бап. Процестік әрекеттерді жасау мерзімдері

122-бап. Процестік мерзімдерді есептеу

123-бап. Процестік мерзімдердің аяқталуы

124-бап. Процестік мерзімдерді өткізіп алудың салдары

125-бап. Процестік мерзімдерді тоқтата тұру

126-бап. Процестік мерзімдерді ұзарту және қалпына келтіру

 

11-тарау. СОТ ХАБАРЛАМАЛАРЫ МЕН ШАҚЫРУЛАРЫ

 

127-бап. Соттың хабарламалары мен шақырулары

128-бап. Соттың шақыру қағазының немесе өзге де хабарламаның, шақырудың мазмұны

129-бап. Соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны жеткізу

130-бап. Соттың шақыру қағаздарын немесе өзге де хабарламаны тапсыру

131-бап. Соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны қабылдаудан адресаттың бас тартуының салдары

132-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мекенжайды, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және электрондық мекенжайды ауыстыру

133-бап. Жауапкер және (немесе) бала болған жердің белгісіздігі және  оларды іздестіру

 

2-БӨЛІМ. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ

 

1-бөлімше. ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ІС ЖҮРГІЗУ

 

12-тарау. БҰЙРЫҚ АРҚЫЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

134-бап.  Соттың бұйрығы негізінде берешекті өндіріп алу

135-бап. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар

136-бап. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны

137-бап. Мемлекеттік баж

138-бап. Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартудың  және қайтарудың негіздері

139-бап. Сот бұйрығын шығару тәртібі мен мерзімі 

140-бап. Сот бұйрығының мазмұны

141-бап. Борышкерге сот бұйрығының көшірмесін жіберу. Сот бұйрығына білдірілетін қарсылықтар

142-бап. Сот бұйрығының күшін жою

143-бап. Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру және оны орындауға жіберу

 

13-тарау. ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН (ЖАЗБАША) ІС ЖҮРГІЗУ

 

144-бап. Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібі

145-бап. Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер

146-бап. Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен істерді қараудың ерекшеліктері

147-бап. Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша шешім

 

2-бөлімше. ТАЛАП ҚОЮ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

14-тарау. ТАЛАП ҚОЮ

 

148-бап. Талап қою арызының нысаны мен мазмұны

149-бап. Талап қою арызына қоса берілетін құжаттар

150-бап. Талап қою арызын қабылдау 

151-бап. Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту

152-бап. Талап қою арызын қайтару

153-бап. Қарсы талап қою

154-бап. Қарсы талап қоюды қабылдау шарттары

 

15-тарау. ТАЛАП ҚОЮДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

155-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудің негіздері

156-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары

157-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау

158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау

159-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасын ауыстыру

160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасының күшін жою

161-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға шағым беру

162-бап. Жауапкерге талап қоюды қамтамасыз ету кезінде келтірілген залалдарды өтеу

 

16-тарау. ІСТІ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНА ДАЙЫНДАУ

 

163-бап. Істі дайындаудың міндеттері

164-бап. Істі сот талқылауына дайындаудың мерзімдері

165-бап. Судьяның істі сот талқылауына дайындау жөніндегі әрекеттері

166-бап. Талап арызға пікір

167-бап. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және ажырату 

168-бап. Істі сот талқылауына дайындаған кезде іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру,  қысқарту және арызды қараусыз қалдыру 

169-бап. Талап қоюдың нысанасын немесе негіздемелерін өзгерту, талап қою талаптарын көбейту немесе азайту

170-бап. Талапкердің  талап қоюдан бас тартуы

171-бап. Жауапкердің талап қоюды мойындауы

172-бап. Алдын ала сот отырысы

173-бап. Істі сот талқылауына тағайындау

 

17-тарау. ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ

 

174-бап. Тараптардың татуласуы

175-бап. Татуласу келісімін жасау

176-бап. Татуласу келісімінің нысаны мен мазмұны

177-бап. Соттың татуласу келісімін бекітуі

178-бап. Татуласу келісімін орындау

179-бап. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу

180-бап. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және оны орындау

181-бап. Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу

182-бап. Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім және оны орындау

 

18-тарау. СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ

 

183-бап. Бірінші сатыдағы соттың азаматтық iстердi қарау және шешу мерзiмдерi

184-бап. Сот отырысы

185-бап. Сот отырысында төрағалық етушi

186-бап. Сот талқылауының  тікелей және  ауызша болуы

187-бап. Сот отырысындағы тәртiп

188-бап. Сот отырысындағы тәртiпті бұзушыларға қолданылатын  шаралар

189-бап. Сот отырысын ашу

190-бап. Процеске қатысушылардың келуiн тексеру

191-бап. Аудармашыға оның мiндеттерiн түсiндiру

192-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығару

193-бап.  Сот құрамын жария ету және қарсылық бiлдiру құқығын түсiндiру

194-бап.  Iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

195-бап. Соттың iске қатысушы адамдардың өтінішхатын шешуi

196-бап. Iске қатысушы адамдардың және өкiлдердiң сот отырысына келмеуінің салдары

197-бап. Сот отырысына куәнiң, сарапшының, маманның,  аудармашының келмеуінің салдары

198-бап. Iстi талқылауды кейiнге қалдыру

199-бап. Iстi қарау кейiнге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу

200-бап. Сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

201-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың басталуы

202-бап. Iске қатысушы адамдардың түсiнiктемелерi және дәлелдемелерді зерттеу тәртібін анықтау

203-бап. Айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін  куәға жауаптылық туралы ескерту

204-бап. Куәдан жауап алу тәртiбi

205-бап. Куәнiң жазбаша материалдарды пайдалануы

206-бап. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу

207-бап. Куәнiң айғақтарын жария ету

208-бап. Құжаттарды зерттеу

209-бап. Азаматтардың жеке хат алысуын және телеграфтық хабарларын жария ету және зерттеу

210-бап. Заттай дәлелдемелердi зерттеу

211-бап. Орнында қарап-тексеру

212-бап. Аудиожазбаларын тыңдау, бейнежазбаларды, фото және киноматериалдарын көрсету және оларды зерттеу

213-бап. Сарапшының қорытындысын зерттеу

214-бап. Маманның консультациясы (түсiндiрмесi)

215-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қорытындылары

216-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың аяқталуы

217-бап. Сот жарыссөздерi

218-бап. Репликалар

219-бап. Прокурордың қорытындысы

220-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың қайта басталуы

221-бап. Соттың шешiм шығару үшiн шығып кетуi

222-бап. Шешiмдi жария ету

 

19-тарау. СОТТЫҢ ШЕШІМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

223-бап. Шешiм шығару

224-бап. Шешiмнiң заңдылығы және негiздiлiгi

225-бап. Шешiмді шығару кезінде шешiлетiн мәселелер

226-бап. Шешiмнiң мазмұны

227-бап. Мемлекеттік органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің әрекеттерi (әрекетсiздiгi) мен шешiмдерiнің заңдылығын даулау туралы арыз бойынша шешім

228-бап. Нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы арыз бойынша шешім

229-бап. Ақша сомаларын өндiрiп алу туралы шешiм

230-бап. Шартты жасасу немесе өзгерту туралы шешiм

231-бап. Мүлiктi немесе оның құнын алып беру туралы шешiм

232-бап. Жауапкердi белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн шешiм

233-бап. Бiрнеше талапкердің пайдасына немесе бiрнеше жауапкерлерге қарсы шешiм

234-бап. Іске қатысушы адамдарға сот шешімінің көшірмелерін салып жіберу және  беру

235-бап. Шешiмдегi қате жазулар мен айқын арифметикалық қателердi түзету

236-бап. Қосымша шешiм

237-бап. Шешiмдi түсiндiру

238-бап. Шешiмдi орындау мерзiмiн кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, шешімді орындатуға жібергенге дейін шешiмнің орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту

239-бап. Алып берiлген ақша сомаларын индекстеу

240-бап. Сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi

241-бап. Соттың шешімін орындауға жіберу

242-бап. Соттың атқару парағының немесе сот бұйрығының телнұсқасын беруі

243-бап. Дереу орындалуға жататын шешiмдер

244-бап. Соттың шешiмдi дереу орындауға жiберу құқығы

245-бап. Шешiмнiң орындалуын қамтамасыз ету

246-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын кейiнге қалдыру және мерзiмiн ұзарту, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту, татуласу келiсiмін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекiту

247-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару

248-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызды қарау

249-бап. Сот орындаушысының ұсынуларын қарау

250-бап. Сот орындаушысының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру

251-бап. Шешiмдi орындаған кезде басқа тұлғалардың құқықтарының қорғалуы

252-бап. Сот орындаушысының қаулысын санкциялау

 

20-тарау. АРАЛЫҚ СОТТЫҢ ШЕШІМІН ОРЫНДАУ

 

253-бап. Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату

254-бап. Атқару парағын беру

255-бап. Атқару парағын беруден бас тарту

 

21-тарау. СЫРТТАЙ ІС ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ СЫРТТАЙ ШЕШІМ ШЫҒАРУ

 

256-бап. Сырттай іс жүргізудің негіздері

257-бап. Сырттай іс жүргізу тәртібі

258-бап. Сырттай шешімнің мазмұны

259-бап. Сырттай шешімнің көшірмесін салып жіберу

260-бап. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың мазмұны

261-бап. Соттың арыз қабылданғаннан кейінгі әрекеттері

262-бап. Арызды қарау

263-бап. Соттың өкілеттіктері

264-бап. Сырттай шешімге шағым жасау

265-бап. Сырттай шешімнің күшін жоюдың негіздері

266-бап. Істі қайта бастау

267-бап. Сырттай шешімнің заңды күші

 

22-тарау. СОТ ҰЙҒАРЫМЫ

 

268-бап. Сот ұйғарымы және оны шығару тәртібі

269-бап. Ұйғарымның мазмұны

270-бап. Соттың жеке ұйғарымы

271-бап. Іске қатысушы адамдарға сот ұйғарымының көшірмелерін салып жіберу

 

23-тарау. ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ТОҚТАТА ТҰРУ

 

272-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті

273-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы

274-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері

275-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына шағым жасау немесе наразылық келтіру

276-бап. Іс жүргізуді қайта бастау

 

24-тарау. ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ТОҚТАТУ

 

277-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздері

278-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың тәртібі мен салдары

 

25-тарау. ТАЛАП АРЫЗДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРУ

 

279-бап. Талап арызды қараусыз қалдырудың негіздері

280-бап. Талап  арызды қараусыз қалдырудың тәртібі мен салдары

 

 

26-тарау. ХАТТАМАЛАР

 

281-бап. Хаттама жүргізудің міндеттілігі

282-бап. Хаттаманың мазмұны

283-бап. Хаттама жасау

284-бап. Хаттамаға, аудио- немесе бейнежазбаға ескертулер

285-бап. Хаттамаға, аудио- немесе бейнежазбаға жасалған ескертулерді қарау

 

3-БӨЛІМШЕ ЕРЕКШЕ ТАЛАП ҚОЮМЕН ІС ЖҮРГІЗУ

 

27-тарау. САЙЛАУҒА, РЕФЕРЕНДУМДАРҒА ҚАТЫСУШЫ АЗАМАТТАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ АРЫЗДАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

286-бап. Арыз беру

287-бап. Арызды қарау

288-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы

 

28-тарау. ЖЕРГIЛІКТI АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ АЗАМАТТАРДЫҢ АЛҚАБИ РЕТIНДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ IСIН ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗАТЫН ШЕШIМДЕРІНЕ, ӘРЕКЕТТЕРIНЕ (ӘРЕКЕТСIЗДІГІНЕ) ДАУ АЙТУ ЖӨНІНДЕГI АРЫЗДАР БОЙЫНША

ІС ЖҮРГІЗУ

 

289-бап. Арыз беру

290-бап. Арызды қарау

291-бап. Арыз бойынша сот шешiмi және оның орындалуы

 

29-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК, ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ

ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ, ҰЙЫМДАРДЫҢ, ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ШЕШІМДЕРІ МЕН ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ДАУ АЙТУ

ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

292-бап. Арыз беру

293-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сот арқылы дау айтуға жататын шешімдері, әрекеттері  (әрекетсіздігі)

294-бап. Сотқа арызбен жүгінуге арналған мерзім

295-бап. Істі сот талқылауына дайындау

296-бап. Арызды қарау

297-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы

 

30-тарау.  НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІГЕ ДАУ АЙТУ ТУРАЛЫ

ІС ЖҮРГІЗУ

 

298-бап. Арыз беру

299-бап. Істі соттың талқылауына дайындау

300-бап. Арызды қарау

301-бап. Соттың шешімі және оны орындау

 

4-бөлімше. ЕРЕКШЕ ІС ЖҮРГІЗУ

 

31-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

302-бап. Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер

303-бап. Ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібі

304-бап. Істі соттың талқылауына дайындау

 

32-тарау. ЗАҢДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ФАКТІЛЕРДІ АНЫҚТАУ

 

305-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер

306-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға қажетті шарттар

307-бап. Арыз беру

308-бап. Арыздың мазмұны

309-бап. Соттың арыз бойынша шешімі

 

33-тарау. БАЛА АСЫРАП АЛУ ТУРАЛЫ АРЫЗДАР БОЙЫНША

ІС ЖҮРГІЗУ

 

310-бап. Арыз беру

311-бап. Арыздың мазмұны

312-бап. Бала асырап алу туралы арызға қоса берілетін құжаттар

313-бап. Істі сот талқылауына дайындау

314-бап. Арыздарды қарау

315-бап. Соттың арыз бойынша шешімі

316-бап. Бала асырап алудың күшін жою

 

34-тарау. АЗАМАТТЫ ХАБАРСЫЗ КЕТТІ ДЕП ТАНУ НЕМЕСЕ АЗАМАТТЫ ҚАЙТЫС БОЛДЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

317-бап. Арыз беру

318-бап. Арыздың мазмұны

319-бап. Істі сот талқылауына дайындау

320-бап. Прокурордың қатысу міндеттілігі

321-бап. Сот шешімінің салдары

322-бап. Сот шешімімен хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың келуі немесе жүрген жерін анықтаудың салдары

 

35-тарау. АЗАМАТТЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ, АЗАМАТТЫ ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТСІЗ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ, ОН ТӨРТ ЖАСТАН ОН СЕГІЗ ЖАСҚА ДЕЙІНГІ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДЫ ӨЗ ТАБЫСЫНА ӨЗ БЕТІНШЕ БИЛІК ЕТУ ҚҰҚЫҒЫН ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ ОДАН АЙЫРУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

323-бап. Арыз беру

324-бап. Арыздың мазмұны

325-бап. Істі сот талқылауына дайындау

326-бап. Арызды қарау

327-бап. Арыз бойынша соттың шешімі

328-бап. Азаматты әрекетке қабілетті деп тану

 

36-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДЫ ТОЛЫҒЫМЕН ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТТІ (ЭМАНСИПАЦИЯ) ДЕП ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ

ІС ЖҮРГІЗУ

 

329-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арыз беру

330-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды қарау

331-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арыз бойынша сот шешімі

 

37-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА НЕМЕСЕ ЕРЕКШЕ РЕЖИМДЕ ҰСТАЙТЫН ҰЙЫМҒА ЖІБЕРУ ТУРАЛЫІС ЖҮРГІЗУ

 

332-бап. Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру

333-бап. Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арызды қарау

334-бап. Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арыз бойынша сот шешімі

 

 

38-тарау. АЗАМАТТЫ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРҒА МӘЖБҮРЛЕП ЖАТҚЫЗУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

335-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз беру

336-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз беру мерзімі

337-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды қарау

338-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу туралы арыз бойынша сот шешімі

339-бап. Мәжбүрлеп ауруханаға жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз беру және оны қарау

340-бап. Мәжбүрлеп ауруханаға жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі

 

39-тарау. АЛКОГОЛИЗММЕН, НАШАҚОРЛЫҚПЕН ЖӘНЕ УЫТҚҰМАРЛЫҚПЕН АУЫРАТЫН АЗАМАТТЫ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМҒА МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУГЕ ЖІБЕРУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

341-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық  ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы арыз беру

342-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы арызды қарау

343-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы арыз бойынша сот шешімі

344-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз беру және қарау

345-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі

 

40-тарау. ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЖҰҚПАЛЫ ТҮРІМЕН АУЫРАТЫН ЖӘНЕ ЕМДЕЛУДЕН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕН АЗАМАТТЫ МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

346-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты  мәжбүрлеп емдеу туралы арыз беру

347-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты  мәжбүрлеп емдеу туралы арызды қарау

348-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арыз бойынша сот шешімі

 

41-тарау. ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН, БАНК КОНГЛОМЕРАТЫНА КІРЕТІН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН БАНК ХОЛДИНГІН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОЛАРДЫҢ МҮЛКІН ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ ТУРАЛЫ  ІС ЖҮРГІЗУ

 

349-бап. Қаржы ұйымдарын, банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын банк холдингін және (немесе) олардың мүлкін қайта құрылымдау туралы істерді қарау

350-бап. Қайта құрылымдау туралы арыз беру

351-бап. Арызды қарау

352-бап. Арыз бойынша сот шешімі

353-бап. Соттың қайта құрылымдау жоспарын бекітуі

354-бап. Соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі

 

42-тарау. ОҢАЛТУ ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

355-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстердi қарау

 

43-тарау. ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗАТТЫ ИЕСІЗ ДЕП ТАНУ ЖӘНЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ТАНУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

356-бап. Арыз беру

357-бап. Арыздың мазмұны

358-бап. Істі сот талқылауына дайындау

359-бап. Арызды қарау

360-бап. Арыз бойынша сот шешімі

 

44-тарау. АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ ЖАЗБАЛАРЫНА ТҮЗЕТУЛЕР НЕМЕСЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

361-бап. Арыз беру

362-бап. Арыздың мазмұны

363-бап. Арыз бойынша сот шешімі

 

45-тарау. НОТАРИАТТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРГЕ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫ ЖАСАУДАН  БАС ТАРТУҒА БЕРІЛЕТІН ШАҒЫМДАР БОЙЫНША

ІС ЖҮРГІЗУ

 

364-бап. Шағым беру

365-бап. Істі сот талқылауына дайындау

366-бап. Шағымды қарау

367-бап. Шағым бойынша сот шешімі

 

46-тарау. КӨРСЕТУШІГЕ БЕРІЛЕТІН ЖОҒАЛҒАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОРДЕРЛІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ (ШАҚЫРТУ ІСІН ЖҮРГІЗУ)

 

368-бап. Арыз беру

369-бап. Арыздың мазмұны

370-бап. Істі сотта талқылауына дайындау

371-бап. Құжатты ұстаушының арызы

372-бап. Құжатты ұстаушыдан арыз келіп түскеннен кейінгі судьяның әрекеттері

373-бап. Жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы арызды қарау

374-бап. Арыз бойынша сот шешімі

375-бап. Құжат ұстаушының мүліктің негізсіз сатып алынғандығы туралы талап қою құқығы

 

47-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ)

БАСҚА МЕМЛЕКЕТТIҢ АУМАҒЫНДА ЭКСТРЕМИЗМДI НЕМЕСЕ ТЕРРОРИСТIК ӘРЕКЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДЫ ЭКСТРЕМИСТIК НЕМЕСЕ ТЕРРОРИСТІК ҰЙЫМ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ОНЫҢ ӨЗ АТАУЫН ӨЗГЕРТКЕНІН АНЫҚТАУ ТУРАЛЫ, СОНДАЙ-АҚ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ТАРАТЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЭКСТРЕМИСТIК НЕМЕСЕ ТЕРРОРИСТІК ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ АРЫЗ БОЙЫНША IС ЖҮРГIЗУ

 

376-бап. Арыз беру

377-бап. Арыздың мазмұны

378-бап. Арыз бойынша сот шешімі

 

48-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ТАРАТЫЛАТЫН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ ҚАЙШЫ КЕЛЕТІН АҚПАРАТТЫ ҚАМТИТЫН ШЕТЕЛДІК БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛЫНЫҢ ӨНІМІН ЗАҢСЫЗ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ АРЫЗДАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

379-бап. Арыз беру

380-бап. Арыздың мазмұны

381-бап. Соттың арыз бойынша шешімі

 

 

49-тарау. ШЕТЕЛДІКТІ НЕМЕСЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕГІНЕН ТЫС ШЫҒАРЫП ЖІБЕРУ ТУРАЛЫ АРЫЗ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

382-бап. Арыз беру

383-бап. Арыздың мазмұны

384-бап. Арызды қарау

385-бап. Арыз бойынша сот шешімі

386-бап. Шығарып жіберу туралы сот актісін орындауды тоқтата тұру

 

5-бөлімше. ЖОҒАЛҒАН СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІ НЕМЕСЕ АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

 

50-тарау. ЖОҒАЛҒАН СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІ НЕМЕСЕ АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БОЙЫНША

ІС ЖҮРГІЗУ

 

387-бап. Арыз беру

388-бап. Арызды қарау

389-бап. Арыз бойынша сот шешімі

390-бап. Жоғалған іс жүргізуді қалпына келтіру туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату

391-бап. Жоғалған іс жүргізуді қалпына келтіруге байланысты сот актілерін даулау тәртібі

 

6-бөлімше. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТЫ НЕГІЗІНДЕ БАЛАНЫ ҚАЙТАРУ ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ АРЫЗДАРДЫ ҚАРАУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

51-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТЫ НЕГІЗІНДЕ БАЛАНЫ ҚАЙТАРУ ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ АРЫЗДАРДЫ ҚАРАУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

392-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде баланы қайтару туралы немесе балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз беру

393-бап. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыздарды қарау тәртібі

394-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету

395-бап. Талап қою талаптарын біріктіруге және қарсы талап қоюға жол берілмеушілік

396-бап.  Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру  туралы арызды қарау

397-бап. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша соттың шешімі

398-бап. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша соттың шешіміне апелляциялық шағымдар, ұсынымдар беру мерзімі және істі апелляциялық сатыдағы сотта қарау мерзімі

399-бап. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз бойынша бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына жекеше шағым, прокурордың ұсынымын беру және қарау мерзімі

400-бап. Сот қаулыларының көшірмелерін жіберу

 

3-БӨЛІМ. СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

52-тарау. СОТ АКТІЛЕРІНЕ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ ЖАСАУ, НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ

 

401-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау және наразылық келтіру құқығы

402-бап. Апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар

403-бап.Апелляциялық шағымдар жасау, наразылықтар келтіру тәртібі мен мерзімдері

404-бап. Апелляциялық шағымның, наразылықтың мазмұны

405-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейiнгi әрекеттерi

406-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру

407-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты кері қайтару

408-бап. Апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікір

409-бап. Апелляциялық шағымнан бас тарту, наразылықты кері қайтарып алу

410-бап. Тараптардың дауды апелляциялық сатыдағы сотта ерікті түрде реттеуі

411-бап. Шешімнің орындалуын тоқтата тұру

 

53-тарау. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ, НАРАЗЫЛЫҚ БОЙЫНША

ІСТЕРДІ ҚАРАУ

 

412-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы

413-бап. Апелляциялық қараудың шектерi

414-бап. Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарауға дайындау

415-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың істі қарау мерзімі

416-бап. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу

417-бап. Істі талқылаудың басталуы

418-бап. Іске қатысатын тұлғалардың сот отырысына келмеуінің салдары

419-бап. Соттың іске қатысатын тұлғалардың арыздары мен өтінішхаттарын шешуі

420-бап. Дәлелдемелерді зерттеу

421-бап. Сот жарыссөзі

422-бап. Сот отырысының хаттамасы

423-бап. Сот актісін шығару және оны жариялау

424-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

425-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың актілері

426-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны

427-бап. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жою не оны өзгерту негіздері

428-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып немесе арызды қараусыз қалдыра отырып сот шешімінің күшін жою

429-бап. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына (қаулысына) шағым жасаудың, наразылық білдірудің тәртібі мен мерзімдері

430-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы

431-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңды күші

432-бап. Сот актісін жіберу және істі бірінші сатыдағы сотқа қайтару

433-бап. Іс апелляциялық тәртіппен қаралғаннан кейін түскен апелляциялық (жеке) шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі

 

54-тарау. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ АКТІЛЕРІНЕ КАССАЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ ЖАСАУ ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРУ

 

434-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілеріне кассациялық шағым жасау және наразылық білдіру құқығы

435-бап. Кассациялық шағымдарды және наразылықтарды қарайтын соттар

436-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты беру тәртiбi

437-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық беру мерзімі

438-бап. Кассациялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны

439-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру

440-бап. Судьяның кассациялық шағымды немесе наразылықты  алғаннан кейінгі әрекеттері

441-бап. Кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікір

442-бап. Кассациялық шағымнан бас тарту, кассациялық наразылықты кері қайтарып алу

443-бап. Татуласу келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім

 

55-тарау. КАССАЦИЯЛЫҚ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ

 

444-бап. Кассациялық қараудың нысанасы

445-бап. Істі кассациялық тәртіппен қараудың шектері

446-бап. Кассациялық сатыдағы сотта істі қарау мерзімдері

447-бап. Іске қатысатын адамдар мен өкілдердің сот отырысына келмеуінің салдары

448-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі

449-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

450-бап. Кассациялық тәртіппен заңды күшіне енген сот актілерінің күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздемелері

451-бап. Кассациялық сатыдағы соттың актілері

452-бап. Кассациялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңды күші

453-бап. Іс кассациялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен кассациялық шағымды қарау тәртібі

 

56-тарау. ҚАДАҒАЛАУ САТЫСЫНДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ

 

454-бап. Қадағалау тәртiбiмен қайта қаралуға жататын сот актiлерi

455-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне өтiнiшхат беруге, ұсыным енгізуге,  наразылық білдіруге құқығы бар тұлғалар

456-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне дау айту, наразылық білдіру мерзiмдерi

457-бап. Iстi қадағалау тәртiбiмен қарайтын соттар

458-бап. Iстердi талап етіп алдырудың және заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қараудың себептерi мен негiздемелерi

459-бап. Наразылық келтіру

460-бап. Наразылықтың мазмұны

461-бап. Сот актісіне дау айту және қадағалау наразылығын білдіру туралы өтінішхаттың мазмұны

462-бап. Өтінішхатты немесе прокурордың наразылығын кері қайтару

463-бап. Өтінішхатты алдын ала қарау

464-бап. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын шешімдер

465-бап. Қадағалау сатысындағы соттың сот отырысын тағайындау

466-бап. Сот актiсiн қайта қарау туралы өтінішхатқа, ұсынымға немесе наразылыққа пікір

467-бап. Сот актiсiнiң орындалуын тоқтата тұру

468-бап. Істi қарау шектерi

469-бап. Істi қадағалау сатысындағы соттың қарау тәртібі

470-бап. Қадағалау сатысындағы соттың өкілеттіктері

471-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны

472-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының заңды күшiне енуi

473-бап. Сот шешiмiнiң, ұйғарымының, қаулысының күшi жойылғаннан кейiн iстi қарау

474-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кеңейтілген сот отырысын тағайындау

475-бап. Ұсыным мен қадағалау наразылығын Қазақстан Ресубликасы Жоғарғы Сотының кеңейтілген сот отырысында қарау тәртiбi

 

57-тарау. СОТ АКТІЛЕРІН ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН

МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕ

ІС ЖҮРГІЗУ

 

476-бап. Қайта қарау негіздері

477-бап. Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар

478-бап. Арыз беру

479-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны

480-бап. Арыз беруге арналған мерзімнің есептелуі

481-бап. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау

482-бап. Арызды қайтару

483-бап. Арызды қарау

484-бап. Соттың істі қайта қарау туралы ұйғарымы

 

58-тарау. АРАЛЫҚ СОТТАРДЫҢ ШЕШIМДЕРIНЕ ШАҒЫМДАНУ

IСТЕРІ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

485-бап. Аралық соттардың шешімдеріне шағым жасау

486-бап. Арызды қарау

487-бап. Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату

488-бап. Атқару парағын беру

489-бап. Атқару парағын беруден бас тарту

 

4-БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРОЦЕСС

 

59-тарау. ШЕТЕЛДІК ТҰЛҒАЛАР ҚАТЫСАТЫН

ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

490-бап. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша Қазақстан Республикасы соттарының құзыреті

491-бап. Шетелдік тұлғалар қатысатын Қазақстан Республикасы соттарының айрықша құзыреті

492-бап. Шарттық соттылық

493-бап. Құзыреттің өзгермейтіндігі

494-бап. Шетелдік сотта іс жүргізудің маңызы

495-бап. Соттылық

496-бап. Шетелдік тұлғалардың процестік құқықтары мен міндеттері

497-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық процестік әрекетке қабілеттігі

498-бап. Шетелдік және халықаралық ұйымның процестік құқыққа қабілеттілігі

499-бап. Шет мемлекеттердің органдары берген құжаттарды тану

500-бап. Құқықтық көмек туралы тапсырмалар

501-бап. Шет мемлекеттiң иммунитетi

502-бап. Соттық иммунитет

503-бап. Шет мемлекеттің қарсы талап қоюға қатысты иммунитеттен бас тартуы

504-бап. Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасы сотының юрисдикциясына келiсуi және соттық иммунитеттен бас тартуы

505-бап. Шет мемлекеттiң сот талқылауына қатысуы

506-бап. Шет мемлекеттің төрелiк талқылауға қатысты иммунитеттен бас тартуы

507-бап. Иммунитеттен бас тартуға келiсiмді керi қайтарып алу

508-бап. Қазақстан Республикасының юрисдикциялық иммунитетi бұзылған жағдайда шет мемлекеттің иммунитетін қолданбау

509-бап. Кәсiпкерлiк қызметке байланысты даулар бойынша шет мемлекеттің соттық иммунитетін қолданбау

510-бап. Заңды тұлғаларға қатысуға байланысты даулар бойынша шет мемлекеттің соттық иммунитетін қолданбау

511-бап. Мүлiкке құқықтарға қатысты даулар бойынша шет мемлекеттің соттық иммунитетін қолданбау

512-бап. Залалды (зиянды) өтеу туралы даулар бойынша шет мемлекеттің соттық иммунитетін қолданбау

513-бап. Зияткерлiк меншiк құқықтары объектілерiне қатысты даулар бойынша шет мемлекеттің соттық иммунитетін қолданбау

514-бап. Еңбек даулары бойынша шет мемлекеттің соттық иммунитетін қолданбау

515-бап. Теңiз кемелерiн және iшкi суда жүзетiн кемелердi пайдалануға байланысты даулар бойынша шет мемлекеттің иммунитеті

516-бап. Шет мемлекеттің талап қоюды қамтамасыз етуден және сот актiсiн мәжбүрлеп орындатудан иммунитеті

517-бап. Егеменді билiктi жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын мүлiк

518-бап. Шет мемлекет қатысатын істер бойынша сот ісін жүргізу

519-бап. Шет мемлекеттiң соттық иммунитетi туралы мәселені шешу тәртiбi

520-бап. Қазақстан Республикасы сотының шет мемлекет қатысатын даулар бойынша талап қоюды қамтамасыз ету және сот актiсiн мәжбүрлеп орындату туралы мәселелердi шешуi

521-бап. Өзара түсiнiстiк қағидатын қолдану

522-бап. Осы Кодекстi қолдану мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының сотына жәрдемдесу

523-бап. Шет мемлекетке порцестік құжаттарды жiберу және тапсыру

524-бап. Сырттай шешiм

525-бап. Шетелдік соттардың және төреліктердің шешімдерін тану және орындату

526-бап. Шетелдік соттардың орындауды талап етпейтін шешімдерін тану

527-бап. Төрелiк шешiмді мәжбүрлеп орындату

528-бап. Өтінішхат беру

529-бап. Өтінішхатты қарау

530-бап. Атқару парағын беруден бас тарту

531-бап. Атқару парағын беру

 

60-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

532-бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін қолданысқа енгізу

 

1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАСЫ

 

1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасы

1.                Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге де заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге жатады. 

2.                Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық процестік құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.

3. Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнама азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы, қаржы, шаруашылық, жер, құқықтық қатынастар, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.

 

2-бап. Азаматтық сот ісін жүргізуде басым күші бар құқықтық нормаларды қолдану

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.

2. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдардың нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.

3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетіннен басқа жағдайларда олар тікелей қолданылады.

 

3-бап. Азаматтық процестік заңның уақыт тұрғысында қолданылуы

1. Азаматтық сот ісін жүргізу процестік әрекетті орындау немесе процестік шешімді қабылдау кезіне қолданысқа енгізілген азаматтық процестік заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 2. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық процестік заңның кері күші болмайды.

3. Дәлелдемелердің жарамдылығы оларды алған кезде қолданылған заңға сәйкес айқындалады.

 

2-тарау. АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ

 

 4-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері

Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.

 

5-бап. Заңдылық

1. Сот азаматтық істерді қарау және шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы конституциялық заңдарының, осы Кодекстің, Қазақстан Республикасының қолданылуға жататын халықаралық шарттарының, басқа да нормативтік құқықтық актілерінің  талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.

2. Соттар адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететін заңдарды және  өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсетеді деп тапса,  ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныммен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасауға міндетті. Сот Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта басталады.

3. Сот істі қарау және шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге де органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттіктерді асыра пайдаланып шығарылған деп тапса, заңдық күші басым құқықтық актілерді қолданады.

4. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған кезде дауды заңнаманың жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді.

5. Егер заңнамалық актілерде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.

 

6-бап. Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы

1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша сот қана жүзеге асырады. Соттың билік өкілеттіктерін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.

2. Төтенше, сондай-ақ заңсыз құрылған өзге де соттар шешімінің заңды күші болмайды және орындалуға жатпайды.

3. Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарын өзгедей түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға жатады.

4. Соттың азаматтық іс бойынша шешімдерін тиісті соттар ғана осы Кодексте көзделген тәртіппен тексере алады және қайта қарай алады.

 

7-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау

1. Әркімнің бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

2. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде, азаматтар мен заңды тұлғалар осы Кодексте белгіленген тәртіппен басқа адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының бұзылған немесе даулы құқықтарын қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.

Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.

3. Әр адам үшін заңмен көзделген соттылық оның келісімінсіз ешкімге өзгертілуі мүмкін емес.

4. Егер заңға қайшы келсе немесе кімнің де болса құқығын, бостандығын немесе заңды мүдделерін бұзса, сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.

5. Талап (арыз) сотқа жазбаша нысанда немесе осы Кодексте көзделген ерекшеліктерімен электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.

6. Егер істер санаттары үшін дауды сотқа дейін реттеудің тәртібі заңнамалық актілерде белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа  жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін ғана мүмкін болады. 

 

8-бап. Іске қатысушы адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, 

іскерлік беделін құрметтеу

 1. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-намысын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін, іскерлік беделін кемітетін әрекеттерге тыйым салынады.

2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен, сондай-ақ басқа да адамдардың осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасауына байланысты азаматқа келтірілген моральдық зиян, азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген шығындар  заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

 

9-бап. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысу, телефон

арқылы сөйлесу, пошта, телеграф арқылы және өзге де

хабарлар құпиясы

Жеке өмір, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдары мен жинақ ақшасының, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф арқылы және өзге де хабарларының құпиясына құқығы бар. Азаматтық процесс барысында осы құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана жол беріледі.

 

10-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық

1. Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды.

2. Талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында мүлікке тыйым салу осы Кодексте көзделген негіздерде және тәртіппен жүргізілуі мүмкін.

 

11-бап.  Судьялардың тәуелсіздігі

1. Судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңға ғана бағынады.

2. Судьялар азаматтық істерді өздеріне кез келген сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда қарайды және шешеді. Судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру қызметіне қандай да болсын араласуға тыйым салынады және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді.

3. Судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, басқа да заңдарында белгіленген.

 

 

12-бап. Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі

1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асырылады.

2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында:

азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді, олардың ешқайсысын шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке ұшыратуға болмайды;

заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысын да орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына және басқа да мән-жайлар бойынша кемсітушілікке ұшыратуға болмайды.

3. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен иммунитеті бар адамдарға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарында айқындалады.

 

13-бап. Сот ісін жүргізу тілі

1. Азаматтық істер бойынша сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңдарда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады. 

2. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.

Егер соттың бірінші сатысында істі қарастыруға дайындау барысында талап қоюшы оның өкілімен талап арыз (арыз) берілген тілді білмейтіні анықталса, онда талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы сот ұйғарым шығарады.

3. Іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысушы адамдарға мәлімдемелер жасау, түсініктемелер мен айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар жасау, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа да тілде сөз сөйлеу; осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

 4. Азаматтық сот ісін жүргізуде сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамдарға басқа тілде жазылған, заң бойынша оларға қажетті іс материалдарын сот ісін жүргізу тіліне тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға сотта айтылғандардың басқа тілде болған бөлігінің сот ісін жүргізу тіліне аудармасы өтеусіз түрде қамтамасыз етіледі. 

 5. Сот құжаттары іске қатысушы адамдарға олардың ана тіліне немесе олар білетін басқа тілге аударылып тапсырылады.

 6. Істі сот талқылауына дайындау аяқталғаннан кейін тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдар ұсынатын сот ісін жүргізу тілінен басқа тілде дайындалған құжаттарға сот ісін жүргізу тіліне жасалған аудармасы қоса берілуге тиіс.

 

14-бап. Тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы

1. Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негізінде жүзеге асырылады. Тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады және іс жүргізу міндеттерін тең көтереді.

2. Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымын, оны қорғау әдістері мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады.

3. Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдемелер жинаудан толық босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.

4. Сот объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, процеске басшылықты жүзеге асырады, тараптардың істің мән-жайларын толық және объективті зерттеуге арналған процестік құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды. Сот іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, процестік әрекеттерді жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда оларға өз құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Сот шешімді тараптардың әрқайсысы бірдей негізде зерттеуге қатысуы қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

5. Сот тараптарға бірдей әрі құрметпен қарайды.

 

15-бап. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау

1. Судья істе бар дәлелдемелерді оларды жиынтығында бейтарап, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл ретте ол заң мен ар-ожданды басшылыққа алады.

2. Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күні бұрын белгіленген күші болмайды.

 

16-бап. Айғақтар беру міндетінен босату

1. Ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және аясы осы Кодексте айқындалған өзінің жақын туыстарына қарсы айғақтар беруге міндетті емес. 

2. Діни қызметшілер тәубаға келу үстінде өздеріне сенім білдірген адамдарға қарсы айғақтар беруге міндетті емес.

 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларда аталған адамдар айғақ беруден бас тартуға құқылы және жауаптылыққа тартылмайды.

 

17-бап. Білікті заң көмегін алуға құқықтарды қамтамасыз ету

1. Әркімнің азаматтық процесс барысында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар.

2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.

 

18-бап. Сотта істі талқылаудың жариялылығы

1. Азаматтық істерді талқылау барлық сот сатыларында ашық жүргізіледі. Сот актілері жария түрде хабарланады.

2.  Жабық сот  отырысында шешімді жариялауды қоса алғанда,  мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтері бар істерді қарау және шешу заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Егер бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау қажет болса не ашық талқылауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болса, сондай-ақ осы Кодекстің 188-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайда, іске қатысушы адамның өтінішхаты бойынша азаматтық іс жабық сот отырысында қаралады және шешіледі.

3. Жеке хат жазысу және өзге де жеке хабарлар өзара хат жазысқан және осы жеке хабарлар өздеріне қатысты адамдардың келісімімен ғана ашық сот отырысында жария етілуі мүмкін. Мұндай келісім болмаған жағдайда хат жазысу және хабарлар жабық сот отырысында жария етіледі және зерттеледі.

Жария іс-шараларды өткізу кезінде әзірленген аудио-, және бейнежазбаларды, фотоға және киноға түсіру материалдары мен электрондық және цифрлық нысандағы басқа да материалдарды зерттеу кезінде де осы ережелер қолданылады.

4. Істі жабық сот отырысында талқылау кезінде іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар да қатысады, сот оларға осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді жария еткені үшін жауаптылық туралы ескертеді.

5.  Он алты жасқа толмаған азаматтар, егер олар іске қатыспайтын адамдар немесе куә болмаса, сот отырысы залына жіберілмейді. 

6. Істі жабық сот отырысында талқылау осы Кодексте белгіленген барлық қағидалар сақтала отырып жүргізіледі.

7. Іске қатысушы адамдар және басқа да адамдар, оның ішінде ашық сот отырысына қатысып отырған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сот отырысының барысы бойынша жазбалар жасауға, сот талқылауы барысын залда отырған орындарынан аудио жазу және цифрлық жеткізу құралдарын пайдалану арқылы жазып алуға құқығы бар. Сот талқылауы залында киноға және фотоға түсіруге, бейнежазба жасауға, тікелей радио- және телетрансляция жүргізуге, Интернет ақпараттық-коммуникациялық желісінде бейнетрансляция жүргізуге соттың рұқсаты бойынша және іске қатысушы адамдардың пікірі ескеріле отырып жол беріледі. Бұл туралы сот отырысының хаттамасына енгізілетін сот ұйғарымында көрсетіледі. Осы әрекеттер сот отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуге тиіс және сот оларды уақыт жағынан шектеуі мүмкін.

8. Сот талқылауының барлық немесе бір ғана бөлігіне қатысты істі жабық сот отырысында талқылау туралы сот ұйғарым шығарады, ұйғарым сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

9. Заңды күшіне енген сот актілері соттың ресми сайтында жарияланады және осы баптың екінші бөлігінде және заңнамалық актілерде белгіленген шектеулер ескеріле отырып жария түрде талқылануы мүмкін.

10. Соттың іс жүргізуіндегі азаматтық істер бойынша сотқа түскен өтініштер туралы ақпарат жария етілуге және соттың ресми сайтында орналастырылу арқылы процеске қатысушылардың назарына жеткізілуге тиіс. 

 

 19-бап. Сот отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

 1. Істі сотта  талқылау соттың қалыпты жұмысын және сот отырысы залында қатысып отырған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда өтуге тиіс. Сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіптің сақталуын сот приставы қамтамасыз етеді.

 2. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сот приставтары  жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеруді, адамдарды сырттай тексеруді және олар сот отырысы залына алып өтетін заттарға тексеруді жүргізеді.

 

20-бап. Сот актілерінің міндеттілігі

1.    Бірінші сатыдағы сот азаматтық істер бойынша сот актілерін сот бұйрықтары, шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар нысанында  қабылдайды. 

Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларының соттары сот актілерін ұйғарымдар мен қаулылар нысанында қабылдайды.

2. Заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп таныған, заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген сот актілері орындалуға тиіс.

3.Сот актілерін орындамау, сол сияқты сотты құрметтемеудің өзге де көрінісі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

4. Сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды. 

 

 

21-бап. Сот актілеріне шағым жасау бостандығы

Іске қатысушы адамдар, сондай-ақ өздерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот актісі шыққан адамдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен сот актілеріне шағым жасауы мүмкін.

 

22-бап. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарының  маңызы

Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарын, оның сипаты мен мәніне байланысты бұзу шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.

 

3-тарау. ВЕДОМСТВОЛЫҚ ҚАРАУ ЖӘНЕ СОТТЫЛЫҚ

 

23-бап. Азаматтық істерді соттардың ведомстволық қарауы

1. Егер осы Кодекске немесе басқа да заңдарға сәйкес бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңды мүдделерді қорғау өзгеше тәртіппен жүзеге асырылмаса, соттар оларды қорғау туралы істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.

2. Азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), мұрагерлік, міндеттемелік, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын, оның ішінде жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын даулар бойынша талап қою тәртібімен жүргізілетін азаматтық істер соттардың ведомстволық қарауына жатады.

3. Санаттары осы Кодексте көзделген, мемлекеттік басқару саласындағы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, ерекше талап қою бойынша жүргізілетін азаматтық істер соттардың ведомстволық қарауына жатады.

4. Санаттары осы Кодексте көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізілетін істер соттардың ведомстволық қарауына жатады.

5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар қатысқан, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысқан істер соттардың ведомстволық қарауына жатады.

6. Шетелдік соттардың және халықаралық төрелік соттардың шешімдерін, сот бұйрықтарын тану және оларды орындау туралы істер соттардың ведомстволық қарауына жатады. 

7. Аралық соттардың шешімдеріне дау айту және осындай шешімдерді мәжбүрлеп орындауға жіберу туралы істер соттардың ведомстволық қарауына жатады.

8. Соттардың ведомстволық қарауына заңға сәйкес азаматтық істердің басқа да санаттары жатқызылуы мүмкін. 

9. Мүлікті тыйым салудан босату (тізбеден шығару) туралы қылмыстық немесе әкімшілік іс бойынша қатысушылар болып табылатын адамдардың:

1) қылмыстық істі тергеу кезінде қылмыстық қудалау органы салған;

2) мүлікті тәркілеу туралы соттың үкімінің негізінде;

3) әкімшілік құқық бұзушылық жасау затын немесе құралын тәркілеу туралы сот қаулысының негізінде қылмыстық процестік заңнамада немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада белгіленгентәртіппен қаралады.

 

24-бап. Дауларды төрелік немесе аралық соттың шешуіне беру,

дауды (жанжалды) медиация тәртібімен шешу немесе

партисипативтік рәсім тәртібімен шешу

Соттың ведомстволық қарауына жататын азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау тараптардың жазбаша келісімі бойынша және ол сотқа ұсынылған жағдайда аралық немесе төрелік соттың қарауына беріледі, бұған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған жағдайларда және осы Кодекстің 165-бабының 5) тармақшасына және 201-бабына сәйкес дау (жанжал) медиация тәртібімен немесе партисипативтік рәсім тәртібімен шешілуі мүмкін.

 

25-бап. Сотта ведомстволық қараудың басымдығы

1. Бірі соттың, ал басқалары – соттан тыс органдардың ведомстволық қарауына жататын өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде барлық талаптар сотта қаралуға тиіс.

2. Нақты даудың ведомстволық қаралуына қатысты заңнамалық актілерді түсіндіруде айқындылық болмаған немесе қайшылықтар болған жағдайда дауды сот қарайды.

 

26-бап. Аудандық (қалалық) соттың және оған теңестірілген

соттардың  қарауына жататын азаматтық істер

Осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабында көзделген істерді қоспағанда, азаматтық істер аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттарда қаралады және шешіледі.

 

27-бап. Азаматтық істердің мамандандырылған соттардың және

соттың мамандандырылған құрамдарының соттылығына

жатқызылуы

1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар тараптары заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын  мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөніндегі, сондай-ақ корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi қарайды. 

Корпоративтік дауларға коммерциялық ұйым, коммерциялық ұйымдар қауымдастығы (одағы), коммерциялық ұйымдар және (немесе) дара кәсіпкерлерқауымдастығы (одағы), Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым және (немесе) оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері), оның ішінде бұрынғы акционерлері (бұдан әрі – корпоративтік даулар) тарапы болып табылатын:

1)  заңды тұлғаны құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға;

2) акционерлік қоғамның акцияларын, шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, кооператив мүшелерінің жарналарын қамтитын мұраға қалдырылған мүлікті бөлуге немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерін бөлуге байланысты туындайтын дауларды қоспағанда, акционерлік қоғамдар ақцияларының, шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, кооперативтер мүшелері жарналарының тиесілілігіне, олардың ауыртпалықтарын анықтауға және олардан туындайтын құқықтарды іске асыруға, оның ішінде олармен келісімшарттарды жарамсыз деп тануға;

3) лауазымды адамдардың, құрылтайшылардың, акционерлердің, қатысушылардың (бұдан әрі – заңды тұлғаның қатысушылары) және өзге де тұлғалардың әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) заңды тұлғаға келтірілген шығынды өтеу туралы талаптарға;

4) мәмілелерді жарамсыз деп тануға және (немесе) осындай мәмілелердің жарамсыздығының салдарын қолдануға;

5) заңды тұлғаның басқару органының құрамына кіретін немесе кірген адамдарды тағайындауға немесе сайлауға, өкілеттіктерін тоқтатуға, тоқтата тұруға және олардың жауапкершіліктеріне байланысты, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға, тоқтатуға, тоқтата тұруға байланысты осындай адамдар мен заңды тұлға арасындағы азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға;

6) бағалы қағаздар эмиссиясына;

7) акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға құқықтарды ескере отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінің енгізілуіне, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыруға және (немесе) айналымға шығаруға байланысты дауларға;

8) акциялар эмиссиясының мемлекеттік тіркелуін жарамсыз деп тануға;

9) заңды тұлғаның қатысушыларының жалпы жиналысын шақыруға және өткізуге және онда қабылданатын шешімдерге;

10) заңды тұлғаның басқару органдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуға байланысты даулар жатады.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өздері қайта құрылымдауды жүргізген кезде қаржы ұйымдарын, банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын банк холдингін және (немесе) олардың мүлкін қайта құрылымдау туралы істерді, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың банкроттығы мен заңды тұлғаларды  оңалту туралы істерді де қарайды.

 2. Әскери соттар Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, әскери жиындардан өтіп жатқан азаматтардың лауазымды адамдардың және әскери басқару органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануы туралы азаматтық істерді қарайды. Мамандандырылған басқа соттардың қарауына жататын істерді қоспағанда, егер тараптардың бірі әскери қызметші, әскери басқару органы, әскери бөлім болып табылса, әскери соттар басқа да азаматтық істерді қарайды.

3. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар баланың тұрғылықты жерін анықтау; ата-ананың баламен араласу және басқа адамдардың қарамағындағы баланы айырып алу тәртібін анықтау; бала ата-анасының бірімен республикадан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен кезде баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу және оның күшін жою туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режиммен ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы даулар бойынша; кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша; кәмелетке толмағанның әкесін анықтау және одан алимент өндіріп алу туралы; он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз табыстарына өз бетінше иелік ету туралы құқықтарын шектеу немесе олардан айыру туралы арыздар бойынша; кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті деп жариялау туралы істерді қарайды (эмансипация).

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын, міндеттемелерін қозғайтын (әке болуды анықтау туралы, баланы күтіп-бағу үшін пайыздық қатынаста немесе тұрақты ақшалай сомада алимент өндіріп алу және алименттердің мөлшерін азайту туралы; кәмелетке толмағандардың еңбек, тұрғын үй құқықтарын қорғау туралы; кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу туралы) өзге де санаттағы істер аумақтық соттылық қағидалары сақтала отырып аудандық (қалалық) соттардың қарауына жатады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер, егер осы елді мекен аумағында кәмелетке толғандардың істері жөніндегі мамандандырылған сот болмаса, кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша баланың тұрғылықты (орналасқан) жеріндегі аудандық (қалалық) сотқа берілуі немесе қаралуы мүмкін. Өтінішхат істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.

4. Астана қаласы сотының мамандандырылған құрамы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарауына жататын істерден басқа, өңірлік қаржы орталығы қатысушысының мүліктік немесе мүліктік емес даулары бойынша азаматтық істерді, сондай-ақ инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты даулар бойынша (инвестициялық даулар) азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайды.

Инвестициялық дауларға:

инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы мынадай даулар жатады:

1)  инвестордың инвестициялық қызметті жүзеге асыруға кірісуіне немесе осы қызметтің тоқтатылуына байланысты;

2)  капиталдық салымдар мен олардан түскентабыстарды инвестор тұрақты тұратын елге аудару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы;

3)                нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына дау айту туралы, егер заңдылығына дау айтылып отырған нормативтік құқықтық актінің қолданылуы инвесторды шығынға батыруы мүмкін болса;

4)  мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және мемлекеттік қызметшілердің шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктерін) дау айту туралы, егер осындай шешім, әрекет (немесе әрекетсіздік) инвесторды шығынға батыруы мүмкін болса.

Инвестициялық дауларға сондай-ақ:

инвесторлар арасындағы даулар, сондай-ақ олардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру жөніндегі шарттардан туындайтын міндеттемелерді орындау туралы Қазақстан Республикасының басқа да құқық субъектілерімен даулары;

инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де даулар жатады.

         5. Инвестициялық қызметке байланысты емес инвестор қатысқан, қаржы орталығының қатысушысын қатысушы ретінде тіркеу негіздемелеріне байланысты емес ол қатысқан құқықтық қатынастардан туындайтын даулар осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылыққа сәйкес аудандық (қалалық) соттардың қарауына жатады. 

 

28-бап. Азаматтық істердің Қазақстан Республикасы Жоғарғы 

 Сотының қарауына жатқызылуы

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мынадай:

1)                Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне), Референдумның орталық комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) дау айту туралы;

2)                осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінде көзделген тарапы ірі инвестор болып табылатын инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша қарайды.

 

29-бап. Жауапкердің тұрған жері бойынша талап қою

1.                Талап сотқа жауапкердің тұрғылықты жері бойынша қойылады.

Азаматтың, оның ішінде заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушының тұрғылықты жері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған ережелер бойынша айқындалады.

2. Заңды тұлғаға талап заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына және (немесе) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша, ал заңды тұлға ретінде тіркелмеген жағдайда – ол орналасқан жердегі сотқа  қойылады.

 

30-бап. Талапкердің таңдауы бойынша соттылық

1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.

2. Заңды тұлғаға да талап оның мүлкінің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

3. Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

4. Әке болуды анықтау және алименттерді өндіріп алу туралы талапты талапкер өзінің тұрғылықты жері бойынша қоюы мүмкін.

5. Денсаулыққа зақым келтіруден, сондай-ақ асыраушының өліміне байланысты келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды талапкер өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша қоя алады. Өмір мен денсаулыққа келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда талаптар тиісті бюджет бағдарламасы әкімшісінің орналасқан жері бойынша қойылады.

6. Орындалатын орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар шарттың орындалатын орны бойынша да  қойылуы мүмкін.

7. Некені бұзу туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері бойынша онымен кәмелетке толмаған балалары бірге тұрған жағдайда қойылуы мүмкін.

8. Қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде заңсыз әкімшілік жазаға тартудан бұзылған мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.

9. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу орны бойынша қойылуы мүмкін.

10. Кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалды өтеу туралы, сондай-ақ теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы өндіріп алу туралы талаптар жауапкердің тұрған немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін. 

11. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін өндіру туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері немесе жауапкердің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

12. Бірнеше жауапкерге талаптар талапкердің таңдауы бойынша жауапкерлердің бірінің тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша қойылады. 

 13. Осы Кодекстің 31-бабында белгіленген істің соттылығын қоспағанда, осы бапқа сәйкес іс қарауына жататын бірнеше соттың арасынан таңдау жасау талапкерге тиесілі.

 

31-бап. Айрықша соттылық

1. Жер учаскелеріне, ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға, жерге тығыз байланысты басқа да объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, жылжымайтын мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілердің орналасқан жері бойынша қойылады. 

 Егер жылжымайтын мүлік объектілері түрлі елді мекендерде орналасқан болса, әрбір объектінің орналасқан жері бойынша сотқа талап қойылады.

 Егер жылжымайтын мүлік объектілері бір елді мекеннің аумағында орналасқан болса, олардың әрқайсысының орналасқан жері бойынша сотқа талап қойылады.

2. Мұра қалдырушыға кредит берушілердің мұрагерлерге қойған талаптары, осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген ережелерге сәйкес мұраға қалдырылған мүлік орналасқан жердегі соттың қарауына жатады. 

3. Мұрагерді лайықсыз мұрагер деп тану туралы, мұраны иесіз деп тану туралы, мұраны қабылдау үшін мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру, мұрадан бас тарту туралы талаптар мұраның ашылған орны бойынша қойылады.

4. Жүктерді, жолаушыларды немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын тасымалдаушыларға қойылатын талаптар сотқа тасымалдаушының (көлік ұйымының, дара кәсіпкердің) орналасқан жері бойынша қойылады.

5. Қазақстан Республикасының және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн шет мемлекеттiң бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талаптар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, сотқа талапкердің тұрған жерi бойынша қойылады.

 

32-бап. Шарттық соттылық

Тараптар осы істің, оның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысындағы соттың іс жүргізуінде тұрған істердің соттылығын аумақтық жағынан өзара келісім бойынша өзгерте алады. Осы Кодекстің 30-бабында белгіленген  соттылықты тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды.

 

33-бап. Өзара байланысты бірнеше істердің соттылығы

1. Дербес талапты мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы және соттылығына қарамастан қарсы талап, бастапқы талап қаралатын жердегі сотқа беріледі.

2. Бір жауапкерге бірнеше талап қойылған кезде, егер даудың нысанасы немесе негізі соттың іс жүргізуінде тұрған істегі даудың нысанасына және негізіне байланысты болса, ал осындай талаптардың соттылығы соттың іс жүргізуінде тұрған істің соттылығын бұзбаса, сот оларды бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.

3. Қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделмеген немесе шешілмеген болса немесе қылмыстық істі жүргізу кезінде сот қараусыз қалдырса, бас бостандығынан айыруға сотталған адамға оның сотталғанға дейінгі тұрғылықты жері бойынша не талапкердің тұрғылықты жері бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарау үшін қойылады.  

 

34-бап. Істі бір соттың іс жүргізуінен алып басқа сотқа беру

1. Соттылық қағидалары сақтала отырып, соттың іс жүргізуіне қабылданған іс, кейіннен ол басқа соттың қарауына жатқызылса да, сот оны мәні бойынша шешуге тиіс. 

2. Егер:

1) тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш берсе; 

2) бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдірілгеннен кейін істі осы сотта қарау мүмкін болмаса; 

3) істі осы сотта қарау кезінде оның іс жүргізуге соттылық ережелері бұзыла отырып қабылданғаны анықталса;

4) осы Кодекстің 27-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша істі басқа соттың қарауына береді.

3. Істің сол соттың соттылығына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі мүмкін,  оның шешімі түпкілікті болып табылады.

4. Осы баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларда істі оның соттылығын анықтау үшін жоғары тұрған сотқа беру туралы ұйғарым шығарылады.  Істі басқа сотқа беру туралы мәселені судья іске қатысушы адамдарға хабарламастан және сот отырысын өткізбестен, жеке-дара қарайды. Қарау нәтижелері бойынша ұйғарым шығарылады, ол түпкілікті болып табылады және шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.

5. Іс бір соттан екінші сотқа беру – осы ұйғарымға шағым беру мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берілген жағдайда – шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін беріледі.

6. Соттар арасындағы соттылық туралы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.

 

 

4-тарау. СОТТЫҢ ҚҰРАМЫ, ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРУ

 

35-бап. Соттың құрамы

1. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істерді судья жеке-дара қарайды және шешеді, ол сот атынан әрекет етеді.

2. Осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінде көзделген  азаматтық істерді Астана қаласының сотында судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша жеке-дара қарайды және шешеді.

3. Осы Кодекстің 28-бабында көзделген азаматтық істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша судья жеке-дара қарайды және шешеді.

4. Апелляциялық сатыдағы сотта істерді облыстық және оған теңестірілген соттың тақ санды (кемінде үш) судьясы соттың алқалы құрамында қарайды, оның біреуі төрағалық етуші болып табылады не судья істі осы Кодекстің 402-бабына сәйкес жеке-дара қарайды.

5. Кассациялық сатыдағы сотта істерді облыстық және оған теңестірілген соттың тақ санды (кемінде үш) судьясы осы сот төрағасының не оның тапсыруы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен соттың алқалы құрамында қарайды.

6. Қадағалау сатысындағы сотта істерді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тақ санды (кемінде бес) судьясы аталған алқа төрағасының не оның тапсыруы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен соттың алқалы құрамында қарайды.

7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кеңейтілген сот отырысында істерді Жоғарғы Сот Төрағасының не оның тапсыруы бойынша Жоғарғы Сот судьяларының біреуінің төрағалық етуімен кемінде жеті судьяның қатысуымен алқалы құрамда қарайды.

 

36-бап. Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі

1. Істерді соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде барлық судьялар тең құқықтарды пайдаланады. Істі алқалы сот құрамы қараған және шешкен кезде туындаған барлық мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Әрбір мәселені шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. 

2. Төрағалық етуші ұсыныстарды енгізеді, өз пікірін айтады және соңынан дауыс береді.

3. Көпшіліктің шешімімен келіспеген судья осы шешімге қол қоюға міндетті және өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады, ол мөр басылған конвертте іске қоса тіркеледі. Кассациялық және қадағалау сатысындағы соттар осы істі қарау кезінде ерекше пікірмен танысуға құқылы. Судьяның ерекше пікірінің бар екендігі туралы іске қатысушы тұлғаларға хабарланбайды және ерекше пікір сот отырысы залында жарияланбайды.

 

 

37-бап. Судьяның істі қарауға және шешуге қайта қатысуына жол 

 берілмейтіндігі

1. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарауға және шешуге қатысқан судья осы істі бірінші сатыдағы сотта, сондай-ақ апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қайтадан қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған шешімнің күші жойылған жағдайда істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.

2. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы сотта қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған сот актісінің күші жойылған жағдайда істі апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды. 

3. Кассациялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатыларындағы сотта қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған сот актісінің күші жойылған жағдайда істі кассациялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды. 

4. Қадағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі басқа сатылардағы соттарда қарауға және шешуге қайта қатыса алмайды.

 

38-бап. Судьяға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер

1.    Судья, егер ол: 

1)  осы істі мұның алдында қарау кезінде медиацияны жүргізген судья, прокурор, куә, сарапшы, маман, аудармашы, тараптың немесе үшінші тұлғаның өкілі, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы ретінде қатысса; 

2)          іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің бірінің туысы, жұбайы немесе жекжаты болса;

3)         істің шешілуіне өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса, егер оның бейтараптығына негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайлар болса, істі қарауға және шешуге қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс. 

2. Істі қарайтын соттың алқалы құрамына өзара туыс, ерлі-зайыптылар немесе жекжаттар болып табылатын судьялар кіре алмайды. 

 

39-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот

отырысының хатшысына қарсылық білдіру (өздігінен бас 

тарту) үшін негіздер  

1.                Осы Кодекстің 37-бабының бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген қарсылық білдіру үшін негіздер, сондай-ақ сот отырысына қатысушы прокурорға, сот отырысының хатшысына, маманға, аудармашыға, сарапшыға да қолданылады. 

2. Бұған қоса сарапшы, маман, аудармашы, егер: 

1) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет бабымен немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе; 

2) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгіну үшін негіз болса немесе осы азаматтық істі қараған кезде пайдаланылса;

3) оның білікті емес екендігі байқалса, оның ішінде іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау оның арнайы білімдерінің шегінен шықса соттың істі қарауы және шешуі кезінде сот отырысына қатыса алмайды.

3. Прокурордың, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының істі мұның алдында қараған және шешкен кезде тиісінше прокурор, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды. Адамның іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін сараптама қайта тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, іс бойынша қосымша сараптама жүргізуді оған тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылмайды.

 

40-бап. Қарсылықтар білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыздар

1. Осы Кодекстің 38, 39-баптарында аталған мән-жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Іске қатысушы адамдарға сол негіздер бойынша қарсылық білдіруге тиіс.

2. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) себебі көрсетілуге және істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін жазбаша түрде мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) негізі сотқа немесе қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) мәлімдеген адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз берілуі мүмкін. 

3. Бұрын мәлімделген негіздер бойынша судьяға қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) қайтадан мәлімдеуге жол берілмейді.

4. Судьяның осы Кодекстің 38-бабының бірінші бөлігінің 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өздігінен бас тартуды мәлімдеуі оны қанағаттандыру үшін сөзсіз негіз болып табылады.

 

41-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды

қарау тәртібі

1. Прокурорға, сот отырысының хатшысына, маманға, сарапшыға, аудармашыға мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сот қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделген сот отырысында қарайды және шешеді.

2. Бірінші сатыдағы соттың судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) осы соттың төрағасы немесе басқа судьясы тараптарға хабарламастан мәлімделген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал олар болмаған жағдайда – тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы ол келіп түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды және шешеді.

3. Апелляциялық сатыдағы соттың судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы тараптарға хабарламастан қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, ал ол болмаған кезде – осы апелляциялық сатының басқа судьясы қарайды және шешеді.

4. Істі соттың алқалы құрамы қараған кезде судьялардың біріне мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) соттың алқалы құрамының басқа судьялары қарайды. Сот мәлімделген қарсылық білдіру бойынша іске қатысушы адамдардың пікірін, егер түсініктеме бергісі келсе,  қарсылық білдірілген судьяның пікірін тыңдайды. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделген судьяның қатысуынсыз кеңесу бөлмесінде шешіледі. Қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) жақтаған және оған қарсы дауыстар саны тең болған жағдайда қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) қанағаттандырылды деп есептеледі.

5. Істі сот отырысында қарайтын соттың екі және одан да көп судьясына немесе алқалы құрамындағы барлық судьяларына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) нақ сол сот толық құрамда жай көпшілік дауыспен шешеді.

6. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз қабылданбаған кезде соттың сол алқалы құрамы істі қарауды және шешуді сол сот отырысында жалғастырады.

7. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз қанағаттандырылған жағдайда істі қарау кейінге қалдырылады. Істің жаңа сот отырысында қаралатын уақыты мен орны туралы іске қатысушы адамдар мен олардың өкілдеріне хабарланады.

8. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды  қарау нәтижелері бойынша сот ұйғарымы шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық, кассациялық шағымдарға, қадағалау өтінішіне немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.

 

42-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды 

  қанағаттандырудың салдары

1. Істі аудандық немесе оған теңестірілген сотта жеке-дара қарап жатқан судьяға қарсылық білдірілген (өздігінен бас тартылған) жағдайда бұл істі басқа судья сол сотта қарайды. Егер іс жүргізуінде іс тұрған сотта судьяны ауыстыру мүмкін болмаса, іс жоғары тұрған сот арқылы басқа сотқа беріледі.

2. Істі облыстық және оған теңестірілген сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қарау кезінде судьяға қарсылық білдірілген (өздігінен бас тартылған) не соттың бүкіл құрамына қарсылық білдірілген жағдайда істі сол сотта басқа судья немесе судьялардың басқа құрамы қарайды.

3. Егер облыстық және оған теңестірілген сотта өздігінен бас тартулар немесе қарсылықтар білдіру қанағаттандырылғаннан кейін осы істі қарау үшін жаңа сот құрамын құру мүмкін болмаса, іс қаралатын сотты анықтау үшін іс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілуге тиіс.

 

5-тарау. ІСКЕ ҚАТЫСУШЫ ТҰЛҒАЛАР

 

43-бап. Іске қатысушы тұлғалардың құрамы

Тараптар; үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар немесе осы Кодекстің 55 және  56-баптарында көзделген негіздер бойынша процеске қатысатын азаматтар; осы Кодекстің 302-бабында көзделген сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен өзге де мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар деп танылады.

Іске қатысушы тұлғалардың құрамы туындаған материалдық-құқықтық қатынастардың және қолданылуға тиіс заңдардың мазмұнымен айқындалады.  

 

44-бап. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі

1. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі (азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі) материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен заңды тұлғалар үшін бірдей дәрежеде танылады.

 

45-бап. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі

1. Сотта өздерінің әрекеттерімен өз құқықтарын дербес жүзеге асыру және міндеттерін орындау (азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарға, заңды тұлғаларға толық көлемде тиесілі болады. 

2. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды. Сот осындай істерге кәмелетке толмағандардың өздерін немесе әрекетке қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтарды қатыстыруға міндетті. Кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша сот прокурорды іске қатысуға тартуы мүмкін.

3. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері, прокурор қорғайды. 

4. Заңда көзделген жағдайларда, азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтік және өзге де құқықтық қатынастардан және тапқан табысына немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстарына иелік етуге байланысты мәмілелерден туындайтын істер бойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың өз құқықтарын және заңды мүдделерін сотта жеке өзі қорғауға құқығы бар.

5. Заңда көзделген негіздер бойынша эмансипацияланған кәмелетке толмағандар эмансипациялау кезінен бастап толық іс жүргізу қабілеттілігіне ие болады.

6. Сот осы баптың төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін өз қалауы бойынша іске қатыстыруға құқылы.

 

46-бап. Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

1. Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдемелерді табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа да адамдарға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; оның ішінде талапты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану туралы, дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша, қосымша дәлелдемелерді талап ету туралы, бітістіру рәсімдерін қолдану туралы өтініш беруге; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа да тұлғалардың өтініштері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот  жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Олар басқа адамдардың құқықтарын теріс пайдаланбай, олардың мүдделерін бұзбай, өздеріне тиесілі процестік құқықтарды адал пайдалануға және істерді қарау мен шешу мерзімдерін қасақана созып жіберуге жол бермеуге тиіс.

2. Іске қатысушы тұлғалар істің нақтылы мән-жайлары туралы сотқа толық әрі шынайы түрде мәлімдеуге, сөз сөйлеуге немесе сотқа екінші тарап растаған фактілерді теріске шығаратын жазбаша дәлелдемелер ұсынуға міндетті. Іске қатысушы тұлғалардың процестік міндеттерін орындамауы осы Кодексте көзделген процестік салдардың туындауына әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттер арыздар мен өтініштерді, жазбаша нысандағы немесе электрондық құжат нысанындағы құжаттарды беру арқылы жасалуы мүмкін.

 

47-бап. Тараптар

1.Талапкер мен жауапкер азаматтық процесте тараптар болып табылады.

Өздерінің бұзылған немесе даулы болып отырған құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап талап қойған азаматтар мен заңды тұлғалар немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды қорғап  талап қойған өзге де адамдар талапкерлер болып табылады.

Өздеріне талап қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады. 

2. Заңмен көзделген жағдайларда, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар да тараптар болуы мүмкін.

3. Басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге заң бойынша құқығы бар адамдардың арызы бойынша өз мүддесінде іс басталған адамға сот туындаған процесс туралы хабарлайды және ол оған талапкер ретінде қатысады.

4. Азаматтық процесте мемлекет тарап болуы мүмкін.

5. Тараптар процестік құқықтарын тең иеленеді және бірдей процестік міндеттері болады.

 

48-бап. Талап қоюдың негіздемесін немесе нысанасын өзгерту, талап қоюдан бас тарту, талап қоюды тану, татуласу келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім

1. Талапкер талап қоюдың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы, жауапкер талап қоюды тануға құқылы, тараптар істі осы Кодекстің 169, 170, 171-баптарында және 17-тарауында көзделген қағидалар бойынша татуласу келісіммен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады.

  2. Сот өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқылы емес. Егер  бұл әрекеттер заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін бұзса,  сот талапкердің талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың татуласу келісімін немесе тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітпейді.

  3. Талап қоюдың негіздемесі немесе нысанасы өзгерген, талап қою талаптарының мөлшері ұлғайған немесе азайған кезде істерді қарау мерзімінің өтуі бастапқы талап қойылған күннен бастап есептеледі. 

 

49-бап. Бірнеше талапкердің немесе жауапкердің іске қатысуы

1. Бірнеше талапкер бірлесіп бір немесе бірнеше жауапкерге талап қоюы мүмкін. Талапкерлердің немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар іс жүргізуді тиісінше тең талапкерлердің немесе тең жауапкерлердің біреуіне сенімхат негізінде тапсыра алады.

2. Егер:

1) бірнеше талапкердің немесе бірнеше жауапкердің ортақ құқықтары мен міндеттері даудың нысанасы болып табылса;

2) бірнеше талапкердің немесе бірнеше жауапкердің құқықтары мен міндеттерінің негізі бір болса;

3) бірнеше талапкердің немесе бірнеше жауапкердің біртекті (ұқсас) құқықтары мен міндеттері даудың нысанасы болып табылса, іске бірнеше талапкердің немесе жауапкердің қатысуына жол беріледі.

 

50-бап. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру

1. Істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау басталғанға дейін жауапкерді ауыстыруға жол беріледі. Сот талап қою бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтап, істі тоқтатпай, талапкердің өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады. Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және оны сот отырысында қарау басынан бастап жүргізіледі. Істі қарау мерзімі істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі.

 2.  Егер талапкер тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен  ауыстыруға келіспесе, сот істі қойылған талап бойынша қарайды және шешеді.

 

51-бап. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін

үшінші тұлғалар

1. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін процеске кірісе алады. Олар барлық құқықтарды пайдаланады және талапкердің барлық міндеттерін орындайды.

2. Соттың істі сот талқылауына дайындау кезінде және қойылып отырған талаптар үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғауы мүмкін екендігі туралы дәйекті деректері болса, сот аталған адамдарға осындай арыздың қабылданғаны туралы хабарлайды.

3. Егер үшінші тұлға іске қатысу құқығын немесе бірінші сатыдағы сотта дербес талап қою құқығын іске асырмаса, сот істі талапкердің қойған талабы бойынша қарайды және шешеді.

 

52-бап. Даудың нысанасына дербес талаптарын

мәлімдемейтін үшінші тұлғалар

1. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемеген үшінші тұлғалар, егер іс тараптардың біреуіне қатысты олардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс  бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талапкердің немесе жауапкердің жағында процеске кірісе алады. Олар тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың өтінішхаты немесе соттың бастамасы бойынша іске қатыстырылуы мүмкін.

2. Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдемеген үшінші тұлғаның іске кірісуі туралы шешімді сот істі сот талқылауына дайындау сатысында шешеді, бұл туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда немесе сот отырысының ұйғарымында көрсетіледі, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

3. Дербес талаптарын мәлімдемеген үшінші тұлғалар процестік құқықтарын пайдаланады және өзі қай тараптың жағында қатысса, сол тараптың процестік міндеттерін мойнына алады. Аталған адамдар талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгертуге, қойылған талаптардың мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға, талап қоюдан бас тартуға, талап қоюды танытуға, татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасауға, қарсы талап қоюға, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап етуге құқылы емес.

Дербес талабын мәлімдемеген үшінші тұлға іске кіріскен кезде осы тұлғаға іс материалдарымен, оның ішінде іске қатысушы тұлғалардың бұрын берген түсініктемелерімен танысу мүмкіндігі беріле отырып, істі қарау жалғастырылады.

 

53-бап. Іс жүргізудің құқық мирасқорлығы

1. Даулы немесе сот шешімімен белгіленген құқықтық қатынастардан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда (адамның қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, талапқа жол беру, борышты ауыстыру және материалдық құқықтық қатынастардағы адамдардың басқа да өзгеру жағдайлары) сот сол тарапты оның құқық мирасқорымен ауыстырады. Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады. 

2. Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқорын ауыстырған адам үшін қаншалықты міндетті болса, құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер сондай шамада міндетті болады.

3. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істі қарау кезінде тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда, іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 272-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес тоқтатыла тұрады.

4. Кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттарда сот актілерін қайта қарау сатысында тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда, шығып қалған тараптың және іске қатысушы басқа да адамдардың шағымы, өтінішхаты, наразылығы қараусыз қалдырылады. Құқық мирасқоры шағымды, өтінішхатты қайта беруі мүмкін. Наразылық құқық мирасқорының өтінішхаты бойынша және прокурордың бастамасымен қайта берілуі мүмкін.

5. Сот актілеріне шағым жасау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхатты тиісінше кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қарайды.

 

 

54-бап. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге  қатысуы

1.                Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей, сондай-ақ өзіне бағынышты прокурорлар арқылы жүзеге асырады.

2. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы бұл заңда көзделген,  прокурордың осы іске қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда, сондай-ақ прокурордың бастамасы бойынша қозғалған, мемлекеттің мүдделерін қозғайтын, жұмысқа қайта алу, жалақы өндіру, азаматты басқа тұрғын үй берместен тұрғын үйден шығару, өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша міндетті. 

3. Прокурор өзіне заңмен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша жазбаша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы бойынша процеске кіруге құқылы.

Прокурордың көрсетілген өкілеттіктері соттың қарауға белгіленген барлық істер туралы соттың ресми сайтына орналастыру арқылы уақтылы хабарлау жолымен қамтамасыз етіледі.

4. Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды  мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы талап қоюмен, арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Әлеуметтік саладағы шектелмеген адамдар тобының еңбек, тұрғын үй және өзге де құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз азаматтың мүдделерін қорғау туралы талап қоюды прокурор мүдделі азаматтың өтініші мен арызына қарамастан қоюы мүмкін.

5. Егер талапкер прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады. 

6. Талап қойған прокурор барлық процестік құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ татуласу келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық процестік міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа адамның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан (арыздан) бас тартуы осы адамды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік бажды төлегеннен кейін істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.

7. Сот қарайтын дауда талапкер немесе жауапкер ретінде прокуратура органдарының мүддесін білдіретін прокурор тараптардың процестік құқықтары мен міндеттерін пайдаланады.

 

 

55-бап. Басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгіну 

1. Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар немесе азаматтар олардың өтініші бойынша басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін, сол сияқты қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді де қорғау үшін талап қоя отырып, сотқа жүгіне алады. 

2. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қойылуы мүмкін. 

3. Бөгде мүдделерді қорғау үшін талап қойған адамдар барлық процестік құқықтарын пайдаланады және талап қоюдан бас тарту, татуласу келісімді және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық процестік міндеттерін мойнына алады.

4. Егер өз мүддесінде іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалмаса, сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.

 

56-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару

органдарының іс бойынша қорытынды беру үшін процеске

қатысуы

1.       Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін өз бастамасы бойынша, іске қатысушы адамдардың өтінішхаты бойынша, сондай-ақ соттың бастамасы бойынша іс бойынша жазбаша қорытынды беру үшін процеске қатыса алады. 

Қорытынды ұсыну талап етілетін мәселелер мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жіберіледі.

2. Қорытынды азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау жөнінде осы органдарға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының құзыреті шегінде беріледі және іс материалдарына қоса тіркеледі.

Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайды. Соттың қорытындымен келіспегені туралы сот шешімінде көрсетілуге  тиіс.

3. Осы бапта көрсетілген органдар өз өкілдері арқылы осы Кодекстің 46-бабында көзделген іске қатысушы адамдардың барлық құқықтарын пайдаланады.

 

 

 

 

 

6-тарау. СОТТА ӨКІЛДІК ЕТУ

 

57-бап. Сотта істі өкілдер арқылы жүргізу

1. Азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оны бұл іс бойынша өкілінің болу құқығынан айырмайды. 

2. Заңды тұлғалардың істерін сотта заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін олардың басшылары және (немесе) олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғаның басшысы сотқа оның қызмет бабын немесе өкілеттігін куәландыратын құжаттарды ұсынады.

Сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген істі сотта жүргізугетиісінше ресімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта осы баптың үшінші  бөлігіне сәйкес өкіл бола алады. 

3. Мыналар:

1) осы Кодекстің 58-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда;

2) осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар кассациялық және қадағалау сатылардағы соттарда осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамдардың өкілдері болып табылады.

 

58-бап. Тапсырма бойынша өкілдік ету

1. Мына адамдар:

1) адвокаттар; 

2) заңды тұлғалардың, оның ішінде жоғары тұрған мемлекеттік органдардың қызметкерлері - осы заңды тұлғалардың істері бойынша; 
 3) кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары – құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша; 

4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген уәкілетті ұйымдар; 

5) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;

 6) іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша сот рұқсат еткен, жоғары заң білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.

2. Өкілдің процестік өкілеттігі тиісті үлгіде ресімделген сенімхатпен расталады.

3. Адвокат ордерге сәйкес өкілдіктің жанындаосы Кодекстің 60-бабында тізбеленген әрекеттерді қоспағанда, қажетті процестік әрекеттерді жасауға құқылы.Олардың әрқайсысын жасауға құқығы сенімхатта көрсетілуге тиіс.

 

59-бап. Сотта өкілдер бола алмайтын адамдар

1. Судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен Парламенттің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың өкілдері немесе заңды өкілдері ретінде қатысуынан басқа жағдайларда сотта өкіл бола алмайды. 

2. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.

3. Адам, егер:

1) өзі өкілі болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса;

2) бұрын істі қараған және шешкен кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе куәгер ретінде қатысса;

3) басқа тараппен немесе үшінші тұлғамен, судьямен, прокурормен, сот отырысының хатшысымен, іс бойынша қорытынды берген сарапшымен, маманмен, аудармашымен туыстық қатынастарда болса;

4) дене кемшіліктеріне немесе психикалық денсаулық жағдайына не жасына байланысты және басқа да себептер бойынша өз бетінше өкілдікті жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаса, тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.

Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған немесе лицензияның күші тоқтатылған, теріс себептер бойынша адвокаттар алқасынан шығарылған адамдар тапсырма бойынша өкілдер бола алмайды.

4. Сот осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде тізбеленген тапсырма бойынша өкілдерді іске қатысушы адамдардың өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша іске қатысудан шеттетеді. Сот бұл туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

5. Тапсырма бойынша өкілдерді іске қатысудан шеттету кезінде сот істі талқылауды басқа өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу және оның іс материалдарымен танысуы үшін қажетті мерзімге кейінге қалдырады.

 

60-бап. Өкілдің өкілеттіктері

1. Тапсырма бойынша өкіл талап арызға қол қоюдан, iстi төрелікке немесе аралық сотқа беруден; татуласу келісімді немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасаудан, талап қоюдан толық немесе ішінара бас тартудан немесе талап қоюды танудан,  талап қою талаптарының нысанасын ұлғайтудан немесе азайтудан, талап қоюдың нысанасын немесе негізін өзгертуден, өкілеттіктерді басқа адамға беруден (сенімді басқа біреуге аударудан); сот актісіне апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібімен шағым жасаудан, жаңадан ашылған немесе жаңадан туындаған мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арыз беруден, сот актісін мәжбүрлеп орындатуды талап етуден, берілген мүлікті алудан, апелляциялық, кассациялық шағымнан және қадағалау өтінішхатынан бас тартудан басқа, осы Кодексте көзделген барлық процестік әрекеттерді өзі өкілі болып отырған адамның атынан жасауға құқылы.

2. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тапсырма бойынша өкіл осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, заңды тұлғалардан анықтамаларға немесе өзге де құжаттарға сұрау салуға, сондай-ақ адвокатура туралы заңнамада белгіленген тәртіппен заң көмегін көрсету үшін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.

3. Өкілдің осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген процестік әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттіктері өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көрсетілуге тиіс.

 

61-бап. Өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу

1. Өкілдің өкілеттіктері  заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс. 

2. Уәкілетті кәсіптік одақтар мен басқа да ұйымдар осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақшаларына сәйкес осы іс бойынша өкілеттілікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды сотқа беруге тиіс.

3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттіктері «Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген тәртіппен берілетін ордермен куәландырылады. 

Адвокаттың осы Кодекстің 60-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген процестік әрекеттерді жасауы сенімхатпен куәландырылады.

4. Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген өзге де адам береді. 

5. Осы Кодекстің 58-бабы  бірінші бөлігінің 5) және                                         6) тармақшаларында көрсетілген өкілдің өкілеттіктері сенімхатта немесе сот отырысының хаттамасына енгізілген сенім білдірушінің ауызша мәлімдемесінде көрсетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген өкіл жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесін ұсынады.

 

 62-бап. Заңды өкілдер

1.  Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, кәмелетке толмағандардың және сот тәртібімен әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, патронат тәрбиешілері немесе оларды алмастыратын басқа да адамдар қорғайды, олар  сотқа өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды ұсынады.

2. Хабарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша, хабарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адам оның өкілі ретінде қатысады. 

3. Қайтыс болған немесе белгіленген тәртіппен қайтыс болды деп жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса, мұралық мүлік өзіне сенімгерлік басқаруға берілген адам мұрагердің өкілі ретінде қатысады.

4. Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің  атынан жасау құқығы өкілдік берушілерге тиесілібарлық процестік әрекеттерді жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.

Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның не сот тәртібімен хабарсыз кетті деп танылған адамның заңды өкілі қамқорлыққа алынған адамның мүлкі нысанасы болып табылатын даулар бойынша істерді қарау кезінде өзі өкілі болып отырған адамның мүддесінде барлық процестік әрекеттерді жасайды.

Әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамның заңды өкілі шектелген құқықтар көлемінен туындайтын міндеттемелер нысанасы болып табылатын істерді қарау кезінде осы адамның мүддесінде барлық процестік әрекеттерді өз бетінше  жасайды. Басқа даулар бойынша әрекет қабілеттігі шектеулі адам процестік әрекеттерді жасайды және процестік міндеттерді өз бетінше жасайды.

5. Заңды өкілдер және тапсырма бойынша өкілдер өз мүдделерінде немесе өздері өкілі болып отырған адамның мүдделеріне қайшы процестік әрекеттерді жасауға құқылы емес.

 

7-тарау. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ

 

63-бап. Дәлелдемелер

1. Сот тараптардың талаптары мен қарсылықтары негізінде мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды тәсілмен алынған фактілер туралы мәліметтер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

 2. Бұл мәліметтер: тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлердің айғақтарынан, сараптамалардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио- немесе бейнежазбалардан, процестік әрекеттердің барысын және нәтижелерін көрсететін бейнеконференцбайланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректерден және өзге де дәлелдемелерден алынуы мүмкін.

 

 

64-бап. Дәлелдемелердің қатыстылығы

Егер дәлелдемеде іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін фактілер туралы мәліметтер болса, дәлелдеме іске қатысты деп танылады.

 

65-бап. Дәлелдемелердің жарамдылығы

1. Егер дәлелдеме осы Кодексте көзделген тәртіппен алынса, ол жарамды деп танылады.

2. Аудио- немесе бейнежазбалар, оның ішінде бақылау құралдарымен алынған және (немесе) фото және киноға түсіру матералдарын, электрондық және цифрлық жеткізгіштердегі басқа да материалдарды тіркеп қою жарамды дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін.

3. Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиісті емес.

 

66-бап. Дәлелдемелер ретінде жарамсыз мәліметтер

1. Нақты деректер, егер олар осы Кодекстің талаптарын бұза отырып, іске қатысушы адамдардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы, оның ішінде: 

1) күш қолдану, қорқыту, алдау, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттерді қолдана отырып; 

2) осы адамға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылысқанын пайдалана отырып; 

3) осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның процестік әрекетті жүргізуіне байланысты; 

4) қарсылық білдіруге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты; 

5) процестік әрекеттің іс жүргізу тәртібін айтарлықтай бұза отырып;

6) белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден; 
          7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып;

8) тараптардың дәлелдерін негіздеу немесе іске қатысушы адамдардыңдәлелдерін теріске шығару мақсатында арнайы дайындалып немесе өзгертіліп алынған болса (жалған дәлелдеме), алынған нақты деректерге әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, сот дәлелдемелер ретінде жарамсыз деп таниды.

2. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мәліметтердің дәлелдемелер ретінде пайдалануға жарамсыздығы соттың қалауы немесе іске қатысушы адамдардың өтінішхаты бойынша анықталады.

3. Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердің заңды күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне алынбайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды. Мұндай дәлелдемелер  тәртіп бұзушылықтар фактісін және оларға жол берген адамдардың кінәсін дәлелдеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

4. Дау (жанжал) медиация тәртібімен реттелмеген жағдайда, судья өзі сотта медиация жүргізу кезінде алған дәлелдемелерді іс жүргізуінде іс тұрған судьяға ұсына алмайды.

 

67-бап. Дәлелдемелердің дұрыстығы

Егер тексерудің нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме дұрыс деп есептеледі.

 

68-бап. Дәлелдемелерді бағалау

1. Әрбір дәлелдеме қатыстылығы, жарамдылығы, дұрыстығы ескеріле отырып, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануға тиіс. 

2. Осы Кодекстің 15-бабына сәйкес судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.

3. Егер бір тарап екінші тарап ұсынған дәлелдемелерге дау айтпаса және оларды таныса не дәлелдемелерге дау айту  жауапкердің қарсылығынан немесе жауапкердің дәлелдеріне қарсы талапкердің қарсылығынан тікелей туындамаса, мән-жайлар анықталды деп есептеледі.

4. Екінші тарап ұсынған дәлелдемелердің жалғандығы туралы өтінішхат мәлімделген жағдайда, осындай мәлімдеме жасаған адам дәлелдемелердің жалғандығы туралы куәландыратын белгілерді көрсетуге міндетті.

Егер дәлелдемені ұсынған адам, оның жалғандығы туралы мәлімдемені негізді деп таныса, сот дәлелдемені жарамды дәлелдемелер қатарынан шығарып тастайды және істі басқа дәлелдемелердің негізінде шешеді.

5. Егер оларды растау үшін құжаттардың көшірмелері ғана ұсынылса, оларды ұсыну қажеттігі заң талаптарынан туындаса, мән-жайлар анықталды деп есептелмейді.

Егер құжаттың түпнұсқасы жоғалса және сотқа берілмесе және  дауласушы тараптардың әрқайсысы ұсынған осы құжаттың көшірмелері бір-біріне ұқсамаса және құжат түпнұсқасының нақты мазмұнын басқа дәлелдемелердің көмегімен анықтау мүмкін болмаса, сот құжаттың көшірмесімен немесе өзге де дәлелдемелермен ғана расталған мән-жайларды дәлелденді деп есептей алмайды.

6. Егер іс үшін маңызы бар және екінші тарап жоққа шығармаған, мән-жайды даусыз растайтын, іске қатысты жарамды және дұрыс дәлелдемелер жиналса, дәлелдемелердің жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткілікті деп танылады.

 

69-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету

1. Өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну кейіннен мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.

 2. Сот дәлелдемелерді қамтамасыз етуді куәлардан жауап алу, сараптама тағайындау және іс жүргізу, дәлелдемелерді олардың сақталған жерлерінде қарап тексеру, сот тапсырмасын жіберу және басқа да тәсілдер арқылы жүргізеді.

3. Сотта іс қозғалғанға дейін дәлелдемелерді қамтамасыз ету нотариат туралы заңнамада көзделген тәртіппен жүргізіледі.

 

70-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арыз

1. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтініш іс жүргізуінде іс тұрған сотқа беріледі. 

2. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтініште қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер, осындай қамтамасыз етуге қажетті растау немесе теріске шығару үшін істің мән-жайлары, қажет дәлелдемелерді ұсынудың қиындығы туралы куәландыратын деректер көрсетілуге тиіс. Өтініште беруден бас тартылған дәлелдемелерді қамтамасыз ету қажет болған іс көрсетілуге тиіс. 

3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қараудың нәтижелері бойынша сот ұйғарым шығарады, оған сәйкес дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша процестік әрекеттерді жасайды не одан бас тартады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады. Шығарылған ұйғарымға қатысты істен бөлініп алынған материал апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағыммен бірге жіберіледі.

 

71-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібі

1. Дәлелдемелерді қамтамасыз етуді судья істі сот талқылауына дайындау немесе істі бірінші сатыдағы сотта қарау кезінде өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді. 

2. Өтініш беруші және іске қатысушы басқа да адамдар дәлелдемелерді қамтамасыз етудің уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда, олардың келмеуі соттың дәлелдемелерді қамтамасыз етуі бойынша жеке процестік әрекеттерді жасауына  кедергі болып табылмайды. 

3. Хаттамалар және қамтамасыз ету тәртібімен жиналған барлық дәлелдемелер іске қатысушы адамдарға хабарлана отырып, істі қарайтын сотқа беріледі.

 

 72-бап. Дәлелдеу міндеті

 1. Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғаныс құралдарын пайдалануға, фактілерді бекітуге, дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған, дәлелдемелер және дәлелдемелерге қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімде келтіруге тиіс.

 2. Осы Кодекстің 29-тарауында көрсетілген істер бойынша дәлелдеу ауыртпалығы актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасалып отырған мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілерге жүктеледі.

 

73-бап. Дәлелдемелерді ұсыну

1.Тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдар дәлелдемелерді істі сот талқылауына дайындау сатысындағы бірінші сатыдағы сотқа ұсынады. 

 Егер дәлелдемелерді ұсынған адамдар оларды істі сот талқылауына дайындау сатысында ұсынудың мүмкін еместігін негіздесе, дәлелдемелер сот талқылауы сатысында ұсынылуы мүмкін.

 Осы Кодекстің 403-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда дәлелдемелер апелляциялық сатыдағы сотқа ұсынылуы мүмкін.

Тараптардың қолында бар дәлелдемелерді сотқа ұсынбау осы дәлелдемелерді апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы сотқа ұсыну мүмкіндігін болдырмайды.

2. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды сот тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдардың талаптары мен қарсылықтарының негізінде, қолданылуға жататын материалдық және процестік құқық нормаларын ескере отырып анықтайды.

 3. Сот тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдарға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер беруді ұсынуға құқылы. 

4. Іске қатысушы адамдар үшін дәлелдемелерді беру қиын болған жағдайда, сот осы адамның өтінішхаты бойынша оған дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдем көрсетеді. 

 5. Дәлелдемелердіталап етугежәрдем көрсету туралы өтінішхатта дәлелдеме, сондай-ақ іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар осы дәлелдемемен анықталатыны немесе теріске шығарылатыны, дәлелдемелерді өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс. 

 6. Қажет кезінде сот іске қатысушы адамға дәлелдемелерді алу үшін сұрау салуды береді. Сот талап еткен дәлелдемесі бар адам оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа дәлелдемелерді ұсыну үшін соттың тиісті сұрау салуы бар адамның қолына береді. Корпоративтік даулар бойынша дәлелдемелерді тек қана сот талап етуге және тікелей сотқа жіберілуге тиіс.

7. Талап етілген дәлелдемелерді ұсынбаудың себептері туралы сотқа хабарланбаған, сондай-ақ сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша сот белгілеген мерзімде дәлелдемелердіұсынбаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге де адамдар осы Кодекстің 9-тарауында белгіленген қағидалар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес әкімшілік жазаға тартылады не оларға осы Кодекстің   109-бабының екінші бөлігіне сәйкес сот шығыстары жүктелуі мүмкін. 

8. Әкімшілік жаза қолдану сот талап еткен дәлелді иеленген адамды, оны сотқа ұсыну міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда, аталған адамдар  қылмыстық жауаптылықта болады. 

 9. Егер тарап сот талап еткен дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұрау салуы бойынша сот белгілеген мерзімде ұсынбаса, онда қамтылған мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталады деп болжанады және ол танылды деп есептеледі. 

10. Аралық және төрелік талқылау тараптары аралық соттың немесе төреліктің келісімімен дәлелдемелерді алуға жәрдемдесу туралы өтінішхатпен сотқа жүгіне алады, ол осы  баптың төртінші бөлігіне сәйкес қаралады.

 

74-бап. Сот тапсырмалары

1. Істі қарайтын сот іске қатысушы адамның басқа қалада немесе ауданда болған дәлелдемелерді (жинауды, зерттеуді) қамтамасыз етудің қажеттігі туралы өтінішхатын қанағаттандырған жағдайда, тиісті сотқа белгілі бір процестік әрекеттерді жүргізуді тапсырады. 

2. Істі қарайтын сот іске қатысушы адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөнінде шарты бар, басқа мемлекетте болған дәлелдемелерді (жинауды, зерттеуді) қамтамасыз етудің қажеттігі туралы өтінішхатын қанағаттандырған жағдайда, осы шарттың ережелеріне сәйкес сот тапсырмасын жібереді. 

3. Соттың тапсырмасы туралы ұйғарымда қаралатын істің мәні, тараптар туралы мәліметтер қысқаша баяндалады, анықтауға жататын мән-жайлар, тапсырманы орындаушы сот жинауға тиіс дәлелдемелер көрсетіледі. Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшін міндетті. Сот тапсырмасы туралы ұйғарым шағым жасауға, наразылық келтіруге жатпайды.

 

75-бап. Сот тапсырмасын орындау тәртібі

1. Соттың тапсырмасын орындау осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша сот отырысында жүргізіледі. Іске қатысушы адамдар отырыстың өтетінуақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда, олардың келмеуі тапсырманы орындауға кедергі болып табылмайды. 

2. Сот тапсырмасы өзіне жолданған сот оны келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзімде орындайды.

3. Хаттамалар мен сот тапсырмасын орындау кезінде жиналған барлық материалдар дереу істі қарап жатқан сотқа жіберіледі. 

4. Егер іске қатысушы адамдарнемесе тапсырманы орындаушы сотқа түсініктеме немесе айғақ берген куәлер істі қарайтын сотқа келсе, олар жалпы тәртіппен түсініктеме мен айғақ береді.

 

 

 

 76-бап. Дәлелдеуден босатудың негіздері

1.            Сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді. 

Белгілі бір аумақта, оның ішінде сотқа және іске қатысушы адамдарға кеңінен танымал болуына орай іс бойынша дәлелдеу нысанасына кірмейтін мән-жайлар жалпыға белгілі деп танылады.

2. Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен немесе қаулысымен анықталған мән-жайлар сот үшін міндетті. Мұндай мән-жайлар сол адамдар қатысатын басқа да азаматтық істерді талқылау кезінде қайта дәлелденбейді.

3. Соттың қылмыстық іс бойынша заңды күшіне енген, талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі өзіне қатысты соттың үкімі қабылданған адамның әрекеттерінің азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот үкімі мұндай  азаматтық істі қараған сот үшін осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады. 

4. Рақымшылық жасау актісінің негізінде немесе ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамға қатысты іс-әрекеттің азаматтық-құқықтық салдарлары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен талап қою кезінде қайта дәлелденбейді.

5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген сот қаулысымен анықталған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның кінәсі осы адам жасаған құқық бұзушылықтың азаматтық-құқықтық салдарлары туралы істі қарау кезінде қайта дәлелденбейді.

6. Заңға сәйкес анықталған деп болжанған фактілер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді.

7. Егер тиісті құқықтық рәсім шеңберінде керісінше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:

1) қазіргі заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;

2) адамның заңды білуі;

3) адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;

4) олардың бар екенін растау үшін құжатты ұсынбаған және арнайы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнайы даярлықтың немесе білімінің болмауы дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайлар болып  есептеледі.

 

77-бап. Маманды процестік әрекеттерге қатысуға тарту

1.                Сот ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға консультациялар (түсiндiрмелер) беру және көмектесу арқылы дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдем көрсету мақсатында сот отырысына немесе процестік әрекеттерге қатысу үшiн iстiң нәтижесiне мүдделi емес, арнаулы білiмi бар кәмелетке толған адамды маман ретiнде тартуы мүмкiн. 

Сот  мамандарды тараптың өтінішхаты бойынша да тартуға құқылы. Iске қатысушы адамдар сотқа арнаулы бiлiмi бар нақты адамды маман ретiнде тарту туралы өтiнiш жасай алады. 

2. Сот отырысы барысында маманды тағайындау туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда, ал сот отырысы барысында сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. 

3. Маман ретінде шақырылған адамның: өзінің шақырылу мақсатын білуге; егер тиісті арнаулы білімі мен дағдысы болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға; соттың рұқсатымен процестік әрекеттерге қатысушыларға сұрақтар қоюға; процестік әрекеттерге қатысушылардың назарын дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдем көрсету кезінде, ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, сараптама тағайындау үшін материалдарды дайындау кезіндегі өзінің әрекетіне байланысты мән-жайларға аударуға; өзі қатысқан процестік әрекеттердің хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиісті бөлігімен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелерінің толық әрі дұрыс тіркеп қоюға қатысты хаттамаға енгізілуге тиісті мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға; процестік әрекеттерді жүргізуге қатысуына байланысты өзіне келтірілген шығыстардың өтемін алуға және егер іс бойынша іс жүргізуге қатысу оның қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе, орындаған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.

4. Маман болып тағайындалған адам: соттың шақыруы бойынша келуге; арнайы білімін, дағдылары мен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, процестік әрекеттерді жүргізуге және сот талқылауына қатысуға; консультациялар беруге, өзі орындаған әрекеттер бойынша түсініктемелер беруге міндетті. Барлық туындаған мәселелер бойынша маманның қорытындысы сотқа жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс.

5. Он жасқа толған кәмелетке толмаған баланың даудың нысанасы туралы пікірін анықтау бойынша процестік әрекеттерді жүргізу кезінде педагогтың және (немесе) психологтың қатысуы міндетті.

6. Педагог және (немесе) психолог кәмелетке толмағанның жеке басын сипаттайтын азаматтық іс материалдарымен одан сұрау басталғанға дейін танысуға, кәмелетке толмағанның даудың нысанасы туралы пікірін нақтылау үшін төрағалық етушінің рұқсатымен оған сауал қоюға, ал процестік әрекеттер аяқталғаннан кейін сот отырысы хаттамасымен оның сот отырысына қатысуын көрсететін бөлігімен танысуға құқылы.

7. Он жастан асқан балаға сауал қою педагог пен психологтың қатысуымен жүргізіледі. Балаға сауал қою уақытында оның заңды өкілдері соттың хаттамалық ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан шығарылуы мүмкін. Заңды өкілдері отырыс залына қайта оралғаннан кейін оларға баланың пікірінің мазмұны хабарлануға және оған сұрақтар қоюға мүмкіндік берілуге тиіс. Даудың нысанасы бойынша баланың пікірі анықталғаннан кейін ол сот отырысы залынан шығарылады.

 

78-бап. Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар

1. Іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды сот, тараптар,  сондай-ақ сарапшы және маман өздері осы Кодексте көзделген процестік міндеттерін атқаруы кезінде пайдалана алады.

2. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот маманды шақыруы мүмкін. 

3. Ғылыми-техникалық құралдар, егер ол:

1) заңда тікелей көзделсе және оның нормалары мен қағидаттарына қайшы келмесе; 

2) ғылыми негізделген болса; 

3) іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса; 
         4) қауіпсіз болса, оларды пайдалануға болады деп танылады. 

4. Ғылыми-техникалық құралдарды жасырын пайдаланудың нәтижелері мұндай пайдалануға заңда жол берілген және (немесе) бұл дәлелдемелер өздеріне қарсы бағытталған тарап оларды мойындаған және дау айтпаған жағдайларды қоспағанда, азаматтық сот ісін жүргізуде дәлелдемелер ретінде пайдаланылмайды. 

5. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану тарап ұсынған анықтамамен немесе тиісті процестік әрекеттердің хаттамасымен не сот отырысының хаттамасымен тіркеп қойылады. Анықтамада немесе хаттамада ғылыми-техникалық құралдардың атауы, оларды қолданудың шарттары мен тәртібі, осы құралдар қолданылған объектілер және оларды пайдаланудың нәтижелері көрсетіледі.

6. Ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен алынған құжаттар мен басқа да материалдарды зерттеу, сақтау және оларға иелік ету осы Кодекстің 96 және 98-баптарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

79-бап. Іске қатысушы тараптардың және басқа да адамдардың

түсініктемелері

1. Іске қатысушы адамдардың іс үшін маңызы бар өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады. 

Аталған адамдардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін. 
2. Тараптың өзінің талаптарын немесе қарсылықтарын негіздейтін фактілерді екінші тараптың мойындауы бұл тарапты осы фактілерді одан әрі дәлелдеу қажеттігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Егер фактіні мойындау жазбаша арызда баяндалған болса, ол іске қоса тіркеледі. 

3. Егер ол істің шындығында болған мән-жайын жасыру мақсатымен не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың әсерінен жасалғандығына күдігі болса, сот мойындау фактілерін қабылдамайды, бұл туралы соттың шешімінде көрсетіледі. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негіздерде дәлелденуге тиіс.

 

80-бап. Куәнің айғақтары

1. Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған адам куә бола алады. Адамның айғағы, егер ол хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды.

2. Куәні шақыру туралы өтініш берген адам сотқа оның тегін, атын, әкесінің атын және тұрғылықты жерін немесе жұмыс орнын хабарлауға, осы куәден жауап алу қажеттілігін негіздеуге міндетті.

3. Куә ретінде: 

1) балаларды тәрбиелеу туралы даулар бойынша істерді қоспағанда, өзінің жастығына, дене немесе психикалық кемістігіне орай фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар; 

2) өкілдің немесе қорғаушының міндеттерін атқаруына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы - азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорғаушылар; 

3) шешім немесе үкім шығару кезінде істің мән-жайын талқылау кезінде кеңесу бөлмесінде туындаған мәселелер туралы – судья;

4) өзінің мiндеттерiн  орындауға байланысты өзіне белгiлi болған мән-жайлар туралы - төрешi немесе аралық судья, алқаби;

5) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор, медиацияны жүргізген судья;

6) оларға тәубаға келу кезінде сенім білдірген адамдардан белгілі болған мән-жайлар туралы - дін қызметшілері; 

7) заңда көрсетілген басқа да адамдар жауап алуға жатпайды.

4.  Адам сотта өзіне, жұбайына (зайыбына) және қатары заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы куәлік айғақтар беруден бас тартуға құқылы.

 

81-бап. Куәнің міндеттері мен құқықтары

1. Куә ретінде шақырылған адам сотқа тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақтар беруге міндетті. 

2. Егер куә науқастығының, қарттығының, мүгедектігінің немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот одан оның барған жерінде жауап алуы мүмкін. 

3. Көрінеу жалған айғақ бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақтар беруден бас тартқаны үшін куә Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінде көзделген негіздер бойынша жауаптылықта болады.

4. Куәнің сотқа шақырылуына байланысты шығыстарды өтеттіруге және уақытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Шығыстар мен өтемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалады.

 

82-бап. Сараптама тағайындау

1. Сараптама сарапшы арнаулы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін оның объектілерін зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы өзге де адамдардың мұндай білімінің болуы сотты тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттігінен босатпайды.

2. Істе ревизия, тексеру актілерінің, ведомстволық инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ мамандардың жазбаша консультацияларының, бағалаушылар есептерінің болуы сарапшының қорытындысын ауыстырмайды және сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды. 

3. Сот сараптаманы тараптың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша тағайындайды. 

4. Тараптың және іске қатысушы басқа да адамдардың жазбаша дәлелдеменің жалғандығы туралы өтініші бойынша сот тиісті сараптама тағайындауға құқылы.

5. Сарапшы ретінде арнайы ғылыми білімі бар іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкін. Сот сараптамасын жүргізу: 

1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне; 

2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын азаматтарға;
          3) заң талаптарына сәйкес арнайы ғылыми деректерді иеленген өзге де адамдарға біржолғы тәртіппен тапсырылуы  мүмкін. 

6. Іске қатысушы адамдар соттан сараптама ісін жүргізуді арнайы қажетті ғылыми білімі бар нақты адамға тапсыру туралы сұрай алады.

Соттың біржолғы тәртіппен сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақырту туралы талабы аталған адам жұмыс істейтін ұйымның басшысы үшін міндетті.

7. Іске қатысушы әрбір адам сарапшының алдына қойылуға тиіс мәселелерді сотқа қоюға құқылы. Сарапшы қорытынды беруге тиіс мәселелердің түпкілікті шеңберін сот айқындайды. Ұсынылған мәселелерді қабылдамауды сот сараптама тағайындау туралы ұйғарымда дәлелдеуге міндетті.

8. Егер тарап сараптама жүргізуге қатысудан жалтарса немесе оны өткізуге кедергі келтірсе (сараптамаға келмесе, сарапшыларға зерттеу үшін қажетті материалдарды бермесе, сотқа беру мүмкін емес немесе қиындық келтіретін, өзіне тиесілі объектілерді зерттеуге мүмкіндік бермесе), ал істің мән-жайлары бойынша осы тараптың қатысуынсыз сараптама жүргізу мүмкін болмаса, сот қай тараптың сараптамадан жалтарғанына қарай, анықтау үшін сараптама тағайындалған фактіні анықталған немесе жоққа шығарылған деп тануға құқылы. 

9. Сот сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады, сарапшыға осы Кодекстің 90-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

Сараптама тағайындау туралы ұйғарымда: соттың атауы; сараптаманы тағайындау уақыты, орны; қаралатын іс бойынша тараптардың атауы; сараптаманың түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, объектілерді толық немесе ішінара жою, зерттеу барысында олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгерту мүмкіндігіне рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) біржолғы тәртіппен сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі, сараптаманы жүргізу мерзімі және оны жүргізу үшін ақы төлеуді жүргізу мерзімі көрсетіледі. Соттың сараптама тағайындау туралы ұйғарымы ол жіберілген және өз құзыретіне кіретін органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті. Сараптама тағайындау туралы ұйғарым шағым жасауға, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға енгізілуі мүмкін.

 

 83-бап. Үлгiлердi алу

1. Судья мамандар мен сарапшыларға істі дұрыс қарау үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында сараптама жасау үшін қажетті адамның, мәйiттiң, жануардың қасиеттерін бейнелейтін үлгілерді, өзге де заттар мен материалдардың үлгілерін мамандарға және сарапшыларға алуды тапсырады. 

Үлгiлерге материалдардың, заттардың, шикiзаттардың, дайын өнiмнiң сынамалары да жатады. 

2. Үлгiлердi алу туралы ұйғарым шығарылады, онда: қажетті үлгiлер алынуға тиіс адам; нақты қандай үлгiлер, қандай санда алынуға және үлгiлердi кімнің алуға тиіс екені көрсетіледі. Үлгілерді алу туралы ұйғарым шағым жасауға, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарымның көшірмесі процестік құқықтары мен міндеттері түсіндіріле отырып, іске қатысушы адамдардың назарына жеткізіледі.

3. Үлгілерді, егер бұл үлгiлер алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешiндiрумен байланысты болмаса және ерекше кәсiби дағдыны талап етпесе, маман алуы мүмкiн. Өзге жағдайларда үлгілердi соттың тапсырмасы бойынша дәрiгер немесе қажетті кәсіби дағдысы бар басқа маман алуы мүмкiн. 

4. Үлгiлер тараптардан, сондай-ақ үшінші тұлғалардан алынуы мүмкін.

5. Маман судьяның тапсырмасы бойынша қажетті әрекеттерді жүргізеді және үлгілерді алады. Үлгілер оралады және оларға мөр басылады, одан кейін дәрігер немесе басқа маман жасаған ресми құжатпен бірге судьяға жіберіледі.

6. Үлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылатын жағдайларда оны сарапшы жүргізуі мүмкін.

7. Yлгiлердi алу хаттамасында жүргiзiлу ретi сақтала отырып, үлгiлердi алу үшiн жасалған әрекеттер сипатталады, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа да әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ үлгiлердiң өздері, оларды орау мен сақтау шарттары жазылады. 

 

84-бап. Дәрігердің немесе басқа да адамның, сондай-ақ сарапшының адамнан үлгiлерді алуы

1. Судья өзiнен үлгілер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ тиiстi тапсырмасы бар ұйғарымды дәрiгерге немесе басқа маманға жiбередi. Ұйғарымда осы процестік әрекетке барлық қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлуге тиiс.

2. Дәрігер немесе басқа маман судьяның тапсырмасы бойынша қажеттi әрекеттердi жүргізеді және сараптамалық зерттеу үшін талап етілетін үлгілердi алады. Yлгiлер оралады және мөрленеді, одан кейiн маман жасаған ресми құжатпен бiрге судьяға жiберiледi. 

3. Сарапшы зерттеу жүргiзгеннен кейiн үлгiлердi оралған және мөр басылған түрде өзiнiң қорытындысына қоса тiркейдi. 

4. Сарапшы зерттеу процесінде сынақ үлгілерін дайындауы мүмкін, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды.

5. Судья мұндай үлгілерді дайындау кезінде қатысуға құқылы, ол туралы хаттамада көрсетіледі.

6. Егер үлгілерді судьяның тапсырмасы бойынша маман немесе сарапшы алса, онда ол ресми құжат жасайды, оған процестік әрекеттің барлық қатысушылары қол қояды және іс материалдарына қоса тіркеу үшін судьяға беріледі.

7. Алынған үлгілер оралған және мөр басылған түрде хаттамаға қоса беріледі. 

 

85-бап. Құжаттағы жазу мен қойылған қолдарды салыстырып

зерттеу үшін жазу үлгілерін алу

1. Оның атынан орындалған құжаттағы адамның қойған қолының төлнұсқалығына шағым жасалған жағдайда, сот салыстырмалы зерттеу жүргізу үшін осы адамның жазуы мен қойған қолының үлгілерін алуға құқылы.

2. Сот адамның жазуы мен қол қою үлгілерін алу туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

3. Адамның жазуы мен қол қою үлгілерін салыстырып зерттеу үшін беруден жалтаруы, тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарына негіз ретінде сілтеме жасаған мән-жайларды осы адамның мойындағаны деп бағаланады.

 4. Жазу мен қол қою үлгілерін алу сот отырысында жүргізіледі және хаттамада көрсетіледі.

 

86-бап. Үлгiлердi алу кезiнде адамның құқықтарын қорғау

1. Үлгілерді алу әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуға тиіс.

2. Ауыру сезінуін не денсаулық үшін ықтимал теріс салдарлар тудыратын күрделi медициналық рәсiмдердi немесе әдiстердi қолдану үлгiлер алынуға тиiстi адамға осындай салдарлары түсіндірілгеннен кейін және өзінен үлгі алынатын адамның жазбаша келiсiмімен ғана, ал егер ол кәмелетке толмаса немесе жүйке ауруынан зардап шексе, онда оның заңды өкілдерінің келісімімен жол беріледі.

 

87-бап. Сараптама жүргізу тәртібі

1. Сараптама сотта немесе зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкін еместігіне немесе қиындығына қарай соттан тыс жүргізіледі.

2. Сараптама жүргізу кезінде оның объектілері сараптаманы тағайындаған соттың рұқсатымен зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана бүлдірілуі немесе пайдаланылуы мүмкін. Көрсетілген рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда немесе сот сарапшысының өтінішхатын қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы уәжді ұйғарымда қамтылуға тиіс.

3. Сараптамалық зерттеу объектілерінің анықтығы мен жол берілетіндігіне сот кепілдік береді.

4. Сараптамалық зерттеу объектілері, егер олардың көлемі мен қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға қапталған және мөрленген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға кедергісіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

5. Іске қатысатын адамдар сараптама жүргізу кезінде, осындай қатысу соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. Сот іске қатысатын адамдардың сараптама жүргізу кезінде қатысуы туралы өтінішхатты қанағаттандырған жағдайда, көрсетілген адамдар сараптама жүргізілетін орын мен уақыт туралы хабарландырылады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірмейді.

6. Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысатын адамдар қатысқан жағдайда, сот приставының міндетті қатысуын сот айқындайды.

7. Сараптама жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде, сот сараптаманы тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау туралы ұйғарымда нақты сарапшы көрсетілмесе, сараптаманы таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптаманы тағайындаған сотқа хабарлайды.

8. Сот сараптамасы органының басшысы, егер: осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сарапшы болмаса; осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайлары нақты сарапшылық міндеттерді шешуге мүмкіндік бермесе; сарапшының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; сараптама жүргізуге арналған материалдар осы Кодексте көзделген талаптар бұзыла отырып ұсынылса, дәлелдерді көрсете отырып, сотқа сараптаманы тағайындау туралы ұйғарымды орындамастан, сараптаманы жүргізу үшін ұсынылған объектілерді қайтаруға; егер осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот алдында оларды сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтінішхат беруге құқылы.

Сот сараптамасы органы басшысының заңда көзделген өзге құқықтары да  бар.

9. Сот сараптамасы органының басшысы: сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымды және зерттеу объектілерін алғаннан кейін сот сараптамасын жүргізуді, заңның талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына тапсыруға; сот сарапшысының тәуелсіздігі қағидатын бұзбай сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуын, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығын, толықтығы мен объективтілігін, сот сараптамасы объектілері сақталуының қамтамасыз етілуін бақылауды қамтамасыз етуге; сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

10. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру көзделсе, сот сараптаманы тағайындау туралы ұйғарым шығарылғанға дейін оның жеке басына және сарапшыға қарсылық білдіруге осы Кодекстің 38 және 39-баптарында көзделген негіздердің жоқ екендігіне көз жеткізуге тиіс.

11. Сараптаманы жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 110 және 111-баптарында белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі.

 

88-бап. Жеке және комиссиялық сараптамалар

1. Сараптаманы жүргізуді сарапшы жеке-дара не сарапшылар комиссиясы жүзеге асырады.

2. Комиссиялық сараптама күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықтағы кемінде екі сарапшы жүргізеді.

3. Комиссиялық сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық зерттеуді тәуелсіз және дербес түрде толық көлемінде жүргізеді. Сараптама комиссиясының мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келгенде, қорытындыға не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарға қол қояды. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда, олардың әрқайсысы жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа мүшелерінің қорытындыларына сәйкес келмеген сарапшы оны қорытындыда жеке тұжырымдайды.

4. Соттың комиссиялық сараптама жүргізу туралы ұйғарымы сот сараптамасы органының басшысы үшін міндетті. Сот сараптамасы органының басшысы ұсынылған материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

 

89-бап. Кешенді сараптама

1. Кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім салалары негізінде зерттеу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны түрлі мамандықтағы сарапшылар өз құзыреті шегінде жүргізеді.

2. Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір сарапшының қандай зерттеуді, қандай көлемде жүргізгені және оның қандай түйіндерге келгені көрсетілуге тиіс. Әрбір сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлігіне қол қояды.

3. Сарапшылардың әрқайсысы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жайлар туралы ортақ түйінді (түйіндерді) тұжырымдайды. Ортақ түйінді (түйіндерді) алынған нәтижелерді бағалауға құзыреті бар сарапшылар ғана тұжырымдап, қол қояды. Егер комиссияның түпкілікті түйінінің немесе оның бір бөлігінің негізі сарапшылардың бірі (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактілер болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс.

4. Сарапшылар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, зерттеулердің нәтижелері осы Кодекстің 85-бабының үшінші бөлігіне сәйкес ресімделеді.

5. Сот сараптамасы органына тапсырылған кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру органның басшысына жүктеледі. Сот сараптамасы органының басшысы ұсынылған материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді  ұйымдастыруға да құқылы.

 

90-бап. Қосымша және қайталама сараптама

1. Қосымша сараптама қорытындының анықтығы немесе толықтығы жеткіліксіз болған, сондай-ақ алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттігі туындаған кезде тағайындалады. 

2. Қосымша сараптама жүргізу нақ сол не өзге сарапшыға тапсырылуы мүмкін. 

3. Егер сарапшының қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмаса не оның түйіндері күмән туғызса не сараптама жүргізудің тәртібі мен әдістемесі елеулі түрде бұзылса, дәл сол объектілерді зерттеу және бұрын қойылған сұрақтарға жауап алу үшін қайталама сараптама тағайындалады. 

4. Қайталама сараптама тағайындау туралы ұйғарымда алдыңғы сараптаманың нәтижелерімен келіспеу себептері келтірілуге тиіс. 

5. Қайталама сараптама жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама жүргізген кезде қатысып, комиссияға түсініктемелер бере алады, бірақ олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды. 

6. Қосымша және қайталама сараптаманы жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары берілуге тиіс.

7. Егер екінші немесе реті бойынша келесі сараптама, олардың біреуі – қосымша сараптамаға, ал өзгелері қайталама сараптамаға жататын бірнеше негіздер бойынша тағайындалса, осындай сараптама қайталама сараптама жүргізу қағидалары бойынша жүргізіледі.

 

91-бап. Сарапшының құқықтары мен міндеттері

1. Сарапшының: сараптама объектісіне жататын іс материалдарымен танысуға; сарапшылық зерттеу үшін өзіне қажетті қосымша материалдарды беру туралы өтінішхатты мәлімдеуге; процестік әрекеттерді жүргізуге және сот отырысына қатысуға және соттың рұқсатымен оларға қатысатын адамдарға сарапшылық зерттеу объектісіне қатысты сұрақтар қоюға; өзі қатысқан жеке процестік әрекеттің хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиісті бөлігімен танысуға және жүргізілген әрекеттер мен алынған нәтижелердің толық және дұрыс тіркелуіне қатысты хаттамаға енгізілуге жататын ескертулер жасауға; сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, маңызы бар мән-жайлар бойынша, оның ішінде сот тұжырымдаған сұрақтар шегінен шығатын мән-жайлар бойынша қорытынды беруге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге; сараптаманы жүргізу кезінде адамдардың процестік құқықтарын бұзатын әрекеттеріне шағым жасауға; сараптаманы жүргізу кезінде шегілген шығыстардың өтелуіне; егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.

2. Сарапшы: соттан бөлек, іске қатысатын адамдармен сараптаманы жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; сарапшылық зерттеу үшін материалдарды өз бетінше жинауға; егер сараптама тағайындаған соттың бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеліп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.

3. Сарапшы: соттың шақыруы бойынша келуге; өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстің 93-бабында көзделген жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы уәжді жазбаша хабар жасауға және оны сотқа жіберуге; жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттеліп жатқан объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге; істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

4. Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.

5. Сот сараптамасы органдарының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.

 

92-бап. Сараптама қорытындысы

1. Сараптама қорытындысы – сот немесе тараптар сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша сараптама объектілерін арнаулы ғылыми білімді пайдалана отырып жүргізілген зерттеуге негізделіп, осы Кодексте көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар.

Сараптама қорытындысы «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзім ішінде жасалуға тиіс. Сараптаманы белгіленген мерзімде жүргізуге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде, сарапшы бұл туралы сотқа жазбаша хабарлауға міндетті.

2. Сарапшы (сарапшылар) қажетті зерттеулер жүргізгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып, өз атынан қорытынды жасап, оны өзінің (өздерінің) қойған қолымен және жеке мөрімен растап, сараптаманы тағайындаған сотқа жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда, сарапшының (сарапшылардың) қойған қолы көрсетілген органның мөрімен расталады.

3. Сараптама қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманы жүргізу мерзімдері мен орны; сараптаманы жүргізу негіздері; сот туралы мәліметтер, сараптаманы жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); өзінің көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертілгені туралы сарапшының қойған қолымен куәландырылған белгі; сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптаманы жүргізу кезінде қатысқан процеске қатысушылар туралы және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; зерттеу объектілері; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша түйіндерінің негіздемесі мен тұжырымдалуы көрсетілуге тиіс.

4. Егер зерттеу барысында осы Кодекстің 93-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталса, қорытындыда қойылған мәселелердің барлығына немесе кейбіреуіне жауап берудің мүмкін болмауының негіздемесі қамтылуға тиіс.

5. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер де қоса берілуге тиіс.

6. Осы Кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен жүргізілген жауап алу барысында сарапшының берген айғақтары оның бұрын берген қорытындысын түсіндіру, толықтыру не нақтылау бөлігінде ғана дәлелдемелер болып табылады.

7. Сарапшының қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайды, бірақ оның қорытындымен келіспеген жағдайда, бұл туралы сот шешімінде көрсетілуге тиіс.

 

93-бап. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабар

Егер сарапшы зерттеу жүргізгенге дейін өзінің алдына қойылған мәселелер өзінің арнаулы білімдерінің аясынан тыс екеніне не өзіне ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне және толықтырыла алмайтынына, не ғылым мен сарапшылық тәжірибесінің жай-күйі қойылған мәселелерге жауап беруге мүмкіндік бермейтініне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабар жазып, оны сотқа жібереді.

 

94-бап. Сарапшыдан жауап алу

1. Сарапшыдан жауап алу, егер сарапшының қорытындысы жеткілікті түрде айқын болмаса, толықтыру үшін қосымша зерттеулер жүргізу талап етілмейтін олқылықтары болса немесе сарапшы қолданған әдістер мен терминдерді нақтылау қажет болса, оның қорытындысы жарияланғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.

2. Сарапшыдан тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған, өзінің қорытындысына қатысы жоқ мән-жайлардың себептері бойынша жауап алынбайды.

3. Өтінішхаты бойынша сараптама тағайындалған тарап сарапшыдан бірінші болып жауап алады. Егер сараптама тараптар арасындағы келісім бойынша немесе соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, сарапшыға бірінші болып талапкер, содан кейін жауапкер сұрақтар қояды. Сот жауап алудың кез келген сәтінде сарапшыға сұрақ қоюға құқылы.

 

95-бап. Заттай дәлелдемелер

Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп пайымдауға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады.

 

96-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау және қарап-тексеру

1. Заттай дәлелдемелер істе сақталады немесе айрықша тізімдеме бойынша соттың заттай дәлелдемелер сақтау камерасына тапсырылады. Сот заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз қалпында сақтауға шаралар қабылдайды.

2. Сотқа әкелу мүмкін емес заттар тұрған жерінде сақталады. Оларды сот істі сот талқылауына дайындау кезінде немесе істі сотта талқылау барысында қарап-тексеруге тиіс. Қарап-тексеру кезінде заттардың сыртқы түрі, қасиеттері және жай-күйі жеке процестік әрекетінің хаттамасында немесе сот отырысының хаттамасында тіркелуге жатады, ал қажет болған жағдайда осы заттар фотосуретке, бейнежазбаға түсірілуге және мөрмен бекітілуге мүмкін.

3. Сот заттай дәлелдемелерді іске қатысатын адамдардың және қажет болған кезде сарапшылардың қатысуымен қарап-тексереді. Заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру хаттамасы іске қоса тіркеледі.

4. Заттай дәлелдемелерді сақтау бойынша шығыстар осы Кодекстің 109-бабына сәйкес тараптар арасында бөлінуі мүмкін.

 

97-бап. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру

1. Сот тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді оларды қарап-тексеру туралы өтінішхат берілген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей қарап-тексереді және зерттейді, одан кейін оларды қарап-тексеруге ұсынған адамға қайтарады.

2. Мұндай заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру және зерттеу орны мен уақыты туралы іске қатысатын адамдар, егер олар заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде қарап-тексеру кезінде келе алса, хабарланады. Хабарланған іске қатысатын адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру мен  зерттеуге кедергі келтірмейді. Қарап-тексеру және зерттеу деректері хаттамаға енгізіледі.

3. Тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру және оның нәтижелерін тіркеу осы Кодекстің 96-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

 

98-бап. Заттай дәлелдемелерге билік ету

1. Осы Кодекстің 97-бабының бірінші бөлігінде көзделгеннен басқа заттай дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін олар алынған адамдарға қайтарылады немесе сот бұл заттарға құқығын таныған адамдарға беріледі немесе сот айқындайтын тәртіппен өткізіледі.

2. Заң бойынша азаматтардың иелігінде бола алмайтын заттар тиісті ұйымдарға беріледі. 

3. Сот заттай дәлелдемелерді қарап-тексеріп және зерттеп болғаннан кейін, егер өздерінен осы дәлелдемелер алынған адамдар қайтару туралы өтінішхат берсе және осындай өтінішхатты қанағаттандыру істің дұрыс шешілуіне кедергі келтірмесе, іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін оларға қайтарылуы мүмкін.

4. Сот тез бүлінетін заттай дәлелдемелерге билік ету туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасалуға, наразылық келтірілуге жатпайды.

 

99-бап. Арнайы жеткізгіштердегі дәлелдемелер

1. Дәлелдемелер іс үшін маңызы бар және қатыстылық пен жол берілетінділігі өлшемшарттарына сай келетін аудио-, бейнежазбаларды, оның ішінде бақылау және тіркеу құралдарымен алынған аудио-, бейнежазбаларды, фото- және кинотүсірілім материалдарын қамтитын арнайы жеткізгіштерде және электрондық пен сандық жеткізгіштердегі басқа да материалдар ұсынылуы мүмкін.

2. Дәлелдемелерді арнайы жеткізгіштерде ұсынған немесе оларды талап етіп алдыру үшін жәрдем көрсету туралы өтінішхат мәлімдеген адам жазбаларды қашан, кімнің, қандай жағдайда жазғанын және олар қандай мән-жайлар туралы жүзеге асырғанын көрсетуге міндетті.

Адамның көрсетілген мәліметтерді хабарламауы осындай дәлелдемелерді сот отырысында зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарады. 

 

100-бап. Жазбаша дәлелдемелер

1. Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады.

2. Жазбаша дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да адамдар ұсынуы, сондай-ақ олардың өтініші бойынша сот талап етуі мүмкін.

3. Сот талап еткен жазбаша дәлелдемелерді беруге немесе оны сот белгілеген мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ адамдар, бұл туралы сот талабының орындалмау себептерін көрсете отырып, сотқа хабарлауға міндетті.

4. Соттың азаматтардан және заңды тұлғалардан талап ететін жазбаша дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі. Сот жазбаша дәлелдемені талап ету туралы өтінішхат берген адамға одан кейін сотқа ұсыну үшін оны алу құқығын беретін сұрау салуды бере алады.

5. Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, төлнұсқада ұсынылады. Егер құжаттың көшірмесі ұсынылған болса, сот қажет болған жағдайда, сондай-ақ осы Кодекстің 68-бабының бесінші бөлігіне сәйкес төлнұсқаны ұсынуды талап етуге құқылы.

Жазбаша дәлелдеменің төлнұсқасын сотқа ұсыну қиын болған кезде сот осы құжаттың тиісті түрде куәландырылған көшірмелері мен үзінділерін ұсынуды немесе басқа да жазбаша дәлелдемелерді олар сақталатын жерінде қарап-тексеру мен зерттеуді жүргізуді талап ете алады.

6. «Электрондық құжаттың көшірмесі» міндетті белгісі бар және оның электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру рәсімінің нәтижелері көрсетілген, оларды ұсынатын адамның электрондық цифрлық  қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар, электрондық құжаттардың көшірмелері нысанындағы дәлелдемелер, Қазақстан Республикасының заңнамасы тек электрондық құжатты пайдаланылуға жол бермейтін жағдайларды қоспағанда, төлнұсқадағы жазбаша құжаттарға тең болады. 

 

101-бап. Жазбаша дәлелдемелерді қайтару

1. Жазбаша дәлелдемелердің түпнұсқалары, сондай-ақ істе бар жеке хаттар оларды ұсынған адамдардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін.

2. Жазбаша дәлелдемелер шешім заңды күшіне енгенге дейін,  егер сот мүмкін деп тапса, оларды ұсынған адамдарға қайтарылуы мүмкін.

3. Жазбаша дәлелдеменің төлнұсқасы қайтарылған кезде жазбаша дәлелдеменің судья куәландырған көшірмесі (ксерокөшірмесі) істе қалады.

4. Арнайы жеткізгіштегі дәлелдемелер істе сақталады. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін сот осы дәлелдемелерді оларды ұсынған адамға оның өтінішхаты бойынша қайтаруы мүмкін. Жазбаның көшірмесі барлық жағдайларда істе қалады.

Іске қатысатын адамның өтінішхаты бойынша оған оның есебінен жасалған жазба көшірмесі берілуі мүмкін. Жазбаның көшірмесін алу туралы қолхат алынады.

 

8-тарау. СОТ ШЫҒЫСТАРЫ

 

102-бап. Сот шығыстарының ұғымы мен құрамы 

Сот шығыстары мемлекеттік баж бен іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.

 

103-бап. Мемлекеттік баж

Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері, сондай-ақ оны төлеуден босату негіздері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.

Мемлекеттік бажды бюджетке төлеу төлемдерді жүзеге асыру кезінде берілетін төлем құжаттарымен, оның ішінде қағаз немесе электрондық жеткізгіштердегі түбіртектермен, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы банкоматтар және өзге де электрондық терминалдар арқылы төлемдерді жүзеге асыру кезінде берілетін чектермен, сауда чектерімен расталуға тиіс.

 

104-бап. Талап  қою бағасы

1. Талап қою  бағасы: 

1) ақша сомасын өндіріп алу туралы талап қоюларда – соманы өндіріп алу, оның ішінде моральдық зиян үшін ақшалай мәндегі белгіленген  өтемақыны өндіріп алу туралы талап етілген сомамен; 

2) іскерлік беделге келтірілген зиян сомасын өндіріп алу туралы талап қоюларда – өндіріп алу талап  етілген сомамен;

3) ортақ немесе үлестік меншікке жататын мүлікті бөлу туралы, ортақ меншік болып табылатын мүліктегі үлесті айқындау не бөлу туралы талап қоюларда – талап қойылған кезде мүліктің орналасқан жерінде қалыптасқан нарық бағасы бойынша айқындалатын талап етілетін мүліктің құнымен;

4) алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюларда – бір жыл ішіндегі төлемдердің жиынтығымен; 

5) мерзімді жедел төлемдер мен оларды беру туралы талап қоюларда –барлық төлемдер мен берулердің, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;

6) мерзімсіз және өмір бойы төлемдер мен берулер туралы талап қоюларда – төлемдер мен берулердің, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен; 

7) төлемдерді немесе берулерді азайту немесе көбейту туралы талап қоюларда – арыз иесі азайтуға немесе көбейтуге үміт артатын, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімдегі жалпы сомамен; 

8) төлемдер мен берулерді тоқтату туралы талап қоюларда – қалған төлемдер мен берулердің, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;

9) мүліктік жалдау (жалға алу) шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы талап қоюларда – шарттың (келісімшарттың) қолданысының қалған мерзімінде мүлікті пайдаланғаны үшін төлемдердің, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен; 

10) жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік құқығы туралы талап қоюларда – осындай объектілердің талап қойылған күні, орналасқан  жеріндегі нарықтық құнымен;

11) жылжымайтын немесе жылжымалы мүлікті бөтеннің заңсыз иеленуінен талап ету туралы талап қоюларда – ізделінетін мүліктің нарықтық құнымен, бірақ азамат жасасқан сақтандыру шарты бойынша бағалануынан төмен емес және сотқа талап қойылған күнінде заңды тұлғаға тиесілі мүліктің баланстық құнынан төмен емес нарықтық құнымен;

12) жылжымайтын және жылжитын мүлікті cатып алу-сату, кепіл, сыйға тарту шарттарын, Азаматтық кодекстің 157-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мәмілелер бойынша барлық алынған мүлікті кейін қайтарумен байланысты өзге де шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюларда – сотқа талап қойылған күніндегі нарықтық құнымен айқындалады. Кепіл туралы шарттарға дау айту кезінде талап қою бағасы шартта көрсетілген мүлік құнынан аспауға тиіс.

2. Талап қою бағасын талапкер көрсетеді. Көрсетілген баға ізделінетін мүліктің нақты бағасына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын судья айқындайды.

 

105-бап. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу

1. Талап қойылған кезде оның бағасын анықтау қиын болған жағдайда судья мемлекеттік баж мөлшерін істі сот талқылауына дайындау сатысында алдын ала анықтайды, бұл туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда көрсетіледі.

2. Сот төленбеген мемлекеттік баж сомасын өндіріп алу туралы  істі қарау және шешу кезінде талап қою бағасын анықтаған жағдайда, бұл туралы сот шешімінде көрсетіледі.

3. Талап қою талаптарының мөлшері ұлғайған кезде істі ұлғайған талаптар бөлігінде қарау талапкер сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баждың төлегені туралы дәлелдеме ұсынғаннан кейін жалғастырылады.

Мемлекеттік баждың төленгендігі туралы құжат  ұсынылмаған жағдайда бұл туралы соттың шешімінде көрсетіле отырып, бастапқы қойылған талаптар шегінде қаралады және шешіледі. Талап қою талаптарын ұлғайту туралы арыз қаралмай талапкерге кері қайтарылады. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу мәселесі бойынша соттың қорытындысымен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға енгізілуі мүмкін.  

 

106-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру

1. Талапкерді сотқа берілетін талап қою бойынша мемлекеттік баж төлеуден босату  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады. 

2. Осы Кодекстің 54 және 55-баптарында көрсетілген адамдар өздері қойған талап қоюдан бас тартқан жағдайда, өзінің мүддесінде осы талап қойған талапкер, егер ол талап қоюды қарауды талап етсе және мемлекеттік бажды төлеуден босатылмаса, сот белгілеген мерзімде мемлекеттік бажды жалпы тәртіппен төлеуге міндетті. Мұндай жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады.

Мемлекеттік баж төленбеген кезде талап арыз қараусыз қалдырылады және талапкерге кері қайтарылады. Сот ұйғарымына шешімі түпкілікті болып табылатын апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасауға, наразылық білдіруге мүмкін болады.

3. Сот, азамат берген тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талап қою бойынша мемлекеттік бажды төлеуді тиісті шешім қабылдағанға дейін кейінге қалдырады, бұл туралы ұйғарым шығарылады. Ұйғарым шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеушілік туралы дәлелдер апелляциялық шағымға енгізілуі мүмкін. Сот шешім қабылдаған кезде мемлекеттік баж төлеуге байланысты шығыстарды шешім өзінің пайдасына шығарылмаған тараптан алып береді.

 

107-бап. Мемлекеттік бажды қайтару

Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының  Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.

 

108-бап. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға: 

1) куәларға, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиіс сомалар; 

2) орнында қарап-тексеруді жүргізуге  байланысты  шығыстар; 

3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығыстар;    

4) жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру бойынша шығыстар; 

5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығыстар; 

6) тараптарға және іске қатысатын басқа да адамдарға хабарлау және оларды сотқа шақыру бойынша шығыстар;

7) тараптар мен үшінші адамдардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты тұрғын-жайды жалдау бойынша шыққан шығыстары; 

8) өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстар; 

9) сот өтелуге жатады деп таныған, оның ішінде тараптардың кейін сотқа жүгінген кезде дауды міндетті түрде сотқа дейінгі реттеу рәсімдеріне шеккен басқа да шығыстары жатады.

 

109-бап. Сот шығыстарын тараптардың арасында бөлу

1. Сот, өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша шеккен барлық сот шығыстарын басқа тараптан алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығыстар талапкерге талап қою талаптарының сот қанағаттандырған мөлшеріне бара-бар, ал жауапкерге – талапкердің талап қоюы талаптарынан бас тартылған бөлікке бара-бар алынып беріледі.

2. Егер іске қатысатын адамның заңнамалық актілерде немесе шартта көзделген дауды реттеудің наразылық немесе сотқа дейінге өзге де тәртібін бұзуы, оның ішінде наразылыққа жауап беру мерзімін бұзуы, наразылықты жауапсыз қалдыруы салдарынан дау туындаған жағдайда, сот істі қараудың нәтижелеріне қарамастан сот шығыстарын осы адамға жүктейді.

Сот, процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттемелерді орындамайтын адамға, оның ішінде дәлілдемелерді сот белгіленген мерзімін және осы Кодексте белгіленген дәлелдемелерді ұсыну тәртібін бұза отырып ұсынылған жағдайда, егер бұл сот процесінің созылуына, істі қарауға және заңды әрі негізді сот актісін қабылдауға кедергі келтіруге әкеп соқса, осы адамға іс бойынша барлық сот шығыстарын жүктеуге құқылы.

3. Егер апелляциялық, кассациялық сатылардағы, қадағалау сатысындағы соттар істі жаңадан қарауға бермей, жасалған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, тарап тиісті сот сатыларында шеккен шығыстары туралы дәлелдемені ұсынған кезде олар тиісінше сот шығыстарын бөлуді да өзгертеді.

4. Бірінші сатыдағы сот тараптың арызы бойынша апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттарда істі қарау барысында шеккен сот шығыстарын, егер өтінішхат сот сатыларында істі қарау кезінде талқыланса, бірақ шеккен сот шығындары ұсынылған дәлелдемелердің анықтығын тексеру қажеттігіне байланысты өндірілмеген және бұл туралы тиісті сот сатысындағы соттың қаулысында көрсетілсе, өндіру туралы ұйғарым шығарады.

5. Сот шығындарын өндіру туралы арыз тараптар хабарландырыла отырып, соттың қарауына жатады. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған тараптардың сот отырысына келмеуі арызды қарауға кедергі келтірмейді. Арызды істің мәні бойынша қарауды аяқтаған соңғы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде берілуі мүмкін.

6. Сот актісінің көшірмесін сот оның заңды күшіне енген кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей (азаматтың) тіркелу орны немесе көрсетілген қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарына сот өтем жасаған (заңды тұлғаның) сот өкілінің орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.

 

110-бап. Сарапшыларға, мамандарға, куәларға, аудармашыларға    төленуге тиіс сомалар

1. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға сотқа келуге байланысты шеккен жол жүру, үй-жай жалдау бойынша шығыстары өтеледі және іссапарға жіберілген адамдар үшін  белгіленген мөлшерде тәулікақы төленеді. Сарапшы мен маманға тапсырылған жұмысты орындау кезінде олар жұмсаған, оларға тиесілі химиялық реактивтердің және басқа да шығын материалдарының құны, сондай-ақ олардың жұмысты орындау үшін құрал-жабдықтарды, коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлеген ақысы өтеледі.

2. Сотқа куә ретінде шақырылатын, жұмыс істейтін адамдарға сотқа келуге байланысты олардың болмаған уақыты үшін жұмыс істейтін орны бойынша орташа еңбекақысы сақталады. Еңбек қатынастарында тұрмаған куәлар өздерін әдеттегі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны үшін іс жүзіндегі уақыт шығындары ескеріле отырып және заңда белгіленген ең төмен айлық еңбекақы мөлшері негізге алына отырып өтемақы алады.

3. Біржолғы тәртіппен тартылған сарапшылардың, сондай-ақ мамандардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін, соттың тапсырмасы бойынша олар орындаған жұмысы ақы төленуге жатады. Сот ақы мөлшерін тараптармен келіскеннен кейін айқындайды және өтінішхатты мәлімдеген тараптың бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған шотына алдын ала енгізеді.

4. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға сомаларды, сондай-ақ сот сараптамасы органы жүргізген сараптамаға төлемді өтінішхат мәлімдеген тарап төлейді. Егер өтінішхатты екі тарапта берсе не куәні шақырту, сараптаманы тағайындау, маманды тарту соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, талап етілетін соманы тараптар тең бөліп төлейді.

5. Сот сараптамасы органы сараптама жүргізгені үшін төленуге тиіс сомаларды өтінішхатты мәлімдеген тарап (тараптар), не өзіне сот осындай міндетті жүктеген тарап алдын ала төлеу нысанында тиісті бюджетке енгізеді. Сот белгілеген мерзімдерде сома енгізілмеген жағдайда, сараптама жүргізумен байланысты шығындар істің осы Кодекстің 108-бабының екінші бөлігіне сәйкес қаралу нәтижелеріне қарамастан, соттың шешімі бойынша төлемді жүзеге асырмаған (уақтылы жүзеге асырмаған) адамға жүктеледі.

6. Бір немесе екі тарап шығындарды төлеуден босатылған жағдайда сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.

Сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

111-бап. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға сомаларды төлеу

1. Куәларға, сарапшыларға және мамандарға тиесілі сомаларды олар өз міндеттерін орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ашылған шоттан сот төлейді.

2. Аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен республикалық бюджет есебінен жүргізіледі. 

 

112-бап. Тегін заң көмегін көрсету

1. Судья істі сот талқылауына дайындаған кезде немесе сот істі қараған кезде мына адамдарды:

1) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талапкерлерді;

2) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыспен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талапкерлерді;

3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын талапкерлер мен жауапкерлер заң көмегі үшін ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.

2. Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, адамның заң көмегіне ақы төлеуден босату және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішіне осы адамның заң көмегіне республикалық бюджет қаражатынан ақы төлеу құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.

4. Сот адамды заң көмегіне ақы төлеуден және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтуден босату туралы немесе өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды. Шығарылған ұйғарыммен келіспеушілік туралы дәлелдер апелляциялық шағымға енгізілуі мүмкін.

5. Адамды заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы соттың ұйғарымы дереу азаматтық істі қарайтын сот орналасқан жері бойынша аумақтық адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі, олар сот белгілеген мерзімде адвокаттың сотқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

113-бап. Өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу

1. Сот, пайдасына шешім шығарылған тараптың өтінішхаты бойынша процеске қатысқан және осы тараппен еңбек қатынастарында болмаған өкілдің (бірнеше өкілдердің) көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарын тараптың іс жүзінде шеккен шығыстары мөлшерінде басқа тараптан алып береді. Мүліктік талаптар бойынша осы шығыстардың жалпы сомасы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстар сомасы ақылға қонымды шектерде өндіріліп алынады, бірақ ол үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. 

2. Заңда белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттың білікті заң көмегі көрсетілген тараптың пайдасына сот шешім шығарған жағдайда, көрсетілген шығыстар республикалық бюджеттің кірісіне басқа тараптан өндіріліп алынады.

 

114-бап. Уақыт ысырабынан келтірілген залалдарды өндіріп алу

1. Іске қатысатын адамның арызы бойынша, көрінеу теріс пиғылымен негізсіз талап қойған немесе негізделген талапқа қарсы дауласқан (адам білген не білуге тиіс болған) не істің дұрыс және тез қаралуына және шешілуіне үнемі қарсы әрекет жасаған тараптан сот іске қатысатын басқа адамның пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген залалдар үшін өтемақыны өндіріп алуы мүмкін.

2. Залал мөлшерін нақты мән-жайларды ескере отырып, тиісті еңбекке ақы төлеудің осы жерде қолданылып жүрген нормаларын негізге ала отырып, сот белгілейді.

3. Тараптан залалдарды өндіріп алу туралы уәжді арыз істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін беріледі және сот оны негізгі талаппен бір мезгілде қарайды. Залалдарды өндіріп алу туралы арызға «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде (Cалық кодексі) белгіленген тәртіппен мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.

 

115-бап. Талап қоюдан бас тарту, татуласу келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы келісім, арызды қараусыз қалдыру кезінде сот шығыстарын бөлу

1. Талапкер талап қоюдан бас тартқан кезде оның шеккен сот шығыстарын жауапкер өтемейді. Талапкер жауапкерге істі жүргізуге байланысты оның шеккен шығыстарын өтейді.

Егер талап қойғаннан кейін талапкер жауапкердің оларды ерікті түрде қанағаттандыруы салдарынан өз талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талапкердің өтінішхаты бойынша жауапкерден барлық шыққан сот шығындарын өтетіп алады.

Егер талап қою жауапкердің кінәлі міңез-құлықтан туындамаса, онда сотта жауапкер талапты мойындаған жағдайда сот шығындары талапкерге жүктеледі.

2. Тараптар бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар бекіткен татуласу келісім немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы келісім жасасқан кезде, төленген мемлекеттік баж толық көлемде бюджеттен талапкерге қайтарылады.

Кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттарда татуласу келісім немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы келісім жасалған кезде бірінші сатыдағы сотқа талап қойылған кезде төленген мемлекеттік баж соманың елу пайызы мөлшерінде бюджеттен талапкерге қайтарылады.

Басқа сот шығыстарын сот татуласу келісімнің немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттарына сәйкес тараптар арасында бөледі. Келісімдерде мұндай нұсқау болмаған жағдайда олар өзара өтелген деп есептеледі.

3. Осы Кодекстің  279-бабының 6), 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша талап қою арызы қараусыз қалдырылған кезде талапкер шеккен сот шығыстарын жауапкер өтемейді. Мұндай жағдайда талапкер жауапкердің іс жүргізуге байланысты шегілген сот шығыстарын өтейді.

 

116-бап. Тараптарға сот шығыстарын өтеу

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда сотқа басқа адамдар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы өтініштермен жүгінген адамдарға талап қоюдан толық немесе бір бөлігінде бас тартылған кезде (осы Кодекстің 54 және 55-баптары), жауапкер шеккен сот шығындары республикалық бюджет есебінен толық немесе талап қоюлардың бас тартылған бөлігіне бара-бар өтеледі.

2. Мұндай талап қою қанағаттандырылған жағдайда жауапкер сот шығыстарын осы Кодекстің 8-тарауында көзделген тәртіппен өтейді.

 

117-бап. Мемлекетке сот шығыстарын өтеу

1. Талапкер төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар сот шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне бара-бар мөлшерде мемлекет кірісіне өндіріліп алынады. 

2. Егер талап қою бір бөлігінде қанағаттандырылса, ал жауапкер сот шығыстарын төлеуден босатылса, іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар мемлекеттің кірісіне сот шығыстарын өтеуден босатылмаған талапкерден талап қою талаптарының қанағаттандырылудан бас тартылған бөлігіне бара-бар өндіріліп алынады. 

3. Егер тараптардың екеуі де сот шығыстарын төлеуден босатылса, іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар республикалық бюджет есебіне жатқызылады. 

4. Талап қоюдан бас тартылған жағдайда іс бойынша іс жүргізуге байланысты сот шығындары талапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынады. 

5. Өзіне тиесілі төлемдерді төлеуден жалтарған адамға іздеу жарияланған жағдайда іздеуді жүргізу бойынша шығыстар сол адамнан мемлекет кірісіне өндіріліп алынады.

 

118-бап. Сот шығыстарына байланысты мәселелер бойынша сот  актілеріне шағым жасау және наразылық білдіру

Сот шығыстарына байланысты сот актілеріне осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, шағым жасалуы, наразылық білдіруі мүмкін.

 

9-тарау. СОТҚА ҚҰРМЕТТЕМЕУШІЛІК БІЛДІРГЕНІ  ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ

 

119-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары

1. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот баршаның сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады.

2. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін бұған кінәлі адамдар осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

3. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, осы адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

4. Заңға қарсы жасалған әрекет (әрекетсіздік) үшін бір ғана мәжбүрлеу шарасы және (немесе) бір ғана жауаптылық түрі қолданылады.

 

120-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылыққа тарту тәртібі

1. Сот отырысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталғандығы туралы осы бұзушылық анықталған сот отырысының процесін тікелей жүргізуші судья (сот құрамы) құқық бұзушыға дереу жариялайды. Осы факт сот отырысының хаттамасында тіркеледі. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.

2. Өзіне қатысты сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталған адам, сондай-ақ іске қатысатын өзге де адамдар өз түсініктемелерін беруге құқылы.

3. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жаза қолдану туралы, сот кеңесу бөлмесіне кетпестен, тікелей сот отырысында жарияланады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны төрағалық етуші судья азаматтық іс бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін кеңесу бөлмесінде шығарады, оған судьялар (сот құрамы) қол қояды.

4. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық және жаза қолдану (әкімшілік қамаққа алуды қоспағанда) туралы қаулы шығарылған адамға қаулының көшірмесі ол жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тапсырылады және (немесе) жіберіледі.

Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарылады және өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға, осындай қаулының орындалуын жүзеге асыратын ішкі істер органына және көшірмесі прокурорға қаулы шығарылған күні тапсырылады (жіберіледі).

5. Соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулысына әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

Апелляциялық сатыдағы сотқа жекеше шағыммен бірге істен бөліп шығарылған, қабылданған қаулыға қатысты материал жіберіледі.

6. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, сот бұл туралы қаулы шығарады, ол өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға үш жұмыс күні ішінде тапсырылады және (немесе) жіберіледі және растайтын материалдармен бірге прокурорға сотқа дейінгі іс жүргізуді ұйымдастыру үшін жолданады.

 

 

 

10-тарау. ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР

 

121-бап. Процестік әрекеттерді жасау мерзімдері

1. Процестік әрекеттер осы Кодексте белгіленген процестік мерзімдерде жасалады.

2. Егер процестік әрекеттерді жасау үшін арналған мерзім осы Кодексте белгіленбесе, онда оны сот тағайындайды. Сот тағайындайтын процестік мерзім процестік әрекеттерді жасау үшін жеткілікті болуға тиіс.       

      

122-бап. Процестік мерзімдерді есептеу

1. Процестік әрекеттерді жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып, дәлме-дәл күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді. Соңғы жағдайда әрекет бүкіл кезеңнің ішінде жасалуы мүмкін.

2. Кезеңмен есептелетін процестік мерзімнің ағымы оның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады.

 

123-бап. Процестік мерзімдердің аяқталуы

1. Жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде бітеді.

2. Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы тиісті айында бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді.

3. Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні бітеді.

4. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тап келген жағдайда жылдармен, айлармен және күндермен есептелетін мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

5. Жасалуына мерзім белгіленген процестік әрекет мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін орындалуы мүмкін. Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін почтаға, телеграфқа тапсырылса немесе байланыстың өзге де құралдары арқылы берілсе, онда мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді.

6. Егер процестік әрекет тікелей сотта жасалуға тиіс болса, онда мерзім сотта белгіленген ішкі тәртіп қағидалары бойынша жұмыс аяқталатын сағатта бітеді.

7. Осы бапта көзделген процестік мерзімдерді есептеу тәртібі сотқа берілетін электрондық құжаттарға да қолданылады.

 

124-бап. Процестік мерзімді өткізіп алудың салдары

1. Процестік әрекеттерді жасау құқығы осы Кодексте белгіленген немесе сот тағайындаған процестік мерзім аяқталуымен жойылады.

2. Процестік мерзімдер аяқталғаннан кейін берілген шағымдар мен құжаттарды, егер өтіп кеткен процестік мерзімді қалпына келтіру туралы мәлімдемелсе, сот қараусыз, оларды берген адамға кері қайтарады.

3. Процестік мерзімнің өтуі іске қатысатын адамды іс жүргізу міндеттерін орындаудан босатпайды.

 

125-бап. Процестік мерзімдерді тоқтата тұру

1. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатыла тұрумен бірге барлық өтпеген процестік мерзімдердің өтуі тоқтатыла тұрады. Мерзімдердің тоқтата тұруы сот іс бойынша іс жүргізуді осы Кодексте көзделген негіздер бойынша тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған күннен басталады.

2. Сот іс бойынша іс жүргізуді қалпына келтіру туралы ұйғарым шығарған күннен бастап процестік мерзімдердің өтуі жалғасады.

 

126-бап. Процестік мерзімдерді ұзарту және қалпына келтіру

1. Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады. 

2. Егер осы Кодексте белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін.

3. Сот өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша процеске қатысушының мүмкіндігін шектейтін заң бұзылған жағдайларда (іске қатысатын адамға сот актісінің көшірмесін уақтылы жібермеуі, егер сот актісі адам білетін тілген аударылмаса, сот ісін жүргізу тілін білмеуі, құқық мирасқорлығын ресімдеуі), сондай-ақ оған уақытында шағым жасауға немесе наразылық білдіруге кедергі болған өзге де мән-жайлар болған кезде сот актілеріне шағым жасауға, наразылық білдіруге арналған осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіруге міндетті.

4. Өткізіп алынған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арыз арыз иесіне оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған кезден бастап бір айдан кешіктірмей процестік әрекеттер жасалуға тиіс сотқа беріледі. Арыздың қаралатын орны мен уақыты туралы іске қатысатын адамдар хабарландырылады, бірақ олардың кез келгенінің келмеуі арызды қаралуына кедергі келтірмейді.

5. Мерзімді қалпына келтіру туралы арыз берумен бір мезгілде құқықтарды қорғау туралы талап берілуге, мерзімді өткізіп алудың дәлелдігін растайтын құжат ұсынылуға тиіс.

6. Соттың өткізіліп алынған процестік мерзімді ұзартудан немесе қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

7. Соттың процестік мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы ұйғарымы шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.

 

 

 

 

11-тарау. СОТ ХАБАРЛАМАЛАРЫ МЕН ШАҚЫРУЛАРЫ

 

127-бап. Соттың хабарламалары мен шақырулары

1. Іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады. 

2. Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар оның тапсырылғаны туралы хабардар етуі бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат, сондай-ақ хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкін.

3. Хабарламалар мен шақырулар хабарландырылатын немесе шақырылатын адамның сотқа уақытылы келуіне және іске дайындалуына жеткілікті уақыты болатындай есеппен істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарылған күнінен не сот талқылауы тағайындалған күнінен кейінгі келесі күнінен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.

4. Хабарлама немесе шақыру хабарландырылатын немесе шақырылатын адамға тарап немесе іске қатысатын басқа да адам көрсеткен мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберіледі. Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша адам іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлама немесе шақыру оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін. Заңды тұлғаға арналған хабарлама немесе шақыру оның орналасқан жері бойынша жіберіледі.

Іске қатысатын адамдар хабарландырылатын немесе шақырылатын адамдар сотқа келмеген істер бойынша сот талқылауының уақыты, күні мен орны туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.

5. Көрсетілген мекенжайда тұратын, сотқа шақырылатын және хабарландырылатын адамдар отбасыларының кәмелетке толған мүшелерінің бірі, басқа адам алған хабарлама; оның тапсырылғаны туралы хабардар етуі бар тапсырыс хатпен жіберілген хабарлама, телефонограмма немесе жеделхат, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабардың жеткізілгені туралы есеп алынып расталатын, сондай-ақ хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберілетін хабарлама, егер осындай хабарламаның түспегені не кешірек түскені дәлелденбесе, тарапты тиісінше хабарландыру болып танылады.      

6. Осы бапта көзделген сот хабарламаларының нысандары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше тәртіп белгіленбесе, шетелдік адамдарға да қатысты қолданылады.

 

128-бап. Соттың шақыру қағазының немесе өзге де хабарламаның, шақырудың мазмұны

1. Соттың шақыру қағазында немесе өзге де хабарламада, шақыруда: 

1) хабарландырылатын немесе сотқа шақырылатын адамның (тегі, аты, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландырылатын құжатта көрсетілсе) және адамның тұрғылықты жерін не заңды тұлғаның атауы мен оның орналасқан жерін) көрсету;

2) соттың атауы мен нақтылы мекенжайы; 

3) сотқа келетін жері мен уақытын көрсету; 

4) хабарландырылған  немесе  шақыртылған  адресат  қатысатын істің атауы;

5) адресаттың кім ретінде хабарландырылып немесе шақырылып отырғандығын көрсету;

6) іске қатысушы тұлғаларға дәлелдемелерді осы Кодекстің талаптарына сәйкес ұсынбаудың салдарын көрсетіп, іс бойынша оларда бар барлық дәлелдемелерді табыс етуді ұсыну; 

7) осы Кодекстің 46-бабында көзделген құқықтар мен міндеттерді көрсету;

 8) адресаттың болмауына байланысты шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны, шақыруды қабылдаған адамның оны алғашқы мүмкіндік болған кезде адресатқа тапсыруға міндеттілігін көрсету;  

 9) хабарландырылатын немесе шақырылатын адамның сотқа келмей қалу салдарын және келмеу себебін сотқа хабарлауға міндетті екендігін көрсету;  

10) шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны, шақыруды жіберуші адамның қойған қолы қамтылуы тиіс. Хабарлама немесе шақыру туралы телефонограмма жіберген адам оны кімге және қашан бергендігін көрсетіп, оны өзінің қолын қою арқылы куәландыруға тиіс. 

2. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарда:

1) хабарландырылатын немесе сотқа шақырылатын тұлғаны (хабарлама жіберілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауы) көрсету;

2) соттың атауы мен нақты мекенжайы;

3) келетін жері мен уақытын көрсету;

4) хабарлама беріліп немесе адресат шақыртылып отырған істің қысқаша атауы;

5) адресаттың кім ретінде хабарландырылып немесе шақыртылып отырғандығын көрсету;

6) хабарлама жіберген адамның тегі мен аты қамтылуға тиіс.

Хабарламаның жіберілгендігін растайтын құжат іс материалдарына қоса тіркеледі.

3. Хабарламаны алған тараптар, жабық сот отырысында қарауға жататын істерді қоспағанда, талап қоюмен және оған қоса берілген материалдармен соттың ресми сайты арқылы танысуға құқылы.

 

129-бап. Соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны жеткізу

1. Соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлама хабардар етілетін тапсырысты хатпен почта арқылы немесе мұны судья тапсырған адамдар арқылы жеткізіледі. Шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны адресатқа тапсыру уақыты шақыру қағазының түбіршегінде немесе өзге де хабарламаның көшірмесінде белгіленеді, олар сотқа қайтарылуға тиіс. 

2. Сот хабарландырылатын немесе іс бойынша шақырылатын басқа адамға тапсыру үшін шақыру қағазын немесе соттың өзге де хабарламасын іске қатысушы тұлғаның келісімімен оған беруі мүмкін. 

3. Соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны жеткізу тапсырылған адам оның тапсырылған күні көрсетілген және адресаттың оларды алғандығы жөнінде қолы қойылған шақыру қағазының түбіршегін немесе өзге де хабарламаның көшірмесін сотқа қайтаруға міндетті.

 4. Осы тараудың талаптары сақталған кезде, егер керісінше жағдай дәлелденбесе, соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлама жеткізілген болып есептеледі.

 

130-бап. Соттың шақыру қағаздарын немесе өзге де хабарламаны тапсыру

1. Соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлама, ол жолданып отырған азаматқа жеке, сотқа қайтарылуға жататын шақыру қағазының түбіршегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне қолы қойдырылып тапсырылады.

Заңды тұлғаға жіберілген соттың шақыру қағазы не өзге де хабарлама оның өкіліне, басқару функцияларын орындайтын тиісті адамға, күзет қызметінің қызметкеріне не шақырылып, хабарландырылып отырған адамның басқа қызметкеріне табыс етіледі, ол шақыру қағазының түбіршегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне өзінің лауазымын, тегін және аты-жөнін жазып, оны алғандығы жөнінде қол қояды.

Соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлама, заңды тұлға көрсетілген мекенжайда болмаса да, заңды тұлғаның тұрған жері бойынша жеткізілген болып есептеледі.

2. Егер шақыру қағазын жеткізуші адам іс бойынша хабарландырылатын немесе шақырылатын адамды тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмаса, онда шақыру қағазы онымен бірге тұратын отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің біріне, басқа адамға олардың келісімімен, ал олар болмаған кезде – үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету кооперативінің уәкілетті адамына не тұрғын үй басқарушысына, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның не оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті адамына тапсырылады. Бұл жағдайларда шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру қағазының түбіршегіне өзінің тегін, атын, әкесінің атын, сондай-ақ адресатқа қатыстылығын немесе атқаратын лауазымын көрсетуге міндетті. Шақыру қағазын қабылдап алған адам оны дереу адресатқа тапсыруға міндетті. 

Көрсетілген жағдайларда соттың шақыру қағазы тиісті түрде  тапсырылған болып есептеледі.

3. Адресат уақытша болмаған жағдайда шақыру қағазын жеткізуші адам шақыру қағазының түбіршегіне немесе өзге де хабарламаға адресаттың қайда кеткенін және оның қашан қайтып келуі мүмкін екенін белгілейді. Осы мәліметтерді онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің және басқа адамдардың ішінен біреуі растауы не үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтерді көрсету кооперативінің уәкілетті адамы не тұрғын үй басқарушысы, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органының немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті адамы, сондай-ақ соттың шақыру қағазын немесе хабарламаны тапсырған адам куәландырады.

 

131-бап. Соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны қабылдаудан адресаттың бас тартуының салдары

1. Адресат соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны қабылдаудан бас тартқан кезде, оны жеткізуші немесе табыс етуші адам шақыру қағазына немесе өзге де хабарламаға, шақыруға тиісті белгі қояды, олар сотқа қайтарылады, сондай-ақ, бұл туралы акт жасауға құқылы. Адресаттың соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны алудан бас тартуы туралы белгіні үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамы не тұрғын үй басқарушысы, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті адамы куәландырады.  

2. Адресаттың соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны алудан бас тартуы істі қарауға немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасауға кедергі болмайды және адам тиісінше хабарландырылған болып есептеледі.

 

132-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мекенжайды, ұялы байланыстың  абоненттік нөмірін және электрондық мекенжайды ауыстыру

Іске қатысатын тұлғалар мен олардың өкілдері іс бойынша іс жүргізу кезінде сотқа өз мекенжайы ауысқан, ұялы байланысының абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы өзгерген жағдайда бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті. Мұндай хабар болмаған кезде шақыру қағазы немесе өзге де хабарлама, шақыру сотқа белгілі соңғы мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберіледі және адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмаса да немесе болмаса да, ұялы байланыстың осы абоненттік нөмірін немесе электрондық мекенжайды пайдаланбаса да жеткізілген болып есептеледі. Мұндай хабарлама тиісінше хабарлау болып табылады.

 

133-бап. Жауапкер және (немесе) бала болған жердің белгісіздігі және  оларды іздестіру

1. Жауапкердің нақтылы тұрған жері белгісіз болған кезде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамы не тұрғын үй басқарушысы,  жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті адамының соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны, шақыруды алғанын куәландыратын жазба сотқа келіп түскеннен кейін сот істі қарауға кіріседі. Мұндай хабарлама тиісінше хабарлау болып табылады.

Жауапкердің және (немесе) баланың болған жері белгісіз болған кезде Қазақстан Республикасына заңсыз жеткізілген немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы кері қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартының негізінде осындай балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы талап бойынша судья жауапкерді және (немесе) баланы іздестіруді жариялау туралы ұйғарым шығаруға міндетті.

2. Мемлекет мүддесіне орай, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, асыраушысының денсаулығының зақым алуына немесе қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкердің тұрған жері белгісіз болған кезде сот уәкілетті органдар арқылы жауапкерді іздестіруді жариялауға міндетті. Соттың жауапкерге іздеу жариялауы істі қарауға кедергі болмайды.

3. Жауапкер шешімнің көшірмесі өзіне тапсырылғаннан кейін шағым беруге және осы Кодекстің 126-бабында белгіленген тәртіппен апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат беруге құқылы.

4. Жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру жөніндегі шығыстарды өндіру уәкілетті органның арызы бойынша сот бұйрығын беру жолымен жүргізіледі.

 

2-БӨЛІМ. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ

 

1-бөлімше. ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ІС ЖҮРГІЗУ

 

12-тарау. БҰЙРЫҚ АРҚЫЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

134-бап.  Соттың бұйрығы негізінде берешекті өндіріп алу

1. Сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады. 

2. Сот бұйрығының атқарушылық құжаттық күші болады. Сот бұйрығы бойынша өндіріп алу сот шешімдерін орындауға жіберу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 

 

135-бап. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар

Сот бұйрығы: 

1) нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемелерді орындау туралы; 

2) орындау мерзімі жеткен және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, соның ішінде, дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген кінә қоюға жауапта мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;

3) төленбеген вексельдің наразылығына, акцептің болмауына және нотариус  жасаған  акцептің күні белгіленбеуіне негізделген міндеттемені орындау туралы; 

4) әке (ана) болудың анықталуына немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне байланысты емес кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіру туралы;

5) азаматтардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересі және өсімпұлдарды бюджетке, резидент емес заңды тұлғалардан тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтің нәтижесінде пайда болған салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ кеден төлемдері, салықтар мен өсімпұлдар бойынша бересіні бюджетке өндіріп алу туралы;

6) қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіру туралы, соның ішінде, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын аудару туралы; 

7) уәкілетті органдар мәлімдеген жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығыстарды өндіріп алу туралы; 

8) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы;

9) ломбард кепіл беруші-борышкерге ұсынған, мерзімі өтіп кеткен кредитті өндіріп алуды кепіл нысанасына аудару туралы;

10) қосымша шығыстарды өндіру туралы талаптарды қоспағанда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіру туралы;

11) жария шарттардың негізінде нақтылы тұтынылған қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау, телефон, байланыс интернеті, кабельді телевизия, қатқыл тұрмыстық заттарды тасып шығару қызметтері) үшін, сондай-ақ орындау мерзімі жеткен, белгіленген тарифтерге сай көрсетілген қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы өзге де қызметтердің талаптары бойынша тікелей  берешекті өндіріп алу туралы;

12) келісімшарт әскери қызметшінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіру туралы;

13) оқуды өз қалауы бойынша не қызметті өткеруді шартта көзделген мерзімнің өтуіне дейін тоқтатқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген негіздер бойынша жұмыстан босатылған немесе оқудан шығарылған оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған сомаларды өндіру туралы;

14) оқуын тоқтатқан не шет мемлекетте оқу орнын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтып оралмаған немесе грантты қайтару жөніндегі шартта көзделген міндеттемені бұзған адамдардан мемлекеттік гранттарды өндіру туралы;

15) ауылдық жерлерге жіберілген жас мамандар (мұғалім, дәрігер) үшін мемлекеттік гранттарды (көтерме жәрдемақыларды, жәрдемақыларды) өндіріп алу туралы;

16) бала асырап алудың күші жойылған жағдайда, жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтару туралы;

17) жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты оларды өндіріп алу туралы;

18) қылмыстық ізге түсу органы қысқартқан қылмыстық істер мен материалдар бойынша іс жүргізу шығындарын өндіру туралы талаптар бойынша шығарылады.

 

136-бап. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны

 1. Сот бұйрығын шығару туралы арыз сотқа осы Кодекстің                                    3-тарауында белгіленген аумақтық соттылықтың жалпы қағидалары бойынша беріледі.

2. Арыз жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.  Арызда: 

1) арыз берілген соттың атауы;

2) өндіріп алушының аты, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі; 

3) борышкердің аты, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер арыз берушіге белгілі болса), заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі; 

4) өндіріп алушының талабы және ол негізделген мән-жайлар; 

5) мәлімделген талапты растайтын қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс. 

3. Жылжымалы мүлік талап етілген жағдайда арызда осы мүліктің тиісті құжаттармен расталған құны көрсетілуге тиіс. 

 4. Арызға өндіріп алушы немесе қол қоюға немесе арыз беруге өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды. Өкіл беретін арызға өкілдің арызға қол қою өкілеттігін куәландыратын сенімхат қоса берілуге тиіс. 

Арыз электрондық құжат нысанында берілген кезде ол өндіріп алушының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжат нысанында берілетін арызға осы бапта көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

 5. Осы Кодекстің 135-бабында санамаланған талаптар оларды бұйрық арқылы немесе талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қарау көрсетілмей қойылған кезде аталған талаптаросы тараудың қағидалары бойынша қаралады.

 

137-бап. Мемлекеттік баж

1. Сот бұйрығын беру туралы арыз үшін «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж төленеді.

2. Өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баж арызды қабылдаудан бас тартылған кезде қайтарылады.

3. Өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баж сот бұйрығының күші жойылған кезде қайтарылмайды. Өндіріп алушы борышкерге талап қойған кезде ол талап қою ісін жүргізу тәртібімен төленуге жататын мемлекеттік баж есебіне есептеледі. 

 

138-бап. Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартудың  және қайтарудың негіздері

1. Судья осы Кодекстің 151, 152-баптарында көзделген негіздер бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартады немесе кері қайтарады.  

Бұған қоса, егер:

1) мәлімделген талап осы Кодекстің 135-бабында көзделмеген; 

2) борышкердің тұрғылықты жері немесе тұрған жері Қазақстан Республикасының шегінен тыс болған; 

3) мәлімделген талапты растайтын құжаттар ұсынылмаған; 

4) талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қарауға жататын құқық туралы даудың бары байқалған; 

5) арыздың нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 136-бабының талаптарына сай келмеген; 

6) арыз бергенде мемлекеттік баж төленбеген жағдайларда судья арызды кері қайтарады. 

2. Судья арызды қабылдаудан бас тарту немесе кері қайтару туралы арыз сотқа түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйғарым шығарады.

3. Арызды кері қайтару сот бұйрығын беру туралы сотқа қайтадан арыз беруге не сол нысана мен сол негіздер бойынша сол жауапкерге, егер ол жол берілген бұзушылықты жойса, талап қоюға кедергі болмайды.

4. Судьяның арызды қабылдаудан бас тарту туралы немесе арызды кері қайтару туралы ұйғарымына апелляциялық сатыға шағым берілуі мүмкін, апелляциялық сот шешімі түпкілікті болып табылады.

 

139-бап. Сот бұйрығын шығару тәртібі мен мерзімі 

Мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша сот бұйрығын судья арыз сотқа түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады.

 

140-бап. Сот бұйрығының мазмұны

1. Сот бұйрығында: 

1) жүргізілетін істің нөмірі және сот бұйрығының шығарылған күні; 

2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі мен аты-жөні;

3) өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi, оның жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса оның атауы, нақты орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;

4) борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол  жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жері, оның жұмыс орны және борышкер жұмыс істейтін заңды тұлғаның банктік деректемелері туралы мәліметтер (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол белгілі болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi, сондай-ақ қалалық және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы мәліметтер, электрондық почта мекенжайы (егер мұндай мәліметтер бар болса және белгілі болса);

5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң; 

6) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе құны көрсетілген, талап етілуге жататын жылжитын мүліктің белгілері; 

7) егер заңда немесе шартта айыпақы өндіріп алу көзделсе, оның мөлшері және айыпақы есептелген уақыт кезеңі; 

8) борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе тиісті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;

9) мәлімделген талапқа қарсылық білдіру туралы арыз берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. 

2. Осы баптың 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру туралы сот бұйрығында асырау үшін алимент өндірілетін әрбір баланың аты мен туған күні, айы, жылы, борышкерден ай сайын өндіріліп алынатын төлемдердің мөлшері және оларды өндіріп алудың мерзімі көрсетіледі. 

3. Сот бұйрығына судья қол қояды.

 

 

 

141-бап. Борышкерге сот бұйрығының көшірмесін жіберу.

               Сот бұйрығына білдірілетін қарсылықтар

1. Сот бұйрығы ол шығарылғаннан кейін келесі күннен кешіктірілмей оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып борышкерге тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс.

2. Борышкер мәлімделген талапқа қарсылығын сот бұйрығын шығарған сотқа сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап немесе оның шығарылғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберуге құқылы.

3. Борышкердің қарсылығы сот бұйрығын беру туралы арызда көрсетілген дау нысанының бар екені туралы тиісті дәлелдемелермен расталуға тиіс. Электрондық құжат нысанында берілетін қарсылыққа құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

4. Қарсылыққа осы баптың екінші тармағында көрсетілген тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Қарсылық  электрондық құжат нысанында берілген кезде ол борышкердің немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкіл беретін қарсылыққа оның өкілеттігін растайтын сенімхат қоса  берілуі қажет.

5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің талаптарына сай келмейтін қарсылық сот ұйғарымымен кері қайтарылады.

6. Дәлелді себептермен өткізіп алынған қарсылықтарды беру мерзімін сот бұйрығын шығарған сот осы Кодекстің 126-бабында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша қалпына келтіруі мүмкін.

 

142-бап. Сот бұйрығының күшін жою

1. Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлімделген талапқа қарсылық келіп түссе не сот бұйрығымен құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа да адамнан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.

2. Судья қарсылық немесе арыз келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда өндіріп алушыға мәлімделген талаптың талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен берілуі мүмкін екені түсіндіріледі. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмесі ол шығарылғаннан кейін келесі күннен кешіктірілмей өндіріп алушыға және борышкерге жіберіледі.

Сот бұйрығының күшiн жою туралы соттың ұйғарымы шағым беруге және наразылық келтіруге жатпайды. 

Сот бұйрығының күшiн жоюдан бас тарту туралы соттың ұйғарымына шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін.

                  

 

 

143-бап. Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру және оны орындауға жіберу

1. Егер белгіленген мерзімде сотқа борышкерден қарсылық келіп түспесе, судья соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын оны борышкердің тұрғылықты жеріндегі тиісті әділет органына орындауға ұсынуы үшін өндіріп алушыға береді. 

2.  Өндіріп алушының өтініші бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің  243-бабына сәйкес дереу орындалуға жататын талаптар бойынша сот бұйрығын сот тікелей жіберуі мүмкін. 

3.  Мемлекеттік бажды борышкерден тиісті бюджеттің кірісіне өндіру үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасын сот аумақ бойынша  тиісті әділет органына тікелей жібереді.

4. Сот бұйрығының көшірмесі сот жүргізген істе қалады.

 

13-тарау. ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН (ЖАЗБАША) ІС ЖҮРГІЗУ

 

144-бап. Жеңілдетілген (жазбаша іс) жүргізу тәртібі

1. Сот ауызша талқылауды жүргізбей, істерді осы Кодекстің                14-тарауының қағидалары бойынша осы тарауда белгіленген ерекшеліктерімен бірге жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Әкімшілік және өзге де жария құқықтық қатынастардан туындайтын істерді шетелдік тұлғалардың қатысуымен жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде, егер осы тарауда өзгеше көрсетілмесе, осы Кодекстің 3-бөлімшесінде, 4-бөлімінде тиісінше белгіленген ерекшеліктер қолданылады.

2. Судья істерді арыз қарауға қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Істерді жазбаша іс жүргізу тәртібімен қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды. 

3. Сот егер:

1) тарап бұл туралы өтінішхат берсе;

2) үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса;

3) қарсы талап қою қабылданса;

4) осы іс бойынша қабылданған сот актісімен басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін болса;

5) дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу, сараптама тағайындау немесе куәнің айғақтарын тыңдау қажет болса;

   6) сот қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапқан жағдайда істі талап қою ісін жүргізу ережесі бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы ұйғарым шығарады.

   4. Істі талап қою ісін жүргізу ережесі бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы ұйғарымда іске қатысушы тұлғалардың жасауына жататын әрекеттер мен осы әрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Іс осы Кодексте тиісті санаттағы істер үшін белгіленген мерзімдерде қаралуға тиіс. Істі қараудың мерзімі талап қою арызы алғаш қабылданған күннен бастап есептеледі.

5. Егер бір мезгілде бірнеше талап мәлімделсе, оның біреуі немесе одан да көбі осы Кодекстің 145-бабында көрсетілген тізбеге сәйкес келмесе және сот осы талаптарды жеке іс жүргізуде бөліп қарамаса, олар осы Кодекстің

14-тарауында белгіленген тәртіппен қаралады.

 

145-бап. Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер

1. Мынадай:

1) егер талап қоюдың бағасы заңды тұлғалар үшін бес жүз айлық есептік көрсеткіштен, дара кәсіпкерлер, азаматтар үшін бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша;

2) талап қою бағасына қарамастан, талапкер ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша;

3) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған, дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;

4) «Нотариат туралы» Заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен нотариус куәландырған дауды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;

5) тараптардың тапсырма шарты бойынша адвокаттың немесе адвокаттар мен тараптардың қатысуымен «Адвокаттық қызмет туралы» Заңға сәйкес партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған, дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;

6) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған, кәсіпкерлік, инвестициялық қызметке байланысты даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

 7) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған, сақтандыру даулары және банкілік заем шарттарынан туындайтын даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

8) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

9) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған, зияткерлік меншікке құқықтарды қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

10) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған, неке-отбасылық қатынастар саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

11) азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне және заңды тұлғаның іскерлік беделіне дақ түсіретін мәліметтерді теріске шығаратын мәліметтерді не бұқаралық ақпарат құралдарында жауап жариялау туралы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

12) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған өзге де келісімдерді орындау туралы істер жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде санамаланған талап арыз талаптары оларды жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау көрсетілмей қойылған кезде олар осы тараудың қағидалары бойынша қаралады.

 

146-бап. Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен істерді қараудың ерекшеліктері

1. Талап қою арызы нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 148 және 149-баптарының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

2. Сот талап арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда ауызша талқылауды өткізбестен істің жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатындығын көрсетеді.

3. Сот тараптарды хабарландырып, жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, он бес жұмыс күні ішінде талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгілейді. Пікірге (қарсылыққа) оның көшірмесі талапкерге жіберілгенін растайтын құжат қоса беріледі.

4. Сот белгілеген мерзім өткеннен кейін сотқа түскен пікір (қарсылықтар), дәлелдемелер және өзге де құжаттар, егер тарап оларды сот белгілеген мерзімде ұсынудың мүмкін еместігін негіздесе және олар сот шешім шығарғанға дейін түссе, қабылданады. 

5. Пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.

6. Сот тараптар ұсынған құжаттарда баяндалған түсініктемелерді, қарсылықтарды және (немесе) дәлелдемелерді зерттейді және шешім қабылдайды.

7. Істі жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде осы Кодекстің 26-тарауында және осы Кодекстің 198-бабында көзделген  қағидалар қолданылмайды.

 

147-бап. Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша шешім

1. Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша шешім осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Сот шешімінің көшірмелері тараптарға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып жолданады не шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

2. Жауапкер жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Арыз жауапкер талап қою арызының түскені және оның жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісінше хабарландырылмаған және пікірді, сондай-ақ, шешімнің мазмұнына әсер ететін дәлелдемені ұсына алмаған жағдайда беріледі.

3. Шешімнің күшін жою туралы арыз осы баптың екінші бөлігінде көзделген талаптар ескеріле отырып, осы Кодекстің 21-тарауында белгіленген қағидалар бойынша қаралады.

4. Шешімге осы шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал егер арыз берілген жағдайда - сот осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін бір ай мерзімнің ішінде апелляциялық тәртіппен тараптар шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.

 

2-бөлімше. ТАЛАП ҚОЮ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

14-тарау. ТАЛАП ҚОЮ

 

148-бап. Талап қою арызының нысаны мен мазмұны

1. Талап қою арызы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бірінші сатыдағы сотқа беріледі.

2. Арызда:

1) талап қою арызы берілетін соттың атауы;

2) талапкердің тегі, аты, әкесінің аты, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талапкер заңды тұлға болса, оның толық атауы, тұрған жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi мен банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің атауы мен мекенжайы көрсетілуге тиіс. Арызда, егер бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;

3) жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол талапкерге белгілі болса). Егер жауапкер заңды тұлға болса, оның толық фирмалық атауы, тұрған жері, банктік деректемелері мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi. Арызда, егер талапкерге белгілі болса, жауапкердің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;

4) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын немесе талапкердің заңды мүдделерін және талапкердің талабын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні; 

5)  талапкер өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын  дәлелдемелердің мазмұны; 

6) жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер, егер бұл заңнамалық актілерде белгіленсе немесе шартта көзделсе;

7) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, сондай-ақ өндірілетін немесе дауланатын ақшалай сомалардың есебі; 

8) талап қою арызына қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс. 

3. Прокурордың мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін берген талап қою арызында мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің мәні неден көрінетіндігіне, қандай заңды мүдделердің бұзылғанына негіз, сондай-ақ қолдануға жататын заңға сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап қою арызында азаматтың өзінің талап қоя алмау себептеріне негіз болуға тиіс. Талап қою арызына, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін талап қою арызы берілетін жағдайларды қоспағанда, прокурордың талап қоюмен сотқа жүгінуіне азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісім беруін растайтын құжат қоса берілуге тиіс. 

4. Талап қою арызына талапкер немесе талап қою арызына қол қоюға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды. Талап қою арызы электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талапкердің немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

 

149-бап. Талап қою арызына қоса берілетін құжаттар

1. Талап қою арызына: 

1) жауапкерге немесе оның өкіліне, үшінші тұлғаларға талап қою арызы мен оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерінің жіберілгенін растайтын құжат;

2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; 

3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат; 

4) талапкер өзінің талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар;  

5)  дауды сотқа дейін реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттар, егер осы тәртіп заңнамалық актілерде белгіленсе немесе шартта көзделсе;

6) егер дәлелдеме жауапкерде немесе үшінші тұлғада болса, талапкердің дәлелдемелерді талап ету туралы өтінішхаты;

7)  егер талап қоюды заңды тұлғаға қойса, мемлекеттік тіркеу туралы жарғының, куәліктің көшірмелері қоса беріледі.

2. Электрондық құжат нысанында берілетін талап қою арызына осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.

 

150-бап. Талап қою арызын қабылдау 

1. Судья талап қою арызы түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді.  

2. Талап қою арызын бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдап, судья сот ісін жүргізу тілін көрсетіп, азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.

 

151-бап. Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту

1. Егер: 

1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға  және шешуге жатпаса; 

2) сол тараптардың арасындағы сол дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, осы Кодексте көзделген негіздер бойынша іс жөніндегі іс жүргізуді қысқарту туралы сот шешімі немесе заңды күшіне енген сот ұйғарымы болса;

3) төреліктің немесе аралық соттың сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша қабылданған шешімі болса және бұл жөнінде сотқа белгілі болса, судья талап қою арызын қабылдаудан бас тартады.

2. Судья талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымды ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарады және талап қоюға  қоса берілген барлық құжаттармен бірге арыз берушіге табыс етіледі немесе жіберіледі.

3. Талап  қою арызын қабылдаудан бас тарту талапкердің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді. 

4. Егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымда талапкердің қай органға жүгінгені дұрыс болатыны көрсетіледі.

5. Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін.

 

152-бап. Талап қою арызын қайтару

1. Егер: 

1) талапкер істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін  реттеудің заңнамалық актілерде немесе шарттабелгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса; 

2) іс осы соттың қарауына жатпаса; 

3) талап қою арызы осы Кодекстің 148-бабының, 149-бабының 1), 2), 3), 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмесе және істі сот талқылауына дайындау сатысында кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталса;

4) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе; 

5) арызға оған қол қоюға немесе оны ұсынуға өкілеттігі жоқ адам қол қойса; 

6) осы немесе басқа соттың не төрелік немесе аралық соттың іс жүргізуінде сол тараптардың арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша іс болса;

7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көрсетілмесе, осы дауды төрелік немесе аралық соттың шешуіне беру туралы тараптар арасында заңға сәйкес келісім жасалса;

8) коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке қабылдаған күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы  сотқа жүгінсе;

9) талапкер өзі берген талап қою арызын кері қайтару туралы мәлімдесе, судья талап қою арызын кері қайтарады. 

2. Сот талап қою арызын кері қайтару туралы ұйғарым шығарады, онда,  егер іс осы соттың қарауына жатпаса, қандай сотқа жүгіну керектігі, не азаматтық істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатындығы көрсетіледі. Ұйғарым сотқа келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарылуға және қоса берілген барлық құжаттармен бірге талапкерге тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс. 

3. Арызды қайтару, егер талапкер жіберілген бұзушылықты жойса, сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талапкердің сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды.

4. Талап арызды қайтару туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады. 

 

153-бап. Қарсы талап қою

1. Жауапкер істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін бастапқы талап қоюмен бірге қарау үшін талапкерге қарсы талап қоюға құқылы.  Қарсы талап қою, қарсы талапты кері қайтару, оны қабылдаудан бас тарту осы Кодекстің 151, 152 және 153-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.

2. Егер жауапкер істі дайындау сатысында істі сот талқылауына дайындау уақыты мен орны туралы тиісті  түрде хабарланбауы себебінен сот талқылауына қатыспаса, сот талқылауы барысында қарсы талап қою қабылдануы мүмкін.

 

154-бап. Қарсы талап қоюды қабылдау шарттары

1. Егер: 

1) қарсы талап қою алғашқы талап қоюдың есебіне бағытталса; 

2) қарсы талап қоюды қанағаттандыру бастапқы талап қоюды  толық немесе ішінара қанағаттандыруды жоққа шығаратын болса; 

3) қарсы талап қою мен бастапқы талап қоюдың арасында өзара байланыс болса, оларды бірге қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға әкелсе, судья қарсы талап қоюды қабылдайды.

 

 

15-тарау. ТАЛАП ҚОЮДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

 155-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудің негіздері

1.  Іске қатысушы тұлғалардың, төрелік немесе аралық талқылау тараптарының арызы бойынша сот істің қандай жағдайында болмасын, егер осындай шараларды қабылдамау соттың шешімін орындауды қиындатса немесе оны орындауды мүмкін етпейтіндей болса, талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдай алады.

Аралық немесе төрелік талқылау тараптары талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызға аралық немесе төрелік сотқа талап қоюды растайтын құжатты қоса беруге тиіс.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына, сондай-ақ банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын банк холдингіне және (немесе) олардың мүлкіне қатысты олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) олардың қосымшаларының қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауланып отырған құқықтық актісінің, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді.

Салық тексерулерін жүргізу үшін негіз болып табылатын мемлекеттік кіріс органдарының дауланып отырған құқықтық актісінің қолданылуын тоқтата тұру түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауға жол берілмейді.

 

156-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары

1. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар: 

1) жауапкерге тиесілі және оның өзінде немесе басқа да адамдарда болатын мүлікке (банктің корреспонденттік шотында тұрған ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың ашық сауда-саттықтар әдісімен сауда жүйелерінде жасасқан репо операциялары бойынша нысана болып табылатын мүлікке, сондай-ақ жалақы сомалары түсетін банк шоттарында тұрған ақшаға тыйым салуды қоспағанда) тыйым салу болуы мүмкін.

Міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (олар бойынша өсімпұлдарға), зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға жол берілмейді.

Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасының және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар бойынша Үкіметтің Қазақстан Республикасының аумағында, шетел мемлекетінің орталық банктерінің банк шотында тұрған ақшаға тыйым салуға жол берiледi.

Жауапкерге тиесілі және банкте тұрған ақшаға тыйым салу түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымда тыйым салынатын ақша сомасы көрсетілуге тиіс. Тыйым салынатын ақша сомасын талап қоюдың бағасын негізге ала отырып сот айқындайды; 

2) жауапкерге белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға тыйым салу; 

3) басқа адамдардың орындау мерзімі келген міндеттемелер бойынша мүлікті жауапкерге беруіне немесе заңнамалық актілерде немесе шартта көзделген өзге де міндеттемелерді жауапкерге қатысты орындауына тыйым салу; 

4) егер мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылса, тыйым салынған мүлікті сатуды тоқта тұру;

5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауланып отырған құқықтық актісінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) олардың қосымшаларының қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұру;

6) борышкер сот тәртібімен даулайтын атқарушылық құжат бойынша өндіруді тоқтата тұру;

7) кепіл нысанасын соттан тыс сату жөніндегі сауда-саттықтарды тоқтата тұру;

8) дауланып отырған актілерді және сот орындаушысының өндіріп алуды мүлікке аударумен байланысты атқарушылық іс жүргізуде жасайтын әрекеттерін тоқтата тұру болуы мүмкін.

2. Қажетті жағдайларда сот осы Кодекстің 155-бабының бірінші бөлігінде аталған мақсаттарға сай келетін, талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды қабылдауы мүмкін. Сот талап қоюды қамтамасыз етудің бірнеше шараларын қабылдауы мүмкін. Осы бапта көрсетілген тыйымдар бұзылған кезде кінәлі адамдар заңнамалық актілерде белгіленген жауапкершілікті көтереді. Бұдан басқа, талапкер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындамаудан келтірілген залалдарды осы адамдардан сот тәртібімен өндіруді талап етуге құқылы.

3. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары талапкердің мәлімдеген талабына сай болуға және үшінші тұлғалардың жария мүдделері мен мүдделерін бұзбауға тиіс. 

 

157-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау

1. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды, егер ол талап қою арызына қоса берілсе немесе бұл туралы талап қою арызында көрсетілсе, азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күні судья қарап, шешеді. Қалған жағдайларда талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья арыз сотқа келіп түскен күні шешеді.

2. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья іске қатысушы тұлғаларға, аралық немесе төрелік талқылау тараптарына хабарламай, сот отырысын өткізбей қарап, шешеді.

Судья арызды қараудың нәтижелері бойынша осы Кодекстің 156-бабында көзделген қамтамасыз ету шараларын немесе арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы көрсете отырып, талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығарады.

 

158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау

1. Сот:

1) мүлік туралы мәліметтер болмаған кезде  «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен борышкердің мүлкіне тыйым салу үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына;

2) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 6), 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына;

3) егер ұйғарым осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша шығарылса, жауапкерге;

4) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік органға немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына;

5) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген жағдайда кепіл ұстаушыға;

6) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда әділет органына немесе мүлікке шектеулі иелік етуді іске асыратын уәкілетті органға;

7) осы Кодекстің 156-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда жауапкердің дебиторына;

8) даулы мүлікке ауыртпалықты салу үшін тіркеуші органға оны дереу ұсыну үшін немесе қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхатты берген адамға;

9) жауапкерге тиесілі және банк шоттарында тұрған ақшаға тыйым салу үшін банктерге және банк ұйымдарына шоттардын номерлері мен нақтылы банк белгілі болған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды жібереді немесе табыс етеді.

2. Қамтамасыз ету шаралары қолданылған мүлік туралы мәліметтер болмаған жағдайда, соттың ұйғарымы орындау үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына жіберіледі.

Өздеріне ұйғарым жіберілген органдар мен адамдар талап қоюды қамтамасыз ету туралы сот ұйғарымының орындалуы туралы сот ұйғарымын орындау жөнінде қажетті әрекеттерді жасағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сотқа хабарлауға міндетті. Көрсетілген міндеттерді орындамау заңда көзделген жауаптылықтың туындауына әкеп соқтырады.

3. Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы мәселе бойынша атқару парағы жазылмайды.

 

159-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасын ауыстыру

1.  Іске қатысушы тұлғаның, төрелік немесе аралық талқылау тараптарының арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыруына болады.

2. Сот іске қатысушы тұлғаларға арызды қараудың уақыты мен орны туралы хабарлап, талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы мәселені осындай арыз түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шешеді, алайда олардың келмеуі осы мәселені қарауға кедергі болмайды.

3. Судья талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы ұйғарым шығарады.

Арызды қанағаттандырудан бас тарту кезінде сот бұрын таңдалып алынған талап қоюды қамтамасыз етудің шарасын ауыстыруға болмайтын дәлелдерді ұйғарымда көрсетеді.

 4. Жауапкер талап қою бағасына барабар соманы сот қабылдаған талап қоюды қамтамасыз ету шарасының орнына соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның  аумақтық бөлімшесінің депозитіне енгізуге құқылы.

 

160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасының күшін жою

 1. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот іске қатысушы адамның, төрелік немесе аралық талқылау тараптардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін.

 Судья іске қатысушы тұлғаларға арызды қараудың уақыты мен орны туралы хабарлап, талап қоюды қамтамасыз ету шарасының күшін жою туралы мәселені бес жұмыс күнінен кешіктірмей шешеді, алайда олардың келмеуі осы мәселені қарауға кедергі болмайды.

 2. Талап қоюдан бас тартылған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақталады. Алайда сот шешіммен бірге немесе оны қабылдағаннан кейін талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарым шығаруы мүмкін. Талап қою қанағаттандырылған кезде оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар сот шешімі орындалғанға дейін өзінің  қолданысын сақтайды. Қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы мәселе бойынша атқару парағы жазылмайды.

 3.  Қаржы ұйымын немесе банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын банк холдингін және (немесе) олар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта құрылымдауды жүргізген кезде олардың мүлкін қайта құрылымдау туралы істі қарайтын сот қаржы ұйымына немесе банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын банк холдингіне және (немесе) оның мүлкіне қатысты қайта құрылымдау жүргізу туралы шешім шығарылғанға дейін сот қабылдаған талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жоюға міндетті.

 

161-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша 

ұйғарымдарға шағым беру

1. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі  ұйғарымдарға апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

2. Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шағым берген адамға хабарланбай шығарылса, шағым беру мерзімі оған осы ұйғарым туралы белгілі болған күннен бастап есептеледі.

3. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға жеке шағым беру осы ұйғарымның орындалуын тоқтатпайды. 

4. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы немесе талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы ұйғарымға жеке шағым беру немесе наразылық келтіру ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.

5. Қабылданған ұйғарымға қатысты материал істен бөлініп алынып, жеке шағыммен бірге апелляциялық сатыдағы сотқа жіберіледі.

 

162-бап. Жауапкерге талап қоюды қамтамасыз ету кезінде келтірілген залалдарды өтеу

1. Сот талап қоюды қамтамасыз етуге жол бере отырып, талапкерден жауапкер үшін ықтимал болатын залалдарды қамтамасыз етуді талап етуі мүмкін. Ықтимал залалдарды қамтамасыз ету соттың ұйғарымында көрсетілген соманы уәкілетті органның депозитіне енгізу жолымен жүргізіледі.

2. Жауапкер талапты қанағаттандырудан бас тартылған шешім заңды күшіне енгеннен кейін, талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шара қабылдау туралы талапты мәлімдеген адамға оның арызы бойынша қабылданған шаралармен келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы.

 

16-тарау. ІСТІ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНА ДАЙЫНДАУ

 

163-бап. Істі дайындаудың міндеттері

1. Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданып және азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен істі сотта талқылауға дайындайды. 

 Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады және жасалуға тиіс әрекеттерді көрсетеді.

2. Азаматтық істі сот талқылауына дайындаудың міндеттері:

1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау; 

2) тараптардың құқықтық қатынастарын және сот басшылыққа алуға тиісті заңды анықтау; 

3) іске қатысатын тұлғалардың құрамы туралы мәселені шешу және оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарлау; 

4) әрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуы тиіс дәлелдемелерді анықтау;

5) тараптарды татуластыруға жәрдемдесу болып табылады. 

 

164-бап. Істі сот талқылауына дайындаудың мерзімдері

1.                Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, егер осы Кодексте және басқа да заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, талап арыз сот өндірісіне қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Алименттерді өндіру туралы, денсаулықтың зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты істерден басқа ерекше жағдайларда және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша бұл мерзім істі сот талқылауына дайындау үшін ұсынылған мерзім өткеннен кейін судьяның ұйғарымы бойынша қосымша бір ай мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін.

2. Істі сот талқылауына дайындау мерзімін ұзарту туралы ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.

 

165-бап. Судьяның істі сот талқылауына дайындау жөніндегі әрекеттері

1. Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сот талқылауына дайындау тәртібімен судья мынадай әрекеттерді жасайды:

1) талапкерден ол мәлімдеген талаптарды мәні бойынша жауап алады, одан ол даулап отырған фактілерді, жауапкер тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтайды, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер ұсынады, талапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

2) дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса тіркеп, жауапкер даулап отырған фактілерді көрсете отырып, талапкер мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді сот белгілеген мерзімде ұсынуды жауапкерге міндеттейді және жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін, пікірді ұсынбаудың құқықтық салдарын түсіндіреді;

3) егер жауапкер немесе іске қатысушы басқа да адамдар талап арызға қоса берілген құжаттарды алмағандарын сотқа мәлімдесе, сот олармен сотта таныстыруды қамтамасыз етеді, ал осы адамдардың өтінішхаты болған жағдайда талапкерді аталған құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндеттейді;

4) іске қатысушы адамдардың құрамы туралы, оның ішінде іске үшінші адамдардың қатысуы туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді алмастыру туралы мәселені шешеді;

5) тараптарға олардың дауды татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік  рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен шешу не дауды шешу үшін төрелікке не аралық сотқа жүгіну құқығын және олардың құқықтық салдарын түсіндіреді;

6) кәмелетке толмаған талапкердің немесе жауапкердің заңды өкілдеріне олардың істі соттылығы бойынша беру туралы өтінішхатпен баланың тұрғылықты (тұрған) жері бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа жүгіну құқығы түсіндіріледі;

7) істің шешілуіне мүдделі адамдарды сотқа талап арыздың түскені туралы хабардар етеді;

8) куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;

9) тараптың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатысуға тарту туралы мәселені шешеді;

10) тараптың өтінішхаты бойынша азаматтарды және заңды тұлғаларды істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар дәлелдемелерді ұсынуға міндеттейді, осы Кодекстің 73-бабының жетінші бөлігінде белгіленген құқықтық салдарды түсіндіреді;

11) кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, іске қатысушы адамдарды хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеріп қарайды;

12) сот тапсырмаларын жібереді;

13) талапкердің арызы бойынша ол берген талап арызды қайтару туралы ұйғарым шығарады;

14) іс үшін маңызы бар дәлелдемелерді уақытылы ұсынудың қажеттілігін, процесс негіздемесіз созылған жағдайда осы Кодекстің 73-бабының жетінші бөлігінде белгіленген құқықтық салдарды тараптарға және іске қатысушы басқа да адамдарға түсіндіреді;

15) егер тараптар арасында сотқа дейін реттеу тәртібімен партисипативтік рәсім жүргізілген жағдайда тарапты оны жүргізу барысында алынған құжаттарды және дәлелдемелерді ұсынуға міндеттейді;

16) істі дұрыс әрі уақытылы қарау және шешу үшін қажетті өзге де процестік әрекеттерді жасайды.

 

166-бап. Талап арызға пікір

1. Жауапкер талап арызға қатысты пікірге дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды, сондай-ақ жауапкер пікірдің көшірмелерін және оған қоса берілген құжаттарды талапкерге  және іске қатысушы басқа да адамдарға жібергені туралы құжаттарды қоса тіркеп, талап арызға пікірді сотқа ұсынады.

2. Пікір олармен сот отырысы басталғанға дейін танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей сот белгілеген мерзімде ұсынылады.

3. Талап-арызға пікірді талапкер мәлімдеген талапқа мүдделерінің қатысы бар іске қатысушы өзге адамдар да ұсынуға құқылы.

4. Пікірде:

1) талапкердің атауы, оның тұрған немесе тұрғылықты жері;

2) жауапкердің атауы, оның тұрған жері; егер жауапкер азамат болып табылса, онда оның тұрғылықты жері;

3) оларды негіздейтін дәлелдемелерге сілтеме жасала отырып, мәлімделген талаптардың мәні бойынша дәлелдер;

4) пікірге қоса ұсынылған құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

Пікірде істі дұрыс және уақтылы қарау үшін қажетті телефондар, факстердің нөмірлері, электрондық поштаның мекен-жайлары мен өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

5. Жауапкердің пікірді және дәлелдемелерді ұсынбауы істегі бар дәлелдемелер бойынша істі қарауға кедергі болмайды.

6.  Пікірге жауапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса беріледі.

Пікір электрондық құжат нысанында берілген кезде ол өндіріп алушының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжат нысанында берілетін арызға осы бапта көрсетілген құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса беріледі.

 

167-бап. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және ажырату

1. Егер талаптарды бөлек қарау анағұрлым дұрыс болса, судья талапкер біріктірген талаптардың біреуін немесе бірнеше талаптарды жеке іс жүргізуге бөліп шығара алады.

2. Бірнеше талапкер немесе бірнеше жауапкерге талап қойған кезде, егер судья мұндай талаптарды бөлек қарау анағұрлым дұрыс деп тапса, бір немесе бірнеше талаптарды жеке іс жүргізуге бөліп шығаруға құқылы.

3. Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын бірнеше ұқсас іс не бір талапкердің әр түрлі жауапкерге немесе әр түрлі талапкердің сол жауапкерге қойған талаптары бойынша бірнеше іс бар екенін анықтап, егер осындай біріктіруді орынды деп тапса, өзінің қарауы не тараптардың өтінішхаты бойынша осы істерді бірлесіп қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.

4. Бір талап екіншісінен бөлінгеннен кейін істі қарау мерзімі істі бөлінген талап бойынша сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі.

Істер бір іс жүргізуге біріктірілгеннен кейін істі қарау мерзімі бұрын мәлімделген талап бойынша істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі.

5. Бірнеше талап қоюды біріктіру немесе ажырату туралы ұйғарым шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымда көрсетілуі мүмкін.

 

 

168-бап. Істі сот талқылауына дайындаған кезде іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, қысқарту және арызды қараусыз қалдыру 

1. Осы Кодекстің 272, 273-баптарында, 277-бабының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында және 279-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 8), 9) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған кезде істі сотта қарауға дайындау кезінде іс бойынша іс жүргізу тоқтатыла тұруы немесе тоқтататылуы не арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін. 

2. Тараптарға мұндай процестік әрекеттердің салдары түсіндіріледі.

 

169-бап. Талап қоюдың нысанасын немесе негіздемелерін өзгерту, талап қою талаптарын көбейту немесе азайту

1.Талапкер істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін не қосымша процестік әрекеттерді жүргізу қажеттігі болмаған кезде сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы.

Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту немесе азайту туралы дауларды сотқа дейін реттеудің тәртібі сақталғаннан кейін, егер осындай тәртіп заңнамалық актілерде белгіленсе немесе шартта көзделсе, мәлімделуі мүмкін.

 2. Талап қоюдың нысанасы мен негіздемелерін бір мезгілде не кез келген ретпен өзгерту талапкердің жаңадан талап қоюын және талапкердің бұрын қойылған талап арыздан бас тартуын білдіреді, бұл бұрын берілген талап арыз бойынша іс жөніндегі іс жүргізуді тоқтатуға әкеп соғады. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалған жағдайда талап қоюдың нысанасы мен негіздемелерін бір мезгілде не кез келген ретпен өзгертуге жол беріледі.

3. Сот талап қоюдың нысанасын немесе негіздемелерін өз бастамасы бойынша өзгертуге құқылы емес.

 

170-бап. Талапкердің  талап қоюдан бас тартуы

1. Талапкер істі сот талқылауына дайындау кезінде немесе сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдан бас тартуға құқылы.

2. Сот талап қоюдан бас тарту қабылданғанға дейін талапкерге немесе тараптарға тиісті процестік әрекеттердің салдарын түсіндіреді.

3. Талап қоюдан бас тарту қабылданған жағдайда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады, ол апелляциялық және  кассациялық сатылардағы соттарға шағымдануға және наразылық білдіруге жатуы мүмкін.

4. Сот талапкердің талап қоюын осы Кодекстің 48-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздемелер бойынша қабылдамаған жағдайда немесе осы баптың бірінші бөлігінің талаптары сақталмаған жағдайда сот істі мәні бойынша қарауды жалғастырады және талап қоюдан бас тартудың қабылданбау себептері туралы соттың шешімінде немесе қаулысында көрсетеді.

 

171-бап. Жауапкердің талап қоюды мойындауы

1. Жауапкер талап қоюды істі сот талқылауына дайындау кезінде немесе сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы толық немесе бөлігінде мойындауға құқылы.

 2. Жауапкердің талап қоюды мойындауы сотты дәлелдемелерді зерттеу міндетінен босатады. Талап қоюдың  бөлігі мойындалған жағдайда дәлелдемелерді зерттеу жауапкердің талап қоюды мойындамаған бөлігінде ғана жүргізіледі. 

3. Сот талап қоюды мойындау қабылданғанға дейін талапкерге, жауапкерге немесе тараптарға тиісті процестік әрекеттердің салдарын түсіндіреді.

4. Жауапкердің осы Кодекстің 48-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша талап қоюдың толық немесе бөлігін мойындауын қабылдау туралы не осындай мойындауды қабылдамауы туралы сот шешімінде немесе қаулысында көрсетіледі.

 

172-бап. Алдын ала сот отырысы

1. Тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдардың істі сот талқылауына дайындау, сотқа жүгіну мерзімдерін өткізіп алу фактілерін және талап қою мерзімдерінің өтуін зерттеу кезінде жасаған өкімдік әрекеттерін процестік тұрғыдан бекіту мақсатында істі сот талқылауына дайындау жүргізудің нәтижелері бойынша алдын ала сот отырысы өткізіледі.

2. Тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдар алдын ала сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады. Шақырылған адамдардың біреуінің келмеуі алдын ала отырысты өткізуге кедергі болмайды.

3. Сот алдын ала сот отырысы барысында істің мән-жайларын тараптармен талқылайды, сұрақтар қояды, даулы құқықтық қатынастардың сипаты мен тараптардың бітісуіне ықпал ететін мән-жайларды анықтайды. Қатысушы тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдар тыңдалуға тиіс.

4. Судья істі сот талқылауына дайындау үшін тағы талап етілетін барлық іс-шараларды осы Кодекске сәйкес қабылдайды. Судья айрықша жағдайларда аса күрделі істер бойынша істі сот талқылауына дайындау мерзімін осы Кодекстің талаптарына сәйкес ұзартады. 

5. Егер жауапкер талап қоюды бұрын белгіленген мерзімде ұсынбаса немесе пікірді талап қоюдың барлық талаптары мен негіздері бойынша ұсынбаса, сот талап қоюға жазбаша пікір беру үшін мерзім белгілейді. Соттың талап етуі бойынша пікір тікелей алдын ала сот отырысына ұсынылады. 

6. Талап қою мерзімін немесе сотқа жүгіну мерзімін дәлелсіз себептермен өткізіп алған жағдайда судья іс бойынша өзге де нақтылы мән-жайларды зерттемей, талап қоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Мерзімді өткізіп алу фактісі талапкердің өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхатының немесе жауапкердің талап қою мерзімін қолдану туралы өтінішхатының негізінде белгіленеді.

7. Сот талап қоюды осы Кодекстің 171-бабында белгіленген тәртіппен тану кезінде судья іс бойынша мән-жайларды зерттеместен, талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім қабылдайды.

8. Осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде іс бойынша іс жүргізу алдын ала сот отырысында тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы, арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.

9. Сот отырысының хаттамасы осы Кодекстің 281-бабының екінші бөлігінде көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.

10. Осы Кодексте міндетті түрде қатысу белгіленген істер бойынша прокурор алдын ала сот отырысына қатысады.

 

173-бап. Істі сот талқылауына тағайындау

Судья істі дайын деп танып, оны сот отырысында талқылауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады, тараптарды және іске  қатысушы басқа адамдарды да істің қаралатын орны мен уақыты туралы хабарландырады.

Осы Кодекстің 198-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тағайындалған сот талқылауын ауыстыруға, әдетте, жол берілмейді.

 

17-тарау. ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ

 

174-бап. Тараптардың татуласуы

1. Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға ықпал етеді.

2. Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бөлігінде реттей алады.

3. Татуласу рәсімін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы Кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден өзге талап қою бойынша іс жүргізудің кез келген ісі бойынша берілуі мүмкін. 

 

175-бап. Татуласу келісімін жасау

1. Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттардың кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін кез келген уақытта, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.

2. Татуласу келісімінде басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және заңға қайшы келмеуге тиіс.

3. Татуласу келісімін сот бекітеді.

 

176-бап. Татуласу келісімінің нысаны мен мазмұны

1. Татуласу келісімі жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың сенімхатта арнайы көзделген өкілдері татуласу келісімін жасауға өкілеттіктері болған кезде қол қояды.

2. Татуласу келісімінде оларды орындау мерзімі мен тәртібі  көрсетіле отырып, тараптар келіскен шарттарды қамтуы тиіс.

3. Татуласу келісімін кейінге қалдыру шартымен жасауға жол берілмейді.

4. Татуласу келісімінде кейінге қалдыру немесе ұзарту мерзімдері көрсетіле отырып, жауапкердің міндеттемелерді орындауын кейінге қалдыру немесе ұзарту, талап ету құқығын басқаға беру, борышты толық немесе ішінара кешіру не мойындау, сот шығыстарын бөлу,  татуласу келісімін мәжбүрлеп орындау шарттары және заңға қайшы келмейтін өзге де шарттар туралы қамтылуы мүмкін.

Егер татуласу келісімінде сот шығыстарын бөлу туралы шарт болмаса, олар өзара өтелді деп есептеледі.

5. Татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан адамдардың санынан бір дана артық жасалады және оған қол қойылады. Татуласу келісімін бекіткен сот осы  даналардың біреуін іс материалдарына қоса тіркейді.

 

177-бап. Соттың татуласу келісімін бекітуі

1. Сот тараптардың татуласу келісімін бекітуі туралы өтінішхатын сот отырысында қарайды. Іс жүргізуге қатысушы адамдар сот отырысының өтетін орны мен уақыты туралы хабарландырылады.

Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған тараптар сот отырысына келмеген және өтінішхатты олардың қатысуынсыз қарау туралы арыз болмаған жағдайда, сот татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатты қарамайды.

2. Сот татуласу келісімін жасаудың құқықтық салдарын татуласу келісімі бекітілгенге дейін тараптарға түсіндіреді.

3. Сот қараудың нәтижелері бойынша татуласу келісімін бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату немесе татуласу келісімін бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

4. Егер татуласу келісімі заңға қайшы келсе немесе басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді. Сот татуласу келісімін бекітуден бас тартқан жағдайда бұл туралы ұйғарым шығарады, ол ұйғарым шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы уәждер апелляциялық шағымда көрсетілуі мүмкін.

5. Соттың татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымында:

1) татуласу келісімін бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату;

2) татуласу келісімінің шарттары және оны орындау мерзімдері;

3) осы Кодекстің 176-бабының төртінші бөлігінің қағидаларына сәйкес сот шығындарын бөлу;

4) талапкерге оған бюджеттен төлеген мемлекеттік бажды қайтару көрсетіледі.

6. Сот актісін орындау сатысында жасалған татуласу келісімі сот актісі орындалатын жердегі бірінші сатыдағы соттың немесе аталған сот актісін қабылдаған соттың бекітуіне ұсынылады.

7. Татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымға апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттарға шағымдануы және наразылық білдірілуі мүмкін.

 

178-бап. Татуласу келісімін орындау

1. Татуласу келісімін оны жасасқан адамдар осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде ерікті түрде орындайды.

2. Ерікті түрде орындалмаған татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан адамның өтінішхаты бойынша соттың берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

 

179-бап. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу

1.                Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты беруге құқылы.

Тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхаты, егер бұл қосымша процестік әрекеттерді және істі қарауды тоқтата тұруды талап етпесе, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы  соттарда берілуі мүмкін. Тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттардағы өтінішхатпен бір мезгілде ұсынуға тиіс.

2. Медиатор медиацияны жүргізу туралы өтінішхатты берген және тараптардың медиатормен жасасқан шарты бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға ұсынылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 272-бабының 7) тармақшасына сәйкес бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

3. Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы судья медиацияны өткізу туралы өтінішхатты берген кезде сот іс бойынша іс жүргізуді осы Кодекстің 273-бабының 7) тармақшасына сәйкес он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.

4. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны ісі іс жүргізуде жатқан судья өткізуі мүмкін.

Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс әдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі.

5. Медиацияны өткізетін судья медиация өткізілетін күнді тағайындайды және тараптарға оның өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды. Сотта медиация «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Кодексте белгіленген ерекшеліктерге сәйкес өткізіледі.

Сот тараптардың өтінішхаты бойынша медиация рәсімін осы баптың үшінші бөлігінде белгіленген мерзім шегінде кейінге қалдыруға және егер басқа адамдардың қатысуы дауды (жанжалды) реттеуге ықпал етсе оларды медиацияға шақыруға құқылы.

6. Сотта медиацияны өткізу хаттамасы жүргізілмейді.

7. Егер дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалған жағдайда, ол сот актісінің орындалатын орны бойынша бірінші сатыдағы сотқа немесе аталған сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады.

 

180-бап. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және оны орындау

1. Іс іс жүргізуінде жатқан судья (сот құрамы) дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді және оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.

2. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, осы келісімді бекіту туралы ұйғарым «Медиация туралы» Заңның талаптарына және осы Кодекстің 176, 177-баптарына сәйкес болуға тиіс.

3. Егер тараптар медиация тәртібімен келісімге қол жеткізбесе немесе келісімнің шартын сот бекітпесе, істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі.

4. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы сот бекіткен келісімді орындау осы Кодекстің 178-бабында белгіленген татуласу келісімін орындау қағидалары бойынша жүргізіледі.

 

181-бап. Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу

1. Тараптар осы Кодекстің 179-бабында көзделген қағидалар бойынша  соттар кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.

2.  Партисипативтік рәсім екі тарап адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.

 

182-бап. Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім  және оны орындау

1. Іс жүргізуінде іс жатқан судья (сот құрамы) дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді және осы Кодекстің 177-бабына сәйкес оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.

2. Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім, осы келісімді бекіту туралы ұйғарым осы Кодекстің 176, 177-баптарының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

3. Егер тараптар партисипативтік рәсім тәртібімен келісімге қол жеткізбесе немесе сот келісім шартын бекітпесе, істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі.

4. Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы сот бекіткен келісімді орындау осы Кодекстің 178-бабында белгіленген татуласу келісімін орындау қағидалары бойынша жүргізіледі.

 

18-тарау. СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ

 

183-бап. Бірінші сатыдағы соттың азаматтық iстердi қарау және шешу мерзiмдерi

1. Азаматтық істі қарау мерзімі оның нақты күрделілігіне және іске қатысушы адамдардың мүдделеріне сәйкес келуге тиіс.

2. Азаматтық iстерді сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде қарайды және шешедi.

Жұмысқа қайтадан алу, әке болуды анықтау және алимент өндiру туралы азаматтық істер, сондай-ақ ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу істерін сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір айға дейiнгi мерзiмде қарайды және  шешедi.  Ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істер талап арыз сотқа түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі. Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексерудің қорытындылары бойынша шешімдерін, қорытындыларын, нұсқамаларын даулау туралы істер істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі.

3. Осы Кодексте азаматтық iстердiң жекелеген санаттары үшін оларды қараудың және шешудің өзге де мерзiмдері белгiленуi мүмкiн.

4. Қарсы талап қойылған істерді қарау және шешу мерзімі негізгі талап қою бойынша істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі.

5. Негізгі істен бөліп алынған істі, сондай-ақ бірлесіп қарау үшін бір іске біріктірілген істерді қарау және шешу мерзімі осы Кодекстің 167-бабының төртінші бөлігіне сәйкес есептеледі.

6. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен соттың ұйғарымына шағымданған кезде, талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға шағымдану жағдайларын қоспағанда, істі жоғары сатыдағы сотқа жіберген кезден бастап  ол бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуіне түскенге дейін істі қарау және шешу мерзімі үзіледі.

 

184-бап. Сот отырысы

Сот азаматтық істі талқылауды іске қатысушы адамдарды міндетті түрде хабарландыра отырып сот отырысында жүргізеді.

 

 

 

185-бап. Сот отырысында төрағалық етушi

1. Төрағалық етушiнiң мiндетiн судья атқарады. Төрағалық етушi азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарына сәйкес процестік әрекеттер жасаудың сабақтастықтығы мен тәртiбінiң сақталуын, процеске қатысушылардың процестік құқықтарын жүзеге асыруын және олардың процестік міндеттерін орындауын, процестің  тәрбиелiк ықпалын қамтамасыз ете отырып, отырыстың барысына басшылық жасайды.

2. Іске қатысатын адамдардың бiрi төрағалық етушiнiң процестік әрекеттерiне қарсылық бiлдiрген жағдайда, бұл сот отырысының хаттамасына енгiзiледi.

3. Төрағалық етушi сот отырысында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қабылдайды. Сот отырысында тәртіпті сақтау жөніндегі талаптар  сот отырысына қатысушы барлық адамдар және өкілдер, мамандар, сарапшылар, аудармашылар үшiн, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар үшiн мiндеттi.

Төрағалық етушінің сот отырысында тәртіпті сақтау жөніндегі талаптарды орындамауы осы Кодекстің 119 және 120-баптарының талаптарына сәйкес заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

186-бап. Сот талқылауының  тікелей және  ауызша болуы

1. Сот іс пен дауды қарау және шешу кезiнде iс бойынша дәлелдемелердi тiкелей зерттеуге міндетті.

Жазбаша іс жүргізу тәртібімен қаралатын істерді қоспағанда, сот тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың түсiнiктемелерiн, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелердi қарап шығуға, аудио жазбаларын тыңдауға және бейнежазбаларды, кино-, фотоматериалдарды көруге, ақпаратты түрлендірудің өзге де құралдарының материалдарымен танысуға мiндеттi. Қажет болған жағдайларда iс бойынша дәлелдемелердi зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсiндiрмелерiн тыңдайды.

2. Сот отырысында істi талқылау ауызша жүргiзiледi. Істі қарау процесінде судья алмастырылған жағдайда талқылау басынан бастап жүргізілуге тиіс.

3. Сот тараптардың, іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктемелерін, куәлердің айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауды бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асыра  алады. 

 

187-бап. Сот отырысындағы тәртiп

1. Судья сот отырысы залына кiрген кезде залдағы қатысып отырған адамдар орындарынан тұрады. Шешiм шығармай аяқталатын істегі сот шешiмiн немесе ұйғарымын сот отырысы залында қатысып отырғандар түрегеп тұрып тыңдайды.

2. Іске қатысушы адамдар мен сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар судьяға «Құрметті сот» деп жүгінеді.

Түсініктемелер мен айғақтарды, сұрақтар мен оларға жауаптарды процеске қатысушылар төрағалық етушінің рұқсатымен түрегеп тұрып береді. Бұл қағидадан ауытқуға төрағалық етушiнiң рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкiн.

3. Іске қатысушы адамдар, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар сот отырысы залындағы тәртіпті сақтауға міндетті.

 

 188-бап. Сот отырысындағы тәртiпті бұзушыларға қолданылатын  шаралар

1. Iстi талқылау кезiнде тәртiпті бұзған адамға төрағалық етушi соттың атынан ескерту жасайды.

2. Тәртiптi қайталап бұзған жағдайда iске қатысушы адам сот отырысының хаттамасына енгізілетін сот ұйғарымы бойынша сот талқылауының барлық уақытына немесе оның бiр бөлiгiне сот отырысы залынан шығарып жiберiлуi мүмкiн. Төрағалық етушi соңғы жағдайда сот отырысы залына қайта жiберiлген адамды ол жоқ кезде жасалған процестік әрекеттерiмен таныстырады. Сот отырысы залына қайта оралған адамдар өздері болмаған кезде зерттелген мән-жайлар бойынша түсініктеме беруге және іске қатысушы басқа адамдарға сұрақтар қоюға құқылы.

3.  Іске қатыспайтын және сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар қайталап тәртіп бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарып жіберіледі.

4. Iстi талқылау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртiп бұзған жағдайда сот iске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып, iстi жабық отырыста қарауы немесе iстi қарауды кейiнге қалдыруы мүмкiн. Істі жабық сот отырысында қарау және шешу туралы ұйғарым шығарылады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

5. Сот процеске қатысушы адам тарапынан тікелей сотта істі талқылау барысында сотты құрметтемеу фактісі анықталған кезде кінәлі адамға осы Кодекстің 120-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануға  құқылы.

6. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық (қылмыс) белгілері болса, бұл адам осы Кодекстің 120-бабында белгіленген тәртіппен қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

 

189-бап. Сот отырысын ашу

1. Iстi талқылау үшiн белгiленген уақытта төрағалық етушi сот отырысын ашады және қандай азаматтық iс қаралуға тиiс екенiн жариялайды.

2. Төрағалық етушi сот отырысында аудио- немесе бейнежазба құралдарын сот пайдаланған жағдайда бұл туралы хабарлайды.

Сот отырысының аудио- немесе бейнежазба құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда сот отырысының хатшысы бұл туралы сотқа баяндап, осы мәліметтерді сот отырысының хаттамасында көрсетеді.

 

190-бап. Процеске қатысушылардың келуiн тексеру

1. Сот отырысының хатшысы осы iс бойынша шақырылған адамдардан кiмнiң келгенiн, келмеген адамдарға хабар берiлгенін не берiлмегенiн және олардың келмеу себептерi туралы қандай мәлiметтердiң бар екенiн сотқа баяндайды.

2. Төрағалық етушi келгендердiң жеке басын анықтайды, сондай-ақ өкiлдердiң өкiлеттiктерiн тексередi.

 

191-бап. Аудармашыға оның мiндеттерiн түсiндiру

1. Төрағалық етушi аудармашыға сот жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмейтiн адамдардың түсiндiрмелерiн, айғақтарын, мәлiмдемелерiн, ал осы адамдарға iске қатысушы адамдар мен куәлардың түсiндiрмелерiнiң, айғақтарының, мәлiмдемелерiнiң, жария етiлетiн және iсте бар құжаттардың, аудио жазбаларының, сарапшылар қорытындыларының, мамандар консультацияларының, сондай-ақ судья өкiмдерiнiң, сот шығарған сот актілерінің мазмұнын аудару мiндетiн түсiндiредi.

2. Төрағалық етушi аудармашыға көрiнеу қате аударма жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген жауаптылық жөнiнде ескертедi. Аудармашының бұл туралы қолхаты сот отырысының хаттамасына қоса тiркеледi. Аудармашы сотқа келуден немесе өз мiндеттерiн орындаудан дәлелсіз себептермен жалтарған жағдайда, оған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн.

3. Осы баптың қағидалары сурдоаударма жасау дағдыларын меңгерген және сот процесіне қатыстырылған адамға қолданылады.

 

192-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығару

1. Келген куәлар сот отырысы залынан шығарылады.

2. Төрағалық етушi жауап алынған куәлардың жауап алынбаған куәлармен сөйлеспеуі үшін шаралар қолданады.

 

193-бап. Сот құрамын жария ету және қарсылық бiлдiру құқығын түсiндiру

1. Төрағалық етушi сот құрамын жариялайды, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы ретiнде кiмдердiң қатысып отырғанын  хабарлайды және iске қатысушы адамдарға олардың қарсылық бiлдiру құқығын түсiндiредi.

2. Қарсылықтарды бiлдiру үшiн негiздер, мәлiмденген қарсылықты шешу тәртiбi және осындай мәлiмдеулердi қанағаттандырудың салдары осы Кодекстiң 38, 39, 40, 41 және 42-баптарында айқындалады.

 

194-бап. Iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн  түсiндiру

Төрағалық етуші іске қатысушы адамдардың процестік құқықтары мен және міндеттерімен танысқандығына көз жеткізеді, ал таныспаған жағдайда оларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

Төрағалық етуші тараптарға дауды татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімімен, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімімен шешу немесе дауды заңда белгіленген басқа тәсілмен реттеу не дауды шешу үшін төрелік немесе аралық сотқа жүгіну құқығын және олардың құқықтық салдарын тараптарға түсіндіреді.

 

195-бап. Соттың iске қатысушы адамдардың өтiнiшхатын шешуi

Iске қатысушы адамдардың және өкiлдердiң iстi талқылауға байланысты мәселелер бойынша өтiнiшхаты iске қатысушы адамдардың пiкiрлерi тыңдалғаннан кейін шешіледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда соттың ұйғарымы шығарылады.

 

196-бап. Iске қатысушы адамдардың және өкiлдердiң сот отырысына келмеуінің салдары

1. Iске қатысушы адамдар сот отырысына келмеу себептерi туралы сотқа алдын ала хабарлауға және осы себептердiң дәлелдi екендiгiне дәлелдемелердi ұсынуға мiндеттi.

2. Iске қатысушы адамдардың қайсыбiрі сот отырысына келмеген жағдайда, олардың тиісінше хабарландырылғаны туралы мәлiметтер жоқ болса, iстi талқылау кейiнге қалдырылады.

3. Егер iске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабарландырылса, олардың келмеу себептерi тек дәлелдi деп танылған жағдайда ғана сот iстi талқылауды кейiнге қалдырады.

4. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабарландырылған iске қатысушы адамдардың қайсыбiрi келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептерi дәлелсiз деп танылса, сот iстi қарауға құқылы.

5. Сот істі осы Кодекстің 256-бабында көзделген негіздер бойынша сырттай iс жүргiзуде қарауға құқылы.

6. Тараптар соттан iстi олардың қатысуынсыз қарау және оларға шешiмнiң көшiрмелерiн жiберу туралы жазбаша нысанда өтiнуге құқылы.

7. Сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылған iске қатысушы адам өкiлiнiң келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды. Талапкердің, жауапкердің не үшінші адамның өтінішхаты бойынша оның өкiлiнің сот отырысына дәлелдi себептер бойынша келмеуiне байланысты сот iстi талқылауды кейiнге қалдыруы мүмкін.

 

197-бап. Сот отырысына куәнiң, сарапшының, маманның,  аудармашының келмеуінің салдары

1. Сот отырысына куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда сот iске қатысушы адамдардың iстi олар жоқта қарау мүмкiндiгi туралы пiкiрiн тыңдайды және сот талқылауын жалғастыру немесе оны кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.

2. Сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны алмастыру мүмкiн болмаса, сот iстi талқылауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.

3. Егер куә, сарапшы, маман немесе аудармашы сот отырысына сот дәлелдi емес деп таныған себептер бойынша келмесе, олар сотты құрметтемегені үшін осы Кодекстің 119 және 120-баптарында белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.

 

198-бап. Iстi талқылауды  кейiнге қалдыру

1. Егер сот іске қатысушы адамдардың қайсыбiрінің келмеуi, осы Кодекстің 73-бабының қағидалары бойынша қосымша дәлелдемелерді ұсыну немесе талап ету қажеттілігі, осы Кодекстің 153-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда қарсы талап қойылған кезде,  өзге де процестік әрекеттер жасау қажеттілігі салдарынан осы сот отырысында істі қарау мүмкін емес деп тапса, iстi талқылауды кейiнге қалдыруға жол беріледі.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарт бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының  уәкілетті органынан олардың осы баланы Қазақстан Републикасына заңсыз алып өткені немесе осы баланың Қазақстан Республикасында ұсталып отырғаны туралы арыз алынғаны туралы жазбаша хабарлама келіп түскен жағдайда сот бала туралы даумен байланысты істі талқылауды отыз күнге кейінге қалдыруға міндетті. Егер бала осы балаға қатысты қолданылуға жатпайтын, халықаралық шартта көрсетілген жасқа толмаған болса, хабарламаға арыздың көшірмесі қоса берілуге тиіс.

3. Iс кейiнге қалдырылған кезде iстiң жаңа сот отырысында қаралуын және шешiлуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн уақыт ескерiле отырып, жаңа сот отырысының күнi белгiленедi, бұл жөнiнде келген адамдарға қол қойдыру арқылы хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жiберiледi.

 

199-бап. Iстi талқылау кейiнге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу

 Істі талқылау кейінге қалдырылған кезде, егер тараптар сот отырысында қатысып отырса, сот келген куәлардан жауап алуға құқылы. Осы куәларды қажет болған жағдайда ғана жаңа сот отырысына екінші рет шақыруға  жол беріледі.

 

200-бап. Сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

Төрағалық етушi сарапшы мен маманға оның процестік құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертедi, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тiркеледi.

Маманға оның қажетті процестік әрекеттерді орындауда сотқа жәрдем көрсетудің процестік құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.

 

201-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың басталуы

Істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің талапкердің өзінің талаптарын қолдайтынын не қолдамайтынын талапкердің талаптарын жауапкердің мойындайтынын не мойындамайтынын және тараптардың істі татуласу келісімімен аяқтауды немесе істі төреліктің немесе аралық соттың қарауына беруді не дауды (жанжалды) медиация тәртібімен не партисипативтік  рәсім тәртібімен немесе заңда белгіленген басқа тәсілмен шешуді қалайтынын не қаламайтынын анықтауынан басталады. 

 

202-бап. Iске қатысушы адамдардың түсiнiктемелерi және дәлелдемелерді зерттеу тәртібін анықтау

1. Сот талапкердің және оның тарапынан қатысатын үшiншi адамның, олардың өкілдерінің, сондай-ақ жауапкердiң және оның тарапынан қатысатын үшiншi адамның, олардың өкілдерінің  түсiнiктемелерiн тыңдайды.

Осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне және 56-бабына  сәйкес талапкердің мүдделері үшін талап қойған адамдар істің мән-жайлары бойынша түсініктеме береді және дәлелдемелерді бірінші болып ұсынады.

Іске қатысушы адамдар төрағалық етуші белгілейтін тәртіппен және кезектілікпен бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы. Қойылатын сұрақтардың санына шектеу болмайды, бірақ төрағалық етуші талапкердің талаптары мен жауапкердің қарсылығы негізделген даудың нысанасы мен мән-жайларға қатысы жоқ сұрақтарды алып тастауға құқылы.

2. Іске қатысушы, дәлелді себептер бойынша сот отырысына келмеген адамдардың жазбаша түсініктемелерін, сондай-ақ осы Кодекстің 69, 71, 74, 75-баптарында көрсетілген тәртіппен алынған дәлелдемелерді төрағалық етуші жария етеді және сот отырысында зерттеледі.

3. Сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдап, олардың пікірлерін ескере отырып, өзге дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілейді.

4. Сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін осы адамдардың тұрған жеріндегі сот арқылы бейнеконференцбайланыс құралдарының немесе дәлелдемелердің көмегімен алуы, ал дәлелдемелерді зерттеуі  мүмкін.

 

203-бап. Айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар  бергені үшін  куәға жауаптылық туралы ескерту

1. Куәдан жауап алынғанға дейiн төрағалық етушi куәнiң жеке басын анықтайды, оның мiндеттерi мен құқықтарын түсiндiредi және оған айғақтар беруден бас тартқаны үшiн және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертедi. Куәға, оның ішінде он алты жасқа толмаған куәға өзіне, өзінің жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақтар, сондай-ақ діни қызметшілерге – тәубаға келу үстінде өзіне сырын ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тарту құқығы түсіндіріледі.

2. Он алты жасқа толмаған куәға судья оған iс бойынша болғанның бәрiн шынайы түрде айтып беру мiндетiн түсiндiредi, бiрақ оған айғақтар беруден бас тартқаны үшiн және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiлмейдi.

 

204-бап. Куәдан жауап алу тәртiбi

1. Әрбiр куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлi айғақтар бермеген куәлар iстi талқылау кезiнде сот отырысы залында қала алмайды.

2. Төрағалық етушi куәнiң iске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және куәға iс бойынша оның өзiне белгілінiң бәрiн сотқа хабарлауды ұсынады.

3. Ерікті нысанда айғақтар бергеннен кейiн куәға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Бiрiншi болып өзінің арызы бойынша куәні шақырған адам мен оның өкiлi, содан соң iске қатысушы басқа адамдар мен өкiлдер сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтiнде оған сұрақ қоюға құқылы.

4. Қажет болған жағдайда сот нақ сол немесе келесi отырыста куәдан екiншi рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшiн куәлар арасында беттестiру жүргiзе алады.

5. Егер сот ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә iстi талқылау аяқталғанға дейiн сот отырысы залында қалады.

 

205-бап. Куәнiң жазбаша материалдарды пайдалануы

1. Айғақтар қандай да бір цифрлармен немесе басқа деректермен байланысты болған кезде куә айғақ беру кезiнде жазбаша материалдарды пайдалана алады. Куә осы құжаттарды сотқа және iске қатысушы адамдарға ұсынады және ол iске қоса тiркелуi мүмкiн, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.

2. Куәға оның айғақтарына қатысты қолында бар құжаттарды жария етуіне рұқсат етiледi, олар іске қоса тiркелуi мүмкiн, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.

 

206-бап. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу

1. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жастан он алты жасқа дейінгі куәдан жауап алу сотқа шақырылатын педагогтың және оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Аталған адамдар төрағалық етушiнiң рұқсатымен куәға сұрақтар қоя алады, сондай-ақ куәнiң жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пiкiрiн айта алады.

2. Iстiң мән-жайын анықтау үшiн қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта iске қатысушы қандай да өзге адам сот отырысының хаттамасына енгізілетін соттың ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан шығарып жіберілуі мүмкiн. Осы адам отырыс залына қайта келгеннен кейін оған кәмелетке толмаған куәнiң айғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою мүмкiндiгi берiлуге тиiс.

3. Он алты жасқа толмаған куә, сот бұл куәнi сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады.

 

207-бап. Куәнiң айғақтарын жария ету

Куәлардың осы Кодекстiң 69, 71, 74, 75 және 199-баптарында көзделген тәртiппен жиналған айғақтары сот отырысында жария етiледi, iске қатысушы адамдар осыдан кейін  олар бойынша түсiнiктемелер беруге құқылы.

 

208-бап. Құжаттарды зерттеу

Осы Кодекстiң 74, 75-баптарында және 164-бабының 9) тармақшасында көзделген тәртiппен жасалған құжаттар немесе оларды қарап-тексеру хаттамалары сот отырысында жария етiледi және iске қатысушы адамдарға, өкiлдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетiледi. Іске қатысушы адамдар осыдан кейін құжаттар мен хаттамалардың мазмұны бойынша түсiнiктемелер бере алады.

 

209-бап. Азаматтардың жеке хат алысуын және телеграфтық хабарларын жария ету және зерттеу

Азаматтардың жеке хат алысу және жеке телеграфтық хабарламалар беру құпиясын қорғау мақсатында хат алысу мен телеграфтық хабарламалар тек хат алысқан немесе телеграфтық хабарламалар алысқан адамдардың келiсiмiмен ғана ашық сот отырысында жария етiлуi және зерттелуi мүмкiн. Осы адамдардың  жеке хат алысулары мен жеке телеграфтық хабарламалары жабық сот отырысында олардың келісімінсіз жария етiледi және зерттеледi. Іске қатысушы адамдар осыдан кейін түсiнiктемелер бере алады.

 

210-бап. Заттай дәлелдемелердi зерттеу

1. Сот заттай дәлелдемелердi қарайды және олар iске қатысушы адамдарға, өкiлдерге, ал қажет болған жағдайларда - сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетiледi. Заттай дәлелдемелер ұсынылған адамдар қарап-тексеруге байланысты қандай да бiр мән-жайларға сот назарын аудара алады, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.

2. Осы Кодекстiң 71, 75, 96, 97-баптарында және 165-бабының 9) тармақшасында көзделген тәртiппен жасалған заттай дәлелдемелердi қарап тексеру хаттамалары сот отырысында жария етiледi, iске қатысушы адамдар осыдан кейін түсiнiктемелер бере алады.

 

211-бап. Орнында қарап-тексеру

1. Сотқа ұсынылуы қиын немесе жеткiзуге болмайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелер тұрған орнында қарап тексеріледі және зерттеледi. Орнында қарап-тексеру туралы сот ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

2. Қарап-тексеру уақыты мен орны туралы iске қатысушы адамдарға, олардың өкiлдерiне хабарланады, алайда олардың келмеуi қарап-тексеру  жүргiзуіне кедергi болмайды. Қажет болған жағдайларда сарапшылар, мамандар және куәлар шақырылады.

3. Қарап-тексерудің нәтижелерi сот отырысының хаттамасына енгiзiледi. Хаттамаға қарап-тексеру кезiнде жасалған немесе тексерiлген жоспарлар, схемалар, сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ қарап-тексеру кезiнде жасалған құжаттардың және заттай дәлелдемелердiң фотосуреттерi, бейнежазбалар мен киноматериалдар қоса тiркеледi.

 

212-бап. Аудио жазбаларын тыңдау, бейнежазбаларды,  фото және киноматериалдарын көрсету және оларды зерттеу

1. Жеке сипаттағы аудио жазбаларын тыңдау, бейнежазбаларды, фото және киноматериалдарды көрсету, сондай-ақ оларды зерттеу кезiнде осы Кодекстiң 65-бабында көзделген қағидалар қолданылады. Аудио жазбаны тыңдау, бейнежазбаны, фото және киноматериалдарын көрсету сот отырысы залында не осы мақсат үшiн арнайы жабдықталған үй-жайда жүргiзiледi, сот отырысының хаттамасында материалдың ерекше белгiлерi және жария ету уақыты көрсетiледi. Осыдан соң сот iске қатысушы адамдардың түсiнiктемелерiн тыңдайды.

2. Қажет болған жағдайда аудио жазбасын тыңдау және бейнежазбаны, фото және киноматериалдарын көрсету толығымен немесе олардың қандай да бір бөлiктерi қайталануы мүмкiн.

3. Аудио және бейнежазбалардағы, фото және киноматериалдардағы мәлiметтердi анықтау мақсатында сот маманды тартуы, сондай-ақ сараптама тағайындауы мүмкiн. 

 

213-бап. Сарапшының қорытындысын зерттеу

1. Сарапшының қорытындысы сот отырысында жария етiледi. Қорытындыны түсiндiру және оны толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкiн.

2. Арызы бойынша сараптама тағайындалған адам және оның өкiлi бiрiншi болып, ал iске қатысушы басқа адамдар мен өкiлдері сарапшыға содан соң сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптаманы жүргiзу тапсырылған сарапшыға бiрiншi болып талапкер мен оның өкiлi сұрақтар қояды. Сот сарапшыға одан жауап алудың кез келген сәтiнде сұрақтар қоюға құқылы.

3. Осы Кодекстiң 90-бабында көзделген жағдайларда сот қосымша немесе қайта сараптама тағайындауға құқылы.

 

214-бап. Маманның консультациясы (түсiндiрмесi)

1. Арнайы зерттеулер жүргiзу талап етiлмейтiн жағдайларда маман coтқa ауызша немесе жазбаша түрде консультация (түсiндiрме) бередi.

Маманның жазбаша нысанда берген консультациясы іске тіркеледі және сот отырысында жарияланады және зерттеледі. Ауызша кеңес тiкелей сот отырысының (процестік әрекетінің) хаттамасына енгiзiледi.

2. Консультацияны түсiндiру және толықтыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Арызы бойынша маманды қатыстырған адам және оның өкiлi бiрiншi болып, ал содан соң iске қатысушы басқа адамдар және өкiлдер сұрақтар қояды. Сот қатыстырған маманға бiрiншi болып талапкер және оның өкiлi сұрақ қояды. Сот маманға кез келген сәтте сұрақтар қоюға құқылы.

 

215-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару  органдарының қорытындылары

Осы Кодекстiң 56-бабының негiзiнде сот iске қатысуға жiберген мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жазбаша қорытындылары сот отырысында жарияланады және зерттеледі. Сот, сондай-ақ iске қатысушы адамдар мен олардың өкiлдері қорытындыларды түсiндiру және толықтыру мақсатында осы органдардың уәкiлеттi өкiлдерiне сұрақтар қоя алады.

 

216-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың аяқталуы

Барлық  дәлелдемелер зерттелгеннен  кейiн судья iске қатысушы адамдар мен өкiлдерден толықтырулардың бар-жоғын анықтайды. Төрағалық етуші мұндай мәлiмдеулер болмаған жағдайда iстi зерттеу аяқталды деп жариялап, содан кейін  сот жарыссөздеріне көшеді.

 

217-бап. Сот жарыссөздерi

1. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдардың және олардың өкілдерінің сөздерінен тұрады.

Сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы емес.

2. Алдымен талапкер мен оның өкiлi, ал содан кейін - жауапкер мен оның өкiлi  сөйлейдi.

3. Басталып кеткен сот отырысында даудың нысанасы бойынша дербес талап қойған үшiншi адам мен оның өкiлi тараптар мен олардың өкiлдерiнен кейiн сөйлейдi. Даудың нысанасы бойынша өз бетiнше талаптар қоймаған үшiншi адам мен оның өкiлi талапкерден немесе үшiншi адам iске қатысатын жақтағы жауапкерден кейiн сөйлейдi.

4. Прокурор, мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлдерi және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiнген заңды адамдар мен азаматтар сот жарыссөздерiнде соңында  сөйлейдi.

 

218-бап. Репликалар

Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөйлеп болғаннан кейін олар айтылған сөздерге байланысты сөз сөйлей алады. Соңғы реплика құқығын үнемi жауапкер мен оның өкiлi иеленедi.

 

219-бап. Прокурордың қорытындысы

Іс бойынша тарап болып табылмайтын және осы Кодекстiң 54-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тәртіппен процеске қатысқан прокурор сот жарыссөздері аяқталғаннан кейін тұтастай алғанда, даудың мәні бойынша жазбаша қорытынды береді, ол азаматтық істің материалдарына қоса тіркеледі.

 

220-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың қайта басталуы

1. Егер сот істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау қажет деп тапса, ол істі мәні бойынша қайта жалғастыру туралы сот жарыссөздері уақытында немесе одан кейін не кеңесу бөлмесінен шығысымен хабарлайды. Істі мәні бойынша қарауды жалғастыру туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот қайтадан  жарыссөздерді, ал прокурордың қорытындысын осы Кодекстің 217-бабында көзделген жағдайда да тыңдайды.

 

221-бап. Соттың шешiм шығару үшiн шығып кетуi

Сот жарыссөздерiнен кейiн, ал осы Кодекстiң 219-бабында көзделген жағдайда, прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот актісін шығару үшін сот кеңесу бөлмесiне кетедi, төрағалық етушi бұл туралы сот отырысы залындағы адамдарға жариялайды және сот шешімі жария етілетін уақыт туралы хабарлайды.

 

222-бап. Шешiмдi жария ету

1. Соттың шешiмi қабылданғаннан және оған қол қойылғаннан кейiн судья сот отырысы залында сот шешiмiнiң қарар бөлiгiн жария етедi.

2.  Төрағалық етуші шешімнің қарар бөлігі жария етілгеннен кейін шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді, шешімнің түпкілікті нысаны дайын болатын және іске қатысушы адам шешімнің көшірмесін алатын күнді жариялайды.

3. Төрағалық етушi осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер жасалғаннан кейiн сот отырысын жабық деп жариялайды. 

 

19-тарау. СОТТЫҢ ШЕШІМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

223-бап. Шешiм шығару

1. Iстi мәнi бойынша шешетiн бiрiншi сатыдағы соттың сот актісі шешiм нысанында шығарылады. 

2. Шешiм кеңесу бөлмесiнде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ жұмыс күнi iшiнде сот (судья) кеңесу бөлмесiнен шығып демалу үшiн үзiлiс жасауға құқылы. 

3. Шешім іс талқыланғаннан кейін дереу шығарылады. Дәлелді шешімді жасау кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ шешімнің қарар бөлігін сот істі талқылау аяқталған отырыста жария етуге тиіс. Шешімнің жария етілген қарар бөлігіне судья қол қоюға және ол іс материалдарына қоса тіркелуге тиіс.

4. Түпкілікті нысандағы дәлелді шешім бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шешімнің қарар бөлігі жарияланғаннан кейін дайындалуы мүмкін.

 

224-бап. Шешiмнiң заңдылығы және негiздiлiгi

1. Сот шешiмi заңды және негiздi болуға тиiс.

2. Сот шешiмдi тараптар ұсынған және сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негiздейдi.

 

225-бап. Шешiмді шығару кезінде шешiлетiн мәселелер

1. Шешiмді шығарған кезде сот дәлелдемелерді бағалайды, iс үшiн маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенiн, осы iс бойынша қандай заң қолданылуға тиiс екенiн және мәлімделген талаптың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды.

2. Сот істі талапкер мәлімдеген талаптар шегінде шешеді.

3. Сот кеңесу бөлмесіне кеткеннен кейін iс үшiн маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтауды немесе дәлелдемелердi қосымша зерттеудi қажет деп тапса, iстi мәнi бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Сот iстi мәнi бойынша қарау аяқталғаннан кейiн сот жарыссөздерiн, ал осы Кодекстiң 217-бабында көрсетілген жағдайда прокурордың қорытындысын да қайта тыңдайды.

 

 

226-бап. Шешiмнiң мазмұны

1. Шешiм Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.

2. Шешiм кiрiспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөлiктерiнен тұрады.

3. Шешiмнiң кiрiспе бөлiгiнде шешiмнiң шығарылған күнi мен орны; шешiм шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; тараптар; iске қатысушы басқа адамдар және өкiлдер; даудың нысанасы немесе мәлiмделген талап көрсетiледi.

4. Шешiмнiң сипаттау бөлiгiнде талапкердің талап қоюының, жауапкердің түсініктемелерінің және iске қатысушы үшінші тұлғалардың түсініктемелерінің қысқаша мазмұны, олар дәлелдерін негіздеген дәлелдемелер көрсетіле отырып, баяндалуға тиіс.

5. Шешiмнiң уәждеу бөлiгiнде қысқаша iстiң сот анықтаған мән-жайлары; соттың құқықтар мен міндеттер туралы қорытындылары негізделген дәлелдемелері; соттың белгілі бір немесе өзге дәлелдемелерді қабылдамау негіздері  және сот басшылыққа алған заңдар көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың мойындалғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.

6. Шешiмнiң қарар бөлiгiнде соттың талапты қанағаттандыру немесе талапты қанағаттандырудан толық немесе бөлігінде бас тарту туралы қорытындысы; сот шығындарын бөлу, шешімге шағым беру мерзімі мен тәртібі, сондай-ақ өзге де қорытындылар қамтылуға тиіс.

7. Сот шешімді орындаудың белгілі бір тәртібі мен мерзімін белгілеген немесе шешімді дереу орындауға жіберген немесе оның орындалуын қамтамасыз етуге шаралар қолданған жағдайда, бұл туралы шешімде көрсетіледі.

8. Судья шешімді жазбаша түрде жазады және оған қол қояды.

 

227-бап. Мемлекеттік органдардың,  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің әрекеттерi (әрекетсiздiгi) мен шешiмдерiнің заңдылығын даулау туралы арыз бойынша шешім

1. Сот мемлекеттік органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің әрекеттерi (әрекетсiздiктерi) мен шешімдерінің заңсыздығы туралы арызды негізделген деп танып, осы арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Шешімде осы әрекеттің (әрекетсіздіктің), шешімнің қандай заңнамалық актілерге қайшы келетіндігі, сот шешімі орындалуға тиіс мерзім көрсетіледі. 

Сот мемлекеттік органды, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органын, қоғамдық бірлестікті, ұйымды, лауазымды адам мен  мемлекеттік қызметшіні жол берілген бұзушылықты толық көлемінде жоюға және азаматтың немесе заңды тұлғаның бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге, адамға қолданылған жауаптылық шараларының күшін жоюға не бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді өзге де тәсілмен қалпына келтіруге міндеттейді.

2. Сот арызды қарау кезінде дауланып отырған әрекеттің (әркетсіздіктің) жасалғанын, шешімнің құзыретке және заңнамға сәйкес қабылданғанын анықтаса,  оны қанағаттандырудан бас тартады.

 

228-бап. Нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы арыз бойынша шешім

1. Сот нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы арызды негізделген деп тани отырып, арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Шешімде дауланып отырған нормативтік құқықтық актінің қай заңнамалық актілерге және қай бөлігінде қайшы келетіні және нормативтік құқықтық актіні толық немесе оның жекелеген бөлігін акт қабылданған кезден бастап жарамсыз деп тану туралы көрсетіледі.

2. Соттың нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімі немесе ол туралы хабарлама нормативтік құқықтық акт жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында оны қабылдаған (шығарған) органның қаражаты есебінен жариялануға тиіс. Жариялау соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.

3. Сот арызды негізсіз деп тани отырып, оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

 

229-бап. Ақша сомаларын өндiрiп алу туралы шешiм

Сот ақша сомаларын өндiрiп алу туралы шешiм шығара отырып, шешiмнiң қарар бөлiгiнде өндiрiлетiн ақша сомасының мөлшерiн сөздермен және цифрмен валюта түрiн және ақша өндіру туралы шешім қай тараптың пайдасына шығарылғанын көрсетедi.

 

230-бап. Шартты жасасу немесе өзгерту туралы шешiм

Шартты жасасу немесе өзгерту кезiнде туындаған дау бойынша қарар бөлiгiнде шарттың әрбiр даулы жағдайы бойынша шешiм көрсетiледi, ал шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы дау бойынша шарттың түрi және тараптар шарт жасасуға мiндеттi талаптар көрсетiледi.

 

231-бап. Мүлiктi немесе оның құнын алып беру туралы шешiм

Мүлiкті заттай алып берген кезде сот шешiмде оның жеке белгілі бір белгiлерiн және, егер шешiмдi орындау кезiнде алып берiлетiн мүлiк болмай қалса, жауапкерден өндiрiлуге тиiс мүлiктiң құнын көрсетедi.

 

 

232-бап. Жауапкердi белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн шешiм

1. Сот жауапкердi мүлiк немесе ақша сомаларын берумен байланысты емес белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн шешiм шығарған кезде азаматтың, заңды тұлғаның бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін жауапкер жасауға міндетті әрекеттер мен оларды жасау уақытын көрсетеді.

Шешімнің қарар бөлігінде сот шешімі орындалмаған жағдайда, талапкер бұл әрекеттерді жауапкерден келтірілген шығыстарды өндіріп ала отырып өз бетінше жүргізуге құқылы екендігі көрсетіледі.

2. Егер сот шешімінде көрсетілген әрекеттердi тек жауапкердің жасауы мүмкін болса, сот шешiмнің орындалуға тиіс мерзiмiн белгілейді.

 

233-бап. Бiрнеше талапкердің пайдасына немесе бiрнеше жауапкерлерге қарсы шешiм

1. Бiрнеше талапкердің пайдасына шешiм шығарған кезде сот шешiмнiң қарар бөлігінде олардың әрқайсысына қандай бөлігі қатысты екенiн немесе өндiрiп алу құқығының ортақ болатындығын көрсетедi.

2. Бiрнеше жауапкерге қарсы шешiм шығарған кезде сот шешімнің қарар бөлігінде әрбір жауапкердiң талапкердің пайдасына нақты қандай әрекеттер және қандай көлемде жасауға тиіс екенін немесе жауапкерлердің міндеттемелері ортақ болып табылатындығын көрсетеді.

 

 234-бап. Іске қатысушы адамдарға сот шешімінің көшірмелерін салып жіберу және беру

 Сот отырысына келмеген тараптарға және іске қатысушы басқа адамдарға шешімнің көшірмелері шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып, салып жіберіледі немесе беріледі.

 

235-бап. Шешiмдегi қате жазулар мен айқын арифметикалық қателердi түзету

1. Iс бойынша шешiм жарияланғаннан кейiн шешiм шығарған сот өз бетінше оның күшін жоюға немесе өзгертуге құқылы емес.

2. Сот шешiмде жiберiлген қате жазулар мен көрінеу арифметикалық қателердi өз бастамасы бойынша немесе iске қатысушы адамдардың арызы бойынша түзете алады.

Сот қате жазулар мен көрінеу арифметикалық қателерді түзету туралы арызды сотқа арыз келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде сот отырысында қарайды. Iске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуi түзетулер енгiзу туралы мәселенi қарау үшін кедергi болып табылмайды.

3.  Соттың түзетулер енгізу туралы ұйғарымына шағым жасалуы немесе  наразылық келтірілуі мүмкін.

 

236-бап. Қосымша шешiм

1. Iс бойынша шешiм қабылдаған сот iске қатысушы тұлғалардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша мынадай жағдайларда:

1) егер iске қатысушы адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсiнiктемелер берген қандай да бiр талап бойынша шешiм шығарылмаса;

2) егер сот құқық туралы мәселенi шешіп, алып берiлген соманың, берiлуге тиiстi мүлiктiң көлемін немесе жауапкер жасауға міндетті әрекеттердi көрсетпесе;

3) егер сот шығындары туралы мәселенi сот шешпесе;

4) егер сот шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi шешпесе, қосымша шешiм шығара алады.

2. Қосымша шешім шығару туралы арыз шешім заңды күшіне енгенге дейін берілуі мүмкін. 

Сот қосымша шешім шығару туралы арызды арыз сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.

Талаптарды қанағаттандыру туралы қосымша шешімді бірінші сатыдағы сот арызды сот отырысында қарағаннан кейін шығарады. Іске қатысушы тұлғалар сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі болмайды.

3. Қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

 

237-бап. Шешiмдi түсiндiру

1. Істi қараған сот шешiм түсiнiксiз болған жағдайда iске қатысушы тұлғалардың арызы бойынша, сондай-ақ сот орындаушысының өтінішхаты бойынша шешiмнің мазмұнын өзгертпей, оны түсiндiруге құқылы. Шешiмді түсіндіруге ол әлi орындалмаған және шешiмнің мәжбүрлi түрде орындалуы мүмкiн мерзiмі өткенге дейін жол беріледі.

Сот шешiмдi түсiндiру туралы арызды, өтінішхатты олар сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні  ішінде қарайды және шешеді.

2. Сот шешімінің қарар бөлігін түсіндіру туралы мәселені сот отырысында шешеді. Іске қатысушы адамдар, сондай-ақ сот орындаушысы, қарау және шешу нысанасы оны түсіндіру туралы өтінішхат болған жағдайда,  сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі шешімді түсіндіру туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.

3. Шешiмді түсiндiру туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады. 

 

 

238-бап. Шешiмдi орындау мерзiмiн кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, шешімді орындатуға жібергенге дейін шешiмнің орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту

1. Iстi қараған және шешім шығарған сот iске қатысушы адамдардың арызы бойынша тараптардың мүлiктiк жағдайын немесе басқа дәлелді себептерді негiзге ала отырып, шешiмді орындауды кейiнге қалдыруға немесе оның мерзiмiн ұзартуға, сондай-ақ оны орындаудың тәсілі мен тәртiбiн өзгертуге құқылы.

Сот шешімді орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту немесе  орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арызды, өтінішхатты арыз сотқа түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.

 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген арыздар сот отырысында қаралады. Iске қатысушы тұлғаларға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады. Аталған тұлғалардың келмеуi соттың алдына қойылған мәселенi шешу үшін кедергi болып табылмайды.

3. Шешiмдi орындау мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту, оны орындаудың тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.

 

239-бап. Алып берiлген ақша сомаларын индекстеу

1. Сот өндіріп алушының арызы бойынша сот шешімімен өндіріліп алынған ақшалай сомаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сот актiсi орындалған күнгi қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесіне сүйене отырып, тиiстi индекстеу жүргiзе алады.

2. Сот алып берілген сомаларды индекстеу туралы арызды арыз сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.

Алып берiлген сомаларды индекстеу туралы арыз сот отырысында қаралады. Iске қатысушы адамдар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуi соттың алдына қойылған мәселені шешуге кедергi болмайды.

3. Алып берiлген ақша сомаларын индекстеу туралы сот ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады. 

 

240-бап. Сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi

1. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi, егер оған шағым жасалмаса немесе наразылық келтірілмесе, оған апелляциялық шағым жасау, наразылық келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.

2. Қаржы ұйымдарын немесе банк конгломератына кiретiн және қаржы ұйымы болып табылмайтын банк холдингін және (немесе) олардың мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта құрылымдау жүргізген кезде қайта құрылымдауды жүргiзу туралы сот шешiмі жарияланған күнінен бастап заңды күшiне енедi және дереу орындалуға жатады.

3. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы соттың шешімі ол жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

4. Осы Кодекстің 28-бабында көрсетілген істер бойынша шығарылған сот шешімі жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

5. Апелляциялық тәртіппен шағым берілген немесе наразылық келтірілген жағдайда, егер оның күші жойылмаса және (немесе) өзгертілмесе, аппелляциялық сатыдағы сот қаулысы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді, ал осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінің қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шешімдер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының инвестициялық дауларды қарау жөніндегі мамандандырылған алқасының қаулысы жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.

6. Сот шешімі заңды күшіне енген кезде тараптар және  іске қатысушы басқа адамдар, сондай-ақ олардың құқықтық мирасқорлары сол негіздер бойынша сол талап қою талаптарын сотта қайтадан мәлімдей алмайды, сондай-ақ сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды.

7. Егер жауапкерден мерзімдік төлемдерді өндiріп алу туралы шешiм заңды күшiне енгеннен кейiн төлемдердiң мөлшерiн анықтауға немесе олардың ұзақтығына әсер ететiн мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы мерзімді төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдерiн өзгертудi талап етуге құқылы.

 

241-бап. Соттың шешімін орындауға жіберу

1. Шешiм дереу орындалатын жағдайлардан басқа, заңды күшiне енгеннен кейiн, осы Кодексте белгiленген тәртiппен орындауға жіберіледі.

2. Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады.

Мүлiк тәркiленген, мемлекет кiрiсiне өндiрiп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген залал өндіріліп алынған, алименттер өндіріліп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулығына өзге зақым келуден, асыраушысынан айырылудан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда, сот өз бастамасымен ол шығарылған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей атқару құжатын аумағы бойынша тиісті әділет органына орындауға жібереді.

3. Соттың дереу орындалуға тиiстi шешiмi бойынша атқару парағы шешiм шығарылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей жазылады және орындауға жiберiледi.

4. Бiрiншi сатыдағы сот атқару парағын (бұдан әрi - атқару құжаты) шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде жазады. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолымен куәландырылатын электрондық атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін.

Атқару құжатында: 

шешім шығарған соттың атауы;

iстiң нөмiрi және шешiм шығарылған күн;

шешімнің қарар бөлігі (сөзбе-сөз);

шешiмнiң заңды күшiне енген күні; 

атқару құжаты берiлген күн;

өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куаландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күнi, айы, жылы, оның тұрғылықты немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер және жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жерi, банктік деректемелері мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (eгep ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), туған күнi, айы, жылы, оның тұрғылықты немесе тұрған жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, оның жұмыс орны және борышкер жұмыс істейтін заңды тұлғаның банктік деректемелері туралы мәлiметтер (eгep iстiң материалдарында бар болса), банктік деректемелер мен жеке сәйкестендiру нөмiрi (eгep iстiң материалдарында бар болса) немесе егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жерi, банктік деректемелері мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi көрсетiлуге тиiс.

Атқару құжатының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi әділет органы бекiтедi.

5. Соттың әрбiр шешiмi бойынша бiр атқару құжаты берiледi. Атқару құжаты өндіріп алушыға беріледі не оның арызы бойынша сот тиісті аумақ бойынша  әділет органына орындау үшін жібереді.

Өндіріп алушының өтініші бойынша ортақ жауапкерлерден ақшалай сомаларды өндіріп алу туралы соттың шешімі немесе соттың үкімі негізінде ортақ жауапкерлердің санына сәйкес келетін бірнеше атқару парағы берілуге тиіс. Әрбір атқару парағында өндіріп алынатын жалпы сома, барлық жауапкерлер және олардың ортақ жауаптылығы көрсетілуге тиіс.

Егер сот талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдаса, талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданған шаралар және талапты қамтамасыз ету үшiн тыйым салынған мүліктің тұрған жерi және оның сақталуына жауапты тұлғалар туралы мәлiметтердi қамтитын құжаттардың көшiрмелерi атқару құжатына қоса беріледі.

Егер атқару әртүрлi орындарда жүргiзiлуге тиіс болса не шешiм бiрнеше талапкердің пайдасына немесе бiрнеше жауапкерге қарсы шығарылса, сот өндiрiп алушылардың өтiнiшi бойынша атқару орнын не осы атқару құжаты бойынша орындалуға тиiс шешiмнiң сол бөлiгiн дәл көрсете отырып бiрнеше атқару құжатын жазады.

Сот атқару құжатына сот актiсiнiң көшiрмесiн не соттың мөрiмен куәландырылған оның үзiндi көшірмесін қоса береді.

6. Сот іс жүргізу құқықтық мирасқорлығы туралы ұйғарым шығарған жағдайда сот шешімі шығарылғаннан және ол орындауға жіберілгеннен кейін  жаңа борышкер көрсетіле отырып, атқару құжаты жазып беріледі. 

7. Әділет органы атқару құжаты орындалған жағдайда шешiм шығарған сотты бұл туралы он жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге не «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республиксының Заңында белгіленген орындау мерзімі өткен соң сотқа сот шешімінің орындалмау себептерi туралы ақпарат беруге міндетті. Мәжбүрлеп орындатуға атқару құжаты ұсынылғанға дейін сот шешімін  орындаған борышкер шешім шығарған сотты бұл туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіс.

8. Соттың заңды күшіне енген шешімін орындамау заңда көрсетілген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

242-бап. Соттың атқару парағының немесе сот бұйрығының телнұсқасын беруі

1. Атқару парағының немесе сот бұйрығының түпнұсқасы (бұдан әрі - атқару құжаттары) жоғалған жағдайда шешім немесе сот бұйрығын шығарған сот өндіріп алушының арызы немесе сот орындаушысының ұсынымы, әділет органының өтінішхаты бойынша атқару құжаттарының телнұсқасын беруі мүмкін.

2. Атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыз атқару құжатын ұсыну үшін белгіленген мерзім өткенге дейін сотқа берілуі мүмкін.

Егер атқару құжаты оны  орындау  барысында  жоғалған болса және бұл туралы өндіріп алушыға оны орындауға беру үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін белгілі болса, атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыз атқару құжатының жоғалғаны туралы өндіріп алушыға белгілі болған күннен бастап бір ай ішінде  берілуі мүмкін.

3. Сот атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арызды ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.

Телнұсқаны беру туралы арыз іске қатысушы адамдарға сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны хабарлана отырып, сот отырысында қаралады, алайда олардың келмеуі телнұсқаны беру туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.

4.  Атқару құжатының телнұсқасын  беру туралы арызды қарау кезінде сот атқару құжатының жоғалғаны туралы дәлелдемелерді тексереді және зерттейді.

5. Соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы және наразылық келтірілуі мүмкін, оның  шешімі түпкілікті болып табылады.

 

243-бап. Дереу орындалуға жататын шешiмдер

Мынадай:

1) алимент алып беру туралы;

2) қызметкерге жалақы, бiрақ үш айдан аспайтын уақытқа алып беру туралы;

3) жұмысқа қайта орналастыру туралы;

4) денсаулыққа зақым келуден, сондай-ақ асыраушысынан айрылуынан келтірілген зиянды, бiрақ үш айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы;

5) ереуiлдi заңсыз деп тану туралы;

6) қаржы ұйымдарын және банк конгломератына кiретiн және қаржы ұйымы болып табылмайтын банк холдингін және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта құрылымдау кезінде олардың мүлкін қайта құрылымдау туралы;

7) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, оның ішінде оның атауын өзгерткенін анықтау туралы;

8) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын  ақпараттық материалдарды  экстремистік  немесе террористік деп тану туралы  шешiмдер дереу орындалуға тиiс.

 

244-бап. Соттың шешiмдi дереу орындауға жiберу құқығы

1. Егер айрықша мән-жайлардың салдарынан шешiмдi орындаудағы кiдiрiс өндiрiп алушы үшін елеулi зиян келтіруі мүмкін болса немесе шешiмдi орындау мүмкiн болмаса, сот талапкердің өтiніші бойынша шешiмдi дереу орындауға жiбере алады.

2. Шешiмді дереу орындауға жол берілген кезде сот талапкерден сот шешiмiнiң күшi жойылған жағдайда шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқаруды қамтамасыз етудi талап ете алады.

3. Шешiмдi дереу орындау туралы мәселе шешiм шығарылған кезде шешiлмесе, сот отырысында қаралады. Iске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуi сот шешiмiн дереу орындау туралы мәселені шешуге кедергi болмайды.

4. Шешiмдi дереу орындау туралы мәселе жөнiндегi сот ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады. Шешiмдi дереу орындау туралы ұйғарымға жеке шағым жасау, наразылық келтіру осы ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.

 

245-бап. Шешiмнiң орындалуын қамтамасыз ету

Сот дереу орындалуға жiберiлмеген шешiмдi орындауды осы Кодекстің 15-тарауының қағидалары бойынша қамтамасыз ете алады.

Сот осы әрекеттердi атқару парағын аумақ бойынша тиiстi әділет органына орындау үшiн жiберілгенге дейiн жүргiзедi.

 

246-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын кейiнге қалдыру және мерзiмiн ұзарту, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту, татуласу келiсiмiн немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекiту

1. Iс бойынша шешiм шығарған сот, сондай-ақ сот қаулысы орындалатын жердегi сот сот орындаушысының өтінішхаты бойынша немесе тараптардың арызы  бойынша, егер атқарушылық әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн емес ететiн мән-жайлар туындаса, шешімді орындау тәсiлiн немесе тәртiбiн өзгертуі, атқарушылық iс жүргiзудегі  тараптардың арызы бойынша сот шешімін орындауды кейінге қалдыруы немесе мерзімін ұзартуы мүмкін.

2. Атқарушылық іс жүргізу тараптарының арызы бойынша сот олардың арасында жасалған татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуге құқылы.

3. Сот орындаушысының өтінішхаты немесе атқарушылық iс жүргiзудегi тараптардың арыздары, сондай-ақ олардың арасында жасалған татуласу келiсiмі немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот отырысында қаралады. Iске қатысушы адамдар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуi өтінішхатты немесе арызды шешуге кедергi болмайды.

Сот шешiмiнiң орындалуын кейiнге қалдыру және мерзiмiн ұзарту, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту, татуласу келiсiмін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы  келісімді  бекiту туралы арызды, өтінішхатты сот арыз сотқа түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

4. Соттың осы баптың үшінші бөлігінде  көрсетілген:

осы Кодекстің 238-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен сот шешiмiнiң орындалуын кейiнге қалдыру, мерзiмiн ұзарту, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы;

 осы Кодекстің 177-бабының жетінші бөлігіне сәйкес бiтiмгершiлiк келiсiмін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекiту туралы ұйғарымына шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.

 

247-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару

1. Заңды күшіне енген, толық немесе бір бөлігінде орындалған бірінші сатыдағы сот шешiмiнің, апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот қаулысының күшi жойылған және сот талаптан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы жаңа шешiм шығарған жағдайда талапкерден күшi жойылған шешiм бойынша ол алғанның барлығы өндiрiлiп алынады (шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару).

2. Шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару орындалған сот шешімі толық немесе бір бөлігінде күшін жойған және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым немесе талапты қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылған жағдайда да жүргізіледі.

 

248-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызды қарау

1. Бұрын шығарылған шешім толық немесе бір бөлігінде орындалған іс бойынша жаңа шешiм шығарған сот шешімнің орындалғаны туралы дәлелдемелер ұсынылған кезде жаңа шешімде жауапкердің орындауды қайта бұрып атқару туралы арызын қарайды және шешеді.

2. Егер сот iстi жаңадан қараған кезде күшi жойылған шешiм бойынша орындауды қайта бұрып атқару мәселесін шешпесе, жауапкер шешiмнің орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызбен бірінші сатыдағы сотқа жүгінуге құқылы.

3. Сот шешiмнің орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызды ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Арыз талапкер мен жауапкерді, ал қажет болған кезде, сотқа күші жойылған сот шешімінің орындалуы туралы мәліметтерді табыс етуге тиіс әділет органы хабарландырыла отырып, жеке сот отырысында қаралады.

Аталған адамдардың сот отырысына келмеуі шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызды қарауға кедергі болмайды. Сот шешімі орындауда жатқан жағдайда тиісті атқарушылық ісі іс жүргізуінде жатқан сот орындаушысы сот отырысына келуге және оны  сотқа ұсынуға міндетті.

4. Шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы бірінші сатыдағы соттың  ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

 

249-бап. Сот орындаушысының ұсынымын қарау

1.Сот орындаушысының ұсынымында атқарушылық іс жүргізу тараптарының деректемелері мен орналасқан жері, атқарушылық іс жүргізуді қозғау күні, атқарушылық құжаттың орындалу барысы туралы мәліметтер, өтініштің негіздері болуға тиіс.

Ұсыным осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ сот орындаушысы ұсынуды кері қайтарып алу туралы арыз берген жағдайда, сот ұсынуды оған қоса берілген құжаттармен қоса қайтарады.

2.Сот орындаушысының ұсынымын судья ұсыну сотқа келіп түскен күннен бастап он күннің ішінде шешеді. Сот борышкерге және өндіріп алушыға сот орындаушысының ұсынымы келіп түскені туралы хабарландырады, сот отырысының өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған борышкердің немесе өндіріп алушының келмей қалуы істі қарауға кедергі болмайды. Судья сот орындаушысының ұсынымын қарап, ұйғарым шығарады, оған шағым жасауға, наразылық келтіругеболады.

Сот ұйғарымының көшірмесі борышкер мен өндіріп алушыға бес жұмыс күні ішінде салып жіберіледі.

 

250-бап. Сот орындаушысының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру

1. Өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзу процесіндегi сот актілерін орындау жөніндегі, оның ішінде сауда-саттықты даулау жөніндегі әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) не осындай әрекеттерді жасаудан бас тартуына шағым беруі мүмкiн.

Шағым әрекет жасалған (әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап немесе сот орындаушысының әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабардар етілген өндiрiп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгiлi болған күннен бастап он жұмыс күні iшiндеаумақтық учаскенің сот орындаушысы қызмет көрсететін аудандық (қалалық) сотқа не жеке сот орындаушысының тіркелген жері бойынша берiледi. Егер сот орындаушысы қызмет көрсететін аумақтық учаске не жеке сот орындаушысы тіркелген жері атқарушылық әрекеттер жасалатын жермен бір елді мекенде болса, шағым атқарушылық әрекеттер жасалатын жер бойынша беріледі.

Жоғары тұрған органдарға және жоғары тұрған лауазымды адамға бағыныштылық тәртiбiмен алдын ала жүгiну сотқа шағым беруге кедергі болмайды.

2. Сот шағымды сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Істі сот талқылауына дайындау осы Кодекстің 165-бабының ережелеры бойынша он жұмыс күні ішінде жүргізіледі, оны одан әрі ұзартуға жол берілмейді.

Сот өндіріп алушыны, борышкерді және сот орындаушысын сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырады, алайда олардың келмеуі шағымды шешу үшін кедергі болмайды.

3. Сот шағымды негізді деп танып, сот орындаушысының әрекеттерін (әркетсіздігін) заңсыз деп тану туралы шешім шығарады және әділет органын жол берілген бұзушылықты толық көлемінде жоюға не өндіріп алушының немесе борышкердің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін өзге тәсілмен қалпына келтіруге міндеттейді. 

Егер аталған әрекеттерді тек сот орындаушысы ғана жасауы мүмкін болса, сот шешімдежол берілген бұзушылықтар жойылуға тиіс уақытты белгілейді.

4. Сот, егер шағым жасалып отырған әрекеттер (әрекетсiздiк) сот орындаушысының өкiлеттiгi шегiнде заңға сәйкес жасалғанын және борышкер мен өндiрiп алушының құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылмағанын анықтаса, шағымды қанағаттандырудан бас тартады.

5. Шешiмнiң орындалғаны туралы сотқа, өндіріп алушыға немесе борышкерге сот белгілеген мерзімде не соттың шешімі алынған күннен бастап  бiр айдан кешіктірілмейтін мерзiмде хабарлануға тиiс.

6. Сот орындаушысының мүлікті бағалаумен байланысты, сондай-ақ бағалау туралы есепті қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы әрекетіне осы бапта көрсетілген тәртіппен шағымдануға болады.

 

251-бап. Шешiмдi орындаған кезде басқа тұлғалардың құқықтарының қорғалуы

1. Сот орындаушысы мүлiкке тыйым салу iсiн жүргiзу кезiнде мүлiктiң борышкерге немесе басқа тұлғаларға тиесiлi болуына қарамастан тыйым салудың күшiн жоюға негiз болып табылатын заң бұзушылыққа жол берген жағдайда, сот борышкердiң немесе басқа адамдардың мүлiкке тыйым салудың күшiн жою туралы арызын осы Кодекстiң 251-бабында көзделген тәртiппен қарайды. Мұндай арыз тыйым салынған мүлiктi сатқанға дейiн берiлуi мүмкiн.

Өндiрiп алу қолданылған мүлiктiң тиесiлiлігiне байланысты құқық туралы дауды басқа адамдар әрекет жасалған (әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде немесе тұлғаға бұл туралы белгілі болған күннен бастап мәлiмдеуі мүмкін. Мұндай талаптарды сот талап қою бойынша іс жүргізу қағидалары бойынша қарайды.

2. Меншiк иелерi немесе мүлiкке шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, жалға алу, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заңнамалық актiлерде немесе шартта көрсетілген өзге де негiз бойынша иелiк ететiн адамдар мүлiктi тыйым салудан босату (тізімдемеден алып тастау) туралы талаптар қоя алады.

3. Мүлiктi тыйым салудан босату туралы талаптар борышкерге және өндiрiп алушыға қойылады.

4. Егер мүлiкке тыйым салу мүлiктi тәркiлеуге байланысты жүргiзiлсе, сотталған адам және мемлекеттік меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрi пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыруға уәкiлеттi тиiстi орган жауапкер ретiнде тартылады. 

Талап қою талаптары негiздi деп танылған жағдайда, егер тәркiленуге тиiс мүлiк мемлекеттік меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға уәкiлеттi органда болса және ол оны сауда ұйымдарына, басқа ұйымдарға сату, қайта өңдеу үшiн не өтеусiз берсе, онда осы мүлiк заттай түрде қайтарылуға жатады. Мұндай жағдайда мемлекеттік меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрi пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыруға уәкiлеттi органнан басқа аталған сауда ұйымдары және басқа ұйымдар iске қатысуға тартылады. Егер осы ұйымдар тізімдемеден алып тасталуға тиіс мүлікті сатпаған болса, онда оларға мүлікті заттай түрінде қайтару жөнінде міндет жүктеледі.

5. Судья осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мүдделi тұлғалардың арызына қарамастан, көрсетілген мән-жайларды анықтап, арызды осы Кодекстің осы бабында және 251-бабында белгіленген тәртіппен қараған кезде мүлікті тыйым салудан босатуға (тізімдемеден алып тастауға) міндетті.

6. Егер мүлiктi тәркiлеуге байланысты тыйым салу жүргiзiлген мүлiк сатылған немесе қайта өңдеуге жiберiлген болса, арызды осы Кодекстің осы бабында және 251-бабында белгіленген тәртіппен қараған кезде талапкерге мүлiктi сатудан түскен сома өтеледi.

 

252-бап. Сот орындаушысының қаулысын санкциялау

1. Заңда белгіленген жағдайларда сот орындаушысы соттың санкциялауына жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулы шығарады. Қаулыда санкцияланатын әрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызған уәждер мен негіздер жазылуға тиіс.

2. Соттың санкциялауына жататын қаулыны сот орындаушысы сотқа ұсынады. Қаулыға санкцияланатын әрекеттерді қабылдаудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса беріледі.

3. Сот орындаушысының қаулысын сот материалдар сотқа түскен күні  қарауға тиіс.

4. Сот орындаушысының қаулысын және оған қоса берілген атқарушылық іс жүргізу материалдарын қарап, сот атқарушылық әрекеттерді жасауға санкция береді немесе санкция беруден бас тартады.

Санкция беру сот орындаушысының қаулысына судьяның қолымен расталатын «Санкциялаймын» деген сот мөртаңбасын қою арқылы жүзеге асырылады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда судья атқарушылық әрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Электрондық құжат нысанында берілген сот орындаушысының қаулысына санкция беруді сот судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы жүзеге асырады. Санкция беруден бас тарқан жағдайда судья санкция беруден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында уәжді  ұйғарым шығарады.

5. Сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы сот санкциялаған қаулысына осы Кодекстің 250-бабында көзделген қағидалар бойынша шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.

Атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыға санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына шешімі соңғы болып табылатын апелляцилық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

 

20-тарау. АРАЛЫҚ СОТТЫҢ ШЕШIМIН ОРЫНДАУ

 

253-бап. Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату

1. Егер аралық соттың шешiмi онда белгiленген мерзiмде ерiктi түрде орындалмаған жағдайда, өз пайдасына аралық соттың шешiмi шығарылған аралық сотта талқылау тарапы (өндiрiп алушы) аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы арызбен аралық сот дауды қараған жердегi не борышкердің тұрғылықты жеріндегі немесе заңды тұлғаның органы орналасқан жердегі, егер тұрғылықты жері немесе орналасқан жері белгісіз болса, онда борышкердің мүлкі орналасқан жердегі сотқа жүгiнуге құқылы.

2. Атқару парағын беру туралы арызға мыналар қоса беріледі:

1) аралық сот шешiмiнiң түпнұсқасы немесе көшiрмесi. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот шешiмiнiң көшiрмесiн осы аралық соттың төрағасы растайды, аралық сот шешiмiнiң көшiрмесi нақты дауды шешу үшiн нотариатта куәландырылуға тиiс;

2) заңда белгiленген тәртiппен жасалған аралық келiсiмнiң түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi.

3. Атқару парағын беру туралы арыз аралық соттың шешiмiн ерiктi түрде орындауға арналған мерзiм аяқталған күннен бастап үш жылдан кешiктiрiлмей берiлуi мүмкiн.

4. Белгiленген мерзiм өткiзіліп алынған, мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат және растаушы құжаттар қоса берілмеген атқару парағын беру туралы арызды сот қарамай керi қайтарады, бұл туралы ұйғарым шығарылады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

5. Сот егер аталған мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тапса,  атқару парағын беру туралы арыздың мерзiмiн қалпына келтiруге құқылы.

6. Судья атқару парағын беру туралы арызды сотқа арыз түскен күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде жеке-дара қарайды.

7. Сот өндiрiп алушының аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы арызының түскені, сондай-ақ оны сот отырысында қарау орны мен уақыты туралы борышкердi хабардар етеді. Өндiрiп алушыда оның арызын қараудың орны мен уақыты туралы хабардар етіледі. Егер борышкерден сот отырысына келе алмауының дәлелдi себептерi көрсетiлiп, арызды қарауды кейiнге қалдыру туралы өтінішхат түспесе, борышкердiң немесе өндiрiп алушының сот отырысына келмей қалуы арызды қарауға кедергi болмайды.

8. Сот аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арызды қараған кезде аралық соттың шешiмiн мәнi бойынша қайта қарауға құқылы емес.

9. Сот арызды қараудың нәтижелерi бойынша атқару парағын беру туралы не оны беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Атқару парағын беру туралы соттың ұйғарымы дереу орындалуға жатады.

 

254-бап. Атқару парағын беру

1. Сот аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы ұйғарым шығарған кезде атқару парағы осы Кодекстiң 241-бабының қағидалары бойынша берiледi.

2. Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыз бойынша шығарылған соттың ұйғарымына шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкiн. 

 

255-бап. Атқару парағын беруден бас тарту

Сот, егер:

1) аралық соттың шешiмi өзiне қарсы қабылданған тарап сотқа:

аралық келiсiмнiң жарамсыз болып табылатынына;

аралық соттың шешiмi аралық келiсiмде көрсетілмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша қабылданғанының немесе аралық келiсiмнiң шегінен шығатын мәселелер жөнiндегi қаулылардан тұратынының, сондай-ақ даудың аралық соттың қарауына жатпайтынының дәлелдемелерiн табыс етсе, аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Егер аралық соттың аралық келiсiмде қамтылатын мәселелер жөнiндегi қаулылары мұндай келiсiмде қамтылмайтындардан бөлiп шығаруға болатын болса, онда аралық соттың аралық келiсiмде қамтылатын мәселелер жөнiндегi қаулылардан тұратын шешiмiнiң сол бөлiгiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тартуға болмайды;

аралық соттың құрамы немесе аралық сотта талқылау Қазақстан Республикасының аралық сотта талқылау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуiнің;

өзiне қарсы аралық соттың шешiмi қабылданған тарап аралық судьялардың сайлануы (тағайындалуы) туралы немесе аралық сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабардар етiлмеулерінің не аралық сотқа басқа да себептермен өз түсiндiрмелерiн бере алмауларының;

тараптардың бiрiнiң аралық келiсiм жасау кезiнде толық әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi болғанының;

соттың немесе аралық соттың сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша шығарылған заңды күшiне енген шешiмiнiң не талапкердiң талап қоюдан бас тартуына байланысты iс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы соттың немесе аралық соттың ұйғарымы болғанының;

сот үкiмiмен анықталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудың нәтижесiнде соттың шешiм шығаруы мүмкiн болғандығының дәлелдемелерiн ұсынса;

2) сот:

дау Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе осы дау бойынша аралық келiсiмдi тараптар бағындырған басқа құқыққа сәйкес аралық сотта талқылау нысанасы бола алмайтынын;

аралық соттың шешiмi осы баптың 1), 2) тармақшаларында белгiленген талаптарға және Қазақстан Республикасының жария тәртiбiне қайшы келетiнiн анықтаса, аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

 

21-тарау. СЫРТТАЙ IС ЖҮРГIЗУ ЖӘНЕ СЫРТТАЙ

 ШЕШIМ ШЫҒАРУ

 

256-бап. Сырттай іс жүргізудің негіздері

1. Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты туралы тиісінше хабарландырылған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзінің қатысуынсыз қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талапкер бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.

2. Іске бірнеше жауапкер қатысқан кезде, сот отырысына барлық жауапкерлер бір мезгілде келмей қалса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.

3. Егер сот отырысына келген талапкер жауапкер жоқта істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот істің қаралуын кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарландырылған жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда, сот талапкердің пікіріне қарамастан, істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды.

4. Егер сот отырысына келмеген жауапкерден істі оның қатысуынсыз қарау туралы арыз келіп түссе, онда іс сырттай іс жүргізу тәртібімен емес, жалпы тәртіппен қаралуға жатады.

5. Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады, ол істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың негіздері көрсетіле отырып сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

6. Талапкер талап қоюдың нысанасын немесе негіздемелерін өзгерткен, талап қою талаптар санын көбейткен кезде сот істі осы сот отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы емес. Істі қарау талапкердің талап арызын талаптың өзгертілген нысанасымен немесе негіздемесімен, талап қоюдың көбейтілген мөлшерімен қоса жауапкерге табыс ету үшін кейінге қалдырылады.

Жаңа сот отырысында іс осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген негіздемелер болған кезде сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін. 

 

257-бап. Сырттай іс жүргізу тәртібі

Сот сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар берген дәлелдемелерді зерттейді, олардың дәлелдерін ескереді және сырттай шешім деп аталатын шешім шығарады.

 

258-бап. Сырттай шешімнің мазмұны

1. Сырттай шешімнің мазмұны осы Кодекстің 226-бабының қағидаларында айқындалады.

2. Сырттай шешімнің қарар бөлігінде жауапкердің осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуге тиіс.

 

259-бап. Сырттай шешімнің көшірмесін салып жіберу

Сырттай  шешімнің көшірмесі жауапкерге, сондай-ақ  сот отырысына қатыспаған талапкерге ол шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, оны алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып  салып жіберіледі.

 

260-бап. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың мазмұны

1. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызда:

1) сырттай шешім шығарған соттың атауы;

2) арыз берген тараптың атауы;

3) жауапкердің сот отырысына дәлелді себептермен келмей қалуын куәландыратын мән-жайлар туралы мәліметтер және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ сырттай шешімнің мазмұнына ықпал етуі мүмкін дәлелдемелер;

4) арыз берген тараптың өтініші;

5) арызға қоса берілетін материалдардың тізбесі болуға тиіс.

2. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызға тарап немесе өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды және іске қатысушы адамдардың саны бойынша арыздың және оған қоса берілген материалдардың көшірмелерімен бірге сотқа тапсырылады.

 

261-бап. Соттың арыз қабылданғаннан кейінгі әрекеттері

Сот іске қатысушы адамдарға сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың қаралатын уақыты мен орнын хабарлайды, оларға арыздың және оған қоса берілген материалдардың көшірмелерін жібереді.

 

262-бап. Арызды қарау

1. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды сот ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде сот отырысында қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарландырылған іске қатысушы адамдардың келмей қалуы арызды қарауға кедергі болмайды.

2. Сырттай шешімнің күшін жою туралы не сырттай шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы сот ұйғарымы шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.

 

263-бап. Соттың өкілеттіктері

Сот сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы немесе сырттай шешімнің күшін жою және істі мәні бойынша соттың сол немесе өзге құрамында қайта қарау туралы ұйғарым шығарады.

 

264-бап. Сырттай шешімге шағым жасау

1. Жауапкер немесе оның өкілі өкілеттігі болған кезде сырттай шешім шығарған сотқа осы шешімнің күшін жою туралы сырттай шешімнің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде арыз беруге құқылы.

2. Осы Кодекстің 260-бабының бірінші бөлігіне сәйкес берілген арызды қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда, жауапкер сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған күннен бастап бір ай ішінде сырттай шешімге апелляциялық тәртіппен шағым жасауға құқылы.

3. Сырттай шешiмге іске қатысушы тұлғалар шағым беруі немесе осы  шешiмнiң күшiн жою туралы арыз беру мерзiмi өткен соң, ал егер арыз берілген жағдайда - осы арызды қанағаттандырдан бас тарту туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап бір ай ішінде прокурор наразылық келтіруі мүмкін.

 

265-бап. Сырттай шешімнің күшін жоюдың негіздері

1. Егер сот жауапкердің:

1) сот талқылауының уақыты мен орны туралы хабарланған бола тұра сот отырысына дәлелді себептермен келмегенін;

2) сырттай шешімнің мазмұнына әсер етуі мүмкін дәлелдемелерді ұсынғанын куәландыратын мән-жайлардың жиынтығын анықтаса, сырттай шешімнің күші жойылуға жатады.

2. Жиынтығында осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздемелердің болмауы бірінші сатыдағы соттың сырттай шешімнің күшін жоюына  мүмкіндік тудырмайды.

 

266-бап. Істі қайта бастау

1. Сот сырттай шешімнің күшін жою туралы ұйғарым шығарып, онымен істі мәні бойынша қарауды қайта бастайды.

2. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған жауапкер келмей қалған жағдайда, істі жаңадан қараған кезде сот шешімі сырттай шешім деп танылмайды. Жауапкер осы шешімнің күшін жою туралы қайта арыз беруге құқылы емес.

 

267-бап. Сырттай шешімнің заңды күші

Сырттай шешім осы Кодекстің 240-бабының бірінші бөлігінде белгіленген қағидалар бойынша күшіне енеді.

 

22-тарау. СОТ ҰЙҒАРЫМЫ

 

268-бап. Сот ұйғарымы және оны шығару тәртібі

1. Істі мәні бойынша шешпейтін сот актісі ұйғарым нысанында шығарылады.

2. Сот ұйғарымды осы Кодекстің 223-бабында көрсетілген тәртіппен дербес процестік құжат түрінде шығарады.

3. Күрделі емес мәселелерді шешкен кезде сот отырыс залынан шықпай-ақ ұйғарым шығара алады. Ұйғарымның мазмұны туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.

4. Ұйғарым не оның қарар бөлігі шығарылғаннан кейін дереу жарияланады. Ұйғарым түпкілікті нысанда шешімнің қарар бөлігі жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дайындалуы мүмкін.

 

269-бап. Ұйғарымның мазмұны

1. Соттың кеңесу бөлмесінде шығарылатын ұйғарымында:

1) ұйғарымның шығарылған күні мен орны;

2) ұйғарым шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегі және аты-жөні;

3) іске қатысушы адамдар, даудың нысанасы немесе мәлімделген талап;

4) ұйғарым шығарылатын мәселе;

5) соттың өз қорытындыларын шығару себептері және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;

6) соттың іс жүргізушілік шешімі;

7) егер ұйғарым бойынша шағым беруге болса, шағым берудің тәртібі мен мерзімі көрсетілуге тиіс.

2. Сот отырысы залында сот шығаратын ұйғарымда осы баптың бірінші бөлігінің 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер болуға тиіс.

 

270-бап. Соттың жекеше ұйғарымы

1. Заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және жіберуге құқылы, ал егер бұзушылыққа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе сот жеке ұйғарым шығарады және тиісті ұйымдарға, басқару функцияларын атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдарға жібереді, олар өздері қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.

2. Қолданған шаралар туралы хабарламау өздеріне жеке ұйғарым жіберілген адамдарды сотты құрметтемегені үшін осы Кодекстің 119 және 120-баптарының талаптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолдану тиісті адамдарды соттың жеке ұйғарымы бойынша қолданған шаралар туралы хабарлау міндетінен босатпайды.

3. Егер істі қарау кезінде сот тараптардың, процестің басқа  да қатысушыларының, лауазымды немесе өзге адамның әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін тапса, ол бұл туралы прокурорға хабарлайды.

4. Өздерінің мүдделерiне жекеше ұйғарымның қатысы бар адамдар оған осы Кодекстiң 429-бабының төртінші бөлiгiнде көрсетілген тәртiппен шағым жасай алады және наразылық келтіре алады.

 

271-бап. Іске қатысушы адамдарға сот ұйғарымының көшірмелерін салып жіберу

Іске қатысушы, сот отырысына келмеген тараптар мен басқа адамдарға іс бойынша іс жүргізудің тоқтатыла тұруы немесе қысқартылуы туралы не арыздың қараусыз қалдырылуы туралы сот ұйғарымының көшірмелері оны алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып ұйғарым түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей салып жіберіледі.

 

23-тарау. ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ТОҚТАТА ТҰРУ

 

272-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті

1. Сот:

1) егер даулы құқықтық қатынас құқықтық мирасқорлыққа жол берген болса, азамат қайтыс болғанда немесе заңды тұлға қайтадан құрылған, таратылған;

2) азамат заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған;

3) жауапкер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында болған немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында жүрген талапкердің өтініші болған;

4) азаматтық, қылмыстық немесе әкiмшiлік сот iсiн жүргiзуде қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмаған;

5) егер ол осы іс бойынша қолданылуға тиіс заң немесе басқа да нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтындығын байқаған және осы актінің Конституцияға сәйкес еместігін тану туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасаған, сондай-ақ Конституциялық Кеңес басқа соттың бастамашылығымен осы іс бойынша қолданылуға тиісті нормативтік құқықтық актінің конституцияға сәйкес келетіндігін тексеріп жатқандығы белгілі болған;

6) құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмамен шет мемлекеттің сотына өтініш жасаған;

7) тараптар медиатормен медиация жүргізу туралы шарт жасасқан жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті. Медицияны жүргізу мерзімін ұзартқан кезде тараптар бұл туралы бірлескен жазбаша хабарламамен сотқа хабарлауға тиіс.

8) бала туралы даумен баланысты іс бойынша соттың Қазақстан Републикасына заңсыз алып өтілген немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы қайтару туралы немесе егер бала халықаралық шартта көрсетілген, осы балаға қатысты қолданылуға жатпайтын жасқа толмаған болса, балаға қатысты қол жеткізу құқығын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде берілген арызды өндіріске қабылдау туралы сот ұйғарымының көшірмесі келіп түскен жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.

 

273-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы

Сот:

1) тарап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндетті орындауға тартылған;

2) заңды тұлғалардың өкілдері іске қатысқан жағдайларды қоспағанда, тарап істі қарау мерзімінен асатын уақытта қызметтік іссапарда болған;

3) іске заңды тұлғаның өкілдері қатысатын жағдайларды қоспағанда, тараптың емдеу мекемесінде стационарлық емдеуде болған;

4) қаралып жатқан іс бойынша құқықтық көмек көрсету жөнінде сотқа тапсырылған өтініш;

5) бала асырап алу туралы істер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерттеуді тағайындаған;

6) сот сараптама тағайындаған;

7) сотта медиация жүргізілген немесе партисипативтік рәсім жүргізілген;

8) осы Кодекстің 133-бабында көзделген жағдайларда жауапкеріздестіруде болған жағдайларда іске қатысушы адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады.

 

274-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері

1. Іс бойынша іс жүргізу:

1) осы Кодекстің 272-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда - шығып қалған адамның құқықтық мирасқоры анықталғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;

2) осы Кодекстің 272-бабының 3) тармақшасында және 273-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда - тарап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамында болуын тоқтатқанға дейін, ол мемлекеттік міндетті орындауды аяқтағанға дейін, қызметтік іссапардан оралғанға дейін, емдеу мекемесінен шыққанға немесе сырқатынан айыққанға дейін, сарапшының қорытындысы немесе қорғаншылық және қамқоршылық органның қорытындысы сотқа табыс етілгенге дейін;

3) осы Кодекстің 272-бабының 4) тармақшасында және 273-бабының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда - сот шешімі, үкімі немесе соттың қаулысы заңды күшіне енгенге дейін;

4) осы кодекстің 272-бабының 5) тармақшасында көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімі күшіне енгенге дейін;

5) осы Кодекстің 272-бабының 6) тармақшасында, 273-бабының 5) тармақшасында көзделген жағдайларда - сот құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындағанға дейін;

6) осы Кодекстің 272-бабының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда - медиация тоқтатылғанға дейін;

7)  осы Кодекстің 273-бабының 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда - осы Кодекстің 179-бабының төртінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталғанға дейін;

8) Қазақстан Републикасына заңсыз алып  өтілген  немесе  Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде балаға қатысты қол жеткізу құқығын жүзеге асыру туралы соттың шешімі немесе осы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарымы немесе осы Кодекстің 272-бабының 8) тармақшасында көрсетілген арызды соттың қарамай тастауы туралы ұйғарымы заңды күшіне енгенге дейін  іс бойынша іс жүргізу тоқтатыла тұрады.

 

275-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына шағым жасау немесе наразылық келтіру

Соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына осы Кодексте көрсетілген жағдайларда апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

 

276-бап. Іс жүргізуді қайта бастау

Іс жүргізуді тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысушы адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамасымен іс бойынша іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысушы адамдарға азаматтық іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша  хабарлайды.

Іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы соттың ұйғарымы шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.

Ұйғарымның көшірмесі іске қатысушы адамдарға ол шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі не тапсырылады.

 

24-тарау. ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ТОҚТАТУ

 

277-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздері

Сот, егер:

1) іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса;

2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша сол нысана туралы және сол негізлер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе талапкердің өз талабынан бас тартуына немесе тараптардың татуласу келісімін, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді орнықтыруына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы болса;

3) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздемелер бойынша төреліктің немесе аралық соттың қабылдаған шешімі болса;

4) талапкердің талап қоюдан бас тартуын сот қабылдаса;

5) тараптар татуласу келісімге келіп, сот оны бекітсе;

6) тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе;

7) іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін даулы құқықтық қатынас құқықтық мирасқорлығына жол бермесе;

8) iс бойынша тарап ретiнде әрекет ететін ұйым қызметi тоқтатылуына және құқықтық мирасқорлары болмауына байланысты таратылса;

9) шет мемлекетте сот имунитетінің бар екені анықталса, iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

 

278-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың тәртібі мен салдары

1. Іс бойынша іс жүргізу сот ұйғарымымен тоқтатылады

2. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.

3. Осы Кодекстің 277-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6)  тармақшаларында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып,  сот ұйғарымда мемлекеттік бажды осы Кодекстің 115-бабының талаптарына сәйкес қайтару туралы көрсетеді.

Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың күшін жою туралы шешім қабылдайды.

4. Соттың іс бойынша іс жүргізудітоқтату туралы ұйғарымына осы Кодексте көрсетілген жағдайларда және тәртіппен шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.

                                     

25-тарау. ТАЛАП АРЫЗДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРУ

 

279-бап.  Талап арызды қараусыз қалдырудың негіздері

Сот, егер:

1) талапкер осы санаттағы істер үшін заңнамалық актілерде белгіленген дауды сотқа дейін реттеудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса;

2) талап арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;

3) талап арызға оған қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса немесе берсе;

4) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің немесе аралық соттың іс жүргізуінде сол бір тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздемелер бойынша бұрын қозғалған iс болса;

5) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктің немесе аралық соттың шешуіне беру туралы келісім жасалса;

6) істі өзінің қатысуынсыз қарауды өтінбеген талапкер екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;

7) өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса;

8) талапкер талап арызды қайтарып алу туралы арыз берсе;

9) көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы істер жөніндегі арыз жарияланған күннен бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе;

10) коммуналдық меншік құқығын тану туралы арыз заңда белгіленген мерзімнен бұрын берілсе немесе заңда көзделген жылжымайтын мүлікті иесіз деп тіркеу рәсімдері бұзыла отырып берілсе;

11) осы Кодекстің 105-бабының үшінші бөлігінде және 106-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік баж төленбесе;

12) осы Кодекстің 34-тарауында көзделген ерекше талап қою ісі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтер ұсынылмаса;

13) істі ерекше іс жүргізуде қарау кезінде талап қою бойынша іс жүргізуде қаралуға жататын, сот қарайтын құқық туралы даудың бар екені анықталса, арызды қараусыз қалдырады.

 

280-бап. Талап  арызды қараусыз қалдырудың тәртібі мен салдары

1. Талап арыз қараусыз қалдырылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу соттың ұйғарымымен аяқталады. Бұл ұйғарымда сот істі қарауға кедергі келтіретін, осы Кодекстің 279-бабының 1), 2), 3), 9) және 10) тармақшаларында аталған мән-жайларды қалай жою керек екенін көрсетуге міндетті. Осы Кодекстің 279-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша талап арызды қараусыз қалдыра отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды қайтаруды және талапты қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың тоқтатылатынын көрсетеді.

2. Соттың талап арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін, апелляциялық шешім түпкілікті болып табылады.

3. Талап арызды қараусыз қалдыруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағы да талап арыз беруге құқылы.

Ұйғарымның көшірмесі талап арызға қоса ұсынылған материалдармен бірге талапкерге жіберіледі немесе табыс етіледі.

 

26-тарау. ХАТТАМАЛАР

 

281-бап. Хаттама жүргізудің міндеттілігі

1. Соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке процестік әрекет туралы сот отырысының жазбаша нысанда хаттамасы жасалады не аудио- немесе бейнежазбасы жүргізіледі.

Іске қатысушы адамдардың бәрі сот отырысына келмеген жағдайда аудио- немесе бейнежазба жүргізілмейді.

Аудио- немесе бейнежазба пайдаланылған кезде соттың қалауы бойынша  жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасалады.

2. Істі бірінші сатыдағы сотта қарауға алдын ала дайындау кезінде апелляциялық сатыдағы соттың отырысында хаттама соттың қалауы немесе тараптың өтініші бойынша жүргізіледі. Шешім бірінші сатыдағы соттың алдын ала отырысында шығарылған жағдайда, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот істі бірінші сатыдағы соттың ережелеры бойынша қараған кезде хаттама  жүргізу міндетті.

Апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысында қосымша дәлелдемелерді, соның ішінде сараптамалық қорытындыларды, апелляциялық сатыдағы соттың отырысына шақырылған адамдардан жауап алуды зерттеу кезінде апелляциялық сатыдағы сот жеке процестік әрекеттің хаттамасын жүргізеді.

3. Кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттарда хаттама жүргізілмейді.

 

282-бап. Хаттаманың мазмұны

1. Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жеке процестік  әрекеттің хаттамасы істі қараудың немесе жеке процестік әрекет жасаудың барлық елеулі мән-жайларын көрсетуге тиіс.

2. Хаттамада:

1) сот отырысының жылы, айы, күні және орны;

2) сот отырысы басталған және аяқталған уақыт;

3) істі қарайтын соттың атауы, сот отырысы судьясының, хатшысының тегі мен аты-жөні;

4) істің атауы;

5) соттың стенографияны қолданғаны туралы мәліметтер және процесте аудио- бейнежазба жүргізудің мүмкін еместігінің себептері;

6) іске қатысушы адамдардың, өкілдердің, куәлердің, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мәліметтер;

7) іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, сондай-ақ аудармашыға, сарапшылар мен мамандарға олардың процестік құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгені туралы мәліметтер;

8) төрағалық етушінің өкімдері және сот отырысы залында шығарылған ұйғарымдар;

9) іске қатысушы адамдар мен өкілдердің арыздары, өтінішхаттары мен түсіндірмелері;

10) куәлардың ауызша айғақтары, сарапшылар мен мамандардың түсіндірмелері;

11)  дәлелдемелер мен құжаттардыңжария етілгені және зерттеудің нәтижелері туралы мәліметтер, аудиожазбалардың тыңдалғаны және бейнежазбалардың, кино материалдарының көрсетілгені;

12) осы Кодекстің 55-бабының негізінде іске қатысушы мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы туралы мәліметтер;

13) сот отырысы залында берілген сұрақтар мен жауаптардың мазмұны;

14) сот жарыссөздері мен репликалардың мазмұны;

15) осы Кодекстің 54-бабының негізінде іске қатысқан прокурордың қысқаша қорытындысы;

16) шешімнің және ұйғарымдардың мазмұны жария етілгені және түсіндірілгені туралы, оларды түпкілікті нысанда дайындаудың мерзімдері, шағым берудің тәртібі мен мерзімін түсіндіру туралы мәліметтер;

17) іске қатысушы адамдарға сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау құқықтарының түсіндірілгені туралы мәліметтер;

18) хаттаманың түпкілікті нысанда жасалған күні көрсетіледі.

3. Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жазып алған кезде қысқаша хаттама жасалады.

4. Қысақша хаттаманың мазмұны осы баптың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 6) және 18) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Сондай-ақ аудио- немесе бейнежазба құралдарының пайдаланылғаны туралы, файлдың атауы, аудио- немесе бейнежазбаның мазмұны да көрсетіледі.

Аудио- немесе бейнежазба және қысқаша хаттама іске қоса тіркеледі.

Іске қатысушы адамдардың және өкілдердің өтінішхаты бойынша сот аудио- немесе бейнежазбаның көшірмесін беруі мүмкін.

 5. Сот отырысының барысын түсіріп алу үшін аудио- немесе  бейнежазбаны қолдануды соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган қамтамасыз етеді.

 

283-бап. Хаттама жасау

1. Сот отырысының немесе жеке процестік әрекеттің хаттамасын сот отырысының хатшысы жасайды немесе аудио- немесе бейнежазба жүргізіледі.

2. Хаттама (қысқаша хаттама) компьютерлік, машинкада жазу не қолмен жазу тәсілімен жасалады.

3. Іске қатысушы адамдар мен өкілдер хаттаманың қандай да бір бөлігін жария ету туралы, өздері іс үшін елеулі деп есептейтін мән-жайлар жөніндегі мәліметтерді хаттамаға енгізу туралы өтінішхат беруге құқылы.

4. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал жеке процестік әрекет туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей дайындалуға және оған қол қойылуға тиіс. Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасы сот отырысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей дайындалуға және оған қол қойылуға тиіс.

5. Хаттамаға төрағалық етуші мен хатшы қол қояды. Барлық өзгерістер, түзетулер, толықтырулар хаттамада жазылуға және олардың қолы қойылып куәландырылуға тиіс.

6. Сот іске қатысушы адамдардың өтінішхаты бойынша төрағалық етушінің және сот отырысы хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы танысу үшін беруге міндетті.

7. Егер іске қатысушы адамдар ауызша берген түсіндірмелерін, арыздарын, өтінішхаттарын, қорытындыларын қосымша жазбаша нысанда берсе, сот жазбаша құжаттарды олардың мазмұнын хаттамада толық көрсетпей-ақ хаттамаға тіркейді.

 

284-бап. Хаттамаға, аудио- немесе бейнежазбаға ескертулер

Іске қатысушы адамдар немесе олардың өкілдері сот отырысының хаттамасы (қысқаша хаттамасы), аудио- немесе  бейнежазба дайындалған және оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде онымен танысуға құқылы. Аталған адамдар олармен танысқаннан кейін хаттамаға, аудио- немесе бейнежазбаға жасалған процестік әрекеттердің және дәлелдемелердің белгіленуінің толық еместігін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде оған жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы.

 

285-бап. Хаттамаға, аудио- немесе бейнежазбаға жасалған ескертулердi қарау

1. Сот отырысының хаттамасына (қысқаша хаттамаға), аудио- немесе  бейнежазбаға жасалған ескертулерді оған қол қойған төрағалық етуші судья қарайды, ол ескертулермен келіскен жағдайда олардың дұрыстығын өзінің бұрыштамасымен және қойған қолымен куәландырады.

2. Төрағалық етуші сот отырысының хаттамасына берілген ескертулермен келіспеген жағдайда олар істі қарауға қатысқан адамдар хабарландырыла отырып, сот отырысында қаралады. Істі қарауға қатысушы адамдардың келмеуі хаттамаға (қысқаша хаттамаға), аудио- немесе бейнежазбаға ескертулерді қарау үшін кедергі болмайды.

Төрағалық етуші ескертулерді қараудың нәтижелері бойынша оларды қанағаттандыру туралы не оларды толық немесе ішінара қабылдамау туралы ұйғарым шығарады. Ескертулердің бәрі іске тігіледі.

3. Сот отырысының хаттамасына ескертулерді қараудың нәтижелері бойынша шығарылған соттың ұйғарымы шағымдануға және наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.

4. Хаттамаға (қысқаша хаттамаға), аудио- немесе бейнежазбаға ескертулер олар сотқа түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

5. Егер төрағалық етуші дәлелді себептермен хаттамаға (қысқаша хаттамаға),  аудио- немесе бейнежазбаға ескертулерді қарай алмаса, олар іс материалдарына қоса тіркеледі.

 

3-бөлімше. ЕРЕКШЕ ТАЛАП ҚОЮМЕН ІС ЖҮРГІЗУ

 

27-тарау. САЙЛАУҒА, РЕФЕРЕНДУМДАРҒА ҚАТЫСУШЫ АЗАМАТТАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ АРЫЗДАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

286-бап. Арыз беру

1. Мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, кәсіпорынның, ұйымның, олардың лауазымды адамдарының шешімімен, әрекетімен (әрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бірлестік, сайлау комиссиясының мүшесі, кандидаттар мен саяси партиялардың сенім білдірілген адамдары, кеңесші дауыс беру құқығы бар саяси партиялардың өкілдері осы Кодекстің 3-тарауында және басқа да заңдарда белгіленген соттылыққа жататын іс бойынша жазбасша арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

 

287-бап. Арызды қарау

1. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңында, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, сайлауға, республикалық референдумға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бір ай мерзім ішінде түскен арыз - бес күн мерзім ішінде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын, дауыс беру күні және сайлаудың, республикалық референдумның қорытындылары жарияланғанға дейін түскен арыз - дереу қаралуға тиіс.

Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмдерiндегі түзетулердің қажеттiлігi туралы сайлау комиссиясының шешiмiне шағым жасау туралы арыз келiп түскен күнi қаралуға тиiс.

2. Сот арызды арыз берушінің, тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органы, кәсіпорын, ұйым өкілінің, прокурордың қатысуымен қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған аталған адамдардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.

 

288-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы

1. Арыз негiздi деп танылған сот шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.

2. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңында, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, бірінші сатыдағы соттың шешіміне шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш күн ішінде апелляциялық тәртіппен шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін.

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы шағым беруге және наразылық келтіруге жатпайды.

3. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңында, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдерін және әрекеттерін (әркетсіздіктерін), сондай-ақ осы Кодекстің 28-бабында көрсетілген соттылық қағидалары бойынша шығарылған, Референдумның орталық комиссиясының шешімдерін және әрекеттерін (әркетсіздіктерін) дау айту туралы істер бойынша сот шешіміне шешімнің көшірмесі тапсырылған күннен бастап үш күн ішінде шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін. 

4. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңында, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген шешімдерге шағым немесе өтінішхат -  сотқа түскен күннен бастап үш күн мерзім ішінде, ал  дауыс берукүнінен бес күн бұрын, дауыс беру күні және сайлаудың, республикалық референдумның қорытындылары жарияланғанға дейін түскен шағым немесе өтінішхат  дереу қаралуға тиіс.

5. Заңды күшіне енген сот шешімі тиісті мемлекеттік органға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органына, кәсіпорынға, ұйымға, сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапты болады.

 

28-тарау. ЖЕРГIЛІКТI АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ АЗАМАТТАРДЫҢ АЛҚАБИ РЕТIНДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ IСIН ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗАТЫН ШЕШIМДЕРІНЕ, ӘРЕКЕТТЕРIНЕ (ӘРЕКЕТСIЗДІГІНЕ) ДАУ АЙТУ ЖӨНІНДЕГI АРЫЗДАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

289-бап. Арыз беру

1. Жергіліктi атқарушы органның шешiмiмен, әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) азаматтың алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу үшiн iрiктеу рәсiмiне қатысу құқығы бұзылып отыр деп есептеген азамат осы Кодекстiң 3-тарауында белгiленген соттылық бойынша сотқа арыз берiп жүгiнуге құқылы. 

2. Азаматтың алқабиге кандидаттардың тізіміне енгізу және қылмыстық сот ісін жүргізуге алқаби ретінде қатысу құқығы бұзылғаны туралы куәландыратын дәлелдемелер арызға қоса тіркелуге тиіс.

3. Арызды Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасына сәйкес алқабилерге кандидаттардың алдын ала тізімдерімен азаматтарды таныстыру мерзімі аяқталған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде сотқа беруге болады.

 

290-бап. Арызды қарау

1. Осы Кодекстің 288-бабында белгiленген мерзiмде келіп түскен арыз екi  жұмыс күні ішінде, ал осы мерзім аяқталатын күні келіп түскен арыз дереу қаралуға тиіс.

2. Сот арызды арыз иесінің, тиісті жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiсті түрде хабарландырылған аталған адамдардың сотқа келмей қалуы iстi қарау және шешу үшiн кедергi болмайды.

 

 

 

291-бап. Арыз бойынша сот шешiмi және оның орындалуы

1. Азаматтың қылмыстық сот iсiн жүргiзуге алқаби ретiнде қатысу үшiн iрiктеу рәсiмiне қатысу құқығының бұзылуын анықтаған сот шешiмi алқабиге кандидаттардың алдын ала тiзiмдерiне түзетулер енгiзу үшiн негiз болып табылады.

2. Сот шешiмi тиiстi жергiлiктi атқарушы органға жiберiледi. Сот шешiмiнiң орындалмауына кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленген жауаптылықта болады.

 

29-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК, ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ, ҰЙЫМДАРДЫҢ, ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ШЕШІМДЕРІ МЕН ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ДАУ АЙТУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

292-бап. Арыз беру

1. Азамат және заңды тұлға мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) сотта дау айтуға құқылы. Жоғары тұрған органның, ұйымның, лауазымды адамның, комиссияның немесе омбудсменнің өтінішті қарауы заңмен белгіленген жағдайларда азаматтың және заңды тұлғаның арызы сотқа жүгінудің осындай тәртібі сақталғаннан кейін беріледі. 

Жеке қолданыстағы құқықтық актінің заңға сәйкессіздігіне, сондай-ақ мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның әрекеттеріне наразылықты заңсыз актіні шығарған немесе заңсыз әрекеттерді жасаған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамай тастаған жағдайда прокурор актіні, іс-әрекетті заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінеді.

2. Осы тараудың қағидалары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудіжүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы істер бойынша арыз сотта қарауға жатпайды.

3. Арыз сотқа осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық қағидалары бойынша беріледі. Аудандық соттардың сотта іс қарауына жатқызылған арыздар азаматтың тұрғылықты жері бойынша сотқа не әрекеті дау айтылып отырған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің орналасқан жері бойынша сотқа берілуі мүмкін.

 4. Арыз берушінің мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер туралы хабардар болу негізі бойынша Қазақстан Республикасынан шетелге кетуіне рұқсат беруден бас тартуға кету туралы өтінішті қанағаттандырмау жөнінде шешім қабылдаған органның орналасқан жері бойынша тиісті аудандық және оған теңестірілген сотта дау айтылады.

5. Прокурордың сотқа жүгінуі наразылық келтірілген жеке қолданыстағы құқықтық актінің күшін сот қарағанға дейін тоқтата тұрады.

 

  293-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сот арқылы дау айтуға жататын шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі)

1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сотта дау айтуға жататын шешімдерінің, әрекеттерінің (немесе әрекетсіздігінің) нәтижесінде:

1) азаматтың құқықтары мен бостандықтары және заңды тұлғаның заңды мүдделерi бұзылған;

2) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ жеке тұлғаның заңды мүдделерiн жүзеге асыруына кедергі жасалған;

3) азаматқа немесе заңды тұлғаға қандай да бiр мiндет заңсыз жүктелген немесе олар заңсыз жауапқа тартылған алқалық және жеке-дара шешiмдер мен әрекеттер (әрекетсiздiк) жатады.

Арыз сотқа осы баптың бірінші бөлігінде көзделген кез келген негіз бойынша берілуі мүмкін.

2. Осы тарауға сәйкес: 

1) Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкестігіне тексерілуі Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған заңнамалық актілерге;

2) басқа заңнамалық актілермен сотқа шағымданудың өзгеше тәртібі көзделген жеке-дара құқықтық актiлерді;

3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру осы Кодекстің 31-тарауында көрсетілген тәртіппен жүргізілетін нормативтiк құқықтық актiлерге;

5) мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің, сот арқылы шағым жасауға жататын, жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі бар заңды тұлғалардың талап қою ісін жүргізу тәртібімен дау айтуға жататын (корпоративтік дауларға) шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне);

6) мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық процестік заңнамасында және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада айқындалған тәртіппен соттың қарауына жататын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотта дау айтуға болмайды.

3. Арыз сотқа осы баптың бірінші бөлігінде көзделген кез келген негіз бойынша берілуі мүмкін.

Арыз берушінің өтінішхаты бойынша арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы ұйғарымның көшірмесі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылып отырған органға немесе лауазымды адамға ұсынуы үшін арыз берушіге берілуі мүмкін.

 

294-бап. Сотқа арызбен жүгінуге арналған мерзім

1. Азамат немесе жеке тұлға құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң бұзылғаны туралы өздерiне мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде сотқа арызбен жүгiнуге құқылы.

Прокурор наразылықты қараудың нәтижелері туралы хабарламаны алған кезден бастап он күндік мерзім ішінде немесе оны қарау үшін заңда белгіленген мерзім өткеннен кейін сотқа жүгінуге құқылы.

2. Сотқа арызбен жүгінуге арналған үш айлық мерзімді өткізіп алу соттың арызды қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды.

Көрсетілген мерзімді қалпына келтіру туралы не осы мерзімді қолдану туралы өтінішхаты алдын ала сот отырысында немесе сот отырысында қаралады. Егер мерзім қалпына келтірілмесе, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

 

295-бап. Істі сот талқылауына дайындау

Судья арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 165-бабында көзделген тәртіппен істі сот талқылауына дайындауды жүргізеді. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.

 

296-бап. Арызды қарау

1. Сот арызды істі соттың талқылауына дайындық аяқталған күннен бастап бiр ай мерзiмде прокурордың, азаматтың, шешімдері мен әрекеттері дау айтылып отырған мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, қоғамдық бірлестік, ұйым басшысының, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің немесе олардың өкіл(дер)інің қатысуымен қарайды.

Сот прокурордың арызын істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап он күндік мерзім ішінде прокурордың қатысуымен және наразылықты қабылдамау туралы шешім қабылдаған органның, лауазымды адамның немесе оның өкілінің қатысуымен қарайды.

2. Сот отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарландырылған аталған адамдардың қайсыбірінің сот отырысына келмеуі арыздың қаралуына кедергі болмайды. Алайда, сот іс бойынша талқылауды кейінге қалдырып және адамдарды қайтадан шақырып, аталған адамдардың сот отырысына келуін міндетті деп тануы мүмкін.

3. Сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардан барлық құжаттар мен материалдарды өз бастамасы бойынша талап етіп алдыруға құқылы, дау айтылып отырған шешім, әрекет (әрекетсіздік) солардың негізінде қабылданады.

Талап етілген материалдарды сотқа дәлелсіз себептерсіз ұсынбау осы  Кодекстің 73-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген құқықтық салдарға әкеп соғады.

 

297-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы

1. Сот шешімі осы Кодекстің 227-бабының талаптарына сәйкес шығарылады.

2. Соттың шешімі жол берілген заң бұзушылықтарды жою үшін  мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның басшысына, лауазымды адамға, мемлекеттік қызметшіге не бағыныстылығы тәртібімен жоғары тұрған органға сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Сот шешімінің көшірмесі жоғары тұрған мемлекеттік органға және прокурорға жіберіледі.

3. Шешімнің орындалғаны туралы сотқа, азаматқа немесе заңды тұлғаға сот шешімі алынған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей хабарлануға тиіс. Сот шешімін орындамағаны үшін кінәлі лауазымды адамдар заңда көзделген жауаптылықта болады.

4. Мемлекеттік органның, жергілікті өзін өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің қабылдаған заңсыз шешімінің, жасаған заңсыз әрекетінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген зиянды өтеу талап қою жөніндегі іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады.

 

30-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІНІ  ДАУЛАУ

ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

298-бап. Арыз беру

1. Өздерiне нормативтiк құқықтық актiнiң күшi қолданылатын, заңда көзделген тәртіппен қабылданған және жарияланған нормативтік құқықтық актімен олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңнамалық актілерімен кепiлдiк берiлген құқықтары мен заңмен қорғалған мүдделерi бұзылып отыр деп санайтын азамат және заңды тұлға осы актiнi заңға толық немесе жекелеген бөлiгiнде қайшы келедi деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.

Заңға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актіге наразылықты заңсыз актіні шығарған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамай тастаған жағдайда прокурор актіні заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінеді.

2. Арыз осы Кодекстің 148-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге және онда дауланып отырған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының атауы, лауазымды адамның аты-жөні, оның қабылданған күні туралы қосымша деректер, осы актімен немесе оның жекелеген ережелерімен азаматтың немесе заңды тұлғаның қандай құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылып отырғаны, даулап отырған актінің Қазақстан Республикасы Конституциясының қандай баптарына, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің қандай баптарына немесе ережелеріне қайшы келетіндігі қамтылуға тиіс.

3. Арызға дауланып отырған актінің немесе оның бір бөлігінің көшірмесі нормативтік құқықтық актіні қандай бұқаралық ақпарат құралының органы жариялағаны және оның қашан ресми жарияланғаны көрсетіле отырып, қоса тіркеледі.

4. Прокурор сот қарағанға дейін наразылық келтірілген нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінген жағдайларды қоспағанда, сотқа арыз беру нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұрмайды.

 

299-бап. Істі соттың талқылауына дайындау

Осы Кодекстің 165-бабында көзделген тәртіппен судья арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде істі соттың талқылауына дайындауды жүргізеді. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.

 

300-бап. Арызды қарау

1.  Сотқа арызбен жүгiнген азамат немесе заңды тұлға, прокурор, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган (лауазымды адам) сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.

2. Іс азаматтың немесе заңды тұлға өкілінің, прокурордың, нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам өкілінің міндетті түрде қатысуымен істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде қаралады. 

Сот прокурордың арызын істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап он күндік мерзім ішінде прокурордың қатысуымен және, наразылықты қабылдамау туралы шешім қабылдаған органның лауазымды адамның немесе оның өкілінің қатысуымен қарайды.

Аталған адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.

3. Сот отырысында сот нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының құзыретін не лауазымды адамның өкілеттігін, бүкіл нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексереді.

4. Нормативтік құқықтық актіні заңға қайшы деп тану туралы арызды қарау кезінде аталған актіні қабылдауға негіз болған мән-жайларды дәлелдеу міндеті актiні қабылдаған мемлекеттік органға немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына не лауазымды адамға жүктеледі.

5. Сотқа жүгінген адамның өзінің талабынан бас тартуы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға әкеп соқпайды. Нормативтік құқықтық актіні шығарған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, лауазымды адамның қойылған талапты мойындауы сот үшін міндетті болып табылмайды.

 

301-бап. Соттың шешімі және оны орындау

1.  Сот шешімі осы Кодекстің 228-бабының талаптарына сәйкес шығарылады.

2. Нормативтік құқықтық актіні толығымен немесе оның жекелеген бөлігін заңға сәйкес емес және жарамсыз деп таныған сот шешімі осы актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам үшін міндетті. Шешім дауланып отырған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің күші құқықтары мен бостандықтарына, заңды мүдделеріне қолданылған белгісіз адамдар тобы үшін міндетті.

3. Нормативтік құқықтық актінің заңнамалық актіге сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы сот шешімінің преюдициялық күші бар. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығын басқа азаматтар немесе заңды тұлғалар оның сот тәртібімен бұрын тексерілмеген бөлігін ғана қайта даулай алады.

 

4-бөлімше. ЕРЕКШЕ ІС ЖҮРГІЗУ

 

31-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

302-бап. Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер

1. Сот ерекше іс жүргізу  тәртібімен қарайтын істерге:

1) заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы;

2) бала  асырап алу туралы;

3) азаматты хабарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы;

4) азаматтың әрекетке қабілеттігінің шектеулілігі туралы, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы;

5) кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті (эмансипация) деп жариялау туралы;

6) кәмелетке толмағандарды девиантты мiнез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы;

7) заңда көзделген негіздер бойынша азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы;

8) азаматты туберкулезден, алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы;

9) қаржы ұйымдарын, банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын банк холдингін және (немесе) олардың мүлкін қайта құрылымдау туралы;

10) оңалту және банкроттық туралы;

11) жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы;

12) азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау туралы;

13) нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға берілген шағымдар бойынша;

14) бағалы қағаздарды көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар (шақырту ісін жүргізу) бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы;

15) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы;

16) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпаратты қамтитын шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін тану туралы;

17) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы істер жатады.

2. Заңда ерекше іс жүргізу тәртібімен басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін.

 

303-бап. Ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібі

1. Ерекше жүргізілетін істерді осы Кодекстің 32-50-тарауларында белгіленген ерекшеліктерімен қоса талап қою жөніндегі іс жүргізу ережелері бойынша соттар қарайды. Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз берушінің және мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды.

2. Егер арыз берген немесе істі ерекше іс жүргізіп қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы даудың болғаны туралы белгілі болса, сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады, сонымен тараптар мен мүдделі адамдарға талап қою жөніндегі іс жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығын түсіндіреді.

 

304-бап. Істі соттың талқылауына дайындау

Судья осы Кодекстің 165-бабында көзделген тәртіппен осы Кодекстің 31-тарауында белгіленген ерекшеліктерімен қоса сот арызды іс жүргізуіне  қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде істі соттың талқылауына дайындауды жүргізеді. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.

 

 

 

 

 

32-тарау. ЗАҢДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ФАКТІЛЕРДІ АНЫҚТАУ

 

305-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер

1. Сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты  болатын фактілерді анықтайды.

2. Сот мынадай фактілерді:

1) адамдардың туыстық қатынастарын;

2) адамның біреудің асырауында болуын;

3) тууды, бала асырап алуды, некеге тұруды, ажырасуды және қайтыс болуды тіркеуді;

4) әке болуды тануды;

5) құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспорттарды, жеке куәліктерді және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі бойынша атына, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамға тиесілі екендігін;

6) егер құқық белгілейтін құжат жоғалған және оны өзгеше тәртіппен қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда жылжымайтын мүлік объектілерін иелену және пайдалану;

7) егер жазатайым жағдайды өзгеше тәртіппен растау мүмкін болмаса, жазатайым жағдайды;

8) азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан жағдайда, адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болуын;

9) егер нотариаттық әрекет жасайтын адам мұрагерлік мүлікті иелену үшін күшіне ену фактісін растауға қажетті тиісті құжаттардың болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты мұраға құқық туралы куәлікті арыз берушіге бере алмаса, мұрагерлікті қабылдау және мұрагерліктің ашылу орнын анықтау туралы істерді қарайды.

3. Егер заңнамада басқа заңдық маңызы бар фактілерді анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, оларды сот анықтайды.

 

306-бап. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға қажетті шарттар

Сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.

 

307-бап. Арыз беру

Жылжымайтын мүліктің орналасқан орны бойынша сотқа берілетін заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша арыз, жылжымайтын мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығында иелену, пайдалану және (немесе) оған иелік ету фактісін қоспағанда, арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

 

308-бап. Арыздың мазмұны

Арызда арыз берушінің осы фактіні қандай мақсатпен анықтауы қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ арыз берушінің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

 

309-бап. Соттың арыз бойынша шешімі

Заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы соттың шешімі, егер мұндай құқық осы органдар беретін құжаттарды ауыстырмай, тіркелуге жататын болса, тиісті құқықты мемлекеттік тіркеуге және тиісті құжаттарды беруге негіз болып табылады.

 

33-тарау. БАЛА АСЫРАП АЛУ ТУРАЛЫ АРЫЗДАР БОЙЫНША

ІС ЖҮРГІЗУ

 

310-бап. Арыз беру

Жасы кәмелетке толмаған баланы асырап алу (бұдан әрi - асырап алу) туралы арызды бала асырап алуға тілек білдірген азаматтар баланың тұрғылықты (тұратын) жерiндегi кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа осы Кодекстің                    3-тарауында белгіленген соттылық ережелері бойынша бередi.

 

311-бап. Арыздың мазмұны

Бала асырап алу туралы арызда:

1) бала асырап алушылардың (асырап алушының) тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұрғылықты жері;

2) асырап алынатын баланың тегі, аты, әкесінің аты және туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты (тұратын) жері, асырап алынатын баланың ата-аналары, аға-інілері мен апа-қарындастарының бар-жоғы туралы мәліметтер;

3) бала асырап алушылардың (асырап алушының) бала асырап алу туралы өтінішін негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;

4) бала асырап алушылар (асырап алушы) баланың туу туралы акті жазбасына тиісті өзгерістер енгізуге тілек білдірген кезде, асырап алынатын баланың тегін, атын, әкесінің атын, оның туған күнін, айын, жылын, асырап алынатын баланың туған жерін өзгерту туралы, баланың туу туралы акті жазбасына бала асырап алушыларды (асырап алушыны) ата-аналар (ата-ана) ретінде жазу туралы өтініш көрсетілуге тиіс.

 

 

 

312-бап. Бала асырап алу туралы арызға қоса берілетін құжаттар

Асырап алу туралы арызға:

1) некеде тұрған адамдардың (адамның) баланы асырап алуы кезінде – бала асырап алушылардың (асырап алушының) неке туралы куәлігінің көшірмесі;

2) баланы ерлі-зайыптылардың біреуі асырап алған кезде – екінші жұбайының келісімі немесе ерлі-зайыптылардың отбасылық қарым-қатынастарын тоқтатқанын дәлелдейтін құжат. Арызға тиісті құжатты қоса беру мүмкін болмаған кезде арызда осы фактілерді растайтын дәлелдемелер көрсетілуге тиіс;

3) бала асырап алушылардың (асырап алушының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;

4) атқаратын қызметі және жалақысы туралы жұмыс орнынан анықтама не табысы туралы өзге құжат;

5) тұрғын үй-жайды пайдалану немесе тұрғын-үй жайға меншік құқығын растайтын құжат;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көрсетілген өзге де құжаттар қоса берілуге тиіс.

 

313-бап. Істі сот талқылауына дайындау

1. Судья істі соттың талқылауына дайындау кезінде асырап алынатын баланың тұрғылықты (тұрған) жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды бала асырап алудың негізділігі туралы және баланың мүддесіне сәйкестігі туралы комиссия қорытындысының негізінде асырап алуға беру туралы рұқсатты сотқа беруді міндеттейді.

2. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысына:

1) асырап алынатын баланың тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша не бала асырап алушылардың (асырап алушының) тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын орган жасаған бала асырап алушылардың (асырап алушының) тұрмыс жағдайларын тексеру актісі;

2) асырап алынатын баланың туу туралы куәлігі;

3) асырап алынатын баланың денсаулық жағдайы, дене бітімінің және ақыл-ойының дамуы туралы медициналық қорытынды;

4) он  жасқа толған асырап алынатын баланың асырап алуға, сондай-ақ оның атын, әкесінің атын, тегін өзгертуге мүмкіндік беруге және асырап алушыларды (асырап алушыны) оның ата-анасы ретінде жазуға келісімі (егер мұндай келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда);

5) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, он алты жасқа толмаған ата-аналардың баласын асырап алуға келісімі, сондай-ақ олардың заңды өкілдерінің келісімі, ал заңды өкілдері болмаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын органның келісімі;

6) баланың қорғаншысының немесе қамқоршысының, патронат тәрбиешінің немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын білім беру, медициналық және басқа да ұйымдар басшысының баланы асырап алуға келісімі;

7) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер баланы асырап алу кезінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органда орталықтандырылған есепте тұру фактісін растайтын құжат, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның осы баланы бірінші кезекте асырап алуға олардың азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан, туысқандарының не Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын іске асырғанын растайтын құжаттар қоса берілуге тиіс.

3. Сот қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын органдардан бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған есепте тұрған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар туралы ақпаратты жазбаша сұрау салу негізінде сұратып алады.

4. Сот қажет болған кезде өзге де құжаттарды сұратуы мүмкін.

 

314-бап. Арыздарды қарау

Баланы асырап алу туралы істерді сот баланы асырап алушылардың (асырап алушының) өздерінің, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын орган өкілдерінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды. 

Қажет болған жағдайларда сот асырап алынатын баланың ата-аналарын (ата-анасын) немесе өзге де заңды өкілдерін, оның туысқандарын және басқа да мүдделі адамдарды, сондай-ақ он жасқа толған баланың өзін іске қатысуға тарта алады. 

Сот баланы асырап алу туралы істерді  жабық сот отырысында қарайды.

 

315-бап. Соттың арыз бойынша шешімі

Бала асырап алу туралы арызды қарай отырып, сот арызды қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан толық бас тарту немесе бала асырап алушылардың (асырап алушының) өздерін баланың ата-аналары (ата-анасы) ретінде оның тууы туралы акт жазбасына жазу туралы, сондай-ақ баланың туған күнін, айын, жылын және туған жерін өзгерту туралы өтінішін қанағаттандыру бөлігінде бас тарту туралы шешім шығарады.

Бала асырап алу туралы арыз қанағаттандырылған кезде бала асырап алушылардың (асырап алушының) және асырап алынған баланың өзара құқықтары мен мiндеттерi сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап туындайды.

Сот шешімінен үзінді көшірме баланы асырап алуды мемлекеттiк тiркеу үшiн соттың орналасқан жері бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органына, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын органға шешім заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жiберiледi.

 

316-бап. Бала асырап алудың күшін жою

Бала асырап алудың күшін жою туралы істерді қарау және шешу талап қою іс жүргізу ережелері бойынша жүзеге асырылады.

 

34-тарау. АЗАМАТТЫ ХАБАРСЫЗ КЕТТІ ДЕП ТАНУ НЕМЕСЕ ҚАЙТЫС БОЛДЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

317-бап. Арыз беру

1. Азаматты хабарсыз кетті деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы арыз оны берушінің тұрғылықты жеріндегі не хабарсыз кеткен азаматтың соңғы мәлім болған тұрғылықты жеріндегі сотқа беріледі.

2. Азаматты хабарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы іс оның отбасы мүшелерінің, прокурордың, қоғамдық бірлестіктердің, қорғаншылық  және қамқоршылық органы мен басқа да мүдделі адамдардың арызы бойынша басталуы мүмкін.

 

318-бап. Арыздың мазмұны

 Арызда оны берушіге азаматты хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау қандай мақсат үшін қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ азаматтың хабарсыз кетуін растайтын мән-жайлар не хабарсыз кеткен адамның қаза табу қаупін төндірген немесе оны белгілі бір жазатайым жағдайдан қайтыс болды деп жорамалдауға негіз болатын мән-жайлар айтылуға тиіс. Әскери қызметшілерге немесе соғыс қимылдарына байланысты хабарсыз кеткен өзге де азаматтарға қатысты арызда соғыс қимылдарының аяқталған күні көрсетіледі.

 

319-бап. Істі сот талқылауына дайындау

1. Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде қандай адамдардың жоқ адам туралы мәлімет бере алатынын анықтайды, сондай-ақ жоқ адам туралы соңғы мәлім болған тұрғылықты жері және жұмыс орны бойынша тиісті ұйымдардан, ішкі істер органдарынан, әскери бөлімдерден ол туралы бар мәліметтерді сұратады.

2. Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда арыз берушінің есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында (аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі, Интернет желісінде, теледидарда) азаматты хабарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы  іс қозғалғаны туралы жарияланым беруге міндеттейді.

Жарияланым сот белгілеген мерзімде жүргізіледі және: 

1) азаматты хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы арыз келіп түскен соттың атауын;

2) арыз берушінің аты-жөнін және оның тұрғылықты жерін (егер арыз заңды тұлғадан келіп түссе, орналасқан жерін);

3) жоғалып кеткен адамның тегін, атын, әкесінің атын, туған жері мен соңғы жұмыс орнын;

4) азаматтың жүрген жері туралы мәліметтері бар адамдарға жарияланым берілген күннен бастап үш ай мерзімде сотқа бұл туралы хабарлауды ұсынуды қамтуға тиіс.

3. Арыз беруші бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланым туралы растауды орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сотқа ұсынуға міндетті. Жарияланым туралы растауды ұсынбау арызды қараусыз қалдыруға әкеп соғады.

Судья қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын органға жоғалып кеткен азаматтың мүлкін күзету және  басқару үшін қамқоршы тағайындауды ұсына алады.

 

320-бап. Прокурордың қатысу міндеттілігі

Азаматты хабарсыз кеткен деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы істерді сот міндетті түрде прокурордың қатысуымен қарайды.

 

321-бап. Сот шешімінің салдары

1. Азаматты хабарсыз кетті деп таныған сот шешімі қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның хабарсыз кеткен азаматтың мүлкіне оның орналасқан жері бойынша қамқоршы тағайындауына негіз болып табылады.

2. Азаматты қайтыс болды деп жариялаған сот шешімі азаматтық хал актілерін жазу органының адамның қайтыс болуы туралы жазбаны азаматтық хал актілерін тіркеу кітабына енгізуіне негіз болып табылады.

Қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкіне қатысты мұра сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап ашық деп есептеледі.

 

322-бап. Сот шешімімен хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың келуі немесе жүрген жерін анықтаудың салдары

1. Сот шешімімен хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азамат келген немесе оның жүрген жері анықталған жағдайда бірінші сатыдағы сот жаңа шешіммен өзінің бұрын шығарған шешімінің күшін жояды. Бұл шешім хабарсыз кетті деп танылған азаматтың мүлкіне қамқоршылық жасауды тоқтату және қайтыс болды деп жарияланған адамның қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу кітабындағы жазбаны жою үшін негіз болып табылады.

 2. Азаматты хабарсыз кетті деп тану туралы немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің күшін жою аталған тұлғалардың мүліктік құқықтарын қалпына келтіру үшін негіз болып табылады.

 

35-тарау. АЗАМАТТЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ, АЗАМАТТЫ ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТСІЗ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ, ОН ТӨРТ ЖАСТАН ОН СЕГІЗ ЖАСҚА ДЕЙІНГІ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДЫ ӨЗ ТАБЫСЫНА ӨЗ БЕТІНШЕ БИЛІК ЕТУ ҚҰҚЫҒЫН ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ ОДАН АЙЫРУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

323-бап. Арыз беру

1. Азаматты спирттік ішімдіктерді немесе есірткі заттарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттарды теріс пайдалану салдарынан әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы іс оның отбасы мүшелерінің, прокурордың, қамқоршылық және қорғаншылық органның арызы бойынша қозғалуы мүмкін.

2. Психикалық науқастану немесе психиканың бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы салдарынан азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс сотта онымен бірге тұратынына не тұрмайтынына қарамастан, отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының (ата-анасының, балаларының, аға-інілерінің, апа-қарындастарының), прокурордың, қамқоршылық және қорғаншылық органның, психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесінің арызы бойынша қозғалуы мүмкін.

3. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы іс ата-аналарының, бала асырап алушылардың,  қорғаншысының не қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын органның немесе прокурордың арызы негізінде қозғалуы мүмкін.

4. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы немесе он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығынан айыру туралы іс қамқоршы белгілеу (тағайындау) жолымен әрекет қабілеттілігі шектеулі, әрекетке қабілетсіз адамның да, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдардың да мүдделерін қорғау мақсатында қозғалады.

5. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы немесе он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығынан айыру туралы арыз осы адамның тұрғылықты жері бойынша, ал егер адам психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесіне жатқызылса, сол мекеменің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

 

324-бап. Арыздың мазмұны

1. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы арызда спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға, психотроптық заттарға немесе оларға ұқсас заттарға құныққан адамның өз отбасын ауыр материалдық жағдайда қалдыратынын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.

2. Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арызда өз әрекеттерінің нақты сипаты мен маңызын түсінбеуі немесе не істегенін білмеуі салдарынан оның психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы болуын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.

3.  Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз еңбекақысына, стипендиясына немесе өзге де табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы арызда кәмелетке толмағанның өз еңбекақысына, стипендиясына немесе өзге де табысына көрінеу жөнсіз билік ететіні туралы куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.

 

325-бап. Істі сот талқылауына дайындау

1. Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде қозғалған іс бойынша азаматтың мүдделерін білдіру және қорғау үшін ресми өкіл-адвокат тағайындайды.

Ресми өкіл-адвокат заңды өкілдің өкілеттіктерін иеленеді. Мұндай адвокаттың заң көмегі заңға сәйкес бюджет қаражаты есебінен тегін көрсетіледі.

2. Азаматтың психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы туралы жеткілікті деректер болған кезде сот оның психикалық жай-күйін анықтау үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындайды.

Өзін әрекетке қабілетсіз деп тану туралы өзіне қатысты іс қозғалған адам сараптамадан өтуден көрінеу жалтарған кезде сот психиатрдың қатысуымен сот отырысында азаматты сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жіберу туралы ұйғарым шығара алады.

 

326-бап. Арызды қарау

1. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз еңбекақысына, стипендиясына немесе өзге де табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы арызды сот адамның өзінің, арыз берушінің, прокурордың, қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды.

Әрекетке қабілетсіз деп тану туралы өзіне қатысты іс қаралатын  азамат, егер оның сот отырысына қатысуы оның өмірі немесе денсаулығы үшін не айналасындағылардың өмірі немесе денсаулығы үшін қауіп төндірмесе, сот отырысына шақырылуға тиіс. Адам өз ұстанымын өзі не өкілдері арқылы баяндауға құқылы.

Егер адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс бойынша сот отырысына азаматтың өзі қатысуы оның өмірі немесе денсаулығы үшін не айналасындағылардың өмірі немесе денсаулығы үшін қауіп төндірсе, іс оның тұратын жері бойынша сотта қаралады. Іс стационарлық жағдайларда психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымда немесе психикалық бұзылулардан зардап шегетін адамдар үшін әлеуметтік қызмет көрсететін стационарлық мекемеде азаматтың өзінің қатысуымен қаралуы мүмкін.

2. Көрсетілген санаттағы істерді қарау кезінде арыз беруші сот шығындарын төлеуден босатылады. Сот арыз берген тұлғаның азаматтың әрекетке қабілеттігін көрінеу негізсіз шектеу немесе одан айыру мақсаттарында теріс пиғылды әрекет жасағанын анықтап, одан істі қарауға байланысты барлық сот шығындарын өндіріп алады.

 

327-бап. Арыз бойынша соттың шешімі

1. Егер азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тануға, он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өзінің еңбекақысына, стипендиясына немесе өзге де табысына өз бетінше иелік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы негіздердің болмау фактісін анықтаса, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

2. Азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу туралы, сондай-ақ он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз еңбекақысына, стипендиясына немесе өзге де табысына өз бетінше иелік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қорғаншы тағайындауы үшін негіз болып табылады.

3. Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі қамқоршылық және қорғаншылық органының қамқоршы тағайындауы үшін негіз болып табылады.

4. Қамқоршылық және қорғаншылық орган әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз азаматқа қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғаны туралы он күн мерзім ішінде сотқа хабарлауға тиіс.

5. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азамат осы Кодексте көзделген тәртіппен сот шешіміне шағым беруге құқылы.

 

328-бап. Азаматты әрекетке қабілетті деп тану

1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 22-бабының екінші тармағында көзделген жағдайда сот азаматтың өзінің, оның отбасы мүшесінің, қорғаншының, қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, психиатриялық диспансердің арызы бойынша азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеудің күшін жою туралы, он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз еңбекақысына, стипендиясына немесе өзге де табысына өз бетінше иелік ету құқығын шектеудің немесе айырудың күшін жою туралы шешім шығарады. Сот шешімінің негізінде оған белгіленген қорғаншылық күшін жояды.

2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 26-бабында көзделген жағдайларда сот қамқоршының, психиатриялық емдеу мекемесінің, отбасы мүшесінің, прокурордың, психиатриялық (психоневрологиялық) мекеменің, қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы бойынша сот-психиатриялық сараптаманың тиісті қорытындысы негізінде сауыққан немесе денсаулығы едәуір жақсарған адамды әрекетке қабілетті деп тану туралы шешім шығарады. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылық күшін жояды.

 

36-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДЫ ТОЛЫҒЫМЕН ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТТІ (ЭМАНСИПАЦИЯ) ДЕП ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

329-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп  жариялау туралы арыз беру

1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-1-бабында көзделген жағдайда он алты жасқа толған, кәмелетке толмаған бала өзін толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызбен өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіне алады.

2. Кәмелетке толмағанды толық әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот ата-аналарының (ата-анасының біреуінің), баланы асырап алушылардың немесе қорғаншыларының кәмелетке толмағанды әрекетке толығымен қабілетті деп жариялауға келісімі болмаған кезде қабылдайды.

 

330-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды қарау

Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот ата-аналарының (ата-анасының біреуінің), баланы асырап алушылардың (асырап алушының), қорғаншыларының, сондай-ақ қамқоршылық және қорғаншылық органы өкілінің, прокурордың қатысуымен қарайды.

 

331-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арыз бойынша сот шешімі

1. Сот кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды мәні бойынша қарап, арыз берушіні қанағаттандыратын немесе қанағаттандырудан бас тартатын шешім қабылдайды.

2. Он алты жасқа толған кәмелетке толмаған бала арыз қанағаттандырылған кезде эмансипация туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап толығымен әрекетке қабілетті (эмансипацияланған) деп жарияланады.

 

 

 

37-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ДЕВИАНТТЫ     МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА НЕМЕСЕ ЕРЕКШЕ РЕЖИМДЕ ҰСТАЙТЫН ҰЙЫМҒА ЖІБЕРУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

332-бап. Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру

1. Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арызды қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ішкі істер органы баланың тұрғылықты (тұрған) жері бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа береді.

2. Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арызда мән-жайлар жазылуға және девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға жіберу үшін заңмен көрсетілген негіздердің бар-жоғы туралы және кәмелетке толмағанның оны көрсетілген білім беру ұйымында ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін ауруының жоқ екендігі туралы куәландыратын құжаттар ұсынылуға тиіс.

 

333-бап. Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы  бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арызды қарау

1. Сотқа кәмелетке толмаған бала, оның заңды өкілдері, қамқоршылықнемесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өкілдері, сондай-ақ соттың қалауы бойынша өзге де адамдар шақырылады.

2. Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арызды қарауға прокурордың қатысуы міндетті болып табылады.

3. Арыз беруші кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы істі қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады.

 

334-бап. Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арыз бойынша сот шешімі

1. Судья кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша қамқоршылықнемесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы қабылданбайды не қанағаттандырылады.

          2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру үшін негіз болып табылады.

3. Кәмелетке толмағанның девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымында немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымда болу мерзімі шешім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.

 

38-тарау. АЗАМАТТЫ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРҒА МӘЖБҮРЛЕП ЖАТҚЫЗУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

335-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз беру

1. Азаматты оның келісімінсіз психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды стационарлық жағдайларда психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымның өкілі психиатриялық ұйым орналасқан жердегі сотқа береді.

2. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиісті арызға адамды психиатриялық стационарға жатқызудың және оны емдеудің негізділігі туралы шешім қабылдаған психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының дәлелді қорытындысы қоса беріледі.

 

336-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз беру мерзімі

1. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап 72 сағаттан кешіктірілмей сотқа беріледі.

Сот шешімі шығарылғанға дейін азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген салдарға жол бермеу мақсатында ғана рұқсат етіледі.

Психиатриялық ұйымның әкімшілігі соттың шешімінсіз ауруханаға мәжбүрлеп жатқызудың әрбір жағдайы бойынша азаматты психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап 72 сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлама жібереді.

2. Істі қозғай отырып, судья сонымен қатар азаматтың психиатриялық стационарда болу уақытын арызды сотта қарауға қажетті мерзімге ұзартады.

 

 

337-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды қарау

1. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды судья іс қозғалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Сот отырысы соттың немесе адам стационарға жатқызылған психиатриялық ұйымның үй-жайында өткізіледі. Егер психиатриялық ұйымның өкілінен алынған мәліметтер бойынша ол адамның психикалық жай-күйі оған психиатриялық ұйымның үй-жайында өткізілетін сот отырысына жеке өзінің қатысуына мүмкіндік берсе, азаматтың өзін ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы іс бойынша сот отырысына жеке өзінің қатысуына құқығы бар.

2. Іс прокурордың, істің қозғалуына бастамашы болған, азамат жатқызылған медициналық ұйым өкілінің және психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы өзіне қатысты мәселе шешіліп жатқан азамат өкілінің қатысуымен қаралады.

 

338-бап. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу туралы арыз бойынша сот шешімі

1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.

2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім азаматты емдеу үшін ауруханаға мәжбүрлеп жатқызуға және заңда көзделген мерзімде оны психиатриялық стационарда одан әрі ұстау үшін негіз болып табылады.

 

339-бап. Мәжбүрлеп ауруханаға жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз беру және оны қарау

1. Мәжбүрлеп ауруханаға жатқызу және емдеу мерзімін алты айдан астам мерзімге ұзарту туралы арызды стационарлық жағдайларда психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйым психиатриялық ұйым орналасқан жердегі сотқа береді.

2. Мәжбүрлеп ауруханаға жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шығарылған психиатр–дәрігерлердің мәжбүрлеп ауруханаға жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы қорытындысы қоса беріледі.

3. Мәжбүрлеп ауруханаға жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз осы Кодекстің 344-бабының қағидалары бойынша қаралады.

 

340-бап. Мәжбүрлеп ауруханаға жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі

1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.

2. Азаматты мәжбүрлеп ауруханаға жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру туралы сот шешімі мәжбүрлеп ауруханаға жатқызу және емдеу мерзімін заңда белгіленген мерзімге ұзарту үшін негіз болып табылады.

3. Азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қабылдамау туралы сот шешімі психиатриялық ұйымнан шығару үшін негіз болып табылады. 

 

39-тарау. АЛКОГОЛИЗММЕН, НАШАҚОРЛЫҚПЕН ЖӘНЕ УЫТҚҰМАРЛЫҚПЕН АУЫРАТЫН АЗАМАТТЫ  НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМҒА МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУГЕ ЖІБЕРУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

341-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық  ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы арыз беру

1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда оның келісімінсіз мәжбүрлеп емдеу туралы арызды науқастың туыстары, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, ішкі істер органдары, прокуратура, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының бастамасы бойынша науқастың тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының өкілі береді.

Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын, тұрақты тұрғылықты жері жоқ науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы мәселе шешілген жағдайда  арызды  осы арызды берген кезде науқастың орналасқан жері бойынша ішкі істер органдары береді.

2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиіс арызға адамды алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану және оған мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану қажеттігі туралы дәлелді медициналық қорытынды қоса беріледі.

 

342-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы арызды қарау

1. Судья азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды арыз іс жүргізуге қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

2. Іс мәжбүрлеп емделуге жіберілетін науқастың, істің қозғалуына бастамашы болған денсаулық сақтау және ішкі істер органдары өкілінің, науқастың туыстарының, еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен қаралады.

Өзіне қатысты наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы іс қозғалған науқас сот отырысына келуден жалтарған жағдайда, сот оны ішкі істер органдарына мәжбүрлеп әкеледі.

 

343-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу туралы арыз бойынша сот шешімі

1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.

2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім азаматты заңда белгіленген мерзімге наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеу үшін жіберуге негіз болып табылады.

 

344-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен  ауыратын науқасты наркологиялық  ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз беру және қарау

1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқасты заңда көзделген жағдайларда наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімі осы ұйымның орналасқан жері бойынша наркологиялық ұйым әкімшілігінің арызы бойынша ұзартылуы мүмкін.

2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімін ұзарту туралы арызға мәжбүрлеп емдеу мерзімін ұзартудың қажеттігі туралы медициналық қорытынды қоса беріледі.

 

345-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі

1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша осы арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.

2. Азаматты мәжбүрлеп ауруханаға жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру туралы сот шешімі алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеу мерзімін заңда белгіленген мерзімге ұзарту үшін негіз болып табылады.

3. Азаматты мәжбүрлеп ауруханаға жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қабылдамау туралы сот шешімі адамды наркологиялық ұйымнан шығару үшін негіз болып табылады. 

 

40-тарау. ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЖҰҚПАЛЫ ТҮРІМЕН АУЫРАТЫН ЖӘНЕ ЕМДЕЛУДЕН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕН АЗАМАТТЫ МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

346-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арыз беру

1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты оның келісімінсіз мәжбүрлеп емдеу туралы арызды денсаулық сақтау органдарының (ұйымдарының) өкілі осы науқасты медициналық (диспансерлік) қадағалауды  жүзеге асыратын туберкулезге қарсы мекеменің орналасқан жері бойынша немесе науқастың тұрғылықты жері бойынша сотқа береді.

2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты оның келісімінсіз емдеу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиіс арызға денсаулық сақтау ұйымының науқасты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану туралы қорытындысы, сондай-ақ науқастың дәрігер тағайындаған емнен бас тартуын растайтын құжаттар қоса беріледі.

3. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінен босатылатын, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматқа қатысты арызды түзеу мекемесінің әкімшілігі ол босатылғанға дейін бір ай бұрын түзеу мекемесінің орналасқан жері бойынша сотқа береді.

 

347-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арызды қарау

1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арызды судья арыз соттың іс жүргізуге қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

2. Іс мәжбүрлеп емделуге жіберілетін азаматтың қатысуымен сот отырысы залында не осы науқасқа медициналық (диспансерлік) бақылауды жүзеге асыратын туберкулезге қарсы мекеменің орналасқан жері бойынша қаралады.

Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымның деректері бойынша осы адам аурудың таралу қаупін төндіретін жағдайда, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымының немесе ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің және прокурордың қатысуымен іс адамның қатысуынсыз не болған кезде бейнебайланыс құралдары пайдаланыла отырып қаралуы мүмкін.

3. Іс азаматтың, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымының немесе ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің және прокурордың қатысуымен қаралады. Іс науқасқа медициналық (диспансерлік) бақылауды жүзеге асыратын туберкулезге қарсы мекеменің орналасқан жері бойынша қаралуы мүмкін.

Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымның деректері бойынша адам аурудың таралу қаупін төндіретін жағдайда, іс адамның қатысуынсыз не бейнебайланыс құралдары пайдаланыла отырып, қаралуы мүмкін.

 

348-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арыз бойынша  сот шешімі

1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.

2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға заңда белгіленген мерзімге мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін негіз болып табылады.

3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, жазаны өтеу кезеңінде толық емделу курсын өтпеген, мекемеден босатылған азаматты мәжбүрлеп емдеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде белгіленген тәртіппен босатылған жері бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда жүзеге асырылады.

4. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау қылмыстық-атқару жүйесі органдарына жүктеледі.

5. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мекемеден босатылатын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындауды мекеменің хабарламасы негізінде ішкі істер органдары жүзеге асырады.

 

41-тарау. ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН, БАНК КОНГЛОМЕРАТЫНА КІРЕТІН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН БАНК ХОЛДИНГІН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОЛАРДЫҢ МҮЛКІН ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ ТУРАЛЫ  ІС ЖҮРГІЗУ

 

349-бап. Қаржы ұйымдарын, банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын банк холдингін және  (немесе) олардың мүлкін қайта құрылымдау туралы істерді қарау

Қаржы ұйымдарын, банк конгломератына кіретін және қаржы  ұйымы болып табылмайтын банк холдингін және (немесе) олардың мүлкін қайта құрылымдау туралы істерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктерімен осы Кодексте көзделген жалпы ережелер бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот қарайды.

Осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын банк холдингін және (немесе) олардың мүлкін қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылады.

 

350-бап. Қайта құрылымдау туралы арыз беру

1. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды қаржы ұйымы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа береді.

2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау үшін заңмен көзделген негіз көрсетілуге тиіс қайта құрылымдау туралы арызға:

1) қаржы ұйымы директорлар кеңесінің қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі;

2) қаржы ұйымын қайта құрылымдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен қаржы ұйымының жазбаша келісімі;

3) мынадай ақпарат:

қайта құрылымдауды жүргізудің тәртібі мен мерзімі;

қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелердің тізбесі;

қайта құрылымдау шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар;

активтер мен міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынатын болжамды қаржылық нәтижелер;

қызметте қолданылатын шектеулер қамтылған қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарының жобасы қоса беріледі.

 

351-бап. Арызды қарау

Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды сот іс жүргізуіне қабылдаған күннен бастап бес күн ішінде қарайды.

 

352-бап. Арыз бойынша сот шешімі

1. Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды қарап, қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім шығарады, онда:

1) қаржы ұйымының атауы;

2) қайта құрылымдаудың мерзімі және қайта құрылымдауды жүргізуге, кредиторлар жиналысын шақыруға және өткізуге жауапты қаржы ұйымының лауазымды адамдары белгілене отырып, қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы нұсқау қамтылуға тиіс.

2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап:

1) мыналар:

қайта құрылымдау болжанып отырған мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешiмдерiнің;

міндеттемелері қайта құрылымдау деп болжанып отырған, қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі күшіне енгенге дейін және қаржы ұйымын қайта құрылымдау кезеңінде мәлімделген қаржы ұйымы кредиторлары талабының орындалуы тоқтатыла тұрады;

2) қаржы ұйымының мүлкінен өндіріп алуға аударуға жол берілмейді.

3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және аумақ бойынша тиісті әділет органдарына жіберіледі.

 

353-бап. Соттың қайта құрылымдау жоспарын бекітуі

Қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарын кредиторлар мақұлдағаннан кейін қаржы ұйымы қайта құрылымдау жоспарын соттың бекітуіне ұсынуға міндетті. Қайта құрылымдау жоспарымен бірге қаржы ұйымы сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қаржы ұйымы кредиторлары жиналысының қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарын мақұлдауы туралы хаттамасын ұсынады.

 

 

 

354-бап. Соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі

1. Соттың қаржы ұйымын қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арызы бойынша мына негіздер бойынша:

1) қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімімен көзделген  қаржы ұйымын қайта құрылымдау мерзімінің өтіп кетуі;

2) қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенінің жүзеге асырылуы;

3) қаржы ұйымын қайта құрылымдау:

қаржы ұйымын қайта құрылымдау қаржы ұйымы қызметінің қаржылық нәтижелерін жақсартуға әкеп соқпайтынына жеткілікті негіздердің болуы;

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен алынған қаржы ұйымы кредиторлары мақұлдауының болмауы;

қайта құрылымдау жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалмауы;

қайта құрылымдау кезеңінде қолданылған, уәкілетті органның нұсқамалары орындалмаған жағдайда, мерзімінен бұрын тоқтатылу негіздері бойынша қабылданады.

Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенiн жүзеге асыру, оларды орындай отырып, қайта құрылымданған мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешiмдерi бойынша міндеттемелердiң тоқтатылуына әкеп соғады.

2. Сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арызын сот оны іс жүргізуіне қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

 

42-тарау. ОҢАЛТУ ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

355-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстердi қарау

Сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстердi оңалту және банкроттық туралы заңнамада белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.

 

43-тарау. ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗАТТЫ ИЕСІЗ ДЕП ТАНУ ЖӘНЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ТАНУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

356-бап. Арыз беру

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда жылжымалы затты иесіз деп тану туралы арыз осы затты иеленуге кіріскен жеке тұлғаның тұрғылықты жеріндегі немесе ұйым орналасқан жердегі сотқа беріледі.

2. Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган сол мүлік орналасқан жердегі сотқа береді.

3. Егер коммуналдық мүлікті басқаруға құқық уәкілеттігі берілген орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы мүлікті есепке алған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін сотқа арызбен жүгінсе, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, сот жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды  кері қайтарады.

 

357-бап. Арыздың мазмұны

1. Жылжымалы затты иесіз деп тану туралы арызда қандай заттың иесіз деп тануға жататындығы көрсетілуге, оның негізгі ерекше белгілері сипатталуға, сондай-ақ меншік иесінің осы затқа меншік құқығын сақтау ниетінсіз тастап кетуі туралы куәландыратын дәлелдемелер және арыз иесінің затты иеленуге кіріскені туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

2. Коммуналдық мүлікті басқаруға құқық уәкілеттігі берілген органның жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызында қандай мүліктің иесіз деп тануға жататыны, оны кім және қалай анықтағаны және оның иесіз мүлік ретінде қай уақытта есепке қойылғаны көрсетілуге, сондай-ақ меншік иесінің осы мүлікке меншік құқығын сақтау ниетінсіз осы мүлікті тастап кеткені туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

 

358-бап. Істі сот талқылауына дайындау

Істі сот талқылауына дайындау кезінде сот қандай адамдар (меншік иелері), іс жүзіндегі иелері және басқалары мүліктің тиесілігі туралы мәліметтерді бере алатынын анықтайды, бар мәліметтер бойынша тиісті ұйымдардан жауап алады, сондай-ақ осы Кодекстің 165-бабында көзделген барлық іс жүргізу әрекеттерін жүргізеді.

Сот талқылауына істі дайындау арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.

 

359-бап. Арызды қарау

Жылжымалы затты иесіз деп тану туралы немесе жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды сот арыз берушінің және іс бойынша барлық мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды.

 

 

360-бап. Арыз бойынша сот шешімі

1. Сот жылжымалы зат иесінің жоқтығын не иесінің оған меншік құқығын сақтау ниетінсіз тастап кеткенін тани отырып, жылжымалы затты иесіз деп тану туралы және оны иеленген адамның меншігіне беру туралы шешім шығарады.

2. Жылжымайтын мүлік иесінің жоқтығын не оның меншік құқығын  сақтау ниетінсіз тастап кеткенін және белгіленген тәртіппен есепке алынғанын тани отырып, сот жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығын тану туралы шешім шығарады.

 

44-тарау. АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ ЖАЗБАЛАРЫНА ТҮЗЕТУЛЕР НЕМЕСЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ

 

361-бап. Арыз беру

Егер құқық туралы дау болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу органдары жасалған жазбаға түзетулер енгізуден бас тартса, сот азаматтық хал актілеріндегі жазбалардың қателерін анықтау туралы істі қарайды. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаның қатесін анықтау туралы арыз арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша не азаматтық хал актілерін жазу органы орналасқан жердегі сотқа беріледі.

Істі сот талқылауына дайындау арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.

 

362-бап. Арыздың мазмұны

Арызда азаматтық хал актілеріндегі жазбалардың қателігі неде екендігі, жасалған жазбаны түзетуден немесе өзгертуден қашан және қандай азаматтық хал актілерін жазу органы бас тартқаны көрсетілуге тиіс.

 

363-бап. Арыз бойынша сот шешімі

Азаматтық хал актілеріндегі жазбалардың қателігін анықтаған сот шешімі азаматтық хал актілерін жазу органдарының мұндай жазбаны түзетуіне немесе өзгертуіне негіз болып табылады.

 

45-тарау. НОТАРИАТТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРГЕ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫ ЖАСАУДАН  БАС ТАРТУҒА БЕРІЛЕТІН ШАҒЫМДАР БОЙЫНША

ІС ЖҮРГІЗУ

 

364-бап. Шағым беру

1. Жасалған нотариаттық әрекетті немесе нотариаттық әрекет жасаудан бас тартуды дұрыс емес деп есептейтін мүдделі адам бұл жөнінде нотариус немесе нотариаттық әрекет жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адам тұрған жердегі аудандық сотқа шағым беруге құқылы.

2. Заңдарда аталған лауазымды адамдардың өсиеттер мен сенімхаттарды дұрыс куәландырмауына немесе оларды куәландырудан бас тартуына шағымдар тиісті аурухана, басқа да стационарлық                  емдеу-профилактикалық мекеме, халықты әлеуметтік қорғау мекемесі, тиісті халықты әлеуметтік қорғау органы, экспедиция, госпиталь, әскери-оқу мекемесі, әскери бөлім, құрама, мекеме, ұйым, бас бостандығынан айыру орны орналасқан жердегі сотқа беріледі.

3. Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін теңіз кемесі немесе ішкі сулардағы жүзу кемесі капитанының өсиетті дұрыс куәландырмауына немесе оны куәландырудан бас тартуына шағымдар кеме тоқтайтын порт орналасқан жердегі сотқа беріледі.

4. Шағым сотқа арыз жасалған нотариаттық әрекет туралы немесе нотариаттық әрекет жасаудан бас тарту туралы арыз берушіге белгілі болған күннен бастап есептелетін он күн мерзімде беріледі.

 

365-бап. Істі сот талқылауына дайындау

Істі сот талқылауына дайындау кезінде сот жасалған қандай нотариаттық әрекетпен немесе оны жасаудан бас тартумен арыз берушінің келіспейтінін, оның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу неден көрінетінін анықтайды, осы Кодекстің 165-бабында көзделген барлық процестік әрекеттерді жасайды.

Істі сот талқылауына дайындау арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.

 

366-бап. Шағымды қарау

1. Шағымды сот арыз берушінің, шағым жасалып отырған нотариаттық әрекетті жасаған немесе нотариаттық әрекет жасаудан бас тартқан нотариустың қатысуымен қарайды. Алайда олардың келмеуі істі шешуге кедергі болмайды.

2. Егер шағым  беру кезінде немесе істі қарау кезінде мүдделі адамдар арасында жасалған нотариаттық әрекетке негізделген құқық туралы дау белгілі болса, сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады, онда арыз берушіге және басқа да мүдделі адамдарға олардың дауды талап қою жөніндегі іс жүргізу тәртібімен шешу құқығын түсіндіреді.

 

367-бап. Шағым бойынша сот шешімі

Арыз берушінің шағымын қанағаттандырған сот шешімі жасалған нотариаттық әрекеттің күшін жояды немесе мұндай әрекетті жасауға міндеттейді.

 

46-тарау. КӨРСЕТУШІГЕ БЕРІЛЕТІН ЖОҒАЛҒАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОРДЕРЛІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ (ШАҚЫРТУ ІСІН ЖҮРГІЗУ)

 

 

 

368-бап. Арыз беру

1. Бағалы қағаздарды ұсынушыға берілетін бағалы қағазды немесе ордерлік бағалы қағазды (бұдан әрі - құжат) жоғалтқан адам заңда көрсетілген жағдайларда соттан жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы және ол жөніндегі құқықтарды қалпына келтіру туралы өтініш жасай алады. Тиісінше сақтамау салдарынан немесе басқа да себептермен құжаттың төлемдік белгілері жоғалған кезде де құжат бойынша құқықтардың қалпына келтірілуі мүмкін.

2. Жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы арыз құжатты берген мекеме (адам) орналасқан жердегі сотқа беріледі.

 

369-бап. Арыздың мазмұны

Арызда жоғалған құжаттың ерекше белгілері, оны берген мекеменің (адамның) атауы көрсетілуге, сондай-ақ құжат жоғалған кездегі мән-жайлар, арыз берушінің құжатты берген тұлғаға ол бойынша төлем жүргізуге немесе оны беруге тыйым салу туралы өтініші жазылуға тиіс.

 

370-бап. Істі сот талқылауына дайындау

1. Істі соттың талқылауына дайындау туралы ұйғарымда судья арыз берушіні бұқаралық ақпарат құралдарында (аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі, Интернет желісінде, теледидарда) көрсетушіге жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы іс қозғалғаны туралы өз есебінен жарияланым жасауға міндеттейді.

Жарияланым сот белгілеген мерзімде жүргізіледі және: 

1) құжаттың жоғалғаны туралы арыз келіп түскен соттың  атауын;

2) арыз берген тұлғаның және оның мекенжайының көрсетілуін;

3) құжаттың атауы мен ерекше белгілерін; 

4) жоғалғаны туралы мәлімделген құжатты ұстаушыға ол жарияланым шыққан күннен бастап үш ай мерзімде сотқа осы құжатқа өз құқықтары туралы арыз беру ұсынысын қамтуға тиіс.

2. Арыз беруші бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланым туралы растауды ол орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сотқа ұсынуға міндетті. Жарияланым туралы растауды ұсынбау арызды қараусыз қалдыруға әкеп соғады.

3. Сот ұйғарымның көшірмесін құжат берген мекемеге (адамға), тізілім ұстаушыға және арыз берушіге жібереді.

4. Судья арызды қабылдағаннан кейін құжатты берген мекемеге (адамға) ол бойынша төлем жүргізуге немесе оны беруге тыйым салу туралы ұйғарым шығарады және ұйғарымның көшірмесін құжатты берген мекемеге (адамға), тізілім ұстаушыға және тіркеушіге жібереді.

Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

 

 

371-бап. Құжатты ұстаушының арызы

Жоғалғаны туралы мәлімделген құжатты ұстаушы жарияланым шыққан күннен бастап үш ай мерзім өткенге дейін ұйғарым шығарған сотқа құжатқа өз құқықтары туралы арыз беруге және бұл орайда құжаттың төлнұсқасын табыс етуге міндетті.

 

 372-бап. Құжатты ұстаушыдан арыз келіп түскеннен кейінгі судьяның  әрекеттері

1. Құжатты ұстаушыдан жарияланым шыққан күннен бастап үш ай мерзім өткенге дейін арыз келіп түскен жағдайда сот құжатты жоғалтқан адамның арызын қараусыз қалдырады және құжатты берген мекемеге (адамға) ол бойынша төлем төлеуге және оны беруге тыйым салынатын мерзім белгілейді. Бұл мерзім екі айдан аспауға тиіс.

2. Сонымен бірге сот арыз берушіге оның сол құжатты талап ету туралы құжатты ұстаушыға жалпы тәртіппен талап қою құқығын, ал құжатты ұстаушыға оның қолданылған тыйым салу шаралары арқылы келтірілген залалды арыз берушіден өндіріп алу құқығын түсіндіреді.

3. Соттың ұйғарымы аппеляциялық тәртіппен шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.

 

373-бап. Жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы арызды қарау

1. Егер құжатты ұстаушыдан осы Кодекстің 372-бабында көрсетілген арыз келіп түспесе, жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы істі судья жарияланым шыққан күннен бастап үш ай мерзім өткеннен кейін қарайды.

2. Арыздың жоғалған құжатты ұстаушыдан үш ай мерзім өткен соң, бірақ мәні бойынша іс қаралғанға дейін сотқа келіп түсуі осы Кодекстің    372-бабында көзделген салдарға әкеп соғады.

 

374-бап. Арыз бойынша сот шешімі

1. Арыз берушінің арызы қанағаттандырылған жағдайда сот жоғалған құжатты жарамсыз деп танитын шешім шығарады. Бұл шешім арыз берушіге жарамсыз деп танылған құжаттың орнына қосымша немесе жаңа құжат беруге негіз болып табылады.

2. Төлемдік белгілерін жоғалтқан құжаттар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы арыз қанағаттандырылған жағдайда, сот жаңа құжат беру туралы шешім шығарады.

 

375-бап. Құжат ұстаушының мүліктің негізсіз сатып алынғандығы туралы талап қою құқығы

Қандай да бір себептермен осы құжатқа өз құқығы туралы уақытында мәлімдемеген құжат ұстаушы құжатты жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жоғалған құжаттың орнына жаңа құжат алу құқығы берілген адамға мүліктің негізсіз сатып алынғандығы немесе сақталғандығы туралы талап қоя алады.

 

47-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БАСҚА МЕМЛЕКЕТТIҢ АУМАҒЫНДА ЭКСТРЕМИЗМДI НЕМЕСЕ ТЕРРОРИСТIК ӘРЕКЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДЫ ЭКСТРЕМИСТIК НЕМЕСЕ ТЕРРОРИСТІК ҰЙЫМ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ОНЫҢ ӨЗ АТАУЫН ӨЗГЕРТКЕНІН АНЫҚТАУ ТУРАЛЫ, СОНДАЙ-АҚ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ТАРАТЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЭКСТРЕМИСТIК НЕМЕСЕ ТЕРРОРИСТІК ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ АРЫЗ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

376-бап. Арыз беру

Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы арызды прокурор осындай талаптарды мәлімдеген прокурордың орналасқан жері бойынша немесе осындай материалдар табылған жері бойынша сотқа береді.

 

377-бап. Арыздың мазмұны

Арызда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экстремистік немесе террористік деп танылуы мүмкiн әрекетті ұйымның Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында жүзеге асыру фактiсiн не оның өз атауын өзгерту фактісі, сондай-ақ ақпараттық материалдарда экстремизм немесе терроризм белгілерінің болуын фактісін растайтын мән-жайлар жазылуға тиiс.

Прокурордың  ұйымды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы,       сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы арызында қамтылған материалдар шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарынан алынған нақты деректердi де, соның iшiнде халықаралық соттардың және шет мемлекеттер соттарының сот шешiмдерiн де қамтуы мүмкiн.

 

378-бап. Арыз бойынша сот шешімі

Сот ұйымды экстремистік немесе террористік деп және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тани отырып, ұйымның қызметіне тыйым салу және оны тарату және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына ақпараттық материалдарды әкелуге, шығаруға, дайындауға және (немесе) таратуға тыйым салу туралы, сондай-ақ ұйымның мүлкін тәркілеу және мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы шешім шығарады.

Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмді немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы соттың шешімі бұл туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыретi шегiнде статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның арнайы есепке алу жүйесiне қосу үшiн негiз болады.

 

48-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ТАРАТЫЛАТЫН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ ҚАЙШЫ КЕЛЕТІН АҚПАРАТТЫ ҚАМТИТЫН ШЕТЕЛДІК БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛЫНЫҢ ӨНІМІН ЗАҢСЫЗ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ АРЫЗДАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

 379-бап. Арыз беру

 Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келетiн ақпаратты қамтитын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы арызды шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнімінде заңды мүдделері қозғалған азаматтар мен заңды тұлғалар, прокурор немесе уәкiлеттi орган арыз берушiнiң орналасқан жерi бойынша бередi.

 

380-бап. Арыздың мазмұны

 Қазақстан Республикасының аумағында таралатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпаратты қамтитын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін заңсыз деп тану туралы арызда ақпараттың осындай деп танылуға жататыны көрсетілуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ақпараттық өнімнің сәйкес еместігін куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге тиіс. Арызда жазылған ақпараттың таралғанын растайтын фактілер арызда жазылуға тиіс.

 

 381-бап. Соттың арыз бойынша шешімі

Сот Қазақстан Республикасының аумағында таралатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпаратты қамтитын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі заңсыз болып табылатынын танып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұру не тоқтату туралы шешім шығарады.

Соттың шешімі тиісті мемлекеттік органға жіберіледі.

 

 

49-тарау. ШЕТЕЛДІКТІ НЕМЕСЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕГІНЕН ТЫС ШЫҒАРЫП ЖІБЕРУ ТУРАЛЫ АРЫЗ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

382-бап. Арыз беру

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызды ішкі істер органдары шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болған және (немесе) тіркелген жеріндегі сотқа береді.

 

383-бап. Арыздың мазмұны

1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызда Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.

2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызға шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын растайтын құжаттар қоса беріледі.

 

384-бап. Арызды қарау

1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызды сот іс қозғалған кезден бастап он күн ішінде қарайды.

2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қаралады.

3. Сот шығыстарын, сондай-ақ шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар не Қазақстан Республикасына шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шақырған ұйымдар немесе жеке тұлғалар көтереді. Аталған тұлғалардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды өтеуге қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

385-бап. Арыз бойынша сот шешімі

1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы сот шешімі оны қабылдаған күннен бастап заңды күшіне енеді және шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберуге негіз болады.

2. Шешімде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс мерзім көрсетіледі.

3. Соттың шешімі орындау үшін ішкі істер органдарына жіберіледі.

 

386-бап. Шығарып жіберу туралы сот актісін  орындауды тоқтата тұру

Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс болатын сот көрсеткен  мерзімге дейін шағым немесе наразылық келіп түскен жағдайда, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы сот шешімі шағым немесе наразылық қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.

 

5-бөлімше. ЖОҒАЛҒАН СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІ НЕМЕСЕ АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

 

50-тарау. ЖОҒАЛҒАН СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІ НЕМЕСЕ АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БОЙЫНША

ІС ЖҮРГІЗУ

 

 387-бап. Арыз беру

1. Азаматтық іс бойынша толық не бір бөлігі жоғалған, шешім шығарумен немесе тоқтатумен аяқталған сот ісін жүргізуді немесе атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіруді сот осы тарауда белгіленген тәртіппен жүргізеді.

2. Сот ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды даудың мәні бойынша шешім шығарған не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарған сотқа іске қатысатын адамдар не прокурор береді.

3. Жоғалған атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды атқарушылық іс жүргізу тараптары, сот орындаушысы не прокурор атқарылатын жері бойынша сотқа береді.

4. Арызда: арыз берушінің нақты қандай іс жүргізуді қалпына келтіруді сұрайтыны, соттың мәні бойынша шешім қабылдағаны не іс бойынша іс жүргізудің тоқтатылғаны, онда арыз берушінің қандай процестік жағдайда болғаны, іс бойынша тағы да кімдердің және қандай процестік жағдайда қатысқаны, олардың орналасқан не тұратын жері, арыз берушіге жоғалған іс жүргізудің мән-жайларынан ненің белгілі екені туралы, іс жүргізу құжаттары көшірмелерінің немесе олар туралы мәліметтердің тұрған орны, арыз берушінің нақты қандай құжаттарды қалпына келтіруді қажет деп есептейтіні, оларды қандай мақсат үшін қалпына келтіру қажет екені көрсетілуге тиіс.

5. Арызға сақталып қалған және іске қатысты құжаттар немесе олардың көшірмелері, олар белгіленген тәртіппен куәландырылмаса да арызға қоса беріледі.

6. Жоғалған іс жүргізуді қалпына келтіру туралы арызға мемлекеттік баж төленбейді.

 

388-бап. Арызды қарау

1. Арызда жоғалған іс жүргізуді қалпына келтіру туралы мәселе бойынша сотқа жүгінудің мақсаты көрсетілмеген кезде, сондай-ақ егер арыз беруші көрсеткен жүгіну мақсаты оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаумен байланысты болмаса, сот іс жүргізуді қалпына келтіру туралы істі қозғаудан бас тартады не егер ол іс қозғалған болса, оны уәжді ұйғарыммен қараусыз қалдырады.

2. Мәні бойынша қаралғанға дейін жоғалған сот ісін жүргізу осы тарауда белгіленген тәртіппен қалпына келтіруге жатпайды. Мұндай жағдайда талапкер жаңадан талап қоюға құқылы. Сот ісін жүргізудің жоғалуына байланысты жаңа талап қою бойынша іс қозғау туралы сот ұйғарымында осы мән-жайлар міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

3. Істі қарау кезінде сот іс жүргізудің сақталған бөліктерін, іс жүргізу жоғалғанға дейін азаматтар мен заңды тұлғаларға істен алып берілген құжаттарды, осы құжаттардың көшірмелерін, іске қатысы бар басқа да материалдарды пайдаланады.

4.  Сот процестік әрекеттер жасау кезінде қатысқан адамдардан, ал қажет болған жағдайларда – іс жүргізуді жоғалған істі қараған соттың құрамына кірген адамдардан, сондай-ақ сот шешімін орындаған адамдардан куәлар ретінде жауап ала алады.

 

389-бап. Арыз бойынша сот шешімі

1. Іс жүргізуді тоқтату туралы соттың шешімі немесе ұйғарымы, егер олар іс бойынша шығарылса, міндетті түрде қалпына келтірілуге жатады.

2. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы жоғалған сот шешімін немесе ұйғарымын қалпына келтіру туралы сот шешімінде сотқа табыс етілген және жоғалған іс жүргізу бойынша процеске барлық қатысушылардың қатысуымен сот отырысында зерттелген қандай нақты деректердің негізінде сот қалпына келтірілетін сот актісінің мазмұны анықталды деп есептейтіні көрсетіледі.

3. Жоғалған іс жүргізуді қалпына келтіру туралы іс бойынша шешімнің уәждеу бөлігінде соттың қандай дәлелдемелерді зерттегені және жоғалған іс жүргізу бойынша қандай іс жүргізу әрекеттерінің жасалғаны дәлелденгені туралы соттың түйіні де көрсетіледі.

4. Егер шешімді орындау жүргізілсе, жоғалған атқарушылық іс жүргізу қалпына келтіріледі.

5. Сот шешімінің орындалуы туралы акті жасалған және сот орындаушысы орындау кезінде көрсеткен әрекеттердің мәні көрсетіле отырып, сот шешімімен қалпына келтіріледі.

6. Атқарушылық іс жүргізуді шешім орындалғанға дейін жоғалған кезде атқару парағының телнұсқасы берілуі мүмкін жағдайда, сот жоғалған атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіру туралы істі қозғаудан уәжді ұйғарыммен бас тартады.

 

390-бап. Жоғалған іс жүргізуді қалпына келтіру туралы іс  бойынша іс жүргізуді тоқтату

1. Жоғалған іс жүргізу бойынша сот қаулысын дәлме-дәл қалпына келтіру үшін жиналған материалдар жеткіліксіз болған кезде сот іс жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды талқылауды ұйғарыммен тоқтатады және іске қатысатын адамдарға жалпы тәртіппен талап қою құқығын түсіндіреді.

2. Жоғалған іс жүргізу бойынша сот қаулысын қалпына келтіру туралы арызды қарау оның сақталу мерзімімен шектелмейді. Алайда, оны орындау мақсатында жоғалған іс жүргізуді қалпына келтіру туралы арызбен жүгінген жағдайда, атқару парағын орындау үшін ұсыну мерзімі өткен және сот қалпына келтірмесе, сот сонымен қатар арыз бойынша да іс жүргізуді тоқтатады. 

 

391-бап. Жоғалған іс жүргізуді  қалпына келтіруге байланысты сот актілерін даулау тәртібі

1. Жоғалған сот ісін жүргізуді қалпына келтіруге байланысты сот актілері осы Кодексте белгіленген тәртіппен дауланады. 

2. Көрінеу жалған арыз берілген кезде жоғалған сот ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз бойынша іс қозғауға байланысты сот шығыстары арыз берушіден өндіріліп алынады.

 

6-бөлімше. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТЫ НЕГІЗІНДЕ БАЛАНЫ ҚАЙТАРУ ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ АРЫЗДАРДЫ ҚАРАУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

51-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТЫ НЕГІЗІНДЕ БАЛАНЫ ҚАЙТАРУ ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ АРЫЗДАРДЫ ҚАРАУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

392-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде баланы қайтару туралы немесе балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз беру

1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде Қазақстан Республикасына заңсыз алып өтілген немесе Қазақстан Республикасында күштеп ұсталып отырған баланы қайтару немесе осындай балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды (бұдан әрі - баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз) жауапкер оның қорғаншылық құқықтарын немесе қол жеткізу құқықтарын бұзды деп пайымдаған ата-анасы немесе өзге де адам сотқа береді не прокурор  сотқа береді.

2. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа беріледі.

3. Егер  баланың Қазақстан Республикасының аумағында болу орны белгісіз болса, баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз баланың Қазақстан Республикасындағы соңғы белгілі болған болу орны бойынша немесе жауапкердің Қазақстан Республикасындағы соңғы белгілі болған орны бойынша осы баптың екінші бөлігінде көзделген сотқа беріледі.

4. Баланың болу орны өзгерген жағдайда баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз осы бапта белгіленген соттылық ережелерін сақтай отырып, арызды өзінің іс жүргізуіне қабылдаған соттың қарауына жатады.

5. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызда тиісті талап Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде қойылатыны көрсетілуге тиіс.

 

393-бап. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыздарды қарау тәртібі

Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыздар бойынша істер (бұдан әрі - баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен, талап қою жөніндегі іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қаралады және шешіледі. 

 

394-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету

Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі басқа шаралармен бірге қажет болған жағдайларда судья осы Кодекстің 15-тарауына сәйкес баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін жауапкерге баланың болу орнын өзгертуге және оның Қазақстан Республикасынан кетуін уақытша шектеуге тыйым сала алады.

 

395-бап. Талап қою талаптарын біріктіруге және қарсы талап қоюға жол  берілмеушілік

Талапкердің  Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде Қазақстан Республикасына заңсыз алып өтілген немесе Қазақстан Республикасында күштеп ұсталып отырған екі немесе одан да көп баланы қайтару туралы немесе екі немесе одан да көп балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы талаптарын біріктіру жағдайын қоспағанда, бірнеше талап қою талаптарын біріктіруге және баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша қарсы талап қоюына жол берілмейді.

 

396-бап.  Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды қарау

1. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз прокурордың және қорғаншылық және қамқоршылық органының міндетті түрде қатысуымен қаралады.

2. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды сот істі сот талқылауына дайындауға және уәжді шешім жасауға арналған мерзімді қоса алғанда, сот арызды қабылдаған күннен бастап қырық екі күннен аспайтын мерзімде қарайды. 

 

 

397-бап.  Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру  туралы іс бойынша соттың шешімі

1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде Қазақстан Республикасына заңсыз алып өтілген немесе Қазақстан Республикасында күштеп ұсталып отырған баланы қайтару туралы іс бойынша соттың шешімі осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келуге және  баланы тұрақты тұратын мемлекетіне Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қайтарудың негізділігін, баланы қайтару тәртібін, сот шығыстарын және баланы қайтаруға байланысты шығыстарды бөлуге арналған нұсқауды немесе баланы тұрақты тұратын мемлекетіне қайтарудан Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес бас тартудың негізділігін және сот шығыстарын бөлуге арналған нұсқауды қамтуға тиіс.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде Қазақстан Республикасына заңсыз алып өтілген немесе Қазақстан Республикасында күштеп ұсталып отырған балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша соттың шешімі осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келуге және талапкердің Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қол жеткізу құқықтарын жүзеге асырудың негізділігін, талапкердің қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларын, сот  шығыстарын бөлуге арналған нұсқауды немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қол жеткізу құқықтарын жүзеге асырудан бас тартудың негізділігін және сот шығыстарын бөлуге арналған нұсқауды қамтуға тиіс.

 

398-бап.  Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша соттың шешіміне апелляциялық шағымдар, ұсынымдар беру мерзімі және істі апелляциялық сатыдағы сотта қарау мерзімі

1. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша соттың шешіміне апелляциялық шағым, ұсыным осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес түпкілікті нысанда сот шешімі қабылданған күннен бастап он күн ішінде берілуі мүмкін.

2. Апелляциялық шағым, ұсыным бойынша келіп түскен баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес апелляциялық сатыдағы сотқа келіп түскен күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қаралады.

 

399-бап.  Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз бойынша бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына жекеше шағым, прокурордың ұсынымын беру және қарау мерзімі

1. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз бойынша бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына іске қатысатын тараптар және басқа да адамдар жекеше шағым беруі мүмкін, ал прокурор осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес бірінші сатыдағы  сот ұйғарым шығарған күннен бастап он күн ішінде ұсыным бере алады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жекеше шағым, ұсыным істі осы Кодекстің 429-бабында көзделген қағидаларға сәйкес апелляциялық сатыға берген күннен бастап он күннен кешіктірілмей қаралады.

 

400-бап.  Сот қаулыларының көшірмелерін жіберу

1. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы,  қайтару туралы, оны қозғалыссыз қалдыру, баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды қараусыз қалдыру, баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру,  қайта бастау немесе тоқтату туралы сот ұйғарымдарының көшірмелері, бірінші сатыдағы соттың көрсетілген ұйғарымдарына жекеше шағым немесе ұсыным бойынша апелляциялық сатыдағы сот шығарған ұйғарымның көшірмесі тиісті ұйғарым шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының халықаралық шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсаттарында Қазақстан Республикасында тағайындалған уәкілетті органға  (бұдан әрі осы бапта – орталық орган), сондай-ақ осы бала туралы даумен байланысты іс, егер мұндай іс туралы ұйғарым шығарған сотқа мәлім болса, іс жүргізуінде жатқан сотқа жіберіледі.

2. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз бойынша осы Кодекстің 151-бабының екінші бөлігінде,         152-бабының екінші бөлігінде, 137-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген сот ұйғарымдарының көшірмелері тиісті ұйғарым шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей арыз берушіге немесе өзіне жіберіледі.

3. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша осы Кодекстің 271-бабында көзделген сот ұйғарымдарының көшірмелері, егер сот отырысына келмесе, іске қатысатын адамдарға тиісті ұйғарым шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.

4. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша сот шешімдерінің көшірмелері іске қатысатын, бірақ сот отырысына қатыспаған адамдарға және орталық органға түпкілікті нысанда сот шешімі қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі. Егер көрсетілген іс бойынша осы Кодекстің 236-бабына сәйкес қосымша шешім қабылданған болса, оның көшірмесі іске қатысатын адамдарға және орталық органға қосымша шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.

5. Егер баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша сот шешіміне шағым жасалмаса, апелляциялық шағым жасау мерзімі өткен соң заңды күшіне енген шешімнің көшірмесі орталық органға және осы бала туралы даумен байланысты іс бойынша, егер мұндай іс туралы шешім қабылдаған сотқа мәлім болса, іс жүргізуді тоқтатқан сотқа жіберіледі.

6. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша апелляциялық ұйғарымның көшірмесі шығарылған күнінен бастап үш күн мерзімде орталық органға және осы бала туралы даумен байланысты іс, егер мұндай іс бойынша ұйғарым шығарған сотқа мәлім болса,  іс жүргізуінде жатқан бірінші немесе екінші сатыдағы сотқа жіберіледі.

7. Баланы қайтару немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша соттың шешімін түсіндіру туралы сот ұйғарымының көшірмесі сот отырысында болмаған іске қатысатын тұлғаларға және орталық органға тиісті ұйғарым шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.

 

3 БӨЛІМ. СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ БОЙЫНША

ІС ЖҮРГІЗУ

 

52-тарау. СОТ АКТІЛЕРІНЕ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ ЖАСАУ, НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ

 

401-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау және наразылық келтіру құқығы

1. Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.

 2. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысатын тараптарға, басқа да адамдарға тиесілі.

 3. Сот шешіміне апелляциялық наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысатын прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысуына қарамастан, өздерінің құзыреті шегінде сот шешіміне наразылық келтіруге  құқылы.

4. Істі қарауға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім қабылдаған адамдар да сот шешіміне апелляциялық шағым жасауы мүмкін.

 

402-бап. Апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар

Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған  шешімдерге апелляциялық шағым мен наразылықты облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы үш судьядан кем емес алқалы құрамда қарайды.

Осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінің ережелері бойынша қаралған істер бойынша шығарылған шешімдерге апелляциялық шағым мен наразылықты Республика Жоғарғы Сотының инвестициялық дауларды қарау жөніндегі мамандандырылған алқасы үш судьядан кем емес алқалы құрамда қарайды.

Судья жекеше шағым мен наразылықты жеке-дара қарайды.

 

403-бап. Апелляциялық шағымдар жасау, наразылықтар келтіру тәртібі мен мерзімдері

1. Аудандық және оған теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағым, наразылық шешім шығарған сот арқылы беріледі. Тікелей апелляциялық сатыға келіп түскен шағым немесе наразылық шешім шығарған сотқа осы Кодекстің осы бабының екінші бөлігінің және

405-бабының талаптарын орындау үшін жіберілуге жатады.

2. Апелляциялық шағым, наразылық іске қатысатын адамдардың санына қарай көшірмелерімен қоса сотқа беріледі. Қажет болған жағдайларда судья шағымды немесе наразылықты берген адамды шағымға немесе наразылыққа қоса берілген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысатын адамдардың санына қарай беруге міндеттей алады.

3. Апелляциялық шағым, наразылық шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар – оларға шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде берілуі мүмкін.

4. Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алудың өткізілуін тексерудің қорытындылары бойынша шешімдерін, қорытындыларын, нұсқамаларын даулау туралы істер бойынша апелляциялық шағым, наразылық шешім шығарылған күннен бастап он күн ішінде берілуі мүмкін.

5. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты беру үшін мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің

126-бабында көзделген тәртіппен қарайды.

 

404-бап. Апелляциялық шағымның, наразылықтың мазмұны

1. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта:

1) шағым немесе наразылық жіберілетін соттың атауы;

2) шағым беретін немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы;

3) шағым беріліп немесе наразылық келтіріліп отырған шешім және осы шешімді шығарған соттың атауы;

4) әдетте қолданылуға жататын заңдарға және іс материалдарына сілтеме жасай отырып, сот шешімінің заңсыздығы немесе негізсіздігі көрсетілуге;

5) шағым беріліп немесе наразылық келтіріліп отырған шешімнің заңдылығын қандай бөлігінде тексеру керек екендігі және шағым беріп немесе наразылық келтіріп отырған адамның қандай өзгерістер енгізуін талап ететіні көрсетілуге;

6) шағымға немесе наразылыққа қоса берілген құжаттардың тізбесі;

7) шағымды, наразылықты беру күні және шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның қолтаңбасы қамтылуға тиіс. Өкіл қол қойған шағымға сенімхат немесе егер істе ондай құжат болмаса, өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын өзге құжат қоса берілуге тиіс.

Шағымды, наразылықты электрондық құжат нысанында берген кезде олар оны берген тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжат нысанындағы шағымға, наразылыққа құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

2. Апелляциялық шағымда, наразылықта бірінші сатыдағы сотқа мәлімделмеген талаптар болмауға тиіс.

Егер адам бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартылмаса,       сондай-ақ, егер бірінші сатыдағы сотта дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхат берілсе, бірақ ол қанағаттандырусыз қалдырылса, бірінші сатыдағы сотқа ұсынылмаған жаңа дәлелдемелерге сілтеме жасауға жол беріледі. 

 

405-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейiнгi әрекеттерi

1. Мерзімінде берілген және осы Кодекстің 403 және                               404-баптарының талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін бірінші сатыдағы соттың судьясы мынадай әрекеттерді жасайды:

1) шағым немесе наразылық келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей іске қатысатын адамдарға шағымның, наразылықтың көшірмелерін және оған қоса берілген жазбаша дәлелдемелерді жібереді;

2) шағым жасау, наразылық келтіру үшін белгіленген мерзім өткен соң істі апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.

2. Апелляциялық шағым жасау, наразылық келтіру үшін белгіленген мерзім өткенге дейін азаматтық істі соттан ешкім талап ете алмайды. Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ іске қатысуға тартылмаған, бірақ құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот шешім қабылдаған тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға берілген қарсылықтармен танысуға құқылы.

 

406-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз  қалдыру

1. Осы Кодекстің 403-бабының екінші бөлігінде және 404-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым берілген немесе наразылық келтірілген кезде судья ұйғарым шығарып, шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдырады және шағым берген немесе наразылық келтірген тұлғаға кемшіліктерді түзету үшін мерзім тағайындайды.

2. Егер апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға ұйғарымда қамтылған нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғашқы ұсынылған күні берілген деп есептеледі.

3. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымдар шағым беруге және наразылық келтіруге жатпайды.

 

407-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты кері қайтару

1. Апелляциялық шағым немесе наразылық оларды берген тұлғаға мынадай жағдайларда:

1) судьяның шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымындағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындамағанда;

2) шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның өтінуі бойынша;

3) егер шағым беру немесе наразылық келтіру мерзімі өтіп кеткенде және шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтіру туралы арыз болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылса;

4) егер шағымды немесе наразылықты оны беруге немесе оған қол қоюға құқығы жоқ адам берсе, кері қайтарылады.

2. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты кері қайтару туралы ұйғарымды сот:

1) осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда – сот белгілеген мерзім өткен күннен бастап;

2) қалған жағдайларда – шағым немесе наразылық келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады.

Апелляциялық шағымды немесе наразылықты кері қайтару туралы ұйғарымға шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін.

 

408-бап. Апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікір

1. Іске қатысатын адам апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікірді апелляциялық сатыдағы сотқа, іске қатысатын басқа да тұлғаларға жібереді.

Апелляциялық сатыдағы сотқа жіберілетін пікірге іске қатысатын басқа да тұлғаларға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат қоса беріледі.

2. Пікір сот белгілеген, апелляциялық сатыдағы сотта сот отырысы басталғанға дейін іске қатысатын адамдардың онымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін мерзімде жіберіледі.

3. Пікірге іске қатысатын адам немесе оның өкілі қол қояды. Пікірді электрондық құжат нысанында берген кезде ол оны берген тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкіл қол қойған пікірге сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге құжат қоса берілуге тиіс. Электрондық құжат нысанында берілген пікірге осы бапта көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

 

409-бап. Апелляциялық шағымнан бас тарту, наразылықты кері қайтарып алу

1. Апелляциялық шағым жасаған адам, оның ішінде іс бойынша тарап ретінде апелляциялық шағым берген прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін одан бас тартуға немесе осы Кодекстің 405-бабында көзделген іс-әрекеттерді сот орындаған кезде оны бірінші сатыдағы сотта кері қайтарып алуға құқылы.

Прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы.

Апелляциялық шағымнан бас тарту, шағымды немесе наразылықты кері қайтарып алу апелляциялық сатыдағы сотқа жазбаша арыз беру арқылы ресімделеді. 

2. Егер шешімге басқа адамдар шағым жасамаса және жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе, апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымнан бас тартуды қабылдау туралы апелляциялық іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Шағымды қайтадан беруге жол берілмейді, ал берілген жағдайда шағым кері қайтарылады.

3. Шағым немесе наразылық кері қайтарылып алынған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот оны қайтару туралы ұйғарым шығарады, ол шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Наразылық осы Кодекстің 403-бабының үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде қайта берілуі мүмкін.

4. Егер бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық шағымды басқа адамдар берсе, онда ол осы тарауда белгіленген тәртіппен мәні бойынша қаралуға жатады.

 

410-бап. Тараптардың дауды апелляциялық сатыдағы сотта ерікті түрде реттеуі

1. Талапкердің талап қоюдан бас тартуы, тараптардың апелляциялық шағым берілгеннен кейін жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім апелляциялық сатыдағы сотқа жіберілген арыздарда көрсетілуге тиіс.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша арыздарды апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 170-бабында және 17-тарауында көзделген тәртіппен қарайды.

3. Апелляциялық сатыдағы сот талап қоюдан бас тартуды қабылдаған жағдайда сот шешімінің күшін жойып, осы Кодекстің 277-бабының             4) тармақшасында белгіленген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Апелляциялық сатыдағы сот татуласу келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімі немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілген жағдайда сот шешімінің күшін жойып, осы Кодекстің 277-бабының                              5), 6) тармақшаларында белгіленген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

4. Егер апелляциялық сатыдағы сот талапкердің талап қоюдан бас тартуын қабылдамаса, татуласу келісімді, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімін немесе партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісімді бекітпесе апелляциялық шағым мәні бойынша қаралады.

 

411-бап. Шешімнің орындалуын тоқтата тұру

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот қабылдаған және осы Кодекстiң 243-бабында санамаланған істер бойынша шешімдерден басқа, осы Кодекстің 244-бабында көзделген тәртіппен дереу орындауға жіберілген шешімнің орындалуын іс қаралғанға дейін апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлғаның арызы бойынша тоқтата тұруға құқылы.

Шешімнің орындалуын тоқтата тұру қажеттілігі өткен соң тоқтата тұру туралы қаулының күші жойылады.

Шешімді орындауды тоқтата тұру туралы немесе тоқтата тұрудың күшін жою туралы қаулы атқарушылық іс жүргізу органына және тараптарға жіберіледі (табыс етіледі).

 

53-тарау. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ, НАРАЗЫЛЫҚ БОЙЫНША
ІСТЕРДІ ҚАРАУ

 

412-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы

Апелляциялық шағым, наразылық бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және осы Кодекстің 413-бабының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларының анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық процестік заң нормаларының сақталуын тексереді.

 

 

 

413-бап. Апелляциялық қараудың шектерi

1. Сот істi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемде тексередi.

2. Апелляциялық сатыдағы сот істе бар, сондай-ақ осы Кодекстің 404-бабының екінші бөлігіне сәйкес ұсынылған дәлелдемелерге мәлімделген талап қою шегінде баға береді.

Егер тұлға бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартылмаса, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхат мәлімделсе, бірақ ол қанағаттандырылмай қалдырылса, сот жаңа дәлелдемелерді қабылдайды.

Апелляциялық сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ұсынатын тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және оларды ұсыну қажеттілігі қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге міндетті.

3. Қойылған бірнеше талап қоюталаптарын біріктіру және бөлу, талап қою талаптарының мөлшерін өзгерту, талап қоюдың нысанасы мен негізін өзгерту,  тиісті емес жауапкерді ауыстыру, қарсы талап қою туралы ережелер апелляциялық сатыдағы сотта қолданылмайды.

Егер осы Кодекстің 427-бабының төртінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша шешімнің күші жойылса және үшінші тұлғалардың қатысуынсыз істі мәні бойынша қарау мүмкін емес деп танылса, апелляциялық сатыдағы сот өз алдына бөлек талаптарды мәлімдемеген үшінші тұлғаларды іске қатысуға тарта алады.

 

414-бап. Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарауға дайындау

1. Істі апелляциялық шағыммен немесе наразылықпен бірге алған апелляциялық сатыдағы соттың судьясы бірінші сатыдағы соттың осы Кодекстің 406-бабының талаптарының орындалуын тексереді. Бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 403-бабының талаптарын орындамаған жағдайда іс кемшіліктерді жою үшін бірінші сатыдағы сотқа  қайтарылуы мүмкін.

2. Судья апелляциялық шағымда немесе наразылықта жазылғандәлелдерді ескере отырып, істі апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдау және істі қарауға дайындау туралы ұйғарым шығарады. Судья осы Кодекстің 165-бабында көзделген әрекеттерді іс жүргізуге қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасайды.

3. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын тұлғаларға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлайды.

 

415-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың істі қарау мерзімі

Іс апелляциялық сатыдағы сотта ол сотқа келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде қаралады.

Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдерін, қорытындыларын, нұсқамаларын даулау туралы іс сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Іс Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының инвестициялық дауларды қарау жөніндегі мамандандырылған алқасында ол сотқа түскен күннен бастап бір ай мерзім ішінде қаралады.

 

 416-бап. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу

1. Апелляциялық сатыдағы сотта істер бойынша іс жүргізу осы  Кодекстің 53-тарауында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырылады.

2. Осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттың отырысына прокурор қатысады, ол іс бойынша қорытынды береді.

3. Бірінші сатыдағы сот үшін көзделген ережелер бойынша апелляциялық сатыдағы сот істі дұрыс шешу үшін маңызы бар, тараптар ұсынған немесе олардың өтінішхаттары бойынша талап етіліп алынған қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды зерделейді, отырысқа шақырылған адамдардан жауап алады.

 

417-бап. Істі талқылаудың басталуы

1. Төрағалық етуші апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысын ашады және қандай іс, кімнің апелляциялық шағымы, наразылығы бойынша және қай соттың шешімі қаралуға жататынын, апелляциялық сатыдағы сот құрамын, сот отырысының хатшысын, егер іс қарауына қатысатын болса, прокурорды хабарлайды. Төрағалық етуші іске қатысатын адамдардың және өкілдердің қайсысы келгенін анықтайды, келген адамдардың жеке басын анықтайды, лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді және іске қатысатын тұлғалардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылғанына көз жеткізеді. Құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылмағаны анықталған жағдайда бұл туралы мәлімдеген адамдарға құқықтарын және міндеттерін таныстырады. Егер қарсылық білдірулер олар осы Кодекстің 40-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.

2. Сот отырысына келген іске қатысатын тұлғалардың және өкілдердің түсініктемелерін сот тыңдайды. Шешімге екі тарап та шағым жасаған жағдайда бірінші болып талапкер сөйлейді.  Апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның және іске қатысатын басқа адамдардың, олардың өкілдерінің түсіндірулерінен кейін апелляциялық сатыдағы сот  дәлелдемелерді зерттеуге көшеді.

 

418-бап. Іске қатысатын тұлғалардың сот отырысына келмеуінің салдары

1. Істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген іске қатысатын тұлғалардың қайсыбіреуі апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысына келмеген жағдайда сот істі талқылауды кейінге қалдырады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген адамдардың келмеуі істі талқылауға кедергі болып табылмайды. Алайда сот бұл жағдайларда да келмеу себептерін дәлелді деп тани отырып, істі талқылауды кейінге қалдыруға құқылы.

3. Iстi талқылау кейiнге қалдырылған кезде апелляциялық сатыдағы сот iске қатысатын тұлғаларға iстi қараудың уақыты мен орны туралы тиiсінше хабарлайды. Егер іске қатысатын тұлғалар істі басынан бастап талқылауды талап етпесе, істі қайта отырыста талқылау жалғастырылады.

 

419-бап. Соттың іске қатысатын тұлғалардың арыздары мен өтінішхаттарын  шешуі

1. Іске қатысатын тұлғалардың апелляциялық сатыдағы істі талқылауға байланысты барлық мәселелер бойынша арыздары мен өтінішхаттарын сот іске қатысатын басқа да адамдардың пікірлерін тыңдағаннан кейін шешеді.

2. Тараптар бірінші сатыдағы сот қанағаттандырудан бас тартқан дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап ету туралы өтінішхаттарды мәлімдеуге құқылы.

3. Істің мән-жайларын зерттеуге байланысты арыздар мен өтінішхаттарды шешу осы Кодекстің 195-бабының ережелері бойынша жүргізіледі. Бұл ретте апелляциялық сатыдағы сот өтінішхатты бірінші сатыдағы сот қанағаттандырмаған деген негізде оны қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.

 

420-бап. Дәлелдемелерді зерттеу

1. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібі мен шектерін іске қатысатын тұлғалардың пікірлерін ескере отырып сот айқындайды.

2. Тараптардың, іске қатысатын басқа да адамдардың түсіндірмелерінен кейін сот істе бар дәлелдемелерді, сондай-ақ осы Кодекстің 413-бабының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес ұсынылған дәлелдемелерді тексереді.

3. Сот іске қатысатын, сот отырысына келмей қалған адамдардың түсіндірмелерін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот отырысына шақырылмаған куәлардың айғақтарын жария етуге құқылы.

4. Тараптар бірінші сатыдағы сот куәлардан жауап алудан және дәлелдемелерді зерттеуден бас тартқан куәларды шақырту мен олардан жауап алу және дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) алдырту туралы өтінішхаттарды мәлімдеуге құқылы. Егер куәлардың айғақтарын тараптар даулайтын болса, аталған тұлғалар апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылуы мүмкін.

5. Апелляциялық шағым берген, наразылық білдірген адам қатыстылығы, жарамдылығы, дұрыстығы жағынан даулаған дәлелдемелер істегі басқа дәлелдемелермен бірге сотта зерттелуге және  бағалануға жатады.

 

 

 

421-бап. Сот жарыссөзі

1. Төрағалық етушi іс мәні бойынша қаралып біткен соң іске қатысатын тұлғалардан өтінішхаттардыңбар-жоғы туралы сұрайды. Сот осы өтінішхаттарды шешіп, содан соң сот жарыссөзіне көшеді.

2. Сот жарыссөзі осы Кодекстің 216-бабында көзделген ережелер бойынша өткізіледі, бұл ретте апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген адам және (немесе) оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап та шағым берген жағдайда бірінші болып талапкер сөз сөйлейді.

3. Сот жарыссөзі және прокурордың қорытынды сөзiн тыңдау аяқталғаннан кейін сот қаулы шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.

 

422-бап. Сот отырысының хаттамасы

Апелляциялық сатыдағы сотта сот отырысының хаттамасы осы Кодекстің 281-бабы екінші бөлігінің ережелері бойынша жүргізіледі.

 

423-бап. Сот актісін шығару және оны жариялау

1. Сот актісін шығару және оны жариялау осы Кодекстің 222, 223, 224-баптарында көзделген ережелер бойынша жүргізіледі.

2. Сот осы баптың бірiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, сот актісін түпкілікті нысанда дайындау мерзімін көрсетіп, оның қарар бөлiгiн шығарып, жариялай алады. Сот актісінің қарар бөлігі іс материалдарына қоса тігіледі.

Дәлелді сот актісін іс қаралған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде судья дайындап, оған қол қояды. Дәлелді сот актісінің көшірмесі ол дайындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде іске қатысатын тұлғаларға жіберілуге (табыс етілуге) тиіс.

 

424-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

Апелляциялық сатыдағы сот:

1) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;

2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;

3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;

4) шешімнің күшін толық немесе бөлігін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не осы Кодекстің 277-бабында және 279-бабының              2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арызды қараусыз қалдыруға;

5) осы Кодекстің 427-бабы төртінші бөлігінің 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша мәні бойынша қарау үшін істі өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқылы.

 

 425-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың актілері

 Апелляциялық сатыдағы сот мынадай актілерді:

 1) іс бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша мәні бойынша қаралғаннан кейін жаңа шешім қабылданған жағдайда осы Кодекстің       424-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында, сондай-ақ 5) тармақшасында көзделген жағдайларда қаулы;

2) сот шешімінің күші жойылған және бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша мәні бойынша қарау үшін іс соттың іс жүргізуіне қабылданған жағдайда осы Кодекстің 409-бабының екінші бөлігінде,        424-бабының 4) тармақшасында, сондай-ақ 5) тармақшасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ іс мәні бойынша қаралмаған, сот актісін шығару талап етілетін өзге жағдайларда ұйғарым шығарады.

 

426-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны

1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:

1) қаулының шығарылған күні мен орны;

2) қаулыны шығарған соттың атауы және сот құрамы;

3) апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген адам, іске қатысатын басқа да адамдар және олардың өкілдері;

4) даудың нысанасы немесе мәлімделген талап;

5) бірінші сатыдағы сот анықтаған істің мән-жайлары, шешімді немесе ұйғарымды шығарған кезде ол басшылыққа алған уәждер; бірінші сатыдағы сот шешімінің қысқаша мазмұны;

6) апелляциялық шағымның немесе наразылықтың және оларға пікірдің қысқаша мазмұны;

7) апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдыру, күшін жою не өзгерту негіздері;

8) апелляциялық сатыдағы соттың өз түйіндерін жасауына алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;

9) істі қарау нәтижелері бойынша апелляциялық сатыдағы соттың түйіндері;

10) сот шығыстарын бөлу;

11) қаулыға шағым жасаудың, наразылық білдірудің мерзімдері мен тәртібі көрсетілуге тиіс.

2. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда апелляциялық қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Апелляциялық шағымда немесе наразылықта бірінші сатыдағы соттың қарау нысанасы болып табылмайтын дәлелдерге сілтеме жасалған жағдайда, апелляциялық қаулының уәждеу бөлігінде сот отырысында көрсетілген сілтемелер мен дәлелдер, қарауға және зерттеуге қабылданбаған негіздер көрсетілуге тиіс.

3. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 235, 237-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында кеткен қате жазуларды және айқын арифметикалық қателерді түзету туралы немесе апелляциялық қаулының мәнін өзгертпестен, ұйғарым шығару арқылы қаулыны түсіндіру туралы мәселені қарауға құқылы.

Апелляциялық сатыдағы соттың көрсетілген мәселелер бойынша ұйғарымы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді және кассациялық сатыдағы сотқа оған шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

4. Осы Кодекстің 236-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот қосымша қаулы шығаруға құқылы.

 

427-бап. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жою не оны өзгерту негіздері

1. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға не оны өзгертуге:

1)  іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымының дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауы;

2) бірінші сатыдағы сот анықтаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;

3) шешімде баяндалған бірінші сатыдағы сот түйіндерінің істің мән-жайларына сәйкес келмеуі;

4) материалдық нормалардың немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы;

5) сот отырысының хаттамасын жүргізу міндеттілігі осы Кодексте көзделген сот отырысы, жеке процестік әрекеті хаттамасының істе болмауы негіз болып табылады.

2. Егер сот:

1) қолданылуға жататын заңды қолданбаса;

2) қолданылуға жатпайтын заңды қолданса;

3) заңды дұрыс түсіндірмесе материалдық құқық нормалары бұзылған  немесе дұрыс қолданылмаған деп есептеледі.

3. Мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күші бір ғана формальды пайымдаулар бойынша жойылмайды. Материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы, егер осы бұзушылық дұрыс шешім қабылдамауға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіз болып табылады.

Егер сот дұрыс шешім қабылдаса, бірақ көрсетілген бұзушылықтарға жол берілсе, қаулыға уәждер, материалдық және процестік құқықтың нормалары келтіріледі, оларға сәйкес шешім өзгеріссіз қалдырылуға жатады.

4. Бірінші сатыдағы сот шешімінің күші егер:

1) істі соттың заңсыз құрамы қараған;

2) осы Кодекстің 133-бабының ережелері бойынша қаралған істерді қоспағанда, сот істі сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылмаған іске қатысатын тұлғалардың қайсыбіреуі болмағанда қараған;

3) істі қарау кезінде сот ісін жүргізу тілі туралы қағида бұзылған;

4) сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселені шешкен;

5) судья шешімге қол қоймаған немесе істі қарап, шешкен судьядан басқа судья қол қойған кез келген жағдайда жойылуға жатады.

5. Осы баптың төртінші бөлігінің 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жояды, бұл туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда істі бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу қағидалары бойынша қарауға көшу, іске қатысатын тұлғалар жасауға тиіс әрекеттер және оларды жасау мерзімдері көрсетіледі. Осы көрсетілген әрекеттер аяқталғаннан кейін істі әдеттегідей апелляциялық сатыдағы соттың сол құрамы қарайды.

Қалған жағдайларда, оның ішінде жаңа шешім шығарылып, сот шешімінің күші жойылған кезде, апелляциялық сатыдағы сот  істі бір сот отырысында қарайды және бір сот актісін қабылдайды.

6. Сот шығыстарын бөлу туралы мәселенің шешілмеуі немесе дұрыс шешілмеуі сот шешімінің күшін жоюға және оны өзгертуге негіз болып табылмайды. Сот шығыстарын бөлу қаулының қарар бөлігінде көрсетіледі.

 

428-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып немесе арызды қараусыз қалдыра отырып сот шешімінің күшін жою

Бірінші сатыдағы сот шешімі осы Кодекстің 277-бабында және

279-бабының 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға немесе талап қоюды қараусыз қалдыруға байланысты апелляциялық тәртіппен күші жойылуға жатады.

 

429-бап. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына (қаулысына) шағым жасаудың, наразылық білдірудің тәртібі мен мерзімдері

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ сот ұйғарымы істің одан әрі қозғалу мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына осы Кодекстің 401-бабында көрсетілген тұлғалар жеке шағым жасауы, наразылық білдіруі мүмкін. Егер ұйғарым іске қатыспайтын адамдардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты болса, олар да сот ұйғарымына шағым жасауға құқылы.

Жеке шағым, наразылық ұйғарым түпкілікті нысанда дайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.

2. Бірінші сатыдағы соттың қалған ұйғарымдарына, оның ішінде сол жерде сот отырысының хаттамасына енгізіле отырып шығарылған ұйғарымдарға жеке шағым жасалмайды, наразылық келтірілмейді, бірақ қарсылықтар апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.

3. Шешім шығарылып аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған ұйғарымға шағым жасалған, наразылық білдірілген жағдайда, шешімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткен соң ғана іс жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі. Бұл ретте, егер шешімге апелляциялық шағым берілсе, наразылық келтірілсе, жеке шағымды, наразылықты тексеру істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысында жүргізіледі.

4. Жеке шағым, наразылық іске қатысатын тұлғалардың саны бойынша құжаттардың көшірмелері осы ұйғарымды шығарған сотқа қоса беріледі, оларды судья соларға жібереді  немесе табыс етеді. Судья жеке шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін азаматтық істі немесе материалдарды апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.

5. Жеке шағымдар мен наразылықтар осы тарауда белгіленген тәртіппен апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және қарау үшін қабылданады және қаралады.

Осы Кодекстің 414-бабында көзделген тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын тұлғаларға жеке шағымды немесе наразылықты қарау уақыты мен орны туралы хабарлайды. Іске қатысатын тұлғалардың апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысына келмеуі оны қарауға кедергі болмайды.

6. Жеке шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша апелляциялық сатыдағы сот:

1) сот ұйғарымын өзгеріссіз, ал жеке шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру;

2) сот ұйғарымының күшін толық немесе бөлігін жою және мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберу;

3) сот ұйғарымының күшін толық немесе бөлігін жою және мәселені мәні бойынша шешу;

4) ұйғарымды өзгерту туралы ұйғарым шығарады.

7. Талап қою арыздарын қайтару, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, талап қою арыздарын қарамай қалдыру мәселелері бойынша жеке шағым немесе наразылық бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда істің одан әрі қозғалу мүмкіндігіне бөгет болатын апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

 

430-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы

 Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 270-бабында көзделген негіздер бойынша жеке ұйғарым шығара алады.

Жеке ұйғарымға осы Кодекстің 429-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

 

431-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңды күші

Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.

 

432-бап. Сот актісін жіберу және істі бірінші сатыдағы сотқа қайтару

Апелляциялық сатыдағы сот істі қарап және іске қатысатын тұлғаларға сот актісінің көшірмелерін жібергеннен (табыс етілгеннен) кейін істі бірінші сатыдағы сотқа қайтарады.

 

433-бап. Іс апелляциялық тәртіппен қаралғаннан кейін түскен апелляциялық (жеке) шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі

1. Белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген апелляциялық (жеке) шағым немесе наразылық апелляциялық сатыдағы сотқа іс басқа шағымдар бойынша қаралғаннан кейін түскен жағдайда, сот мұндай шағымды немесе наразылықты өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.

2. Апелляциялық (жеке) шағымды немесе наразылықты қарау нәтижелері бойынша және негіздер болған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот бұрын қабылданған сот актісінің күшін жояды және келіп түскен шағым немесе наразылық бойынша жаңа қаулы, ұйғарым қабылдайды.

Мұндай негіздер болмаған кезде апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымды немесе наразылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы, ұйғарым шығарады.

 

 

54-тарау. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ АКТІЛЕРІНЕ КАССАЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ ЖАСАУ ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРУ

 

434-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілеріне кассациялық  шағым жасау және наразылық білдіру құқығы

1. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілеріне кассациялық шағым жасау және наразылық білдіру құқығы тараптарға, іске қатысатын басқа да тұлғаларға тиесілі.

2. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілеріне кассациялық наразылық келтіру құқығы апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар апелляциялық сатыдағы соттың сот актілеріне істі қарауға қатысуына қарамастан наразылық білдіруге құқылы.

3. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ өздерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты апелляциялық сатыдағы сот актісін шығарған адамдар да кассациялық шағым беруге құқылы.

 

 

 

 435-бап. Кассациялық шағымдарды және наразылықтарды қарайтын  соттар

Кассациялық шағымдарды немесе наразылықты облыстық және оған теңестірілген соттың кассациялық сот алқасы алқаның кемінде үш судьясы қатысқан алқалы құрамда қарайды.

 

436-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты беру тәртiбi

1. Кассациялық шағым мен наразылық iске қатысатын адамдардың саны бойынша көшiрмелерiмен қоса тiкелей кассациялық сатыдағы сотқа жіберіледі және берiледi. Қажет жағдайларда кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым немесе наразылық берген адамға оларға қоса берілген жазбаша дәлелдемелердiң көшiрмелерiн iске қатысатын адамдардың саны бойынша ұсынуды мiндеттей алады.

2. Прокурордың кассациялық наразылығы кассациялық сатыдағы сотқа азаматтық іспен бірге жіберіледі.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар кассациялық тәртіппен тексеру үшін азаматтық істі тиісті соттан талап ете алады. Сот прокурордың істі талап ету туралы сұрау салуын ол сотқа келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей және заңды күшіне енген сот актілерін орындау үшін процестік әрекеттер орындалғаннан кейін ғана орындайды. Сұрау салулар байланыс арналарын пайдалану арқылы жіберілуі мүмкін.

Істі талап еткен жағдайда кассациялық наразылық білдіру туралы өтінішхатты прокурор отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

Осы Кодекстің 54-бабында көрсетілмеген істер бойынша сот актілеріне кассациялық наразылық білдіру туралы өтінішхат берілген жағдайда, өтінішхат осы Кодекстің 112-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3)  тармақшаларында тізбеленген адамдар берген жағдайлардан басқа, прокурор осындай өтінішхатты кассациялық сатыдағы сотқа тікелей кассациялық шағым беру үшін өтініш берушіге қайтаруға құқылы.

 

437-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық беру мерзімі

1. Кассациялық шағым немесе наразылық апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы немесе ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде берілуі мүмкін.

2. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілген кассациялық шағым немесе наразылық қараусыз қалдырылады және шағымды немесе наразылықты берген тұлғаға кері қайтарылады.

3. Сот актілеріне апелляциялық тәртіппен шағымдану мерзімі өтіп кеткен жағдайда кассациялық шағым бірінші сатыдағы сот шағымдану мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатты қарағаннан кейін және апелляциялық сатыдағы сот істі қарағаннан кейін кассациялық сатыдағы сотқа берілуі мүмкін.

4. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілеріне кассациялық шағым немесе наразылық беруге арналған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхатты кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстің 126-бабында белгіленген тәртіппен қарайды.

438-бап. Кассациялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны

1. Кассациялық шағымда немесе наразылықта:

1) шағым немесе наразылық жіберілетін соттың атауы;

2) шағым берген немесе наразылық білдірген тұлғаның атауы және мекенжайы;

3) апелляциялық сатыдағы соттың шағымданып немесе наразылық білдіріп отырған сот актісі көрсетілуге;

4) шағымданатын, наразылық білдірілетін қаулының немесе ұйғарымның заңсыздығын білдіретін нұсқау, сондай-ақ шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның өтініші көрсетілуге;

5) шағымға немесе наразылыққа қоса берілетін жазбаша құжаттардың тізбесі болуға тиіс.

2. Кассациялық шағымға, наразылыққа оны берген тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Шағымды, наразылықты электрондық құжат нысанында берген кезде ол оны берген тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкіл қол қойған кассациялық шағымға сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса берілуге тиіс. Электрондық құжат нысанында берілетін шағымға, наразылыққа осы бапта көрсетілген құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса беріледі.

3. Кассациялық шағымға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.

 

439-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру

1. Кассациялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғалардың қолы қойылмаған, шағымданатын немесе наразылық білдірілетін қаулы, шешім және ұйғарым көрсетілмеген немесе құжаттардың барлық қажетті көшірмелері қоса берілмеген кассациялық шағым немесе наразылық білдірілген кезде облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады және шағым немесе наразылық берген тұлғаға кемшіліктерді түзету үшін мерзім тағайындайды.

2. Егер шағымды немесе наразылықты берген тұлға ұйғарымдағы нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғаш ұсынылған күні берілген деп есептеледі. Олай болмаған жағдайда шағым немесе наразылық берілмеген деп есептеледі және соттың ұйғарымымен шағым немесе наразылық берген тұлғаға кері қайтарылады.

 

440-бап. Судьяның кассациялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейінгі әрекеттері

Кассациялық сатыдағы судья осы Кодекстің 438-бабының талаптарына сәйкес келетін кассациялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін:

1) азаматтық істің материалдарын талап етіп алдыртуға;

2) пікірге мерзім бере отырып, іске қатысатын адамдарға шағымның немесе наразылықтың және оларға қоса берілген жазбаша материалдардың көшірмелерін жіберуге;

3) іске қатысатын адамдарға кассациялық шағымның немесе наразылықтың қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлауға;

4) қарауға тағайындалған істер туралы прокурорға хабарлауға міндетті.

 

441-бап. Кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікір

1. Іске қатысатын адам кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікірді, шағымға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, іске қатысатын басқа адамдарға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді. Кассациялық сатыдағы сотқа жіберілетін пікірге іске қатысатын басқа да адамдарға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат та қоса беріледі.

2. Пікір сот отырысы басталғанға дейін онымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде жіберіледі.

3. Пікірге іске қатысатын адам немесе оның өкілі қол қояды. Пікірді электрондық құжат нысанында берген кезде ол оны берген адамның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкіл қол қойған пікірге сенімхат немесе оның өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса берілуге тиіс. Электрондық құжат нысанында берілетін пікірге  осы бапта көрсетілген құжаттардың көшірмесі электрондық нысанда қоса беріледі.

 

442-бап. Кассациялық шағымнан бас тарту, кассациялық наразылықты кері қайтарып алу

1. Кассациялық шағым берген адам, оның ішінде іс бойынша тарап ретінде кассациялық шағым берген прокурор кассациялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін одан бас тартуға құқылы. 

Прокурор кассациялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы.

Кассациялық шағымнан бас тарту, наразылықты кері қайтарып алу кассациялық сатыдағы сотқа жазбаша арыз беру арқылы ресімделеді.

2. Егер шешімге басқа адамдар шағымданбаса немесе жоғары тұрған прокурор наразылық білдірмесе, кассациялық сатыдағы сот кассациялық іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарым шағымдануға, наразылық білдіруге жатпайды. Шағымды қайтадан беруге жол берілмейді, ал берілген жағдайда шағым кері қайтарылады.

3. Наразылық кері қайтарып алынған жағдайда кассациялық сатыдағы сот оны қайтару туралы ұйғарым шығарады, ол шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды. Наразылық осы Кодекстің 437-бабының үшінші бөлігінде белгіленген мерзім қайтадан берілуі мүмкін.

4. Егер апелляциялық сатыдағы соттың қаулысына кассациялық шағымды басқа адамдар берсе, онда ол осы тарауда белгіленген тәртіппен мәні бойынша қаралуға жатады.

 

443-бап. Татуласу келісім, дауды (жанжалды) медиация

              тәртібімен реттеу туралы келісім және дауды 

              партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім

1. Кассациялық шағым немесе наразылық берілгеннен кейін жасалған тараптардың татуласу келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім кассациялық сатыдағы сотқа жазбаша түрде ұсынылуға тиіс.

Тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді сот осы Кодекстің 179 және 181-баптарының ережелеріне сәйкес қабылдайды.

Тараптардың татуласу келісімін, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді сот отырысында бекіткенге дейін сот тараптарға олардың процестік әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.

2. Тараптардың татуласу келісімін, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту кезінде кассациялық сатыдағы сот бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілерінің күшін жояды және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

 

55-тарау. КАССАЦИЯЛЫҚ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ

 

444-бап. Кассациялық қараудың нысанасы

Кассациялық шағым, наразылық бойынша кассациялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңдылығын тексереді.

 

445-бап. Істі кассациялық тәртіппен қараудың шектері

1. Істі қарау кезінде кассациялық сатыдағы сот істе бар материалдар бойынша кассациялық шағымның, наразылықтың уәждерінің шегінде апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңдылығын тексереді.

2. Кассациялық сатыдағы сот жаңа дәлелдемелерді қабылдамайды.

 

446-бап. Кассациялық сатыдағы сотта істі қарау мерзімдері

Кассациялық сатыдағы сотта іс келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

 

447-бап. Іске қатысатын адамдар мен өкілдердің сот отырысына

              келмеуінің салдары

Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған, іске қатысатын адамдардың немесе олардың өкілдерінің кассациялық сатыдағы соттың сот отырысына келмеуі істі қарауға кедергі болып табылмайды.

 

448-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі

1. Төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай істің, кімнің кассациялық шағымы немесе наразылығы бойынша және апелляциялық сатыдағы соттың қандай сот актісі қаралатынын, сот құрамын, сот отырысының хатшысын, сондай-ақ прокурорды, егер ол қатысып отырса, хабарлайды, іске қатысатын адамдардың қайсысы сот отырысы залында қатысып отырғанын анықтайды.

2. Осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, кассациялық сатыдағы соттың сот отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор қатысады.

3. Кассациялық сатыдағы сотта істі қарау осы Кодекстің 417-бабының екінші бөлігінің ережелері бойынша жүзеге асырылады.

4. Іске қатысатын адамдардың кассациялық сатыдағы сотта істі талқылауға байланысты арыздары мен өтінішхаттары бойынша барлық мәселелерін сот іске қатысатын басқа да адамдардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді.

 

449-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

1. Сот істі кассациялық тәртіппен қарап:

1) апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын күшінде, ал кассациялық шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;

2) осы Кодекстің 427-бабының төртінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін толық не бөлігін жоюға және істі апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың өзге құрамымен жаңадан қарауға жіберуге құқылы. Бұл ретте кассациялық сатыдағы соттың қандай да бір дәлелдемелердің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешім шығарылуға тиіс екені туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқығы жоқ;

3) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін толық не бөлігін жоюға және осы Кодекстің 277-бабында, 279-бабының 2), 3), 4), 5), 9) және                             10) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не арызды қараусыз қалдыруға;

4) бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың ұйғарымының күшін жоюға және егер іс мәні бойынша қаралмаса, істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге;

5) бірінші сатыдағы соттың шешімін немесе ұйғарымын күшінде қалдырып, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының, ұйғарымының күшін толық не бөлігін жоюға;

6) шағымданудың процестік мерзімдерін қалпына келтіру мәселелері бойынша бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар ұйғарымдарының күшін жоюға және апелляциялық шағымды қарау үшін істі апелляциялық сатыдағы сотқа жіберуге;

7) егер бірінші немесе апелляциялық сатылардағы сот істің мән-жайын толық және дұрыс анықтаса, бірақ материалдық құқық нормаларын қолданғанда қате жіберілсе, істі жаңадан қарауға бермей-ақ, бірінші сатыдағы сот шешімінің, ұйғарымының немесе апелляциялық сатыдағы сот қаулысының, ұйғарымының күшін толық не бөлігін жойып, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімін, қаулысын, ұйғарымын өзгертіп, жаңа сот актісін шығаруға құқылы.

 

450-бап. Кассациялық тәртіппен заңды күшіне енген сот актілерінің

              күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздемелері

Заңды күшіне енген сот актілерінің күші осы Кодекстің 427-бабында көзделген негіздемелер бойынша кассациялық тәртіппен жойылуға немесе өзгертілуге жатады.

Егер сот дұрыс шешім қабылдаса, бірақ осы Кодекстің 427-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген бұзушылықтарға жол берілсе, қаулыда материалдық және процестік құқықтың уәждері, нормалары көрсетіледі, сот актілері соларға сәйкес өзгеріссіз қалдырылады.

 

451-бап. Кассациялық сатыдағы соттың актілері

1. Кассациялық сатыдағы соттың актілері қаулылар және ұйғарымдар нысанында шығарылады.

2. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысында (ұйғарымында):

1) қаулының (ұйғарымның) шығарылған күні мен орны;

2) қаулыны (ұйғарымды) шығарған соттың атауы мен құрамы;

3) кассациялық (жеке) шағым берген немесе наразылық білдірген адам;

4) апелляциялық сатыдағы соттың шағымдалатын сот актісінің  және оған жазбаша пікірдің қысқаша мазмұны, кассациялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысатын адамдардың түсініктемелері;

5) соттың өз түйіндерін жасауына әкеп соққан уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;

6) кассациялық (жеке) шағымды немесе наразылықты қарау нәтижелері бойынша түйіндер;

7) қаулыға (ұйғарымға) шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері мен тәртібі көрсетілуге тиіс.

2. Кассациялық (жеке) шағым немесе наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған және шағым жасалған сот актісіндегі жазылған уәждермен келісілген кезде кассациялық қаулының (ұйғарымның) дәлелдеу бөлігінде апелляциялық сатыдағы сот актісін өзгерту не оның күшін жою үшін осы Кодекстің 427-бабында көзделген негіздемелердің жоқ екендігіне сілтеме жасалып, бұл туралы көрсетіледі.

Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда қарау нысанасы болып табылмаған дәлелдер кассациялық (жеке) шағымда, наразылықта келтірілген жағдайда, қаулының уәждеу бөлігінде осы Кодекстің 445-бабының екінші бөлігіне сәйкес аталған дәлелдердің қабылданбайтыны туралы көрсетіледі.

3. Кассациялық сатыдағы сот осы баптың бірінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, сот актісінің қарар бөлігін шығаруға және  жариялауға және оның түпкілікті нысанда дайындалу күнін хабарлауға құқылы. Сот актісінің қарар бөлігі іс материалдарына қоса тіркеледі.

Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы бес жұмыс күні ішінде түпкілікті нысанда дайындалуға тиіс. 

4. Кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 235, 237-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазулар мен айқын арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға немесе қаулының мәнін өзгертпей, шығарылған қаулыны ұйғарым шығару арқылы түсіндiруге құқылы. Осы Кодекстiң 236-бабында көзделген негіздемелер бойынша кассациялық сатыдағы сот қосымша қаулы шығаруға құқылы.

5. Кассациялық сатыдағы соттың көрсетілген мәселелер бойынша қаулысы (ұйғарымы) шығарылған күнінен бастап күшіне енеді.

6. Кассациялық сатыдағы соттың осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген негіздемелер бойынша шығарылған сот актілеріне кассациялық сатыдағы сот қаулыларына шағымдану үшін белгіленген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

 

452-бап. Кассациялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңды күші

Кассациялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдары олар жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.

 

453-бап. Іс кассациялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен кассациялық шағымды қарау тәртібі

1. Белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген кассациялық (жеке) шағым кассациялық сатыдағы сотқа істі басқа шағымдар бойынша қарағаннан кейін келіп түскен жағдайда, сот мұндай шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.

2. Кассациялық (жеке) шағымды қарау нәтижелері бойынша кассациялық сатыдағы сот негіздемелер болған кезде кассациялық сатыдағы соттың бұрын шығарылған сот актісінің күшін жояды және жаңа қаулы қабылдайды. Мұндай негіздемелер болмаған жағдайда кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

3. Іс осы баптың ережелері бойынша кассациялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен наразылық қаралмайды және егер кассациялық сатыдағы сотта басқа адамдардың шағымын қарау кезінде прокурор қатысса, қайтарылуға жатады.

 

56-тарау.