Осы бөлімде «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» атты екінші бағытын іске асыруға қатысты материалдар жарияланып отырады

ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Д. Нұралин «Қылмыстың жаңа түрлерінің көбеюі судьялардың үздіксіз өз біліктілігін арттырумен айналысуын талап етеді» / «ҚазАқпарат», 2015 жылғы 8 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттілігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді», - деген болатын.

К.Сәдуақасова, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық сотының судьясы, «Заң үстемдігі – әділеттілік кепілі»/ Егемен Қазақстан, 2015 жылғы 5 желтоқсан

Президенттің осындай қысыл-таяң уа­қыт­та халыққа арналған Жолдауы – дер кезінде жарияланған саяси құжат. Онда көрсетілген барлық мәселелер қаржылық тұрғыда да, заңдық тұрғыда да қамтамасыз етілген. Оны Қазақстан халқының баршасы қолдап, отыр. Өзіміздің сарапшыларды былай қойғанда, әлемдік зерттеу орталықтары мен бақуатты елдер басшыларының да сенімі мен қолдауы үмітімізді басым етеді.

Жаңылсын Архарова, Жоғарғы Соттың судьясы, «Азаматтық сот ісін жүргізуді жеңілдету – сот төрелігіне кеңінен қол жеткізу» // «Егемен Қазақстан», 2015 жылғы 19 тамыз

Елбасы 2013 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде сөйлеген сөзінде судьялар қоғамдастығының алдына азаматтық істерді қарау тәртібін процесс тараптары үшін ыңғайлы және жылдам ету әрі оларды татуластыру бағытын ұстану, қазіргі заманғы технологияларды кеңінен пайдаланып, азаматтық сот ісін жүргізуді жаңғырту міндетін қойды. Берілген тапсырманы іске асыру мақсатында жылдам, сапалы әрі процеске қатысушылар үшін қымбатқа түспейтін сот төрелігі талаптарын қанағаттандыра алатын оңтайлы процестік тәсілдер іздестірілді.


Subscribe to RSS - Осы бөлімде «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» атты екінші бағытын іске асыруға қатысты материалдар жарияланып отырады
Пікірлер мен ұсыныстар