БАҚ-тағы мақалалар

«Қытайлық қандасымыз Қазақстанға қайта оралды, А.Садуақасов, «Жас Алаш», 19.09.2017 ж.

Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің ұсынысына сәйкес, жақында жоғарғы сот органының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Қытай Халық Республикасының азаматы Абай Дәулетқанды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы істі қайта қарап, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық сотының 2017 жылғы 16 қаңтардағы шешімінің күшін жойды. Осылайша сот заңдылық, әділдік және ізгілік қағидаттарын басшылыққа алып, Қытайдағы қандасымыз Абай Дәулетқанды отбасы мен бала-шағасы Қазақстанда бола тұра, жалғыз әрі баспанасыз жат жерде қалып қою азабынан құтқарды.

Судьялардың 2017 жылдың 1-жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған Жоғарғы Сотта өткен кеңейтілген кеңестің жұмысы туралы БАҚ материалдары

inform.kz | Қазақстанда сот санкциясы электронды түрде беріледі, 21.07.2017ж.,

Қазақстанда сот санкциясы электронды түрде беріледі. Бұл туралы бүгін 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Жоғарғы соты департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сот әділдігі – әлемдік талаптар деңгейінде», А.Тасболат, «Егемен Қазақстан», 20.07.2017 ж.

Әр адам, әр ұжым, әр мекеме өз міндеті мен өз салалары бойынша алға қойылған тапсырмаларды талапқа сай уақтылы орындап отырса, жақсарудың, дамудың жолы сол болмақ. Солардың бірі де бірегейі болып сот корпусы ерекшеленіп отыр. Мәселен, 2016 жылы сот жүйесі дамуында жаңа кезең басталды. Ұлт жоспарын практикалық орындаудың алғашқы нәтижелері республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының қатысуымен талқыланды. Елбасы атқарылған жұмыстарға жоғары бағасын берді.

ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Н.Шәріпов: «Заң үстемдігін қамтамасыз ету – маңызды қадам», «Айқын», 18.07.2017 ж.

Елімізде соттарға жылына 1,5 миллионға жуық арыз-шағым мен өтініштер келіп түсетінін, бір дау бойынша кемінде екі тараптың болатындығын ескерсек, шамамен 2-2,5 миллион адам сотқа жүгінеді. Осы ретте судьялардың жүктемесімен қатар, сот ғимараттарының сыртқы және ішкі безендірілуіне қойылатын талаптардың артқанын аңғару қиын емес. Қоғамдағы ішкі тұрақтылықты сақтап, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын сот органдарының инфрақұрылымын дамытып, технологиялық мүмкіндіктерін арттыру – заман талабы.

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Н.Шәріпов: «Ел тұрғындары электронды сот төрелігінің игілігін көруде», «Zakon», 17.07.2017 ж.

Жедел ақпарат алмасудың озық технологиясы дамыған ХХІ ғасырда сотқа жүгінудің инновациялық тәсілдері іске қосылды.

Дана халқымыз түгел сөздің түп атасына теңеген Майқы би бабамыз сонау ерте заманда хан қарашасыз, дау арашасыз болмайтынын айтып, кейінгі ұрпаққа билік айтудың озық үлгісін қалдырды.

А.Садуақасов: «Судьяларға алғыс білдіреді», «Айқын», 01.06.2017 ж.

Елімізде азаматтардың судьяларға деген сенімі жыл санап артып келеді. Бұған қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлердің, тіпті шетелдік инвесторлардың Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің атына жазып жатқан алғысхаттары дәлел. Осындай алғысхаттардың бір парасы – тұрғын үйінен айырылып, кейіннен соттың көмегімен өз баспанасына меншік құқығын қалпына келтірген азаматтардан да келіп түсуде. 

Шымкенттік азаматтар соттан әділдік тапты

Жоғарғы Соттың судьясы А.Смайлов: «ЭКСПО-2017» көрмесі – туған жерімізді әлемге танытудың зор мүмкіндігі», «Заң газеті», 30.06.2017 ж.

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қадамдар мен бұқаралық сананы өзгерту туралы көзқарасын білдірген болатын. Әр азамат айқындалған мақсаттар мен міндеттерді саналы түрде сезініп, орындалуына шын ықыласпен ат салысса, көздеген межеге жетеріміз айдан анық. Ол үшін әрбір азаматтың бойында білім-білік дағдыларымен қатар, патриоттық сезім де болуы қажет.

Жоғарғы Соттың судьясы Д.Нұралин: «Тәуелсіз сот билігі – әлеуетті мемлекет негізі», «Zakon.kz», 29.05.2017 ж.

Бүгінгі күні дыбыс-бейне жазу құралдарымен еліміздегі соттар 100 пайыз толық жабдықталған.

«Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады» Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабы 1,2-бөліктері.

Г.Шынтемірқызы: «Ақтау тұрғындары облыстық сотты «Алғыс хатпен» марапаттады», «Егемен Қазақстан», 25.05.2017 ж.

2009 жылы Ақтау қалалық әкімдігі балабақшаға айналдыру мақсатында медициналық колледж орналасқан ғимаратты босатып, аталмыш колледжге қаланың 35-шағын ауданынан медициналық қалашық салу үшін жер телімін бөлген болатын.

Жоғарғы Сотының судьясы Е.Әріпов: «Қылмыстық заңның кері күші», «Zakon.kz», 17.05.2017 ж.

Конституциялық талаптарға сәйкес жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды

Пікірлер мен ұсыныстар