Қазақстан Жоғарғы Сотының судьясы Е.Максюта Еуропа елдері судьяларының тәжірибе алмасу тренингінің жұмысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

7-8 қыркүйекте Прагада Шығыс және Орталық Еуропа елдері судьяларының сот әдебі бойынша тәжірибе алмасу тренингі өтті.

Оның жұмысына Қазақстаннан Жоғарғы Соттың судьясы Елена Максюта мен Сот төрелігі академиясының «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы Төлеуғали Бурбаев қатысты.

Тренингті заң саласындағы қайта даярлау қызметін ұсынатын тәуелсіз, коммерциялық емес СЕЕLI институты ұсынды. СЕЕLI қызметі кәсіби заңгерлердің біліктілігін арттыруға бағдарланған, оқытудың инновациялық бағдарламаларын жүзеге асырады, судьялардың біліктілігін арттыруға, демократия және адам құқықтарын қорғау қағидаттарын ілгерілетуге ықпал етеді. 

Тренингке қатысқан АҚШ, Болгария, Румыния, Албания, Словения, Сербия, Литва, Хорватия, Молдова, Венгрия, Украина және Армения судьялары демократиялық қоғамдағы судьяға қойылатын әдеп талаптары, сот әдебінің халықаралық стандарттарын, судьялардың БАҚ өкілдерімен және жұртшылықпен, сондай-ақ әлеуметтік желідегі қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

Мәселен, Е.Максюта тренинг шеңберінде талқыланған мәселелер туралы айта келе, барлық елдерде судьялардың әлеуметтік желіде болуына қатысты саясаты әр түрлі – толықтай тыйым салудан (АҚШ-тың кейбір штаттарында) бастап, олардың іс-қимылын мұқият регламенттеуге дейінгі жағдайларды қамтиды. Қайсібір елдер судьялардың интернеттегі іс-қимыл ережесін әзірлеп қабылдаса, кей елдер бұл қағидатты судьялардың әдеп кодексіне енгізген.

Е.Максюта әлеуметтік желідегі жұмысты ұйымдастыруды қоса алғанда, Қазақстан соттарының БАҚ-пен өзара іс-қимылы туралы баяндама жасады. Судья республиканың нақты өңіріндегі соттар қызметін ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру облыстық немесе оған теңестірілген соттың төрағасына дербес жүктелгендігіне назар аударды. Олар өз кезегінде өз өңірінің медиа кеңістігін күн сайын зерделейді және тиісті іс-қимылдардың қабылдануын қадағалайды.

Сонымен қатар, Е.Максюта республика соттарының әлеуметтік желілер (Фейсбук, Ютуб)  арқылы хабарламалардың түрлі үлгілерін – посттар, интерактивті және инфографикалық роликтерді қолданатындығын атап өтті. 2016 Жоғарғы Сот әзірлеп, интернетке орналастырған 17 бейнеролкті миллионнан астам тұтынушы тамашалаған. Қазақстандық судьялар «Фейсбуктегі» «IT правосудие KZ» және «Гражданский процесс и примирительные процедуры»  атты екі тақырыптық топтың жұмыс тәжірибесімен бөлісті.   

Қазақстандық судьялардың ашықтығы, олардың жұртшылықпен өзара іс-қимылы шетелдік әріптестердің зор қызығушылығын тудырды. Е:Максюта әріптестердің сұрақтарына жауап берді. Оның пікірінше, тренинг қызу пікірталас форматында өтті, оған қатысушылар әлеуметтік желідегі жұмысты ұйымдастыру, судьялардың әдеп құлқының бірқатар даулы мәселелерін талқылап,  осы саланы реттеу қажеттігін айтты.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар