Қостанай облысында сот ерлі-зайыптылар арасындағы ортақ мүлікті бөлу туралы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Қостанай облысының Рудный қаласында 16 жыл отасқан ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы шешімге келген. Олардың кәмелет жасқа толмаған қызы анасымен бірге тұруды қалаған.

Р. сотқа ортақ мүлікті бөлу туралы талаппен жүгінді: талапкердің бұрынғы күйеуі – жауапкердің меншік құқығында «Volkswagen Caravelle», «Mercedes-benz Vito» маркалы екі қымбат автокөлік пен екі гаражы бар.  

Қолданыстағы заңға сәйкес ,кімнің атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезеңінде жинаған мүлiк ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.

Сот олардың тілегін ескере отырып, ерлі-зайыптыларға тиесілі ортақ мүлікті бөлу туралы талапкер Р.-ның жауапкер Г.-ға азаматтық іс бойынша тараптар арасында келісілген дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітті.

Құжатқа сәйкес, тараптар ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы дау бойынша партисипативтік рәсім жасады. Талапкер меншігіне құны 3 550 000 теңге тұратын, 2001 жылы шыққан Volkswagen Caravelle маркалы автокөлік өтті, ал жауапкер меншігінде 2005 жылы шыққан, құны 4 876 000 теңге тұратын Mercedes-benz Vito маркалы автокөлік қалды.

Азаматтық іс дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелгендіктен қысқартылды.

Ағымдағы жылы Қостанай облысы соттарында дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы 17 келісім бекітілді.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар